https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
Теориялар жинағы
7-сынып
1. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер –
Табиғат құбылыстары
2. Физика негізінен .... құбылыстарын зерттейді –
Механикалық
қозғалысты, жылу, электр, жарық
3. Физиканың негізгі мақсаты –
табиғатта болып жатқан әртүрлі
физикалық
құбылыстарды
зерттеп,
оларды
өзара
байланыстыратын заңдарды ашу.
4. Физиканың «бірінші ұстазы» атанған гректің ұлы ойшылы –
Аристотель
5. «Екінші ұстаз» атанған –
біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби
6. Табиғат құбылыстарын зерттеуде кең тараған үш ғылыми әдіс –
бақылау, эксперимент, теориялық талдау
7. Ғылыми деректерді жинақтау үшін қолданылатын әдіс –
Бақылаулар
8. Физиканың ең басты зерттеу әдісі –
Эксперимент
9. Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін қолданылатын әдіс
–
Теориялық талдау
10. Аспан мегаәлемінің құрылымын зерттейтін ең негізгі құрал –
телескоп
11. Жинақталған деректермен негізделген ғылыми жорамал –
Болжам
(гипотеза)
12. Физикалық құбылыстарды және оларды
сипаттайтын заңдарды бір-
бірімен байланыстыра отырып түсіндіретін жүйелі білім –
физикалық
теория
13. Жылдамдығы аз, ірі денелердің механикалық қозғалысына байланысты
құбылыстарды түсіндіреді –
классикалық механика теориясы
14. Жылулық құбылыстарға байланысты сұрақтарды ұғынуға болады –
термодинамика және молекулалық физика теориясынан
15. Электрлік
және
магниттік
құбылыстар,
солардың
ішінде
радиотолқындардың алынуы мен таралуы, сондай-ақ электромагниттің
қасиеттері және электр тогының пайда болуы баяндалады –