9-апта. Адам және уақыт. Ұлы мәртебелі уақыт.
Код курса: ohw2lhp
9-апта. 1-сабақ. Адам және уақыт. Ұлы мәртебелі уақыт.
Уақыт және мен (эссе)
Уақыт - біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу - мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу.
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды бұл өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға! -дейді Мұқағали Мақатаев. Расында кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді. Ал мен уақытты ұстаз санайтын қауымның қатарынанмын. Уақыттың мені сүріндірген кезі болған емес дей алмаймын. Алайда қолдаған, басымнан сипап көтерген сәті аз емес. Ес біліп, етек жинаған сәтімнен бастап саналы әрекет етуіме, сылбыр ойға жол бермеуіме, ақыл таразысына абай болуыма әсер еткен жылдар бойғы тәжірибемен келген уақыт тәрбиесі.
Уақыт - менің өмірім. Мен уақыттан, ол менен ажырай алмаймыз . Ширек ғасырға жетпейтін жиырма жылдық өмірімді уақыт таразысына салып қарасам, ол мені біраз есейтіпті. Бір түйгенім: уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Біз біраз нәрсені жасап өзгерте аламыз. Тек уақытты емес. Біз уақытқа ешқашан әсер ете алмаймыз.
Тапсырмалар:
Мәтінді оқып, аударыңыз
Тірек сөздерді теріп, глоссарий жазыңыз
Аталған тақырып бойынша қысқаша эссе жазыңыз
9-апта. 2-сабақ: https://www.youtube.com/watch?v=5HYxkvjFJ6Q берілген сілтеме бойынша бейнесюжетті қарап шығып, тақырып бойынша қысқаша бейнесюжет түсіріңіз
9-апта. 3-сабақ: Грамматикалық тақырып.
Ырықсыз етіс. Істің кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілетін етістің түрі ырықсыз етіс деп аталады.
Ырықсыз етістің жасалу жолдары:
1 -ыл,-іл,-л:
Жу-ыл-ды, жи-ыл-ды, тер-іл-ді, шеш-іл-ді, тара-л-ды, күре-іл-ді, (іс-әрекетті кім істегені белгісіз, әйтеуір, өзінен-өзі істе-лін-іп қой-ыл-ған)
2 -ын,-ін,-н:
(өздік етісте де бар) етістік түбірінде -л дыбысы болса, онда ырықсыз етіс болады: ал-ын-ды, сал-ын-ды, әкел-ін-ді, іл-ін-ді, бөл-ін-ді ,сөйле-н-ді, тазала-н-ды, сарала-н-ды,т.б.
Ырықсыз етіс жұрнағы салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. мына екі бағандағы етістіктерді салыстырып, ырықсыз етіс жұрнақтарының сабақты етістіктен салт етістік жасап тұрғанын түсіндіріңіздер.
Үй сал
Егінді ор
Суды төк
Малды бақ
Киімді тазала
Еденді жу
Бекіту сұрақтары:
1.Ырықсыз етіс дегеніміз не? Мысал келтіріңіз
2.Ырықсыз етіс жасайтын жұрнақтарды қатыстырып, таңдау бойынша қысқа, тұтас мәтін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |