Лекция 6. ТҰРАҚТЫ ТОҚТЫҢ СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ТІЗБЕКТЕРІ
6.1. Тұрақты тоқтың сызықты емес тізбектері жалпы түсініктер
Сызықты электр тізбегінің вольт-амперлік сипаттамасы U= f (I) түзу сызықпен анықталады; тоқ өсіне көлбеу бұрыштың тангенсі электр кедергісіне пропорционалды, яғни
Егер электр тізбегінде тоқ пен кернеуге біршама тәуелді болатын
кедергісі бар элемент болса, онда мұндай
тізбек сызықты емес деп аталады. Мұндай тізбектің вольт-амперлік сипаттамасы тәжірибемен анықталады және сызықты емес болады. Сызықты емес элементтер сызықты тізбекте өте алмайтын процестерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, сызықты емес элементтер кернеу мен электр тоғын тұрақтандыруға және тоқты күшейтуге мүмкіндік береді. Сызықты емес элементтер басқарылатын және басқарылмайтын болады. Басқарылмайтын сызықты емес элементтер басқаратын фактордың әсерінсіз жұмыс істейді (жартылай өткізгішті диодтар, термисторлер және т.б.). Басқарылатын сызықты емес элементтер басқаратын фактордың әсерімен жұмыс істейді (транзисторлар,
тиристорлар, электронды шамдар және т.б.).
Басқарылмайтын сызықты емес элементтерде бір вольт-амперлік сипаттама, ал басқарылатын сызықты емес элементтерде жеті вольт- амперлік сипаттама бар. Бұл сипаттамалардың параметрлері басқарылатын фактор болып табылады. Сипаттамалар координат өстеріне қатысты симметриялы және симметриялы емес деп бөлінеді. 6.1
суреттегі
a симметриялы сипаттама,
b симметриялы емес сипаттама.
Симметриялы сипаттамалары бар элементтер тұрақты және айнымалы тоқ тізбегінде қолданылады.
Cур. 6.1. Сызықты емес элементтердің a симметриялы,
b симметриялы емес
вольт-амперлік сипаттамалары