Лекция Тапсырма : Лекция бойынша тірек ұғымдарын тауып жазыңыз. Сұрақтар құрастырыңыз. Эксперимент жасаңыз жəне нəтижесін хабарлаңыз



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата12.10.2022
өлшемі89,17 Kb.
#42566
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
5-лекция-1



5-лекция 
Тапсырма

Лекция бойынша тірек ұғымдарын тауып жазыңыз
Сұрақтар құрастырыңыз
Эксперимент жасаңыз жəне нəтижесін хабарлаңыз.
 
1.1. Оқшау сегменттердің интонациялық ерекшеліктері 
а)
Оқшау сегменттер өзінің сөйлемдегі мағынасына қарай қаратпа жəне 
қыстырма (сөздер, сөйлемдер) деп бөлінеді. 
Сөйлеушінің көңіл-күйі мен сезіміне байланысты қаратпа сөздердің 
мағынасы, тұлғасы, құрамы əр түрлі болуы мүмкін. Қазақ тіліңдегі қаратпа 
сөздердің интонациясы олардың сөйлемдегі орнына байланысты өзгеріп 
отырады. 
Олар сөйлемнің басында, ортасында, соңында тұра береді. Мысалы: Əке
бір тілек сұрай келдім. Əйгерім, сен бері қарашы! (Əуезов). Шырағым, сен 
абыржымажыламашыкүнімАпакөріспесекқош бол! (Мүсірепов). 
Сөйлемнің басындағы қаратпа сөз əрқашан жоғары тоналды деңгейде 
айтылады. Қаратпа сөздің тоналды диапазоны оның мөлшерімен тура 
пропорциялы болады. Сөйлемнің басындағы қаратпа сөз əр уақытта бөлек 
синтагма құрап, сөйлемнен пауза арқылы бөлініп, көтеріңкі тонмен 
ерекшеленеді. Сөйлем мен оған кірген қаратпа сөздің ара жігінде əуеннің 
негізгі тоны кенет өзгереді. Қаратпа сөздердің динамикалық жəне уақыт 
параметрлері мол мəндерімен сипатталады. Сондай-ақ олар едəуір жігермен, 
баяулау қарқынмен айтылады. Интонацияның мұндай сипаты сөйлем 
басындағы қаратпа сездің 
информативтік 
мазмұнының молдығын байқатады 
(14-сурет). 
 
Сөйлемнің ортасындағы қаратпа сөздердің интонациясы сөйлемнің 
ортасында тұрған қыстырма сөздердің интонациясына ұқсайды
. Бұл қаратпа 
сөздер сөйлемде өз алдына бөлек синтагма құрап, олардың ара жігі шамалы 
тоналды интервалмен ерекшеленеді. Ал қаратпа сөздің өзі бəсеңдейтін 
бірсыдырғы əуенмен сипатталады. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа 
сөздердің интонациясын ортасында тұрған қаратпа сөздермен салыстырса, 
соңғысының интонациясы қай жағынан болсын солғын да көмескі болып 
келетіні байқалады. Сөйлемнің ортасындағы қаратпа сөздер тар тоналды 


жəне шамалы динамикалық диапазондармен, орташа тоналды деңгейде, 
баяулау қарқынмен айтылады. Мысалы: Ендеше, Қажеке, уəде қылып 
қоялық! (Аймауытов). Ризамын, балам, ризамын! Ризамын елдің бəріне
(Жамбыл). Жүр, ағатай, сүт іш, - деп шақырмаса, Қартқожа əлде қай 
уақытта орнынан тұрарын - құдай білсін (Аймауытов). Біз, шырағым
қазыналық оқуға түскенбіз (Сонда). (15-сурет). 
Сөйлемнің соңындағы қаратпа сөз интонацияның төменгі тоналды 
деңгейінде тұрып, тар диапазонмен, жылдам қарқынмен жəне шамалы 
интенсивтілікпен ерекшеленеді. Ол өзінің алдындағы синтагмадан кейде 
пауза арқылы бөлінбей де айтыла беруі мүмкін. Мысалы: Құлағым сенде
мыстаным!(Алпамыс батыр). Денің сау мақарағым ? (Аймауытов). Мында 
кел, шырағым, - деді əжесі. Сен не ғып тұрсың, балам? Көзін жоғалт
шеше!- дедіҚойшы ендіқалқам (Сонда). (16-сурет). 
ə)
Сөйлемдегі айтылған ойға, сөйлеушінің əр түрлі көзқарасын дəлірек 
айтқанда, оның қуанышын, өкінішін, сенімін, т.б. көрсететін қыстырма 
сегменттер кейде бір сөзден, кейде сөз тіркесінен болса, кейде бүтін сөйлем 
түрінде де бола береді. Мысалы: Анығында, жүрістің себепшісі Дəрмен 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет