Конспект Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін



бет1/4
Дата13.06.2023
өлшемі24,78 Kb.
#100847
түріКонспект
  1   2   3   4
Байланысты:
Құрмалас сөйлем вк


Конспект
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі

ЖАЙ СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.

2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады.

Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары
екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады.

3. Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады.

Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады.

4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады.

Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып саналады.

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Мысалы, Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Бұл – сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.
Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет