Лекция тезистері Тақырып №1. Кіріспе. (1 сағ) Мақсаты: Жалпы студенттерге тарихи өлкетану сабағының мақсаты мен міндетімен таныстыру Жоспары: «Өлкетану»



Дата08.09.2023
өлшемі11,46 Kb.
#106758
түріЛекция

Лекция тезистері
Тақырып №1. Кіріспе. (1 сағ)
Мақсаты:Жалпы студенттерге тарихи өлкетану сабағының мақсаты мен міндетімен таныстыру
Жоспары:
1.«Өлкетану» түсінігі, зерттеу обьектісі, міндеттері.
2.Тарихи өлкетанудың ерекшеліктері, деректері және әдістемелік негіздері
3.Тарихи және мәдени ескерткіштердің жүйелері.
Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың бір саласы ретінде өзіндік тарихи пән болып табылады. Ол сондықтан екі ерекшелікке ие: 1) тарихи оқиғаларды жекешелей қарайды және 2) өзіндік жеке сала болып табылады. Бұл тарихи -өлкетану саласындағы әр түрлі бағыттар бойынша бөлінеді: танушылық, қайта қараушылық, бағалы-бағыттылығы, коммуникативтік.
Туған өлкені зерттеу ерекше қанағаттандырлық алатын, қоғамдық ой-пікірді қалыптастыратын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде тарихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. Басты тәрбиелік дерек ретінде және оның механизмі ретінде жергілікті дәстүр болып табылады. Яғни ол әр түрлі себептермен зерттеушінің қызығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы – бұл өте күрделі өлкетанушылық жұмысты талап етеді, жұмыстың көптігімен, уақыт кезеңінде де өте күрделі болып келеді. Өлкетануды зерттеудің негізі жергілікті жердің тарихы болып табылады.
Әдебиет: [Н-1,2,3,4.]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет