Лекция тақырыбы: Сөз өнері ғылымының тарихы Лекция жоспары



бет1/2
Дата25.11.2022
өлшемі23,92 Kb.
#52642
түріЛекция
  1   2

Лекция тақырыбы: Сөз өнері ғылымының тарихы


Лекция жоспары:
1. Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы.
2. Мысыр, Үнді, Қытай т.б. халықтардың ежелгі жазбаларында сақталған алғашқы әдеби мұралар туралы мағлұматтар.
3. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар.
4. Көне Грециядағы әдеби-эстетикалық түсініктер.


Лекция мазмұны:

Сөз өнері жалпы мағанасындағы жай әдебиет емес, көркем әдебиет екенін тектен-тек деуге болмайды.Оның барлық эстетикалық байлығы әдеби шығарманың көркемдігі арқылы ғана жасалады. Суреткерлік шеберлік, шеберліктен туатын шедевр (көркемдіктің көкесі)... – осының бәрін тек қана осы арадан іздеу керек. Демек, әдебиеттің таным тарапындағы мәні де, тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз өнерінің эстетикалық маңызына яки өнер туындысының көркемдік құнына келіп тіреледі. Әйтпесе, өмірді ғылым арқылы да тануға болады; ал тәрбиенің ең үлкені оқу-білімде жатқаны тағы даусыз. Адам баласына әдеби туындыдағы образдар жүйесі арқылы, дәлірек айтқанда, өнерге айналған өмір яғни өмірге айналған өнер арқылы тәрбие беру, таным қалыптастыру өз алдына айрықша бөлек! Оны сондай етіп ғылым да, білім де жасай алмайды. Көркем әдебиеттің күллі құдірет күші дәл осы арада жатыр.
Ендеше, сөз өнері – қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі іргелі саласы.
Сөз өнері жайлы ғылымның, дәлірек айтқанда, оның ғылыми жұрнақтарының тұңғыш туу тарихы тым әріде жатыр. Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдар біздің эрадан бұрынғы ҮІ ғасырдан, яғни Пифагор тұсынан бері қарай тұтастыра жүйелеп жүр. Алайда адам баласының көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын, Нил мен Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд пен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болған.
Байырғы вавилон жұртының «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны, көне үнді халқының «Ригведа», «Махабхарата», «Рамаяна» жырлары тәрізді әдеби ескерткіштері адам баласының сөз өнері, соған сабақтас көркемдік пен көркемсіздік, ерлік пен ездік, жақсылық пен жамандық, білімдарлық пен надандық туралы талаптары мен талғамдары б.э.б. 3-2 мыңыншы жылдарда туып, тұрлаулы ұғымға айнала бастағанының дәлелі.
«Көрмегені жоқ кісі туралы» дастан – бірінші вавилон династиясы тұсында, яғни б.э.б. 2 мыңыншы жылдар шамасында туған батырлық поэма. Поэмада Урук қаласының патшасы Гильгамеш , оның досы Энкиду, олардың ерлік істері жырланады. Дастан адам жайлы, адамның сұлулығы мен ұлылығы, асылдығы мен батырлығы хақындағы гимн:
Зұлымдық көзін жоқ қылмай келсем – маған сын,
Жауыңмен өзің айқасып өлсең – Адамсың.
Осы екі жолдың өзінен бұдан төрт мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың абзал һәм асқақ мінезін, адамға тән асыл қасиет, сұлу сипат – ерлік, өрлік, қайсарлық туралы түсінігін, моральдық-этикалық идеясын, эстетикалық идеалын байқау қиын емес.
Инд пен Ганг жағалауындағы көне үнді жұрты б.э.б. ХХ ғасыр шамасында 1028 гимн шығарып, оларды «Ригведа» атанған он кітапқа топтастырды. Гимндердің классикалық қопарылмалы тіліндегі әсем айшық- өрнектерге, лирикалық толғаныстарға, көркем образдарға қарағанда үнді халқында «Ригведаға» дейін де ғасырлар бойы дамып, жетіліп келген сөз өнері болғанға ұқсайды.
«Ригведа» гимндері арқылы қалыптасқан әдеби дәстүр, эстетикалық талғам тағы бір мың жыл өткен соң үнді халқының әлемге әйгілі ұлы дастандары «Махабхаратаға», одан кейін «Рамаянаға» ұласады. «Махабхарата» - керемет көркем ескерткіш; дастанның он тоғыз кітабындағы өлең көлемі – 214 000 жол, «Илиада» мен «Одиссеядан» (екекуін қосып есептегенде) сегіз есе артық.
Эллада эстетикасынан жүздеген жылдар бұрын көне үндінің көркемдік көзқарасы туып, қалыптасқан; сол арқылы үнді поэтикасының өзгеше заңы, ережелері белгіленген. Ол заң, ереже бойынша, үнді жазушылары өздерінің көркем шығармаларын әрқашан тек «Ригведа» гимндеріндегі, «Махабхарата» және «Рамаяна» дастандарындағы сюжеттер мен образдар негізінде ғана жазуы шарт болған. Үнді әдебиетіндегі мұндай көркемдік дәстүр үнді жазушыларына дайын ведикалық және эпикалық тақырыптар, сюжеттер мен образдар ұсынып қана тынған жоқ, соларды игеру, көркем жинақтау тәсілдерін қоса көрсетті. Бұл – көне үнді әдебиетінде белгілі дәрежеде логикалық байыптау, творчестволық жинақтау, эстетикалық жүйелеу жасалды деген сөз. Ал байыптау, жинақтау, жүйелеу атаулының бәрі – теория.
Аристотель (б.э.б. 384-322 жж.) «Поэтикасы» - өнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар айтарарлықтай жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Аристотель еңбегінің құндылығы – тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап ашуында.
«Поэтика» деген сөз бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол сөз өнерінің өзі деп түсінген. Аристотельдің эстетикалық принциптерінің ең түйінді тұсы: өнердің мақсаты – ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы – адамның мінезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы.
Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) «Поэзия өнерінің канондары туралы трактаты» мен «Поэзия өнері туралы» еңбегі өлең жайлы, ақындық өнер туралы аса бағалы байыптаулар болып табылады. Біріншісінде Аристотельдің «Поэтикасын» талдап-түсіндіруді мақсат етсе, екіншісі – өлең өлшемдерін талдауға, өлеңдегі ырғақ пен буын мәселелерін тексеруге арналған. Осы трактаттарда ұлы ғалым өнер атаулының ақиқат өмірден ғана туатынын терең білгірлікпен тап басып, дәл түйген.
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) – Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Бәрінен бұрын адам көзқарасындағы төңкеріс Италияда басталды (14-16 ғасыр, шамамен айтқанда, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы). Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным (гуманизм қысқасы), көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.
Тез өзгеріп тұрған дүниеде барлығы да «құдайдың еркімен» болды дегенге сенім азая берді. Адамның күші мен қабілетіне деген сенім қайта жанданды. Жаңа мәдениеттің қайраткерлері көңілдерін ең алдымен адамға және оның ісіне аударды. Сондықтан оларды гуманистер (латынша – «гуманус» – адамгершіл) деп атады. Бұл жаңа дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі мамандықтағы, әртүрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдар – сол дәуірдегі қала интеллигенциясы (зиялы адамдар, қауым) – ақындар, философтар, суретшілер, мүсіншілер үлес қосты. Гуманистер озық ойдың еркін дамуына кедергі жасайтын орта ғасырлық моральға сүйенген дәстүрлер мен догмалық ережелерді өлтіре сынады: ғылыми зерттеу еркіндігіне жол ашылды.
Діннің шаттық өмірден бас тарту керек деген қағидасы дүниеге нақты назар аударумен, табиғатты зерттеумен алмасты. Ғалымдар бақылау жасап, тәжірибелер жүргізіп, табиғат құбылыстарын анықтауға, олардың себептерін түсінуге тырысты. Соның нәтижесінде шынайы ғылым, әдебиет пен өнер туды. Қайта өрлеу дәуірі гуманистік рух (адамгершілік), табиғат пен адамды зерттеуге негізделген мінез-құлық және сұлулық нормаларын тапты. Гуманист-жазушылар табиғатты жырлады, оның сұлулығына масаттанды. Жазушыларды енді ойдан шығарылған «әулиелер» емес, тірі адамдар, олардың қуанышы мен күйініші қызықтырды. Олар өз заманының оқиғаға толы өмірін жазды, өлеңдерінде адамның күшті сезімін жырлады. Гуманистік рух ұлттық дәстүрді ілгері дамытып, тарихи жаңа жағдайларға сай жаңаша түсіндірді. Гуманистер өмірдің мақсаты мен жоғары бақыт құдайға құлшылық етуде немесе әскери ерлік жасауда емес, адам мүддесі үшін еңбектенуде деп білді. Гуманистерді жан-жақты дамыған адамдар, рухы да, денесі де, ақыл-ойы да, сезімі де тамаша адамдар қызықтырды.
Гуманистер феодалдық тәртіпті сынай отырып, оны түгелімен жоққа шығарған жоқ. Олар билеуші тапты білімдендіру жолымен өмір сүріп тұрған құрылысты «жөндеуді» армандады; халық олардан өз тұрмысын жақсартуды күтуі керек.
Батыс Еуропада әдеби-эстетикалық ілім Қайта өрлеу дәуірінде айрықша дамыған. Рене Декарт (1596-1650) өзінің дүниетанымы жағынан философиядағы рационализмнің негізін салушы. Ол әдебиет пен өнер туындыларындағы әсемдікті олардың бүкіл мазмұн-пішініндегі бүтіндік пен бірлікте, симметрия мен гармонияда деп білді.
Ағарту дәуірінің эстетикасын Дени Дидроның (1713-1784) еңбектерінен көруге болады. Оның теориялық толғамдары демократиялық сипатта болды. Ол шын суреткерге күрес талабын қойды; суреткер еңбегіндегі шыншылдықты уағыздады; эстетикаға реализм ұғымын енгізді.
Классицизм эстетикасын қатал сынға алғандардың бірі – немістің ұлы ағартушысы Готхольд Лессинг (1729-1781) болды. Оның дүниетанымы дін мен теологияға қарсы тартыс үстінде қалыптасты. Ол да Дидро сияқты әдебиет пен өнерді қалын бұқара арасына алып шығуға күш салды («Лаокоон», «Гамбург драматургиясы»).
Иммануил Канттың (1724-1804) эстетикасы – субъективті-идеалистік эстетика. Кант бүкіл дүниені «өзіндік затқа» және «өзіміздік затқа» бөлген. Георг Фридрих Гегель (1770-1831) дүниенің түп діңгегі абсолюттік идея, абсолюттік рух деп біліп, эстетика мәселелерін өзі жүйелеген триада (тезис-антитезис-синтез) тұрғысынан байыптады. Оның «Эстетика» атты трактаты мазмұн мен пішіннің ара-қатынасына талдау жасаудан туған. Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына, яғни үш түріне (символикалық, классикалық, романтикалық) сай келеді.
Гректің әдемілік туралы ілімі пифагорлықтардың (б. э. б. VI ғ.) дүниедегі зат атаулының түп мәнін санға сайған аңқау аңғарымдарынан басталады. .Мәселен, олар музыка сазы үн шығаратын шектің ұзын-қысқалығына бай-ланысты деп біледі де, музыканың математикалық негізі туралы өзгеше бір ілім туғызады. Бұл — идеалистік түсінік.
Бұған керісінше, диалектикалық түсінік Гераклит Эфесский (б. э. б. 530—470 ж. ж.) толғамдарында жатыр. Пифагорлықтар секілді, Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды, бірақ ол — сан емес, сапа деп біледі. Оның ұғымынша әдемілік тек қана нақты, затты нәрсеге тән. Ал осының өзі шартты: әп-әсем маймыл адаммен салыстырсак,— ажар’сыз, жексұрын да, ең әдемі адам құдаймен салыстырсақ,— маймыл. Бұл Гераклиттің әсер, сезім, таным, жалпы эстетикалық қабылдау тарапында қатып қалған қасан, абсолют болмайтынын дәлелдеуі, әдемілік туралы іліміндегі доғмаға қарсы шығуы еді. Осының негізінде ол жақсы-жаманды, ұнамды-ұнамсызды нақты өз орнында түсіну керектігін уағыздайды. Оның ұғымынша, айталық, теңіз суы әрі таза, әрі лас: “балық ішеді, адам ішпейді”. Әр нәрсенің әдемілігін тануда дәл осындай сапалық өлшем болатынын аңғартады.
Атомдық материализмніқ негізін салушы, Карл Маркс гректер ішіндегі тұңғыш энциклопедиялық ақыл иесі деп атаған атақты Демокрит (б. э. б. 460—370 ж. ж.) әр нәрсенің әсемдігі оның мөлшерінде деп біледі: “мөл-шерінен артық кету де, кем түсу де” оған ұнамаған. Күллі грек ойшылдарынық ішінде бірінші боп Демокрит адамдар өнер-білімді тірі табиғатқа еліктеумен тапқан деп көрсетеді. Оның ойынша, адам баласы өрмекшіден тоқуды үйренсе, қарлығаштан үй салуды, бұлбұлдан ән салуды үйренген. Бұл — қызық топшылау.
Әйгілі Сократ (б. э. б. 469—399 ж. ж.) ойларының Гераклит пен Демокрит пікірлерінен өзгешелігі, әрине, оның идеалистік сипатында. Дей тұрғанмен, мұның эстетикалық түсініктер-інде де назар аударар жайлар көп. Мәселен, Сократ әр нәрсенің ажары оның қажетке жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Бұл ретте, Сократтың сұлулық жөнінде Крито-булмен айтысы әсіресе қызық.
Өнер мен эстетика мәселелерін өзінше байыптаған көне дүние ойшылдар-ының бірі — Сократтың шәкірті Платон (б. э. б. 427—347 ж. ж.). Әдемілік туралы Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас, бақи “идеялар” жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Сөйте тұра, жалпы эстетикалық қисын-қағидалардың қалыптасуында Платонның орны айрықша деп білген жөн.
Платон өзінің “Үлкен Иппий” диалогында әдеміліктің анықтамасы ретінде мынадай уағыз ұсынады: жарамды нәрсе — пайдалы нәрсе; пайдалы нәрсені тәуір көресің; тәуір көрсең — қуанасың; қуаныш дегенің көз бен құлақ арқылы келетін рақатты түйсік: әдемі адамдар, әр алуан әшекейлер, лұғатты сөздер, әсерлі әңгімелер, музыка, сурет, зергерлік іс, зерделі әрекет, тағы басқа осылар секілділердін, бәрін көресің де естисің, қуанасың да рақат-танасың. Ал ішу, жеу, тағы сондай түйсіктер адамды қанша рахаттандырған-ымен әдемі емес, әшейін ұнамды ғана нәрсе! Бұдан шығатын қорытынды: “сұлу нәрсе — сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлегі” *. Платонның музыкадағы үш түрлі ырғақ, әдебиеттегі үш түрлі суреттеу тәсілі жайлы пайымдаулары да бізге осы секілді тым “жабайы, адам нанғысыз (дәлірек айтқанда: сәбилік), қисынсыз болып көрінеді”,** бірақ осының, өзінде көне гректің поэтика жайлы тан, қаларлық ұғым-түсініктері жатыр.
Алайда Платонның эстетикалық көзқарастарында “сәбиліктен” гөрі өзгешелеу жат пікірлер де жоқ емес. Оның софист Горгийдың поззияны — алдамшы нәрсе деген пікірін құптай келіп, ақынды өтірікші ретінде түсіндіруі — әшейін ағаттық қана.
“Философ үлкендер үшін, ақын жастар үшін” деген тұжырым, айталық, Аристофанда да бар. Бірақ ол бұл шкірді ақындық өнердің эстетикалық әсеріне байланысты айтқан, әйтпесе, оған Платонша біржола қол сілтемеген. Сөз өнері жайлы Платон философиясы сын көзбен қарауды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет