Сақтандыру пәні бойынша глоссарий сақтандыру



бет1/4
Дата20.10.2023
өлшемі15,2 Kb.
#119877
  1   2   3   4

САҚТАНДЫРУ
пәні бойынша
ГЛОССАРИЙ


Сақтандыру – сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі.
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттілігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және соның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандыру делдалы - өзінің қызметінің сақтандырылушылармен және сақтандырушылармен келісім негізінде жүзеге асыратын тәуелсіз тұлға. Заңды тұлға да, белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлға да сақтандыру делдалы бола алады. Олардың, әдетте, арнаулы экономикалық және заңи білімі болуға тиіс, кәсіпқойлық жарамдылық жөнінен аттеататтаудан өтуі керек. Сақтандыру делдалы қызметтердің мынандай түрлерін көрсете алады: сақтандарылушыларды іздестіру немесе сақтандырушыларды іріктеу; сақтандыру жөнінде ақыл-кеңес беру; түсіндіру және жарнамалық жұмысты жүргізу; сақтандыру шарттарын жасау, сақтандыру өтемін алу үшін сақтандыру полистері мен басқа да құжаттарды рәсімдеу; сақтандыру жағдайы басталғанда мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша залалдарды реттеу; келісімдегі тиісті жағдайлар болғанда шарттар бойынша сақтандыру жарналарын алу, т.б.
Сақтандыру жағдайы – сақтандыру шартының талаптарында қарастырылған оқиғаның болуы.
Сақтандыру жарнасы – сақтанушы немесе оның атынан сақтандыру үшін сақтандырушы төлеуге міндетті төлем. Оның мөлшері ерікті сақтандыру бойынша тараптардың келісімімен, ал міндетті сақтандыру бойынша заңдармен айқындалад. Сақтандыру жарнасына салық салынбайды.
Сақтандыру компаниясыазаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Сақтандыру куәлігі – сақтандыру компаниясы сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру полисі берілгенге дейін береті сақтадыру құжаты. Кейде ол сақтандыру полисін толық алмастырады.
Сақтандыру қоры – дүлей апатар мен басқа да төтенше оқиғалар келтірілген зиянның алдын алуға, жоюға және орнын толтыруға арналған заттай және қаржы қорлары нысанында құрылатын қаражаттың босалқы қоры.
Сақтандыру құны – азаматтардың мүлкі, өмірі, денсаулығы сақтандырылған ақшалай қаражаттың мөлшері. Мүлікті сақтандыру бойынша оның сомасы сақтандырылған мүліктің нақты құнынан, ал әлеуметтік сақтандыру бойынша белгіленген зейнетақа мен жәрдемақы мөлшеріен аспауы тиіс. Жеке басты сақтандыру бойынша сақтандыру сомасының мөлшері сақтанушының тілегімен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет