Лекция№3. Математиканы оқытудың ғылыми-танымдық әдістері. Анализ бен синтездің сипаттамасы



бет1/5
Дата15.05.2022
өлшемі42,05 Kb.
#34455
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция 3


Лекция№3. Математиканы оқытудың ғылыми-танымдық әдістері.

 1. Анализ бен синтездің сипаттамасы.



2. Теоремаларды дәлелдеуде және есептерді шығаруда синтетикалық әдісті қолдану

3. Синтетикалық әдіспен дәлелдеудің схемасы.

4. Өрлей (кемелденген) анализ.

5. Аналитикалық әдіспен дәлелдеудің схемасы.

6. Ылдилай (кемелденбеген) анализ.

8. Ылдилай (кемелденбеген) анализдің схемасы және оның оқытудағы маңызы.

9. Дедукция.

10. Индукция

11. Математикалық индукция әдісі.

12. Математикалық индукция әдісін қолдану.

Математиканы оқыту теориясы мен оқыту әдебиеттерінде оқытудың ғылыми-таным әдістері айрықша орын алады. Математиканы оқытудың ғылыми-таным әдістерін игеру, оқыту процесінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Пән ретінде математика тек өзіне тән белгілермен ерекшеленеді. Ол белгілердің ең бастысы оқып үйренетін ұғымдардың неғұрлым жалпылығы мұның өзі алғашқы математика сабақтарында бой көрсетеді. Сондықтан оқу процесінде математикалық ұғымдарды қалыптастырғанда сол ұғымдарды іс жүзінде қолданғанда осы ерекшеліктерді бейнелейтін әралуан әдістерді пайдалану қажет. Сонымен бірге оқытудың ғылыми-танымдық әдістерін қолдану, шәкірттердің ойлауын дамытатын олардың жалпы мәдениетін көтеретінін, математика сабақтарында қалыптасқан тәсілджер мен ұғымдарды кәдеге жарату қабілетін шыңдайтынын айрықша атап өткен жөн. Математиканы оқытудың ғылыми-таным әдістеріне:

1.Бақылау, эксперимент.

2.Салыстыру.

3.Аналогия.

4.Анализ бен синтез.

5.Индукция мен дедукция.

6.Жалпылау мен нақтылау.

7Абстракциялау.

Бақылау деп қоршаған ортаның табиғи жағдайда қарастырған жеке объектілермен құбылыстардың қатынастарын және қасиеттерін бәз қалпында зерттеу, айқындау әдістерін айтады. Бақылау ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі. Ал бақылау жүргізе білу зерттеушінің бағалы қасиеті. Бақылауды мынадай жоспар бойынша жүргізуге болады:

1)Бақылаудың мақсатын анықтау;

2)Бақыланатын объектінің маңызды қасиеттері мен ерекшеліктерін ашу;

3)Бақылау кезіндегі алынатын ақпараттарды есепке алып отыру тәсілдерін анықтау;

4)Зерттелінетін объектілердің ерекшеліктерін белгілері арасындағы өзара байланысты тағайындау;

5)Бақылау нәтижесінде талдау жасау, қорытындылар тұжырымдау.



Эксперимент – танып білудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Эксперимент деп объектілер мен құбылыстардың табиғи күйі мен дамуына жасанды жағдайлар туғыза отырып оларды жасанды түрде бөліктерге мүшелеп басқа объектілермен және құбылыстармен біріктіру арқылы зерттеу әдістерін түсінеміз. Кез келген тәжірибе бақылаумен тығыз байланысты болады. Тәжірибе жасаған адам тәжірибенің барысын, яғни объектілер мен құбылыстарды зерттегенде тиісті жасанды жағдайлардағы олардың күйін өзгеруін және дамуын бақылайды. Ғылыми-танымда ойлау арқылы жүргізілген эксперимент ерекше орын алады. Бұл формальді логикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырып қана қоймай объектінің бейнелері мен модельдерін зерттеу нәтижесіндегі жаңа білімдерге жету қызметі болып табылады. Ойша эксперимент негізінде мынадай салдар жүзеге асады.

  1. Белгілі бір ереже бойынша зерттелінетін объектінің ойша модельі құрылады, яғни идеяланған объект жасалынады.

  2. Модельге әсер ететін идеяланғанжабдықтар мен құралдар құрылып идеяланған шарттар жасалынады.

  3. Шарттарды саналы түрде жоспар өзгерте отырып салыстырмалы және еркін комбинациялау.

  4. Ойша эксперименттің барлық кезеңдерінде ғылымда қалыптасқан объективті заңдылықтарды саналы дәл пайдалану деректерді қолдану кезінде абсалюттік еркіндікке негізсіз фантазияға жол бермеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет