Лепті сөйлемнің стильдік қызметі



Дата11.10.2022
өлшемі3,53 Mb.
#42372

ЛЕПТІ СӨЙЛЕМНІҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ

    • Т а ң ы р қ а у:
    • – Қандай тамаша! Қандай ақылды адам! Тіпті, ғажап қарқын!
    • Т а ң д а н у:
    • — Пай-пай, мына аттың жүрісін-ай!
    • — Ой, қандай сүйкімді үн!
    • — Мынау не деген тамаша көріністер! (С. Шаймерденов) .
    • Қ а й ғ ы р у, қ о р қ у:
    • — Апыр-ай, аман болғай-ак, та! (Ғ. Мүсірепов).
    • — Құлады-ау! Құлайды-ау? (Ғ. Мұстафин).
    • Арман ету, көксеу:
    • Әттең, осылардың бэрі де біздің ауылда өсетін болса!
    • (С. Шаймерденов). Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң!
    • Ө к і н у:— Қап, астықты кеше жинап алмаған екенбіз де! Әттеген-ай, кеше есте болмапты-ау!— Қап, мен де барсамшы!— Жиналысты кеше шақыру керек еді ғой’
    • Қолыңыздан келмейтін болса, айтуыңыз керек еді ғой!(М. Иманжанов).
    • 7. Қорқу, сескену:
    • — Ойбай-ай, ана бала құлайды-ау! (Т. Нұртазин).

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет