Лекцияның мақсаты сақтандырудың экономикалық мәні мен арналымын оқып тану болып табылады



бет1/3
Дата16.02.2023
өлшемі22,32 Kb.
#68666
түріЛекция
  1   2   3
Тақырып 1. Сақтандырудың мәні мен маңызы

Лекцияның мақсаты – сақтандырудың экономикалық мәні мен арналымын оқып тану болып табылады.
Лекция сұрақтары:
1.Сақтандырудың экономикалық мәні
2.Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың даму кезеңдері

3.Сақтандырудың түрлері (6-бап)

4.Сақтандыру сыныптарының мазмұны (7-бап).


5. Сақтандырудың қатысушылары


1.ҚР-ның Сақтандыру туралы заңының 4 бабына сәйкес
Сақтандыру дегеніміз- сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенiн білдіреді.
Сақтандыру сферасы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтықта, мүлікті, өндіріс процесін қорғау болып табылады.
Сақтандыру қоғамдық жиынтық өнімді қайта бөлуге қатысты.
Сақтандырудың экономикалық мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді:

  1. тәуекел

  2. алдын алушылық

  3. жинақтаушы

  4. бақылау

Нарық жағдайында сақтандыру қосымша келесідей функцияларды орындай:

    1. инвестициялық

    2. қаржылық



2.Сақтандырудың түрлері (6-бап)


1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды және ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
- өмiрдi сақтандыру;
- аннуитеттік сақтандыру;
- мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмiрдi сақтандыру;
- зейнетақы аннуитеттін сақтандыру.

2. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
2) ауырған жағдайдан сақтандыру;
3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;
4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;
5) әуе көлiгiн сақтандыру;
6) су көлiгiн сақтандыру;
6-1) ғарыш объектілерін сақтандыру;
7) жүктердi сақтандыру;
8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;
9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
11-1) ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11-2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
12) осы тармақтың 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
13) заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру;
14) ипотеканы сақтандыру;
15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;
15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;
16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
17) сот шығыстарынан сақтандыру;
18) титулдық сақтандыру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет