Дайындаған: Кенжеғали.Қ Қабылдаған: Жазыкова. Р 2023-2024 оқу жылы Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі19,86 Kb.
#118731
  1   2
Байланысты:
синтаксис


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Филология факультеті

МӘНЖАЗБА

Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері Дайындаған: Кенжеғали.Қ Қабылдаған: Жазыкова.Р

2023-2024 оқу жылы


Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Ойымызды тіл арқылы жарыққа шығарғанда біз белгілі бір жүйеге түскен сөздер тіркесімен береміз, сөйтіп оларды сөйлем жүйесіне келтіреміз. Сөйлем ол белгілі бір мүшелерден тұрады. Сөйлемде әр сөз керегіне қарай өз орнында синтаксистік қызмет жұмсалады. Солардың басын құрастырып, айтылған ойға әр мүшені ортақ етіп тұрған бас мұшелер бар. Олар- бастауыш пен баяндауыш. Грамматикада оларды тұрлаулы мүшелер деп атайды. Сөйлем құрауға негіз болатын, өөара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін тұрлаулы мүшелер дейміз.


Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемдегі айтылған ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа саланың субьектісі болады. Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан тұрлаулы мұшелердің негізгісі – бастауыш , бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан баяндауыштың синтиаксистік қызметі анағұрлым басым болады. Біз оны сөйлемдегі мына 2 белгі арқылы байқасақ болады:

  1. Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Демек, бұл сөйлемнің негізгі ұйысдастырушы мүшесі.

  2. Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып тұратын,жағдайда бастауыш айтылмайды. Ал бояндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте аз кездеседі.

Бастауыштың грамматикалық тұлғасы- сөздің атау тұлғасы. Бастауышқа қойылатын сұрақтар: кім? не? Бастауыш қызметінже жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғауларда жұмсалуына қарай жоғарғы сұрақтар да сол жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сұрақтар сөйлемде бастауыш болар деген сөздерге жалаң күйінде қойылмайды, баяндауыштармен қабаттаса қойылады. Жалпы алғанда, бастауыш болмайтын сөз жоқ. Белглілі бір жағдайда, тіпті өз алдына шылау сөздер де, сөз емес, сөз құрау үшін жұмсалатын жеке дыбыстар да сөйлемде бастауыштық қызмет атқаруы мүмкін.
Қ.Шәуменұлы бастауыштарды мағынасына қарай бірнеше топқа бөледі;

  1. Мекендік бастауыш;

  2. Меншік бастауыш;

  3. Мезгіл бастауыш;

  4. Сапалық бастауыш;

  5. Сандық бастауыш;

  6. Амалдық бастауыш.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет