Сәлемдесу.Шаттық шеңбері.
- Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
«Хабарлама» әдісі. Мұғалім қарттар күні қашан, не мақсатта белгіленгендігі туралы мәлімет береді.
Халықаралық Қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған.
Қарттар күнін атап өтудің мақсаты – қарттардың проблемаларына қоғамның назарын аудару; қоғамның демографиялық қартаю проблемасы, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі, қарт адамдарға деген қарым-қатынасты өзгерту мәселелерінен халықтың хабардарлығын арттыру, қарт адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғам өміріне қатысуын, қажетті күтім, олардың ішкі әлеуеті мен абыройын қорғау үшін жағдайлар жасау.
«Ой қозғау» айдарымен Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата) Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже) «Ата-әжем мақтанышым» айдарымен Балалар Қазыналы қарияларымыз туралы сыр шертеді
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды, іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басы-қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.