Әттең, осылардың бэрі де біздің ауылда өсетін болса!
(С. Шаймерденов). Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң!
Ө к і н у:— Қап, астықты кеше жинап алмаған екенбіз де! Әттеген-ай, кеше есте болмапты-ау!— Қап, мен де барсамшы!— Жиналысты кеше шақыру керек еді ғой’
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.