Лексикология 1 деңгей Фонетика тіл білімінің дыбыстар жүйесін зерттейтін саласы



Дата18.05.2023
өлшемі15,14 Kb.
#94568

Лексикология 1 деңгей
Фонетика – тіл білімінің дыбыстар жүйесін зерттейтін саласы
Дыбыс – сөздердің мағыналары мен тұлғаларын (формаларын) ажырататын ең кіші тілдік бірлік.
Әріп – дыбысқа берілген шартты таңба.
Фонема – тілдің мағына ажыратқыш ең кіші бірлігі.
Фонология(гректің пһоне –дыбыс, логос – сөз, ілім) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жүйесінің құрылымдық және функционалдық заңдылықтарын зерттейтін саласы.
Әліпби (алфавит) – әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасқан жиынтығын, рет тәртібі.
Графика дегеніміз – әріптерді таңбалау, бейнелеу, айшықтау тәсілі, нобайлау амалы.
Графема – тілдің графикалық (жазу) жүйесіндегі ең кіші бірлік.
Транскрипция дегеніміз – тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеу әрекеті, ісі.
Буын дегеніміз – сөйлеу кезіндегі (сөзді айтқан кездегі) ауаның шығу толқыны.
Бунақ дегеніміз – бірнеше сөздің тұтасқан шоғыры
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы
Буын үндестігі (сингармонизм) – бір сөздің буындары арасындағы үндестік.
Дыбыс үндестігі – бір сөз ішіндегі немесе сөздер аралығындағы қатар тұрған (көрші жатқан) екі дыбыстың бір-бірімен үндесіп, жуықтасып айтылуы.
Метатеза – сөз ішіндегі қатар келген екі дауыссыздың орындарын алмастыруы (ауыстыруы).
Лексика – 1. Белгілі бір тілде қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы. 2. Жеке ақын-жазушы шығармаларында қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы.
Фразеология – 1. тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы; 2. бір тілдегі тұтас фразеологиялық қор.
Термин сөздер – ғылыми ұғымды атау үшін арнайы қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері.
Бейтарап сөздер – ешқандай стильге қатысты болмай, жалпы түрде, барлық стильдерге ортақ қолданылатын сөздер тобы.
Тарихи сөздер – заманның өзгеруімен қоса сол заманға тән заттар мен олардың атауларының бірге жоғалуы.
Төл сөздер – қазақ тілінің өзіне ғана тән сөздері.
Вариант сөздер – мағыналары бірдей, бірақ тұлғалық құрылымы жағынан азды-көпті өзгешеліктері бар бір тілдегі сөздер.
Синонимдер – ұғымы (мағынасы) бір-біріне өте жақын, бірақ тұлғасы жағынан басқа-басқа сөздер.
Антонимдер – түбірлері бөлек-бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер
Эвфемизмдер – тура, ашық айтуға қолайсыз немесе ұят саналатын дөрекі, тұрпайы, әдепсіз сөздерді басқа, сыпайы сөзбен ауыстырып қолдану арқылы жасалған сөздер.
Лексикография – сөздік жасаудың теориясы мен ұстанымдары, сөздік жасау ісі мен тәжірбесі.
Фразеология – тіл білімінің тұрақты тіркестерді зерттейтін саласы.
Фразеологизм – тілдегі тұрақты тіркестер.
Фразеологизм – тіркес құрамындағы сөздер әуел бастағы негізгі, тура мағыналарынан айырылып, бәрі жиналып бір ғана ұғымды білдіретін тілдік бірліктер.
Идиома – өзінің мағынасы жағынан бүтінді құрайтын элементтердің мағыналарымен сәйкеспейтін тілдік единицалардың тіркесі.
Фразеологиялық мағына – әр уақыт тек келтірінді, ауыс, бейнелі, экспрессивтік мағынада қолданылатын түйдектік мағына.
Мақал – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет