Аңдатпа
Ұлы Жаратушы адам баласын барша жаратылыстардың ішіндегі
ең ардақтысы етіп, «махаббатпен жаратты». Соншама алып
планеталардың ішінде жоққа тән болған адамға ерекше көңіл
бөліп, шексіз мейіріміне бөледі. Онымен қоймай барша тіршілік
иелерін оған бағындырып, қызмет еттірді. Мойнына үлкен
жауапкершілік артты. Адам баласының бұ дүниедегі негізгі
міндеті Ұлы Жаратушысын танып, оның құдіретінің алдында бас
иіп, шексіз шеберлігін күллі ғаламға паш ету, сансыз шүкірліктер
мен ұлықтаулар айтып, ғұмырын құлшылықпен өткізу болатын.
Ал, мұндай ауыр жүкті арқалаған адам баласының шынында
руханиятпен терең сусындауы қажет-ақ.
Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу
аләйһи уәсәлләм) баршаға мәлім мынадай хадисі бар: «Егер
де бір күнің бір күніңе ұқсаса, онда сен ұтылудасың» деген.
Мұсылман адам қоғамдағы өзінің міндетін толық атқара алуы
үшін үнемі өзін дамытып, жетілдіріп отыруы шарт. Өйткені,
араб халқында “Жоғалтқан нәрсеңді (өзіңде жоқ нәрсені)
өзгеге бере алмайсың” деген қанатты сөз бар. Осы орайда
қолдарыңызға тиіп отырған кітаптың оқырманға берері көп.
Кітаптың ерекшелігі сол, әрбір күнге Ұлы Жаратушымыздың сөзі
болған қасиетті Құран кәрімнен бір аят, Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) хадистерінен бір хадис, бір дұға және халқымыздың
мақал-мәтелдерінен біреуін ұсынады. Пайғамбарымыздың
(с.а.у.): «Құранның бір әрібін оқығанға он сауапқа тең келер
жақсылық жазылады» деген хадисін негізге алар болсақ,
күнделікті Құран аяттарының мағынасына үңіліп тұру мұсылман
адам үшін шынында да маңызды. Одан қалса, асыл дініміздің
екінші қайнар бұлағы болған пайғамбар хадистерінен күнделікті
сусындап, пайғамбарлар мен ізгілердің Ұлы Жаратушыға
жасаған дұғаларынан үйрене отырып, күніне бір мақал жаттап
отырса, рухани біліммен жан-жақтылы қаруланарымыз сөзсіз.
Мақсат – мұсылманның ең азы күніне бір аят, бір хадис, бір дұға
және бір мақал жаттап немесе оқып отыруына түрткі болу.
Әр күні белгілі бір нәрсеге ғана бар назарыңды
аудару бұл сол нәрсені тиянақты етіп ұғып алуға
айтарлықтай көмегін тигізеді. Одан қалса, бір хадисте
«Амалдардың Алла тағалаға ең ұнамдысы – аз да болса
үнемі жалғасқаны» дегеніндей, күніне әрбір нәрседен
бір-бірден үйрену бұл бір күнде соншама ақпаратты
оқып алып, одан кейін ұзақ уақыт кітап бетін ашпау
секілді жүйесіздіктен әлдеқайда тиімді тәсіл.
Кітаптың негізгі мақсаттарының тағы бірі – бұл қасиетті
Құран аяттары мен пайғамбарымыздың (с.а.у.) асыл
сүннетін және пайғамбарлар мен ізгі кісілердің
мінәжат-дұғалары мен қазақ халқының мәдени өмірінде
маңызды рөлі бар мақал-мәтелдерді ұштастыра отырып,
түсінуге, салыстыра отырып, ой елегінен өткізуге ықпал
жасау. Жалпы, мақал-мәтелдер – белгілі бір халықтың
тыныс-тіршілігінен, дәстүр-салтынан, дүниетанымынан
һәм табиғи болмысынан (ділінен) хабар беретін дүние.
Қазақтың мақал-мәтелдерінің мазмұнына мұқият
үңілген адам оның бастау көзі асыл дініміздің негізгі
қайнар бұлағы болған Құран мен сүннет екендігін
анық байқайды. Дініміз Исламды халқымыздың
санасына о бастан анағұрлым жақын болған өзінің
мақал-мәтелдерімен салыстыра отырып түсіндіру бұл да
қазіргі таңда маңызды мәселе.
Еңбек қалың оқырманның үдесінен шығып, рухания
тына аз да болса пайдалы болуын Ұлы Жаратушыдан
сұраймыз.
~~ 1 қаңтар ~~
Аят: «Ол (Алла тағала) Күнді – шуақ шашқан
жарық, ал Айды – (күннен нәр алған) нұр етіп
жаратты және жылдардың саны мен уақыттың
есебін біліп жүрулерің үшін оған бірқатар
кезеңдер межелеп қойды. Алла бұларды бостан
босқа емес, белгілі бір мақсатта ғана ақиқат һәм
мызғымас жүйе негізінде жаратты»
(Юнус сүресі 5)
Хадис: «Адам баласының көбі алданып қалатын
екі нығмет бар. Олар: денсаулық пен бос уақыт»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені қанағатшыл ет. Маған
берген ризығыңды берекетті қыл»
(Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.))
Мақал: «Бос өткізу өмірді,
Ақымаққа көңілді»
~~ 2 қаңтар ~~
Аят: «Уа, адамдар! Тақуалыққа қол жеткізу үшін
өздеріңді әрі өздеріңнен бұрынғыларды жоқтан
жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер»
(Бақара сүресі, 21)
Хадис: «Шын мәнінде, Алла тағала сендердің сыртқы
дене-бітімдеріңе де, дәулеттеріңе де қарамайды.
Алайда, ол сендердің жүректеріңе және
іс-әрекеттеріңе қарайды»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, асқан құдіреттілігімен барлық нәрседен
үстем болған Алла тағалам! Сен әртүрлі
нұқсандықтардан пәксің. Уа, ұлықтығымен
құлдарынан нығметтерін аямаған Алла тағалам! Біз
сені ұлықтаймыз»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал:
«Адам баласы әдемі киімімен жақсы болмайды,
Әдеп, білімімен жақсы болады»
~~ 3 қаңтар ~~
Аят: «Уа, иман еткендер!.. Бір-біріңді аңдымаңдар
және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар!..»
(Хужурат сүресі, 12)
Хадис: «Сөз тасығыштар сазайларын тартпайынша
немесе күнәлары кешірілмейінше жәннатқа кіре
алмайды»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сен құлдарыңның
кемшіліктеріне қарама; айыптарын бетіне баса
көрме; оларды айырылысу отына салып жақпа!
Бізге рақымшылық жасап, жәрдем берген Алла
тағалам!»
(Азиз Махмуд Һудайи)
Мақал: «Дос достығын айтады,
Ез қастығын айтады»
~~ 4 қаңтар ~~
Аят: «Сонда олар төбелеріндегі аспанға бір мәрте
болса да зер салып қарамай ма?! Сөйтіп, Біздің оны
қалай көтергенімізді және (жұлдыздармен) қалай
безендіргенімізді һәм онда титтей де сызаттың жоқ
(екенін көріп, ғибрат алмай ма?!)»
(Қаф сүресі, 6)
Хадис: «Өлімді ең көп еске алғандар әрі өздеріне
келместен бұрын оған ең көп әзірлік жасағандар!
Міне, солар – ақылдылар»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Адам баласына берер зияны ең ауыр нәрсе
не екен деп ойладым. Сөйтсем, ол ғапылдық екен.
Ғапылдықтың адамға тигізер зиянын сірә тозақ оты
бере алмас. Уа, Раббым! Бізді ғапылдық ұйқысынан
оята гөр!»
(Баязид Бистами)
Мақал: «Адам жасында тойшыл,
қартайғанда ойшыл»
~~ 5 қаңтар ~~
Аят: «Біз жерді жиналу орны етпедік пе?! (Яғни,
жер ананың үстін) тірілерге, (астын) өлілерге
(тұрақ етпедік пе)?!»
(Мүрсәләт сүресі, 25-26)
Хадис: «Тозақ оты тимейтін екі көз бар: Алладан
қорқып жылаған көз және түнін (отанын) Алла
жолында күзетте өткізген көз»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Біздердің арамызды жақсарт,
Бізді Ислам жолына бұр. Қараңғылықтан нұрға
шығар. Барлық жасырын-жария жамандықтарды
бізден алыстат»
(Абдуллаһ ибн Мәсғуд)
Мақал: «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»
~~ 6 қаңтар ~~
Аят: «Шын мәнінде, Алла тағала үкім
етушілердің ең әділі емес пе?!»
(Тин сүресі, 8)
Хадис: «Мүмін адам қарым-қатынасы,
адамдармен бітім жасауы көркем болған адам.
Бітімсіз адамда қайыр болмайды»
(Мүснәд)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Ұлы қорғаныңнан
пана сұраған мына әлсіз құлыңды есігіңнен
қуар болсаң, мен басқа қай есікке барып пана
тілеймін! Егер де Сен мені азаптар болсаң, Сенің
әділдігіңе шүбә жоқ! Алайда, Сенің кешірімің
мен мейірімің барлық нәрсені қамтитындай өте
кең»
(Абдулқадир Гәйлани)
Мақал: «Ағаштың өзі түзу болса,
көлеңкесі қисық болмайды»
~~ 7 қаңтар ~~
Аят: «Ғасырға серт! Шын мәнінде, адам баласы
қасірет пен зиян ішінде»
(Асыр сүресі, 1-2)
Хадис: «Бір күні бір күніне ұқсаған адам ұтылды»
(Кәшфул-Хафа)
Дұға: «Уа, Алла тағалам, бізге жәрдеміңді бер!
Шынында Сен олардың бізден үстем болғанын
қаламайсың!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Меккені алар
алдында оқыған дұғасы)
Мақал: «Елін ойламағанның – ерлігі зая,
Ертеңін ойламағанның – тірлігі зая»
~~ 8 қаңтар ~~
Аят: «Алладан ұдайы кешірім тілеңдер! Шүбәсіз,
Алла Ғафур (өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін
құлдарына ерекше мейірімді)»
(Мүззәммил сүресі, 20)
Хадис: «Барлық адам баласы қателік жасайды.
Қателесушілердің ең жақсылары – тәубе етушілер»
(Тирмизи)
Дұға: «Алла тағалам! Мен күнә-қателіктерім
себепті Өзіңнен қатты ұяламын. Уа, Алла тағалам!
Күнәларым көл-көсір. Бірақ, Сенің кешіріміңнің
жанында олар бір тамшы құрлы болмайды. Алла
тағалам! Өзіңнің сүйікті құлыңның құрметі үшін
мені азабыңнан сақтай гөр! Мені мейірімің мен
кешіріміңе бөлей гөр!»
(Зәкария Ансари)
Мақал: «Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас»
~~ 9 қаңтар ~~
Аят: «Ол күні аспан бейне бір балқыған мыстай
болады. Ал таулар түтілген түрлі-түсті жүндей
болады»
(Мағариж сүресі, 8-9)
Хадис: «Пенде жан тапсырғанда періштелер:
«Ақыретке не алып кетті?» дейді. Ал, адамдар
болса: «Артында не қалды?» дейді»
(Бәйһаки)
Дұға: «Уа, бүкіл жаратылысты қияметтің
күнінде күмәнсыз жинайтын Алла тағалам!
Бізді сол күннің қорқыныштарынан сақта
әрі қиыншылықтарын бізге жеңілдет. Бізді
Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге болғандардың
арасына қос»
(Жунәйди-Бағдади)
Мақал: «Құдайсыз қурай да сынбайды»
~~ 10 қаңтар ~~
Аят: «Иман келтіріп, Алла үшін қоныс аударған һәм Ал
ла жолында дүние-мүлкін де, шыбын жанын да аямай
күресетіндер Алланың алдында ең жоғары мәртебеге
ие. Нағыз жетістікке жеткендер, міне, солар»
(Тәубе сүресі, 20)
Хадис: «Мұхажир – Алланың тыйым салған
нәрселерінен іргесін аулақ салған әрі оларды тәрік
қылған жан»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді шайтанның азғыруынан
сақта. Оны рақымыңнан аластатқаныңдай бізге оның
жақындауына мұрсат берме. Өзіңнің кешіріміңнен
үмітін үзгеніндей бізден де үмітін үздір. Мейірімің мен
оның арасын алыстатқаныңдай бізбен оның арасын
да алыс қыл. Өйткені, сенің құдіретің бәріне жетеді»
(Мұхаммед ибн Уаси)
Мақал: «Дүние жиып не етерсің,
Бір күн тастап кетерсің»
~~ 11 қаңтар ~~
Аят: «Расында, Біз саған (көптеген жеңістердің
басы болған) ап-айқын жеңіс нәсіп еттік»
(Фәтих сүресі, 1)
Хадис: Алла елшісі (с.а.у.) Меккені азат еткеннен
кейін былай деді: «Енді бұл жеңістен соң хижрет
болмайды. Бірақ Алла жолындағы күрес және
ниет жалғасын табады»
(Кутубу Ситтә)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге сұрағанымызды
Өзіңнен басқа ешкім де бере алмайды. Бізді
жетістікке жеткізе гөр!»
(Молда Жами)
Мақал: «Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып қызмет қыл»
~~ 12 қаңтар ~~
Аят: «Адам баласы өзін елеусіз, ескерусіз қала
беремін деп ойлай ма?!»
(Қиямет сүресі, 36)
Хадис: «Адам баласы қартайған сайын оның
бойында екі нәрсе жасарады: дүние-мүлік пен
өмірге деген құштарлығы»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Мен өте әлсізбін, маған
күш-қуат бер! Тас жүрекпін, жүрегімді өзің
жұмсарт! Алла тағалам,мен сараңмын, менің
қолымды ашық қылғайсың!»
(Хазірет Омар (р.а.))
Мақал: Жарлы болсаң да, арлы бол!
~~ 13 қаңтар ~~
Аят: «Ей, иманға келгендер! Өз
үйлеріңнен басқа үйлерге рұқсат
алмай және үй иелеріне сәлем
бермей тұрып кірмеңдер»
(Нұр сүресі, 27)
Хадис: «Кімде-кім Аллаға және ақырет
күніне сенсе қонағына сый көрсетсін»
(Мүслим)
Дұға: «Иә, Алла! Оның ұрпағы мен
дәулетін көбейтіп, берген нәрсеңді
берекелі ете гөр!»
Мақал: «Қонақтың алтынын алма,
алғысын ал»
~~ 14 қаңтар ~~
Аят: «Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса,
басқа күндері өтесін»
(Бақара сүресі, 184)
Хадис: «Бұл дүниеде бейне бір бөтен жердің
адамындай немесе жолаушы секілді бол!»
(Бұхари)
Дұға: Расулалла (оған Алланың игілігі мен сәлемі
болсын) сапарға шығарда түйесіне мініп үш рет:
«Алла ұлы», «Алла ұлы», «Алла ұлы», – деп одан кейін
былай айтатын: «Мұны бізге бағынышты еткен Алла
мінсіз. Алла мұны бізге олай (бағынышты) етпегенде
маңына да жолай алмас едік. Расында біз Раббымызға
қайтушымыз. Алла менің бұл сапарымды өзің разы
болатын тақуалы амалдар істейтін сапардан ет. Әрі
сапардың алыстығын жақын ет, қиындықтарын жеңіл
ет. Сапардағы жолдасым өзіңсің әрі жанұяммен
қалған да өзіңсің. Сапардың мұңлы көріністері мен
қиыншылықтарынан жанұяммен мал мүлкіме қаралы
қайтудан өзіңе сиынамын»
(Абдулла ибн Омар)
Мақал: «Дүние бір серуен,
Адам бір көшкен керуен»
~~ 15 қаңтар ~~
Аят: «Сондай-ақ, адам баласының аузынан
нендей сөз шықса да дәл қасында оның
аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей
жазып алып тұратын бақылаушы періште
бар»
(Қаф сүресі, 18)
Хадис: «Ең сараң адам – сәлем беруден
қашқан адам»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сенен жұмаққа
жетелер сөз бен амалды сұраймын. Тозаққа
апаратын сөз бен істерден сақта»
Мақал: «Сәлем – сөздің анасы»
~~ 16 қаңтар ~~
Аят: «Ендеше, Алладан ешкім кері қайтара
(да, кейінге шегере де) алмайтын алапат күн
келмей тұрып, Раббыларыңның (хақ дінге
деген) шақыруын қабыл алыңдар! Ол күні
сендерге (Алланың азабынан құтылу үшін) бас
сауғалайтын пана да, жасырынатын жер де
болмайды, сондай-ақ, күнәларыңнан жалтара да
алмайсыңдар»
(Шура сүресі, 47)
Хадис: «Әрбір тірі жанды Алла тағала жаратты;
сөйтіп, оның маңдайына өмірін, ажалын, ризық-
несібесін және басына түсетін қайғы-қасіретті
жазып қойды»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Жаратқан ием! Сенің қалауыңмен таң
атырып, көмегіңмен кеш батырдық. Қалауыңмен
тіріліп, қалауыңмен көз жұмамыз. Қайтып барар
жеріміз де Сен жақ»
Мақал: «Ажалы жеткен ауырмай өледі»
~~ 17 қаңтар ~~
Аят: «Ол күні адам баласына (дүниеде
өз қолымен істеп, ақиретке) жолдаған
жақсы-жаман істері мен істемей кейінге
қалдырған барлық істері түгелдей білдіріледі»
(Қиямет сүресі, 13)
Хадис: «Жаза басып, күнәлі іс істеп қойсаң,
дереу соны жоятын бір жақсылық жаса»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Жүрегімді өзіңнен
жеткен қуанышпен толтыр, тілімді өзіңді еске
алумен тазарт, дене-мүшелерімді өзіңнің жақсы
көрген және ұнатқан істеріңде қолдануды нәсіп
еткейсің»
(Жүнәйд-и Бағдади)
Мақал: «Игі істер өлмейді,
Ізгі істер өшпейді»
~~ 18 қаңтар ~~
Аят: «Расында, мүміндер – бір-біріне шынайы
бауыр. Олай болса, (жүз шайысып, ат
құйрығын кесіскен) бауырларыңның арасын
жарастырыңдар, сондай-ақ, (бауыр ақысына
келгенде) Алладан қорқыңдар (һәм үкіміне
қарсы келуден сақтаныңдар)! Міне, сонда Оның
рақымына бөленерсіңдер»
(Хужурат сүресі, 10)
Хадис: «Кісі досының дінінде. Сондықтан, кіммен
дос болып жүргеніне мән берсін!»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені және бауырымды кешіріп,
бізді өз мейіріміңе бөле. Сен мейірімділердің ең
мейірімдісісің»
(Хазірет Мұса (а.с.))
Мақал: «Жақсының күндесі болма,
шын досы бол»
~~ 19 қаңтар ~~
Аят: «Уа, адамдар! Алланың өздеріңе үйіп-төгіп
берген нығметтерін естеріңе алыңдар! Өздерің
айтыңдаршы, сендерге көктен һәм жерден
ризық-несібе беретін Алладан басқа жаратушы
ие бар ма?!»
(Фатыр сүресі, 3)
Хадис: «Ішіңдер-жеңдер, садақа беріп, әсем
киініңдер. Алайда, ысырап пен тәкаппарлыққа
жол бермеңдер»
(Нәсәи)
Дұға: «Бізге ішкізіп-жегізген әрі бізге қамқор
болған Раббымыз Алла тағалаға сансыз шүкір
айтамыз»
Мақал: «Құдайдан сұрағанның
екі бүйірі шығады,
Адамнан сұрағанның екі көзі шығады»
~~ 20 қаңтар ~~
Аят: «Сендер (Аллаға) шүкіршілік білдіріп, иман
етсеңдер, Алла сендерді азаптап қайтеді? Алла
(Өзіне шүкіршілік еткендердің қарымын еселеп
қайтарып), қисапсыз нығметке, мол сауапқа
бөлеуші һәм шексіз ілім иесі»
(Ниса сүресі, 147)
Хадис: «Қанағатшыл бол, өйткені қанағат –
түгелмес қазына»
(Тирмизи)
Дұға: «Бізді шексіз нығметтеріңе бөлеп, әрқандай
жамандықтан қорғаған Алла тағалам! Өзіңе сансыз
шүкірлік айтамыз. Егер мейірімің ашуыңнан
жоғары болмағанда, сөзсіз мен Сенің мейіріміңе
емес, ашуыңа лайық болар едім»
(Зәмахшари)
Мақал: «Қанағат қарын тойғызады,
Қанағатсыз жалғыз атын сойдырады»
~~ 21 қаңтар ~~
Аят: «Сөз тасып, араға от салғыш, келеке етуші
әрбір адамға қандай өкініш! (Олар) мал жинап, оны
(мұқтаждарға таратпай) санай береді (әрі барымен
көзге шұқып өзгелерді төмен санайды)»
(Һумәзә сүресі, 1-2)
Хадис: «Бауырыңның басына іс түскенде табалап
күлме, әйтпесе, Алла тағала оған мейірімін төгіп,
оның басындағы қиыншылықты сенің басыңа
келтіреді»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Саттар (кемшіліктерді жасырушы)! Менің
кемшіліктерімді жасырғайсың. Мені адамдардың
алдында ұятқа қалдыра гөрме. Менің дәрежемді
жоғарылата гөр!»
(Сади әш-Ширази)
Мақал: «Күлме досқа, келер басқа»
~~ 22 қаңтар ~~
Аят: «Бір Алланың разылығын ғана қалап,
Раббыларына ертелі-кеш (яғни, таңертең және
екінді һәм ақшам уақыттарында) құлшылық әрі
дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша
сабырлылық һәм табандылық таныт»
(Кәһф сүресі, 28)
Хадис: «Мұсылманның басына келген бір
ауыртпалық, шаршап-шалдығу, қайғы, ауыру,
тіпті болмашы мұңаюы болсын, Алла тағала
соның себебінен оның күнәларының бір бөлігін
кешіреді»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені Исламмен
қауыштырғаннан кейін жан тапсырғанға дейін
мені одан, оны менен айыра көрме»
(Абдуллаһ ибн Омар)
Мақал: «Сабыр түбі – сары алтын»
~~ 23 қаңтар ~~
Аят: «Түнді (бейне бір) жамылғы, ал күндізді
тіршілік уақыты қылдық»
(Нәбә сүресі, 10-11)
Хадис: «Кісі маңдай терімен тапқан бір жапырақ
асынан қайырлы ас жемеген»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені таң сәріде таратқан
ризық-несібеңнен нәсібі бар құлдарыңнан ете
гөр. Маған тура жол бер»
(Абдуллаһ ибн Омар (р.а.))
Мақал: «Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме»
~~ 24 қаңтар ~~
Аят: «Ақиқатты жалғанмен бүркемеңдер және
ақиқатты біліп тұрып жасырмаңдар»
(Бақара сүресі, 42)
Хадис: «Ислам діні әу баста бөтен, тосырқаулы
болып басталды, күндердің күнінде о бастағыдай
(қоғамға) бөтен күйге түседі. (дін насихатында
болған) Бөтендер қандай бақытты жандар
десеңші!»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Көңлімді кеңейт. Ісімді
жеңілдет. Сөзімді олар ұғыну үшін тілімнің
тұтықпасын шеше гөр!»
(Хазірет Мұса (а.с.))
Мақал: «Шындықтың сүйегі қатты, дәні тәтті»
~~ 25 қаңтар ~~
Аят: «(Уа, адамдар! Бұл дүниеде) өздеріңе
берілгеннің бәрі қу тіршіліктің болмашы
бұйым-боқшасы мен өткінші сән-салтанаты ғана.
Ал Алланың сендер үшін сақтаған (ақиреттік) сый-
сыяпаты болса, әлдеқайда қайырлы һәм мәңгілік.
Әлі де ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!»
(Қасас сүресі, 60)
Хадис: «Шүбәсіз, қайсыбірің намаз оқыған
уақытында Раббысымен тілдеседі. Сондықтан да,
әдеппен сөйлессін»
(Хаким)
Дұға: «Уа, Тәңірім! Өзің жайлы хабар берген тілді
азапқа душар етпе! Өзіңді танытатын білімге
қараған көзді азапқа душар етпе!»
(Ибн Жәузи)
Мақал: «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез, жат қылық – надандықтың белгісі»
~~ 26 қаңтар ~~
Аят: «Ол (Алла тағала) қайсыбірің
анағұрлым игі һәм сауапты іс істер екен
деп, бәріңді сынап көру үшін өлім мен
өмірді жаратты»
(Мүлік сүресі, 2)
Хадис: «Мүміннің абыройы – оның діні,
тектілігі – көркем мінезі, ал, адамгершілігі
– ақылы»
(Ибн Хиббан)
Дұға: «Алла тағалам! Ізгілердің ізгілігін
көбейт! Күнәһарларға тәубе етуді нәсіп
ет!»
(Омар ибн Абдулазиз)
Мақал: «Қиыншылық – ерге егеу, езге
бөгеу»
~~ 27 қаңтар ~~
Аят: «“Раббымыз – Алла” – деп, иман айтқаннан
кейін (шынайы иманның талабына сай сенімі,
ниеті һәм іс-әрекеттері түзу болып) тұп-тура
жолмен жүргендер үшін ешқандай қорқыныш
жоқ, сондай-ақ, олар әсте қайғы-мұңға душар
болмайды»
(Ахқаф сүресі, 13)
Хадис: «Иман екі бөліктен құралған бір бүтін
нәрсе; оның бір бөлігін сабыр, екінші бөлігін
шүкір құрайды»
(Шуабул-Иман)
Дұға: «Уа, Аллам! Көңілдерді жақсыдан жаманға,
жаманнан жақсыға айналдыратын жалғыз
сенсің. Көңілімді дініңе берік қыл!»
Мақал: «Иман отқа жанбайды,
Жақсылық жерде қалмайды»
~~ 28 қаңтар ~~
Аят: «(Ақирет есебін мойындамай) ықылассыз,
немқұрайлы намаз оқушыларға неткен өкініш!
Олар өз намаздарына бейғам, Намаздарын
(жұртқа) көрсету үшін оқитындар солар!»
(Мағун сүресі, 4-6)
Хадис: «Денеде бастың орны қандай болса,
дінде намаздың орны да сондай»
(әл-Мұғжамул-Әусад)
Дұға: «Тек Саған құлшылық етіп, жалғыз Сенен
жәрдем сұраймыз»
(Фатиха сүресі, 5)
Мақал: «Аллаға жағайын десең,
Азаның болсын.
Қазыға жағайын десең,
Қазаның болсын»
~~ 29 қаңтар ~~
Аят: «Кімде-кім жақсылық жасаса, өз пайдасына,
сондай-ақ, кім жамандық жасаса, өз зиянына.
Раббың құлдарына әсте зұлымдық жасамайды»
(Фуссилат сүресі, 46)
Хадис: «Адамдармен қарым-қатынас
жасағаныңда көркем мінезді бол»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Күнәларымызды кешіре
гөр. Құлшылықтарымызда жіберген
кемшіліктерімізді ғафу ет. Білместікпен жасаған
күнә-қателіктерімізді кеш әрі бізді ақыл иелері
қылғайсың. Сен біздің Раббымызсың, Сен
кешірімдісің»
(Абдуллазиз Дирини)
Мақал: «Жақсыны сыйласаң,
Есінен кетпейді.
Жаманды сыйласаң,
Есігіңнен кетпейді»
~~ 30 қаңтар ~~
Аят: «Сондай-ақ, ашу кернеген кезде
өздері кешірім еткендер»
(Шура сүресі, 37)
Хадис: «Қайсыбіреулерің ашуланғанда
тік тұрған болса, отырсын. Ашуы қайтса
нұр үстіне нұр. Алайда, ашуы қайтпаса,
созылып жатсын»
(Мүснәд)
Дұға: «Уа, Аллам! Ашулы болған кезімде
де, разы болған кезімде де ақиқатты
айтуымды нәсіп ет!»
(Пайғамбар дұғасы)
Мақал: «Ашу келсе, ақыл кетер,
Ақылдыны ақымақ етер»
~~ 31 қаңтар ~~
Аят: «Олардың қастарына тұрып алып
(иманға) күштеуші емессің»
(Ғашия сүресі, 22)
Хадис: «Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз
артық нәрселерден) абай болыңдар, өйткені
сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі
шектен шығушылықтары опат қылды!»
Дұға: «Уа, Раббым! Өткен өмірінде шектен
шығып, Өзіңе бойұсынбаған мына күнәһар
құлыңның күнәларын жарылқағайсың!»
(Зәмахшәри)
Мақал: «Опасыздың көпірінен өткенше,
Опалының өзеніне ағып кет»
~~ 1 ақпан ~~
Аят: «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі
уақытылы оқыңдар, зекетті толық беріңдер және
рүкуғ етушілермен бірге рүкуғ етіңдер»
(Бақара сүресі, 43)
Хадис: «Қияметтің күнінде кісінің есепке
тартылатын алғашқы амалы оның намазы
болмақ»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізге ықыласпен амал етуді
нәсіп ете гөр! Сен біздің айыптарымызды
жасырушысың әрі біздің күнәларымызды Өзіңнен
басқа кешіруші жоқ»
(Ахмед Муршиди)
Мақал: «Аллаға жағайын десең азанды бол»
~~ 2 ақпан ~~
Аят: «Уа, адамдар! Алланың алдында барлығың
пақырсыңдар, бәрің де Оған мұқтажсыңдар! Алла
болса, Ғани (ешкімге және еш нәрсеге мұқтаж
болмаған сарқылмас байлық иесі), Хамид (бәріңнің
мұң-мұқтаждарыңды өтеп, ризық-несібелеріңді
жеткізетін Раббыларың ретінде бар мадаққа әрі
үздіксіз ұлықталуға әбден лайық)»
(Фатыр сүресі, 15)
Хадис: «Дүниеге ден қоймау (қызықпау) – жүректі де,
денені де тыныштандырып, рахат сезім сыйлайды»
(Мүснәди-Шихаб)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Тіршілігімнің қорғаны
болған дінімді, осы дүниелік тіршілігімді және ертеңгі
баратын ақыретімді жақсартып, береке бергейсің.
Сүйікті пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және
оның сахабалары мен қияметке дейін соңынан
ерушілерге салауат айтып, сәлем жолдаймыз»
Мақал: «Ат қадірін жоқ білмес,
Ас қадірін тоқ білмес»
~~ 3 ақпан ~~
Аят: «Ақиқатында, бұл сөз – (Құран – ақиқат
пен жалғанды ажыратып беретін) ап-айқын
сөз. Сондай-ақ ол – бос ермек, әзіл емес»
(Тариқ сүресі, 13-14)
Хадис: «Әрбір естіген нәрсесін айтып жүруі
кісіге күнә тұрғысынан жеткілікті»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені мына қасиетті
Құранмен дүниеде құрметті қылғаныңдай,
ақыретте де абырой бер!»
(Шәриф Тілемсани)
Мақал: «Жақсы сөз тасты жібітер,
Жаман сөз басты шірітер»
~~ 4 ақпан ~~
Аят: «Әй, жаны жай тауып, көңілі орныққан
жан! Раббыңа бет бұр: сен Раббыңнан, ал
Раббың сенен разы болған күйде»
(Фәжр сүресі, 27-28)
Хадис: «Сірке балды қалай бұзса, жаман
мінез-құлық та ізгі амалды солай бұзады»
(Ибн Хиббан)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мінез-құлқымның
және нәпсімнің жамандығынан Өзіңе
сиынамын»
Мақал:
«Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар,
Жақсымен жолдас болсаң, несібі жұғар»
~~ 5 ақпан ~~
Аят: «Енді ол күні кімде кім зәредей жақсылық
жасаса да, оның сыйын алады. Ал кімде кім
зәредей жамандық жасаса да, оның жазасын
тартады»
(Зілзәлә сүресі, 7-8)
Хадис: «Құлдың тек Алла разылығы үшін жұтқан бір
жұтымынан артық Алла жанында сауап тұрғысынан
одан жоғары бір жұтым жоқ»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Осыншама сансыз күнә-қателіктерім бар.
Соған қарамастан үмітім үзілмек емес, Раббым. Сен
аса кеңсің, қандай да бір іс болмасын ол Сен үшін
түк емес. Мені азабыңа ұшырата көрме, уа,
Раббым!»
(Фаридуддин Аттар)
Мақал: «Жақсылық жер мен көктің арасында,
Жамандық қас пен көздің арасында»
~~ 6 ақпан ~~
Аят: «...Алайда иман еткендер және ізгі іс
жасағандар, сондай-ақ бірін-бірі ақиқат
пен сабырға шақырысқандар олардан
бөлек (яғни, құтылады)»
(Асыр сүресі, 3)
Хадис: «Кімде-кім мұсылман бауырын
жақсы көрсе, оны оған білдірсін»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді жалғаннан
ақиқатқа жеткіз, қараңғылықтан жарыққа
шығар, бізді пәниден мәңгілікке жеткіз»
Мақал: «Досы көппен сыйлас бол,
Досы жоқпен сырлас бол»
~~ 7 ақпан ~~
Аят: «Расында, Алла мүміндерден жандары
мен дүние-мүліктерін орнына жәннатты
беретін болып сатып алды»
(Тәубе сүресі, 111)
Хадис: «Су қалайша отты сөндірер болса,
садақа да дәл солай қателіктерді жояды»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де
жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер
әрі бізді тозақ отының азабынан сақта»
(Бақара сүресі, 201)
Мақал: «Жақсы іс – үлгі,
Жаман іс – күлкі»
~~ 8 ақпан ~~
Аят: «Сол күні (сендерге ағыл-тегіл берілген)
нығметтердің есебін бересіңдер»
(Тәкәсур сүресі, 8)
Хадис: «Алла тағала құлына ізгілік қаласа, оның
(қателіктерінің) жазасын бұ дүниеде береді. Ал,
құлы үшін жамандық қаласа, оның күнәларының
жазасын ақыретке сақтайды»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Егер күнәмнің көптігінен
азабыңа жолығар болсам, Өзіңнен кешірім
сұраймын. Себебі, Сенің кешіріміңнің кеңдігі
менің күнәларымның жанында әлдеқайда кең.
Уа, Раббым! Егер сараңдығым себепті азабыңа
жолығар болсам, онда Өзіңнен жомарттықты
сұраймын»
(Әбу Сүлеймен Дарани)
Мақал: «Құдайдың құрығы ұзын»
~~ 9 ақпан ~~
Аят: «Сондай-ақ, өмір сыйлайтын да, өлтіретін
де бір Өзі. Ол бір істің (немесе нәрсенің)
болуын үкім қылса, оған тек «бол!» – дейді,
сонда ол бірден бола қалады»
(Ғафыр сүресі, 68)
Хадис: «Сендер адамдарға дүние-мүліктерің
арқылы қуаныш сыйлай алмайсыңдар.
Керісінше жарқын жүздерің мен көркем
мінез-құлықтарың арқылы ғана қуанта
аласыңдар»
(Бәззар)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Біз амал дәптерімізді
күнәмізбен қап-қара қылдық. Өз
кеңшілігіңмен біздің күнәларымызды
кешіргейсің!»
(Әбу Али Даккақ)
Мақал: «Адамның күні – адаммен»
~~ 10 ақпан ~~
Аят: «Раббысының құзыры дегенде (яғни,
Раббысының алдына баратын күнді ойлап) аза
бойы қаза болатын мүмінге екі бірдей жәннат
бар»
(Рахман сүресі, 46)
Хадис: «Қайда болсаң да Алла тағаладан
қорқушы бол һәм тақуалық жолында бол!»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Жүзімді Өзіңнен басқаға
сәжде жасаудан қалай қорғағаныңдай Өзіңнен
өзгеге қол жайып, тіленуден де солай қорғай
гөр!»
(Ахмед ибн Ханбал)
Мақал: «Құдайға сенсең, құстай ұшасың,
Адамға сенсең, мұрттай ұшасың»
~~ 11 ақпан ~~
Аят: «Содан соң шынайы иман келтіріп, бірін
бірі сабырға шақырып, өзара мейірбандықты
кеңес еткендерден болу. Амал дәптерлері оң
жағынан берілетіндер міне, осылар»
(Бәләд сүресі, 17-18)
Хадис: «Алла тағаланың рақымы мен қолдауы
жамағатпен (көпшілік) бірге»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Ислам дініне күш-қуат
бер! Бізге осы жолда жанқиярлық һәм
батылдық рухпен бірігуді нәсіп қыл! Дүниежүзі
мұсылмандарына жұдырықтай жұмылуды нәсіп
еткейсің!»
(Назрул Ислам)
Мақал: «Көпке жақын – көкке жақын»
«Көп алғысы көгертер»
~~ 12 ақпан ~~
Аят: «Алла иман етіп, игілікті істер істегендерге
кешірім етуді һәм үлкен сый-сыяпатқа, зор
сауапқа бөлеуді уәде етті»
(Маида сүресі, 9)
Хадис: «Жақсылық жасауда ешбір нәрсені
азсынба. Тіпті, бауырыңа қарап жымиғаның
болса да...»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, жақсылықтарын есепсіз берген
Раббымыз! Өзіңнің жанындағы ұқсасы болмаған
сұлулықтармен бейнемді көркейт! Әрбір пай
дасыз нәрсені менен алыстат! Әрбір бос, жанға
жайсыздық беретін ойларға санамды жабық ет»
(Зуннун-и Мысри)
Мақал: «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ»
~~ 13 ақпан ~~
Аят: «Енді кім де кімнің таразысы ауыр
басса (сауап жағы басым болса), Ол өзі разы
болатындай өмір кешеді»
(Қариға сүресі, 6-7)
Хадис: «Қайсыбіріңе дұға есігі ашылған болса,
демек, оған рақым есігінің ашылғаны»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, бізге нығметтерін есепсіз төккен
Жаратқан иеміз! Өзіңнің ұлылығыңның
құрметіне маған жәрдем ете гөр! Сен мені бүкіл
мүминдердің анасы еттің һәм жүрегіме оларға
деген аналық махаббат сіңірдің. Дүниеде ешбір
ана өз балаларының отқа күйюін қаламайды. Уа,
Раббым, оларды менімен бірге Өз жәннатыңа ал,
не мені олармен бірге тозағыңа таста!»
(Хазірет Айша (р.анһа))
Мақал: «Игіліктің ерте-кеші жоқ»
~~ 14 ақпан ~~
Аят: «Сондай-ақ, Алланың (құдіретінің шексіздігін
көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі; бауыр
басып, жандарың жай тапсын деп, сендер үшін өз
болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа
сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін ұялатқандығы.
Міне, осыда ақылға салып ойланатын қауым үшін
анық дәлелдер мен талай ғибрат бар»
(Рум сүресі, 21)
Хадис: «Ері әйеліне, әйелі де еріне сүйіспеншілікпен
қараса, Жаратушы Жаппар ие де оларға
сүйіспеншілікпен қарайды. Егер ері әйелінің қолынан
сүйіспеншілікпен ұстаса, екеуінің де күнәлары
саусақтарының арасынан төгіледі»
(Жамиу әс-Сағир)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Сені ұлықтап, Саған ғана
құлшылық етеміз. Біздің күнәларымызды кешіріп,
мейіріміңе бөле. Әлбетте, Сен біз білмейтін
нәрселерді білесің»
Мақал: «Отан – отбасынан басталады»
~~ 15 ақпан ~~
Аят: «Сондай-ақ, ішіп жүрген суларыңа
қарамайсыңдар ма? Оны бұлттан жаудырған
сендерсіңдер ме, әлде жаудыратын Біз бе?
Қаласақ, оны тұзды қылар едік. Ендеше,
шүкіршілік етулерің керек емес пе?»
(Уақиға сүресі, 68-70)
Хадис: «Алланың нығметі туралы айту шүкірге
жатады. Оны тәрк ету күпірлік. Кімде-кім азға
қанағат етіп, шүкіршілік етпесе, мол нығметке де
шүкіршілік етпейді. Кімде-кім адамдарға рақмет
айтпаса, Аллаға да рақмет айтпайды»
(Бәйһаки)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Сенен кешірім мен
жәрдем әрі тура жол сұраймыз. Өзіңе иман
еттік. Күнәларымыз үшін тәубе етіп, Өзіңе ғана
сүйенеміз. Өзіңді бар жан-тәнімізбен мадақтап,
бізге берген ырыс-несібеңе шүкір етеміз»
Мақал: «Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет»
~~ 16 ақпан ~~
Аят: «Жер бетіндегі барлық нәрсе пәни! Тек
сенің асқан айбат пен ұлылықтың әрі теңдессіз
жомарттық иесі болған Раббыңның жүзі (яғни,
Өзі) ғана мәңгі-бақи қалады!»
(Рахман сүресі, 26-27)
Хадис: «Кімде-кім діндес бауырының ары мен
намысын оны ғайбат етушілерден қорғаса,
Алла тағала да оны қиямет күні тозақ отынан
қорғайды»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңді еске алудан тосатын,
Өзіңе деген құштарлығымды су сепкендей
басатын, Өзіңді ұлықтаудан алған ләззатымды
жоятын һәм жайсыздығымен абыржытатын бір
аурудан бізді сақта. Өз мейірімділігіңмен осы
дұғамды қабылда»
(Хазірет Мәулана)
Мақал: «Жақсы ниет – жарым ырыс»
~~ 17 ақпан ~~
Аят: «Иә, олар иман етіп, көптеген игі іс істеді.
Олар қандай бақытты! Ақырында баратын ең
керемет мекен де соларға тән!»
(Рағыд сүресі, 29)
Хадис: «Жүрегіндегі дүниеге деген есіктерді
бекіткен адамға машақаты көп қиыншылықтар
түкке тұрғысыз һәм жеңіл келеді»
(Мүснәду әш-Шәриф)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Саған үлкен-кішіміз жаппай
тәубе етеміз. Бізге терең тәубе нәсіп ет. Бізді
тәубесіне келмегендерден ете гөрме!»
(Абдуллаһ ибн Абдуллазиз)
Мақал: «Мың күнәға – бір тәубе»
~~ 18 ақпан ~~
Аят: «Әрі ата-анаға, жақын туыстарға,
жетімдерге, міскіндерге, туыс көршіге және
бөгде көршіге жақсылық жасаңдар»
(Ниса сүресі, 36)
Хадис: «Маған Жәбірейіл (а.с.) келіп, көрші
ақысын көп ескерткені сонша, мен көрші
көршіге мұрагер бола ма деп ойладым»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Ынта-ықыласымыздың
бәсеңдеуінен, іс-әрекеттеріміздің
нұқсандықтарынан, ажалымыздың таяп
қалуынан, ізгі, тақуа құлдарыңның арамыздан
жойылуынан сақта деп Өзіңе сиынамыз»
(Абдуллаһ ибн Ғалиб)
Мақал: «Көрші ақысы – Тәңір ақысы»
~~ 19 ақпан ~~
Аят: «Сондай-ақ, аспан әлемі мен жердегі
теңдесі жоқ ұлылық пен шексіз билік бір
Өзіне ғана тән! Ол – Азиз (бәрінен үстем,
теңдесі жоқ ұлылық иесі) һәм Хаким (әр ісі
мен әр үкімінде көптеген хикметтер болатын
асқан дана)»
(Жасия сүресі, 37)
Хадис: «Ілім игермеген немесе ілім үйренуге
талпынбағандар бізден емес»
(Бәйһақи)
Дұға: «Уа, Раббым! Маған даналықты нәсіп
етіп, ізгілердің қатарына қоса гөр!»
Мақал: «Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні ғаріп»
~~ 20 ақпан ~~
Аят: «Расында, адам баласы шыдамсыз әрі (әр
неге) құмар болып жаралған»
(Мағариж сүресі, 19)
Хадис: «Қызғаныштан сақ болыңдар! Себебі,
ол оттың отынды жалмағанындай, бүкіл
жақсылықтарды жалмайды»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Бізге Өзіңді шынайы
тануды әрі шынайы құлшылық жасауымызды
һәм бізге Өзіңе жақындататын істерді нәсіп қыла
гөр. Біздерге таудай тәуекел, дұрыс ой-пікір,
дүниеде, ақиретте де есен-саулық және ізгіліктер
бере гөр!»
(Әбу Мұхаммед Рази)
Мақал: «Жаман адам өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды»
~~ 21 ақпан ~~
Аят: «Ізгілік жолында садақа берген мүмин
ерлер мен мүмин әйелдердің және Аллаға
көркем қарыз бергендердің қарымы еселеніп
қайтарылады. Сондай-ақ, олар үшін әсте
ортаймайтын сондай керім сый да бар»
(Хадид сүресі, 18)
Хадис: «Әрбір жақсылық – садақа»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізге берген нығметтеріңді
одан сайын арттыра түсуіңді тілейтін әрі бір өзіңе
бас иетін құлдарың болуымызға септігін тигізетін
шүкіршілік нәсіп еткейсің»
(Омар ибн Зәр)
Мақал:
«Жақсылыққа жақсылық – әр жігіттің ісі,
Жамандыққа жақсылық – нар жігіттің ісі»
~~ 22 ақпан ~~
Аят: «Сол күні жауапқа тартылу үшін Алланың алдына
келтірілесіңдер. Сөйтіп, (Алла тағаланың алдында)
бірде-бір жасырын сырларың болмайды»
(Хаққа сүресі, 18)
Хадис: «Білімі өзіне де, өзгелерге де пайда бермеген
ғалымдар Қиямет күні адамдар арасынан ең ауыр
азапқа душар болатындар»
(Кәшфул-Хафа)
Дұға: «Уа, Раббым! Біздей әлсіз құлдарыңның
кемшіліктерін елемей, тәубемізді қабыл ете гөр әрі
күнәларымызды Өз кеңшілігіңмен кешіре гөр! Бізді
әрқашан сергек рухты, терең пікірлі һәм тақуалық
кернеген жүрекке ие құлдарыңның қатарына қоса
гөр!»
(Омар Насухи Билмен)
Мақал: «Зейіні кең – көреген,
Пейілі кең – береген»
~~ 23 ақпан ~~
Аят: «Сондай-ақ түннің бір бөлігінде Оған сәжде ет
һәм де түнде ұзақ уақыт Оны (“Сен – мінсізсің”, –
деп) ұлықта»
(Инсан сүресі, 26)
Хадис: «Күдіксіз Алла тағала сөзі мен ісі жиренішті
болған әрі сонысынан қысылып-қымтырылмай
сөйлей беретін бейпіл ауыздарға лағынет етеді»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені Өзіңе һәм
пайғамбарыңа деген бойұсынушылықтың
һәм дініңнің аясында ет. Мені Өзің тыйған
нәрселеріңнен әрі азабыңнан аулақ ете гөр!»
(Абдуллаһ ибн Омар)
Мақал: «Көп өткен су батпақ болар,
Көп сөйлеген адам шатпақ болар»
~~ 24 ақпан ~~
Аят: «Мен мал-мүлікті есепсіз шашамын» деп
мақтанады. Ол өзін ешкім көрмей тұр деп ойлай
ма?»
(Бәләд сүресі, 6-7)
Хадис: «Ешбіріңіз өзі үшін қалағанын мұсылман
бауыры үшін қаламайынша шынайы иман
келтірген болып саналмайды»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Өлім мен қабірді һәм
Өзіңнің алдыңда ертең есеп беретінімді біле
тұра қалайша қуанамын! Амал дәптерімнің
оң жағымнан, не сол жағымнан берілетінінен
бейхабармын. Қалайша Өзіңнен дүниелік бір
нәрсе сұрай алам?»
(Мұхаммед Бәкір)
Мақал: «Сөзшең болғанша, ісшең бол»
~~ 25 ақпан ~~
Аят: «Расында, Раббың адамдарға аса
шарапатты. Алайда, олардың көбі
шүкіршілік етпеуде»
(Нәміл сүресі, 73)
Хадис: «Алла тағала әрбір істі
оңтайластырған һәм үнемі жымиып жүретін
адамды жақсы көреді»
(Хужжәту әл-Ислам)
Дұға: «Уа, Раббым! Менің қателіктерімді,
білместікпен жасағанымды,
іс-әрекеттерімдегі шектен шығуымды һәм
Өзің менен жақсы білетін қателіктерімді
кешіргейсің»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Түсі жылыдан түңілме»
~~ 26 ақпан ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Мал-мүліктерің мен
бала-шағаларың сендерге Алланы еске алуды
ұмыттырмасын (яғни Аллаға лайықты түрде
құлшылық етулеріңе кедергі келтірмесін). Біліп
қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз
зиян шегетіндер міне солар»
(Мұнафиқун сүресі, 9)
Хадис: «Тілің Алланы еске алудан құрғамасын»
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді Өзіңе,
періштелеріңе, пайғамбарларыңа және ізгі
құлдарыңа сүйікті ет»
(Дұғалар жинағынан)
Мақал: «Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,
Зиянын тигізбейді»
~~ 27 ақпан ~~
Аят: «Ол күллі аспан әлемі мен жерді хақ мақсатта,
орын орнымен және ақиқатқа сүйенген мінсіз
жүйеге негіздеп жаратты. Сендерге кескін-келбет
берді, һәм де қандай көркем кескін-келбет берді
десеңші. Түбінде (бәрің де) Оған қайтасыңдар»
(Тағабун сүресі, 3)
Хадис: «Мүминдердің иман тұрғысынан ең кемелі –
мінез-құлығы ең көркем болғандар»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сен құлдарыңның
кемшіліктеріне қарама; айыптарын бетіне баса
көрме; оларды айырылысу отына салып жақпа! Бізге
рақымшылық жасап, жәрдем берген Алла тағалам!»
(Азиз Махмуд Һудайи)
Мақал:
«Соқырдың еліне барсаң, көзіңді қыс,
Ақсақтың еліне барсаң, аяғыңды көтер»
~~ 28 ақпан ~~
Аят: «(Атқарған қызметіңді, істеген
жақсылықтарыңды) көп көріп, міндетсінбе!»
(Мүддәссир сүресі, 6)
Хадис: «Мүмін адамға ренжіскен діндес
бауырымен үш күннен артық сөйлеспеуі дұрыс
болмайды»
(Кәнзул-Ирфан)
Дұға: «Уа, Раббым! Сен мені өзімнен де жақсырақ
білесің. Мен де өзімді мені мақтағандардан
жақсырақ білем. Олардың менде бар деп ойлаған
ізгі қасиеттерді маған нәсіп ете гөр әрі менің
бойымдағы олар білмейтін кемшіліктерімді
жасыр һәм кешір»
(Хазірет Әбу Бәкір (р.а.))
Мақал: «Жақсы адамның ашуы
шайы орамал кепкенше»
~~ 29 ақпан ~~
Аят: «Жоқ, (Біз оларды қаншама ұлы
нығметтерге бөлесек те,) адам баласы,
шынында да, шектен шығып, адасады,
өздерін Аллаға мұқтаж еместей көріп,
(дандайсыйды)»
(Алақ сүресі, 6-7)
Хадис: «Кімде-кім біздің дінімізде болмаған
бір істі жасаса, онда ол қабылданбайды»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Басымызды тауға да
соғып, тасқа да соғып қиналған сәттерімізде
бізді кешіріміңнен мақұрым ете көрме!»
(Низами-и Ганжауи)
Мақал: «Өз мінін білген – әулие
~~ 1 наурыз ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Арақ-шарап (сынды
адамды мас қылып, ақылынан адастыратын
нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары,
табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен
(яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен)
бал ашу шайтанға ғана тән лас істердің қатарында.
Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету
үшін бұлардан аулақ болыңдар»
(Маида сүресі, 90)
Хадис: «Көбі мас қылатын нәрсенің азы да харам»
(Кәнзул-Ирфан)
Дұға: «Уа Раббым! Өзіңнің жәрдемің болмаса,
қалауыма жете алмаймын, өз бетімше
жамандықтардан сақтана алмаймын. Уа, Раббым!
Саған аса мұқтажбыз! Бізді керемет ризықпен
ризықтандыра гөр, сол ризық үшін Өзіңе көп шүкір
етейік»
(Бәкр ибн Абдуллаһ Мүзани)
Мақал: «Арамдық алысқа бармайды»
~~ 2 наурыз ~~
Аят: «Раббыңның атын үнемі жадыңда ұстап,
(күндіз-түні) аузыңнан тастамай зікір ет һәм
Оған жан-тәніңмен бетбұр»
(Мүззәммил сүресі, 8)
Хадис: «Жаныңа жылу сыйлайтын көркем сөз
де – садақа»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сараңдықтан,
қорқақтықтан және қабір азабынан мені
сақтай гөр!»
Мақал: «Жақсының өзі де жақсы,
Сөзі де жақсы»
~~ 3 наурыз ~~
Аят: «Сондай-ақ Оған тең келетін ешкім де,
еш нәрсе де жоқ»
(Ықылас сүресі, 4)
Хадис: «Кімде-кім Алладан басқа сиынуға
лайықты құдай жоқ» – десе, «Жәннатқа кіреді»
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді өз ұлылығыңмен
назарыңа ал. Біз (құлдарың) қателесушіміз.
Егер әлсіздігімізден қандай да бір күнә
жасасақ, кешіріміңді үміт еткендігіміз үшін
ғана жасаймыз»
(Сади-и Ширази)
Мақал: «Кішіпейілділік – кісінің көркі»
~~ 4 наурыз ~~
Аят: «Олар Алланың нұрын (Исламды немесе
Құранды) ауыздарымен үрлеп сөндіруді
көксейді. Алла болса, кәпірлер қанша жерден
жақтырмаса да нұрын ақыр аяғына дейін
жеткізіп, жарқырата түсуден басқа еш нәрсеге
разы болмайды»
(Тәубе сүресі, 32)
Хадис: «Адамның исламды көркем ұстануының
белгісі – бос нәрселерден арылуы»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге Өзіңе бой ұсынуда,
әртүрлі қиыншылықтарға қарсы сарқылмас
сабыр бер»
(Салих ибн Бәшир әл-Мурри)
Мақал: «Жаманмен егескенше, жақсымен
кеңес»
~~ 5 наурыз ~~
Аят: «Алла сендердің жүктеріңді (яғни, сендер үшін
дінді) жеңілдеткісі келеді. Өйткені, адам баласы өте
әлсіз болып жаралған (яғни осал тұстары көп,
сондықтан да ол Алланың қолдауынсыз
әуейіліктеріне, нәпсіге, азғырушы шайтанға өз
бетімен төтеп бере алмайды)»
(Ниса сүресі, 28)
Хадис: «Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар.
Сүйіншілеңдер, бездірмеңдер»
(Бұхари)
Дұға: Уа, Раббым! Өзің жеңілдеткен істен жеңіл еш
нәрсе жоқ. Егер Сен қаласаң, қандай ауыр істі де
жеңілдетесің.
Мақал: «Жылы-жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.
Қатты-қатты сөйлесең,
Жақының діннен шығады»
~~ 6 наурыз ~~
Аят: «Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі жаратылыс
атаулының бәрі бір Аллаға тиесілі. Ол қалағанын
жарылқап кешіреді, қалағанын азаптайды. Алайда,
Алла (құлдары қанша жерден күнәға батса да,
тәубелеріне келген жағдайда) өте кешірімді, (әсіресе
тәубе етіп, Өзіне бет бұрған құлдарына) ерекше
мейірімді»
(Әли Имран сүресі, 129)
Хадис: «Жарты құрмамен болса да (садақа етумен)
өздеріңді тозақ отынан қорғаңдар»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Құлың өзіңнен басқа кімге қол
жайсын! Дұға да өзіңнен, оны қабылдау да өзіңнен.
Әуелі көңілімізді дұғаға бұрасың, содан кейін
дұғаларымызға жауап бересің, мейірімің неткен кең»
(Мәуләна)
Мақал: «Жолдас болма қуға,
Басың қалар дауға»
~~ 7 наурыз ~~
Аят: «Ол жер бетін сендерге бесік қылды және
онда жол тауып емін-еркін жүріп-тұруларың
үшін жолдар мен өткелдер ашты»
(Зухруф сүресі, 10)
Хадис: «Жәннаттағы инедей жер күннің
шығып-батқан барлық жерінен де қайырлы»
(Кутубу Ситтә)
Дұға: «Уа, Раббым! Сен мені өзімнен жақсырақ
білесің. Өзіңе алып баратын ізгі істерді маған
нәсіп қыла гөр!»
(Маруфи Кәрһи)
Мақал: «Жақсылық қыл, міндет қылма»
~~ 8 наурыз ~~
Аят: «Мейлі ер болсын, әйел болсын, кімде-кім
мүмін бола отырып (Алланың разылығына бөлейтін)
сауапты да игілікті істер істесе, Біз оған міндетті түрде
кіршіксіз әрі жақсы өмір сыйлаймыз. Сондай-ақ,
оларды дүниеде істеген ең игі, ең жақсы істерін
ескере отырып сөзсіз сый-сыяпатқа бөлейміз»
(Нәхл сүресі, 97)
Хадис: «Дүниедегі ең қайырлы болмыс – ізгі әйел»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Тәңірім! Бізге хазірет Мәриямның
арлылығын мен хазірет Әсияның батылдығын
бере гөр. Хазірет Хадишаның мейірімі мен хазірет
Айшаның білімін және де хазірет Фатиманың
иманын бере гөр деп тілейміз»
(Н. Хилал)
Мақал:
«Жақсы әйел ерінің басын төрге сүйрейді,
Жаман әйел ерінің басын көрге сүйрейді»
~~ 9 наурыз ~~
Аят: «Алайда иман келтіріп, ізгі
істерді атқарған шын мүминдер бүкіл
жаратылыстардың ең жақсылары (һәм
артықтары)»
(Бәийнә сүресі, 7)
Хадис: «Қиямет күні таразға алғаш
тартылатын нәрсе – көркем мінез-құлық»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Есеп күні мені,
ата-анамды және мүминдерді жарылқай гөр!»
(Мансур ибн Аммар)
Мақал: «Сіз-біз деген жылы сөз,
Тірліктің ғаниметі»
~~ 10 наурыз ~~
Аят: «Шын мәнінде күлдірген де, жылатқан
да Алла»
(Нәжім сүресі, 43)
Хадис: «Көп күлмеңдер! Өйткені көп күлкі
жүректі өлтіреді»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Менің
күнәларымды кешір. Жүрегімдегі реніш
пен кекті кетіргейсің. Мені адастыратын
әрі аздыратын нәрселерден сақта»
Мақал: «Көп күлген бір жылар»
~~ 11 наурыз ~~
Аят: «Аспан қалай биіктетіліп (тіреусіз)
тұрғызылған? Таулар қазықтай қағылып,
жерді қалай ұстап тұр? Жер қалай төселіп
өмірге лайықты етілген?»
(Ғашия сүресі, 18-20)
Хадис: «Алла тағаланы еске алмастан көп
сөйлеу жүрекке мұң ұялатады»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңнен һидаят
болмаса менің халім нешік?»
(Әбу Хамид)
Мақал: «Жақсы адам езуінен енші береді»
~~ 12 наурыз ~~
Аят: «Ол күні адамдар жан-жаққа бытыраған күйе
көбелек (пәруана) іспеттес»
(Қариға сүресі, 4)
Хадис: «Кісі қандай хәлде жан тапсырса, қиямет
күні дәл солай тіріледі»
(Мүслим)
Дұға: «Уа Раббым! Күндердің күнінде Өзіңнен
басқа ешкім қалмайтын бір сәт келеді. Сол кезде
маған достық көмек көрсеткейсің. Ең жақын
достарым менен теріс айналғанда, маған Өзің қол
ұшын бер, игілігің мен жақсылығыңа ие болайын»
(Низамул-Мулк)
Мақал: «Жақсының жақсылығын айт,
Нұры тасысын.
Жаманның жамандығын айт,
Құты қашсын»
~~ 13 наурыз ~~
Аят: «Шын мәнінде мүміндер туыс»
(Хұжурат сүресі, 10)
Хадис: «Мұсылман – мұсылманның бауыры.
Оған ешқашан жәбір жасамайды әрі оны
қиын-қыстау кезде тастамайды»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Есеп күні мені,
ата-анамды және мүминдерді жарылқай гөр!»
(Мансур ибн Аммар)
Мақал:
«Тамақты жамандаған – қарынның тоқтығы,
Туысты жамандаған – ақылдың жоқтығы»
~~ 14 наурыз ~~
Аят: «Көктер мен жерді жоқтан жаратқан Алланың,
дәл солар сияқтыны жаратуға құдіреті жетпейді
дейсіңдер ме?! Әлбетте, жетеді, өйткені, Ол –
не нәрсені болса да мінсіз һәм керемет қылып
Жаратушы, барлық нәрсені лайықты түрде білуші»
(Ясин сүресі, 81)
Хадис: «Қайда болсаң да Алладан қорық!»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге Өзіңе дұға етуді
әмір еттің әрі дұғамызға жауап беруді де уәде
еттің. Біз саған жалынып-жалбарынып сұраймыз,
дұғаларымызға жауап бер»
(Шейх Ахмад әл-Алауи)
Мақал: «Күйісің жаман болса, тән азады,
Көңілің жаман болса, жан азады»
~~ 15 наурыз ~~
Аят: «Жерді (бейне бір жуас малдай) сендерге көнбіс
етіп бағындырып қойған да бір Өзі. Ендеше, оның
төсінде емін-еркін жүріп-тұрыңдар һәм Алланың
өздеріңе нәсіп еткен ризығынан жеңдер, игіліктеріңе
жаратыңдар. Алайда, естеріңде болсын, ақыр
соңында бәрің де Оның алдына барасыңдар»
(Мүлік сүресі, 15)
Хадис: «Игі іске себепші болған адам оны
жасағандай сауапқа кенеледі»
(Тирмизи)
Дұға: «Басыма келген жаманшылақтан Өзіңе
сиынамын, уа, Жаратушы ием! Мені құлдарыңа
нашар үлгі болып қалудан сақта»
(Мұтарриф ибн Абдуллаһ)
Мақал:«Арғымақ аттың құйрығы –
әрі жібек, әрі қыл,
Қас жақсының белгісі –
әрі мырза, әрі құл»
~~ 16 наурыз ~~
Аят: «“(Осы күнге дейін) істеген күнәларың
үшін Раббыларыңнан кешірім тілеңдер,
содан кейін күнәларыңа өкінген бойда Оған
жан-тәндеріңмен бет бұрыңдар. Расында,
Раббым (әсіресе, Өзіне жан-тәнімен ниет
қойып, бет бұрған құлдарына) өте мейірімді,
оларға деген махаббаты шексіз”, – деді»
(Һуд сүресі, 90)
Хадис: «Алла тағаланың ұнатпаған ісін жасап
қойсаң, артынша оны жоятын бір жақсылық
жаса»
(Мүснәд)
Дұға: «Мінсіздігіңді айтып Сені ұлықтаймыз.
Мен өзіме кесір қылдым, кешіріміңді тілеймін»
(Әнбия сүресі, 87)
Мақал: «Қателік – қателік емес,
оны түзетпеу қателік»
~~ 17 наурыз ~~
Аят: «Кеудедегі жанды алып, өлтіретін де,
жан бітіріп, өмір сыйлайтын да – Өзі (Алла
тағала)»
(Нәжім сүресі, 44)
Хадис: «Кісінің пешенесіне жазылған нәрсе
міндетті түрде орындалады»
(Кутуби-Ситтә)
Дұға: «Уа, Аллам! Адамның күнде басына
келетін барлық жағдайлары Сенің қалауың
және жаратуыңмен болады. Сондықтан
қалауларымызды Өз қалауыңа сәйкес қыл»
Мақал: «Қырық жыл қырғын болса да
ажалды өледі»
~~ 18 наурыз ~~
Аят: «Алла жолында өлтірілгендерді өлі
демеңдер. Керісінше, олар тірі, бірақ, сендер
оны сезбейсіңдер»
(Бақара сүресі, 154)
Хадис: «Шейіттер Алла тағаланың құзырында
көрген сый-құрметтен кейін дүниеге қайта
қайтуды және он қайтара өлтіріліп, шейіт
болуды қалайды»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббым! Өмірімнің соңын қайырлы
қыл, ісімнің соңын да қайырлы қыл һәм
Өзіңмен қауышуды нәсіп ет»
Мақал: «Жақсының аты өлмейді,
ғалымның хаты өлмейді»
~~ 19 наурыз ~~
Аят: «(Уа, Мұхаммед!): Біз сені күллі әлемге (күллі
жаратылысқа) теңдесі жоқ рақым ретінде ғана
жібердік»
(Әнбиә сүресі, 107)
Хадис: «Сендердің қайсыбірің мені өзінен де,
әкесінен де, баласынан да және бүкіл адамдардан
артық жақсы көрмейінше шынайы иман келтірген
болып саналмайды»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Жаратқан ием, Сен мәңгі тірісің, ал мен
болсам өлімін. Өліге тіріден басқа кім мейірім
көрсете алады? Сен шексізсің, ал мен шектеулімін.
Шектеуліге шексізден басқа кім мейірім көрсете
алады»
(Хазірет Әли (р.а.))
Мақал: «Мейірімділік жүректен,
Мейірімсіздік білектен»
~~ 20 наурыз ~~
Аят: «Алла жерді сендер үшін кеңінен жайылған
төсеніш етті. Жер бетінде (таулар мен алқаптар
арасында) даңғыл жолдармен емін-еркін
жүріп-тұрарсыңдар деп, (жерді кең-байтақ етіп
жаратты)»
(Нух сүресі, 19-20)
Хадис: «Дүние – мүміннің зынданы, ал кәпірдің
жәннаты»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Жаратушы Жаппар ием! Тұрмысымызды
жақсартып, ондағы күнә-қателіктерімізді
кешіргейсің. Сен барлық нәрсеге құдіреттісің»
Мақал: «Жақсылық жер мен көктің арасында,
Жамандық қас пен көздің арасында»
~~ 21 наурыз ~~
Аят: «Мына Құран да Біз түсірген қасиетті,
мүбәрак кітап. Ендеше, (екі дүниеде де)
Алланың мейіріміне бөлену үшін оны
басшылыққа алыңдар һәм оны мойындамай,
үкімдеріне қайшы келуден барынша
сақтаныңдар»
(Әнғам сүресі, 155)
Хадис: «Мұсылман қандай жағдайда болмасын
жақсылықта»
(Рамзу әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Раббым! Біздерді тақуалықтан көздің
жасын көл қылатын, кеуделерінде Өзіңе деген
махаббат оты лаулаған, нәпсілерін тыя білген
құлдарыңның қатарында ете гөр!»
(Зуннуни Мысри)
Мақал: «Момынның ісін Құдай оңдайды»
~~ 22 наурыз ~~
Аят: «Жалын атқан жәһаннам оты қызған
үстіне қызған кезде... Сондай-ақ жәннат (тақуа
жандардың кіруі үшін) жақындатылған кезде...
Міне, сонда әрбір жан өзі үшін не дайындағанын
анық білетін болады»
(Тәкуир сүресі, 12-14)
Хадис: «Өтірік жамандыққа апарады. Ал,
жамандық болса тозаққа апарады»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Күнәларымнан бас
тартып, Өзіңе қауышам. Өзіңе тәубе етем. Мен
оларға қайта оралмаймын. Алла тағалам,Сенің
жәрдемің мен кешірімің менім күнәларыма
қарағанда әлдеқайда көп әрі Сенің шексіз
мейірімің менің құлшылығыма қарағанда
сарқылмас үміт бастауы»
(Тәубе намазының дұғасы)
Мақал: «Өтірік өрге бастырмас»
~~ 23 наурыз ~~
Аят: «Әй, адам! Сенің бар күшіңді жұмсап,
тырбыңдауың түптің түбінде Раббыңның
құзырында аяқталады. Ақыр соңында
Онымен қауышасың»
(Иншиқақ сүресі, 6)
Хадис: «Күллі адам баласы хазірет Адамның
(а.с.) ұрпағы. Ал, Адам болса топырақтан
жаратылған»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, кемшіліктерімізді жасырған
Ұлы Раббымыз! Өзіңе бас иіп, Сенен ғана
жәрдем тілейміз! Жүректерімізді әртүрлі
ластықтардан тазалау Сенің ғана қолыңнан
келеді. Мен тәубе еттім, күнәларымды
кешіргейсің!»
(Азиз Махмуд Худайы)
Мақал: «Адам болатын бала алысқа қарайды»
~~ 24 наурыз ~~
Аят: «Күллі аспан әлемі мен жерде (Құрандағы
ақиқаттарға айғақ болатын) қаншама дәлелдер бар!
Алайда, олар сол дәлелдердің ортасында жүрсе де,
бейқамдық танытып, олардан сырт айналуда (яғни,
оларға зер салып қарамауда, мүлдем мән бермеуде)»
(Юсуф сүресі, 105)
Хадис: «Күнәларыңды азайт, сонда ғана өлім саған
жеңіл болады»
(Бәйһаки)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Дүние-мүлік пен
бала-шағаның ешқайсысы пайда бермейтін, тек таза
жүректі жан құтылатын күні Өзіңнен есен-амандық
тілеймін. Иман етпегендер «әттеген-ай, мен де Алла
елшісінің жолын ұстансамшы» деп бармақ тістейтін
күні Өзіңнен кеңшілік сұраймын»
(Хазірет Әли (р.а.))
Мақал: «Атың барда кезіп жүріп жер таны,
Асың барда беріп жүріп ел таны»
~~ 25 наурыз ~~
Аят: «Жаратқан білмей ме?! Ол – Латиф (ешкім
көре де, сезе де алмайтын нәрселерді көріп,
сезе алушы, шексіз ілімімен жүрек түкпірінде
жатқан ең құпия сырлардың бәрін білуші), Хабир
(бәрінен толық хабардар болушы)»
(Мүлік сүресі, 14)
Хадис: «Сәлем беру сөйлесуден бұрын болады»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Кемшіліктерімді жасыр
әрі мені қауіп-қатерден аман сақта!»
(Дұғалар жинағынан)
Мақал: «Сәлем – сөздің анасы»
~~ 26 наурыз ~~
Аят: «Әлбетте, сен үшін істің (мәңгілікке ұласып
кететін) соңғысы басынан (ал ақирет жұрты
дүние тіршілігінен) әлдеқайда қайырлы»
(Дұха сүресі, 4)
Хадис: «Нағыз құлшылық – қиыншылыққа
сабырмен төзу»
(Бәйһаки)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Көздер ұйқыға кетті,
жұлдыздар жарқырап шықты. Алайда, Сен
мәңгі Тірісің, ұйықтамайсың. Маған Өзің тура
жол бергейсің»
(Муаз ибн Жәбәл)
Мақал: «Сабыр түбі – сары алтын»
~~ 27 наурыз ~~
Аят: «Адам баласы Бізді өлімінен кейін
шашылып қалған сүйектерін жинап,
қайтадан тірілтпейді деп ойлайды ма?!
Әрине, жинағанда қандай, тіпті, Біз оның
саусақ іздерін де қайтадан қалпына
келтіруге құдіреттіміз»
(Қиямет сүресі, 3-4)
Хадис: «Кісі күн батыстан шыққанға дейін
тәубе етсе, Алла тағала оның тәубесін қабыл
етеді»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңнен пана сұраймын.
Біздің санамызды зерек ете гөр әрі сол
зеректікпен жақсылыққа жетуімізді нәсіп
ет!»
Мақал: «Тәубе қылғанға түйе бер»
~~ 28 наурыз ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Аллаға шын көңілден
тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы
болудан сақтаныңдар! Әркім ертеңгі ақиреті
үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл
аударсын»
(Хашыр сүресі, 18)
Хадис: «Қайсыбіріңіз намазда тұрғанда, ол
мейірімге бөленеді»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Раббым! Көзімізге, құлағымызға,
жүрегімізге, жұмыстарымызға және
бала-шағамызға береке бергейсің. Тәубемізді
қабыл еткейсің. Сен тәубелерді қабыл етушісің
һәм ерекше мейірімдісің»
(Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.))
Мақал: «Нені ексең, соны орасың.
Еңбегі бардың, өнбегі бар»
~~ 29 наурыз ~~
Аят: «Ол сендер үшін жерді төсеніш, көкті күмбез етті.
Көктен жаңбыр жаудыру арқылы сендерге ризық етіп
жерден алуан түрлі өнім шығарды. Мұның бәрін біле
тұра, Аллаға өзгелерді тең көріп, серік етіп қоспаңдар»
(Бақара сүресі, 22)
Хадис: «Анығында әрбірің анасының құрсағында қырық
күн жиналады. Тағы бір қырық күнде ұйыған қан бола
ды. Сосын тағы бір қырық күнде кесек етке айналады.
Содан кейін Алла тағала ол кісінің ризығын, ажалын,
бақытты және бақытсыздығын періштеге жаздырады.
Сосын ол періштені төрт істің тағдырымен жібереді...»
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңнен әр нәрседе ризықтың
кәмілін сұраймын. Өзіңнің тарапыңнан разы етілуді әрі
разы етілгеннен кейін сол үшін Өзіңе шүкір етуімді нәсіп
ет деп Сенен сұраймын. Уа, Жомарттық иесі! Нәтижесі
жақсылық болған әр нәрсенің ауырын емес, жеңілін
сұраймын»
(Хазірет Әбу Бәкір (р.а.))
Мақал: «Құдай деген құр қалмас»
~~ 30 наурыз ~~
Аят: «Шын мәнінде, Раббың үнемі
сырттарыңнан бақылап бағуда»
(Фәжр сүресі, 14)
Хадис: «Кімде-кім ішкі жан-дүниесін
(жүрегін) игі етсе, Алла тағала оның
сыртын игі етіп қояды»
Дұға: «Уа, сырларды білуші Раббым!
Дұшпандарыңның дүниеуи істеріне
сәттілік бер, достарыңның ақыреттік
істеріне сәттілік бер»
(Рабиятул Адауия)
Мақал: «Құмырсқаның тас басқаны тәңірге
аян»
~~ 31 наурыз ~~
Аят: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен (оқы)»
(Алақ сүресі, 1)
Хадис: «Ілім игермеген һәм ілім үйренуге
талпынбаған адам бізден емес»
(Дәйләми)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Қорықпайтын
жүректен, тоймайтын нәпсіден, пайдасыз
білімнен және қабыл болмайтын дұғадан Өзіңе
сиынамын»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Білімдінің күні жарық.
Білімсіздің күні ғарып»
~~ 1 сәуір ~~
Аят: «Ол (Құран), әзіл емес»
(Тарық сүресі, 14)
Хадис: «Әлбетте, мен де әзілдесемін.
Алайда, тек шындықты айтамын»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Менің әзілдескен
сәттерімдегі һәм байсалды кездерімдегі
біліп-білмей істеген әрі менде әрдайым
болатын күнә-қателіктерімді кешіре гөр!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Тәтті өтіріктен ащы шындық
артық»
~~ 2 сәуір ~~
Аят: «(Аллаға құлшылық етуде, күнә атаулыдан
сақтануда һәм бастарыңа ауыртпалық түскенде)
сабыр етіп, намаз оқып, (Алладан) медет тілеңдер.
Расында, бұл – Алладан шынымен именетін һәм
Оған тиісінше тағзым ететін жандардан өзгелерге
өте ауыр келеді»
(Бақара сүресі, 45)
Хадис: «Шүкір етілмеген ризық кісіні үлкен
қатерге ұрындырады»
(Ибн-и Асакир)
Дұға: «Уа, Раббым! Мен Өзіңнің әлжуаз бір
құлыңмын. Сен рақымдылардың рақымдысысың.
Бізді Өз игіліктерің мен кеңшілігіңе бөлегейсің, уа,
аса Жомарт Раббымыз!»
(Маруфи Кәрхи)
Мақал: «Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен,
Әділдіктің ащы уын ішкен артық»
~~ 3 сәуір ~~
Аят: «Керісінше, сендердің иелерің – Алла.
Ол – ең жақсы медеткер»
(Әли Имран сүресі, 150)
Хадис: «Мүміндердің өзара сүйіспеншілігі
мен араларындағы мейірім дененің бір
мүшесі ауырғанда қалған мүшелерінің
сыздауы секілді»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, жүректерді жұмсартушы Алла
тағалам! Өлім менің жүрегімді жұмсартпай
тұрып жүрегімді Өзің жұмсарт»
(Маруф-и Кәрхи)
Мақал: «Жалғыздың жары – Құдай»
~~ 4 сәуір ~~
Аят: «Мейлі ер, мейлі әйел болсын, кімде-кім кәміл
мүмін ретінде Алла бұйырғандай түзу, пайдалы
және өзін һәм қоғамды түзетуге бағытталған игілікті
істер істесе, міне, солар жұмаққа кіреді әрі титтей де
әділетсіздікке ұшырамайды»
(Ниса сүресі, 124)
Хадис: «Адамдарға кедергі келтіретін нәрсені жолдан
алып тастау – садақа»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, адасқандарды тура жолға түсірген һәм
күнәға бой алдырып жаза басқандарды мейіріміне
бөлеген Раббымыз! Күнәһар болған мына құлыңа және
барша мұсылмандарға рақымдылық қыла гөр. Бізді
өлгеннен соң пайғамбарлармен, шейіттермен және ізгі
құлдарыңмен бірге тірілткейсің»
(Утбәтүл Ғұлам)
Мақал: «Кеңесіп пішкен тон келте болмас»
~~ 5 сәуір ~~
Аят: «Әлде адам баласының көңілі соққан нәрсенің
бәрі бола бере ме? Жоқ, олай емес! Ақирет өмірі
де, дүниенің тіршілігі де бір Алланың қолында. (Екі
дүниеде де шексіз билік иесі)»
(Нәжім сүресі, 24-25)
Хадис: «Ең азулы дұшпаның – өз нәпсің»
(Дәйләми)
Дұға: «Уа, Раббым! Қияметтің күнінде бар үмітім
Өзіңде. Ақыретімді уайымдаудан басқа уайымым
жоқ. Өзіңнің кеңшілігіңнен үміттімін. Қыл көпірінен
өтерде тек Өзіңе ғана сенім артамын. Амал
таразысында медет беретін тек Өзіңсің! Мені Өзіңе
қауыштыратын жолға бағытта»
(Фәридуддин Аттар)
Мақал: «Нәпсіге жеңілген патша – құл,
Нәпсіні жеңген құл – патша»
~~ 6 сәуір ~~
Аят: «Сондай-ақ, Раббыларыңның: «Егер
шүкіршілік етсеңдер, нығметімді сөзсіз
арттырамын. Ал егер жақсылықтың қадірін
білмесеңдер, онда азабым, расында да,
тым қатты», – деп, жар салғанын естеріңе
алыңдар»
(Ибраһим сүресі, 7)
Хадис: «Кешірім сұрауға мәжбүр ететін сөзді
айтпа»
(Мүснәд)
Дұға: «Сабыр еткен адам бәледен құтылады»
(Ислам тәрбиесі)
Мақал: «Басқа пәле – тілден»
~~ 7 сәуір ~~
Аят: «Ақирет секілді дүние тіршілігінің де
бүкіл билігі, әлбетте, Бізге тән»
(Ләйл сүресі, 13)
Хадис: «Уәде беру – қарыз секілді»
(Кәнзул Ирфан)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Дүниедегі аяны
шты хәлімізді есірке. Өлім сәтінде маған
рақымдылық таныт. Өзіңнің алдыңа
барғанымда маған кеңшілік жасай гөр!»
(Ата Сүләйми)
Мақал: «Уәде – Құдай сөзі»
~~ 8 сәуір ~~
Аят: «...Араның қарнынан адамдарға шипа бо
латын түрлі-түсті шәрбат (бал) шығады. Расында,
осында да терең әрі жүйелі түрде ойланатын
қауым үшін анық белгі, ап-айқын ғибрат бар»
(Нәхл сүресі, 69)
Хадис: «Алла барлық ауруға шипаны қосып
жаратқан»
(Әбу Һурайрадан жеткен хадис)
Дұға: «Уа, адамдардың Раббысы! Ауруларымызға
шипаңды бер. Өйткені Сен Шафисің (шипа
беруші). Өзіңнің шипаңнан басқа шипа жоқ.
Сенен ешбір аурудың қаша алмайтын шипасын
сұраймыз»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Денсаулықпен тең түсер досың жоқ,
Дерт, кеселмен тең түсер қасың жоқ»
~~ 9 сәуір ~~
Аят: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне)
жабысыңдар да бөлінбеңдер…»
(Әли Имран сүресі, 103)
Хадис: «Мүминдер – кірпіштері бірін-бірі
толықтырып тұратын бүтін бір ғимарат
іспеттес»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Бізге терең
бойұсынушылық бер! Өзіңе бекем
байлануды нәсіп ет. Бізді Өзіңе сәжде
еткеннен кейін отқа тастай гөрме!»
(Абдуллағла әт-Тәйми)
Мақал: «Бірлік болмай, тірлік болмас»
~~ 10 сәуір ~~
Аят: «(Ей, Мұхаммед) айт! Білетіндер мен
білмейтіндер тең бе?»
(Зүмәр сүресі, 9)
Хадис: «Ілім алу мақсатымен жолға шыққан
кісі үйіне оралғанға дейін Алланың жолында
болып саналады»
(Әбу Нуайым)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Маған пайдалы
ілім нәсіп еткейсің, пайдасыз ілімнен мені
сақтағайсың»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Білім – гауһар бағасы жоқ,
Надандық – дерт, дауасы жоқ»
~~ 11 сәуір ~~
Аят: «Ендеше, жетімді әлсіз екен деп ақысын
жеуші болма, төмен санап, көңілін қалдырма.
(Алақан жайып) сұрап келгенді де қасыңнан
қума (тілегін бер)»
(Дұха сүресі, 9-10)
Хадис: «Әр нәрсенің бір кілті болады.
Жәннаттың кілті жарлы-жақыбайларға
сүйіспеншілік таныту әрі оларға қамқор болу»
(Ибн Лағыл)
Дұға: «Уа, Жаратушы ием! Бізді «Раббымыз
Алла» дегеннен кейін тура жолдан таймаған
құлдарыңның қатарынан еткейсің.
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) лайықты
үмбет болуды нәсіп қыл»
Мақал: «Жетім көрсең, жебей жүр»
~~ 12 сәуір ~~
Аят: «Сондай-ақ, сендерді (жоқтан жаратып)
тіршілік иесі қылған да бір Өзі. Ол уақыты
келгенде сендерді өлтіріп, жандарыңды алады
да, содан кейін бәріңді қайта тірілтеді. Алайда,
адам баласы, шынында да, жақсылықты
түсінбейді»
(Хаж сүресі, 66)
Хадис: «Ажал ақиқатын жан жүрегімен сезінген
адам өтпелі ләззаттардан бас тартады»
(Мүснәдуш Шихаб)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Өзіңнен өлімнен
кейінгі өмірімнің жарқын болуын әрі Өзіңе
есен-амандықта қауышуды жалбарына
сұраймын»
(Фудайл ибн Убәйд (р.а.))
Мақал: «Ажал қиуадан келіп,
Қимасыңды алады»
~~ 13 сәуір ~~
Аят: «Ол кәпірлердің бір бөлігіне оларды сынау
үшін берген дүниедегі тіршіліктің жылтыраған
сән-салтанатына қызығып көзіңді сүзбе!
Раббыңның (өзіңе нәсіп еткен) нығметі мен
ақиретте беретін ризық-несібесі әлдеқайда
қайырлы һәм баянды (мәңгілік) болмақ»
(Таһа сүресі, 131)
Хадис: «Расында, әр үмбет үшін бір бүлік бар.
Алайда, менің үмбетімнің бүлігі – дүние»
(әл-Хайсами)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге Өзіңнен басқа
ешкімге мұқтаж болмауымызды нәсіп қыла гөр!»
Мақал: «Сұрамағын пендеден,
жағарсың кейде жақпассың,
Тілекті тіле Құдайдан
айқара ашқан қақпасын»
~~ 14 сәуір ~~
Аят: «Ол бергенін өзіне жасалған жақсылықтың
қарымтасы деп бермейді. Қол ұзатқаны үшін
ешкімнен сый-сыяпат та күтпейді. Тек қана
Раббысының разылығына қауышуды ғана көксейді»
(Ләйіл сүресі, 19-20)
Хадис: «Алла тағала тәубе етушінің тәубесін қабыл
етеді»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Егер менің пешенеме
бақыттылардың қатарында болуды жазған
болсаң, мені ол жерде тұрақты ете гөр. Ал, егер
бақытсыздардың қатарына жазған болсаң, онда
мені олардың қатарынан өшіріп, жақсылардың
қатарына жаза гөр. Өйткені, Сен қалағаныңды
орындайсың уа, Раббым!»
(Хазірет Омар (р.а.))
Мақал: «Жаңылмайтын жақ,
Сүрінбейтін тұяқ жоқ»
~~ 15 сәуір ~~
Аят: «Ендеше, шексіз ұлылық иесі Раббыңның Есімін
(яғни, Оның мінсіз екендігін айтып), ұлықта!»
(Уақиға сүресі, 96)
Хадис: «Мұсылманшылық дегеніміз – тазалық,
адалдық. Таза болыңдар. Өйткені, жәннатқа
тазалар ғана кіреді»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Көкірегімді аша гөр,
істерімді жеңілдете гөр. Жүрекке келген
күдіктерден, істерімнің сәтсіздігінен және қабір
азабынан сақтай гөр деп бір Өзіңе сиынамын»
(Дұғалар жинағынан)
Мақал: «Таза, мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады»
~~ 16 сәуір ~~
Аят: «Сондай-ақ, олар ашуын жеңушілер,
адамдарға кешірім етушілер»
(Әл-Ғимран сүресі, 134)
Хадис: «Нағыз ержүрек адам ашуланған
кезінде өз нәпсісіне ие болған адам»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Жаратушы жалғыз ием! Мені
кешір. Мені өз нәпсіммен жалғыз тастама.
Мені Өз игілігіңе бөле. Мені қуаласаң да, Өз
есігіңнен басқа бас сұғар жерім жоқ»
(Сади-и Ширази)
Мақал: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос»
~~ 17 сәуір ~~
Аят: «(Уа, адамзат!) Өздеріңе Раббыларыңнан
түскенді (Құранды) берік ұстаныңдар. Алладан
өзгелерді қамқоршы дос тұтып, солардың
соңынан еріп кетпеңдер. Сендер (ақиқат,
иман жайлы) тым аз ойланасыңдар, ғибрат
алғандарың да шамалы!»
(Ағраф сүресі, 3)
Хадис: «Шындығында Ібіліс намаз
оқушылардың өзіне табынуынан мүлде күдер
үзді. Алайда, олардың арасына алауыздық
себетін болады»
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді өзара араздықтан
алыс қыла гөр. Бізге дүниеде һәм ақыретте
жақсылықтар бер және бізді тозақ отынан
сақта!»
(Абдулқадир Гейлани)
Мақал: «Ынтымақ істі бітірер»
~~ 18 сәуір ~~
Аят: «(Байлықтың буына мас болған кәпірлер)
Алланың ризық-несібе дегенді қалағанына
үйіп-төгіп беретінін, сондай-ақ, қалағанына
аз әрі өлшеп беретінін білмейді ме? Міне,
осында иман етуге бейім қауым үшін сөзсіз
талай ғибрат бар»
(Зүмәр сүресі, 52)
Хадис: «Бір-бірлеріңе тағам ұсыну арқылы
қуантыңдар. Бұл ризықтың көбеюіне себеп
болады»
(Кутубу Ситтә)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізге адал ризық нәсіп етіп,
харамнан алыстат. Күнәлардан сақтап, Өзіңе
ғана бас июді нәсіп қыл»
Мақал: «Өле жегенше, бөле же»
~~ 19 сәуір ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Шынайы түрде
тәубе етіп, Аллаға бет бұрыңдар. Міне, сонда
Раббыларың күнә-қателіктеріңді өшірер»
(Тахрим сүресі, 8)
Хадис: «Қайсыбірің Алла тағалаға дұға еткенде
қалағанын нақты сұрасын. «Алла тағалам!
Қаласаң, маған бер» деп айтпасын. Өйткені
Алла тағалаға ешбір нәрсе ауыр келмейді»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Саған жаратқан
жаратылысыңның санындай көп мақтаулар
болсын. Өзіңе лайық түрде мақтау айтуда әлсіз
екенімді мойындаймын»
(Дұғалар жинағынан)
Мақал: «Иілген басты қылыш кеспейді»
~~ 20 сәуір ~~
Аят: «Ол Хаи (басы мен ақыры болмаған мәңгілік
тіршілік иесі). Одан басқа құдай жоқ! Ендеше, осынау
хақ дінді шын жүрекпен толық қабылдап, бар
ықыластарыңмен Аллаға ғана құлшылық етіңдер
һәм Аллаға ғана жалбарыныңдар! Бар мадақ пен
шүкіршілік атаулы күллі әлемнің Раббысы Аллаға тән!»
(Ғафыр сүресі, 65)
Хадис: «Сендерге берген сансыз нығметтері үшін Алла
тағаланы сүйіңдер. Мені де Алла тағаланың сүйгені
үшін сүйіңдер»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Маған Өзіңді сүюді әрі
Сен сүйген нәрселерді сүюді және мені Өзіңе
жақындататын нәрселерді сүюді нәсіп еткейсің! Уа,
Раббым! Мен үшін Өзіңе деген сүйіспеншілікті су іздеп
қаталаған жанға судың құнды болғанынан да құнды
қыла гөр!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Сыйлылық қымбат емес, сүю қымбат»
~~ 21 сәуір ~~
Аят: «Ауқатты адам (қолына қараған әйел,
бала-шағасына) ауқатына қарай (мол) нәпақа берсін.
Ал ризық-несібесі шектеулі болғандар Алланың
өзіне нәсіп еткен жағдайына қарай нәпақа берсін.
Алла ешбір жанға Өзі берген мүмкіндіктен артық
жүк артпайды. Алла әр қиындықтың артынан бір
жеңілдік нәсіп етеді»
(Талақ сүресі, 7)
Хадис: «Алла тағала адал ас табу жолында тер төккен
құлын көруді ұнатады»
(Дәйләми)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңе қанша шүкір етсем де аз.
Өйткені маған берген ризықтарыңа шүкір етуді де
нәсіп еткен Өзіңсің»
(Әбу Али Радбари)
Мақал: «Еңбектің наны – тәтті,
Жалқаудың жаны – тәтті»
~~ 22 сәуір ~~
Аят: «Ал Раббысын көрмесе де, Оған тиісінше
тағзым етіп, Одан лайықты түрде именетіндерге
тосын кешірім мен үлкен сый бар»
(Мүлік сүресі, 12)
Хадис: «Алла тағала бір құлды жақсы көрсе,
сендердің қайсыбіреулеріңнің науқастанған
бауырын су ішуден тыйғаны секілді оны
дүниеден қорғап қыяды»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Құлдарыңа көрсеткен
мейіріміңе мені де үлескер қыла гөр. Үлестірген
ризығыңнан маған да нәсіп еткейсің. Мені
қауіп-қатерлерден, жаманшылықтардан
қорғағайсың!»
(Абдуллаһ ибн Омар (р.а.))
Мақал: «Білгенге маржан, білмеске арзан»
~~ 23 сәуір ~~
Аят: «Ол (Алла) сендерді әу баста топырақтан, содан
кейін (ер мен әйелден бөлініп, әйелдің жатырында
тұрақтайтын) бір тамшы судан, сонан соң жатырға
(сүліктей) жабысқан ұйысқан жасушадан жаратты.
Кейін бәріңді (ана құрсағынан) қызылшақа нәресте
етіп, жарық дүниеге шығарады. Сонан соң сендерді
ақыл-ес һәм күш-қуат жағынан толықсытып ер
жеткізеді. Соңыра қаусаған қарт болғандарыңша өмір
сүргізеді»
(Ғафыр сүресі, 67)
Хадис: «Балаларыңызды сый-сияпатпен
қуантыңыздар һәм жақсы тәрбие беріңіздер»
(Кутубу Ситтә)
Дұға: «Уа, Раббым! Маған Өзіңнің
кеңшілік-жомарттығыңмен кіршіксіз пәк бір сәби
сыйла. Күдіксіз Сен дұғаларды естушісің»
(Хазірет Зәкәрия (р.а.))
Мақал: «Тәрбие туғанда басталып,
өлгенде бітеді»
~~ 24 сәуір ~~
Аят: «Оған тура жолды да көрсеттік. Енді, қаласа,
(осынау нығметтердің қадірін біліп, тура жолмен
жүретін) шүкіршіл болар, қаласа, (күпірлік қылып,
теріс жолдарға түсетін) рақыметі жоқ кәпір
болар»
(Инсан сүресі, 3)
Хадис: «Ешкімге сабырдан қайырлы һәм одан
үлкен нығмет берілмеген»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Сабыр еткендерге бұйыратын
сауаптарға бізді жеткізетін ізгі істер нәсіп ете гөр.
Бізге шүкір етушілердің жететін биігіне жеткізетін
терең шүкір нәсіп ете гөр!»
(Омар ибн Зәр)
Мақал: «Ымды білмеген дымды білмейді»
~~ 25 сәуір ~~
Аят: «Ендеше, кеш батырып, таң
атырғандарыңда (яғни кешкі, түнгі және таңғы
намазда) Алланың мінсіз екенін айтып жар
салыңдар!»
(Рум сүресі, 17)
Хадис: «Тіл мен жүрек бір жерден шықпай,
ешкім кәміл мұсылман бола алмақ емес»
(Кәнзул Ирфан)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзің үшін төккен көз
жастарым үшін мені мейіріміңе бөлей гөр! Өзіңе
жете алмай ынтық болған рухымды мейіріміңе
бөлей гөр! Өзіңнің алдыңда әлсізбін, тілегімді
қабыл ет!»
(Ибн Жәузи)
Мақал: «Тіл жүректің айтқанына көнсе,
жалған шықпайды»
~~ 26 сәуір ~~
Аят: «Уа, иман еткен құлдарым! (Егер өз
жерлеріңде дін жолында қысым көріп, дінді
еркін ұстана алмайтын халге жетсеңдер,)
Менің жерім сөзсіз кең-байтақ, олай болса,
(керек жағдайда дін жолында хижрет етіп)
Маған ғана құлшылық етіңдер!»
(Анкабут сүресі, 56)
Хадис: «Қайсыбірің сапарға аттанғанда діндес
бауырымен қош айтыссын. Сонда Алла тағала
олардың жасайтын дұғасын берекетті (қабыл)
қылады»
(Дәйләми)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізге әрдайым Өзіңмен
бірге болғанымыздай ләззат бере гөр!»
Мақал: «Жол мұраты – жету
Қыз мұраты – кету»
~~ 27 сәуір ~~
Аят: «Ел-жұртты Аллаға, хақ жолға шақыратын
һәм (өзін әрі қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті
істер істейтін әрі: «Мен шын мұсылманмын», –
деп, жар салған жаннан асқан сөзі жақсы кім
бар?!»
(Фуссилат сүресі, 33)
Хадис: «Еш нәрседен хабарсыз, сауатсыз жомарт
адам Құдайға көп құлшылық еткенімен сараңдық
танытатын адамнан әлдеқайда сүйкімді»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Ықыласпен жасадым
деп ойлаған әрбір құлшылығым үшін Өзіңнен
кешірім сұраймын. Шын мәнінде мен тек Өзіңнің
разылығыңды қалаймын»
(Мутарриф ибн Абдуллаһ)
Мақал: «Жомарт жоқтығын,
Жүйрік тоқтығын елемейді»
~~ 28 сәуір ~~
Аят: «Дүние жүзіндегі барша тіршілік иелерінің
ырыс-несібесі тек қана Аллаға ғана тән»
(Һұд сүресі, 6)
Хадис: «Мал-дүниедегі шығынды үнемдеу –
тіршіліктің жартысы»
(Табарани)
Дұға: «Уа, есепсіз нығметтердің иесі Алла тағалам!
Жүрек көзімді Өзіңнің құдірет бақшаларыңды
тамашалаушы ете гөр! Ерік-жігерімді Өзіңнің
жомарттығыңа бағынышты ете гөр! Уа, жүрегімді
нұрландырушы, қалауымның түпкі мақсаты болған
Раббым! Әрдайым өзіңнің жолыңда қызмет етуімді
әрі Өзіңнің разылығыңды іздеуші болуымды нәсіп
ете гөр!»
(Арифа Зәхра)
Мақал: «Үнемшіл үйін гүл етер,
Ысырапқор үйін тұл етер»
~~ 29 сәуір ~~
Аят: «Күннің айды қуып жетуі лайықсыз,
сондай-ақ түннің күндізді басып озуы да мүмкін
емес. (Күн мен ай сынды) өзге жұлдыздар да
әрқайсысы өз жолымен көк кеңістігінде жүзіп
барады»
(Ясин сүресі, 40)
Хадис: «Ашура күні ұстаған оразаның Алла
алдында, сол күнге дейінгі бір жылдық
күнәларына өтем болатынына үміт артамын»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Маған не керектігін Өзің
ғана жақсы білесің. Маған қажет болған нәрсені
бергейсің»
(Пири Әнсари)
Мақал: «Ғалымның бір күні –
Наданның мың күніне татиды»
~~ 30 сәуір ~~
Аят: «Адам баласының басына қандай да бір
зобалаң туса, (бірден пұшайман болып), Бізге жал
барынады. Алайда, содан кейін оны Өзіміздің бір
жақсылығымызға бөлегенімізде, түк болмағандай:
«Бұл маған білім мен ерекше қабілетімнің
арқасында ғана берілді», – дейді. Анығында, бұл бір
сынақ еді, алайда, олардың көбі мұны білмейді»
(Зумәр сүресі, 49)
Хадис: «Мына екі қасиет мұнафықта кездеспейді:
салмақтылық һәм дінді терең түсінушілік»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Осы жыл ішінде жасаған
және мені сақтандырған қауіптерден сақтанбауым,
Өзіңнің разы болмайтын істерді жасаған болсам,
мені кешір. Алла тағалам, Өзіңнен кешірім
сұраймын, жарылқауыңды қалаймын. Өзіңе деген
үмітімді үзе гөрме, аса жомарт болған Раббым!»
(Ашура күнінің дұғасы)
Мақал: «Дүние түбі келте,
Ұмтылған жақсы ерте
~~ 1 мамыр ~~
Аят: «Расында, Алла күллі аспан әлемі
мен жердің бар құпиясын толық
білуші. Ол шүбәсіз, көкіректердегі бар
сырды (яғни, ондағы барлық ойлар
мен ниет-пиғылдарды) толықтай
біледі»
(Фатыр сүресі, 38)
Хадис: «Қабыл болатынына шәк
келтірмей Алла тағалаға дұға етіңдер»
(Кутубу Ситтә)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені тағы
бір жаңа күнге жеткізгенің үшін
шүкіршілік айтамын. Раббым бүгінгі
күнімді пайдалы өткізуімді нәсіп ете
гөр!»
Мақал: «Халқын алдаған би оңбайды»
~~ 2 мамыр ~~
Аят: «Расында, біз аманатты (яғни, өз еркімен Аллаға
лайықты құл болу сынды үлкен жауапкершілікті) жеті
қат көкке, жерге және тауларға (мойындарыңа
алыңдар, деп) ұсындық. Алайда, олар оны
мойындарына алудан қашты, өйткені, оның ауыр
жауапкершілігінен қорықты. Сөйтіп, оны адам
баласы өз мойнына алды. Адам баласы, расында да,
тым залым әрі өте надан келеді»
(Ахзаб сүресі, 72)
Хадис: «Шынайы мүмін – өз жамандығы өзін
қынжылтқан, жақсылығы өзін қуантқан адам»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Раббым! Сен маған күш-қуат һәм
басшылық бердің. Қасиетті жазуларды және түс
жорамалдау ғылымын үйреттің. Уа, аспан мен жерді
жаратқан Жаратушы ием, дүниеде де, қияметте да
медеткерім Өзіңсің. Өзіңе жан-тәнімен мойынсұнған
құл болған күйде жанымды ал, сондай-ақ мені жақсы,
шыншыл құлдарыңның қатарына қоса гөр!»
(Хазірет Жүсіп (а.с.))
Мақал: «Әлін білмеген әлек»
~~ 3 мамыр ~~
Аят: «Ол – Өзінен басқа тәңір жоқ жалғыз
Алла. Ғайыпты да, жарияны да (яғни сезім
мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған
тылсым әлемді де, сезілетін жария
әлемді де) толық білуші. Ол Рахман (күллі
жаратылысқа рақымды), Рахим (әсіресе,
мүмін құлдарына ерекше мейірімді)»
(Хашыр сүресі, 22)
Хадис: «Мүмін адам жәннатқа жетпейінше
құлағы жақсы сөз бен хикметке тоймайды
(қанағаттанбайды)»
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді адам қылып
жаратқан һәм кемелдікке жеткізген Өзіңсің.
Саған сансыз шүкірлік айтамыз»
Мақал: «Ғалым халық үшін көзін берсе,
Батыр халық үшін өзін береді»
~~ 4 мамыр ~~
Аят: «Сол күні жер мен тау-тастың бәрі
қатты шайқалады, таулар үгітілген құм
үйінділеріне айналады»
(Мүззәммил сүресі, 14)
Хадис: «Қияметтің үлкен белгілері бірінің
артынан бірі шығады. Олар тізбектегі
моншақтардай бірінен кейін бірі келеді»
Дұға: «Алла тағала сендерді және бізді
сәжде ететіндерден әрі қиямет күні
қуанышқа бөленетіндерден етсін»
(Ибн Араби)
Мақал: «Адалдық ойласаң, бал жұтасың,
Арамдық ойласаң, қан жұтасың»
~~ 5 мамыр ~~
Аят: «Әй, адам баласы! Кәрим (асқан жомарт)
Раббыңа қатысты сені азғырып, алдаған не
еді?! Ол сені жоқтан жаратты, саған керемет
кескін-келбет әрі дене мүшелеріңмен қоса
бүкіл тәніңе керемет үйлесім мен өлшем
берді. Сөйтіп, сені Өзі қалаған бейнеде
қалыптастырды»
(Инфитар сүресі, 6-8)
Хадис: «Адам баласының барлық жерін
топырақ жейді (яғни, шірітеді). Тек құйымшақ
қана шірімейді. Адам құйымшақтан
жаратылған және содан қайта құрылып, қайта
жаратылады»
(Бұхари, Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді адам қылып
жаратқан һәм кемелдікке жеткізген Өзіңсің.
Саған сансыз шүкірлік айтамыз»
Мақал: «Адам кейде көл, кейде шөл»
~~ 6 мамыр ~~
Аят: «Алланың шексіз құдіретін көрсететін
дәлелдерінің бірі: (Қуаңшылық кезінде) жерді
әбден қаңсып, ұнжырғасы түскен күйде көресің.
Алайда, оған (көктен) жауын жаудырғанымызда,
(әлгі өлі жер) бірден дүр сілкініп, қопсып, (қунап
кетеді). Шүбәсіз, сол өлі жерді тірілткен (Алла)
өлілерді қайтадан тірілтуші. Өйткені, Оның
құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді»
(Фуссилат сүресі, 39)
Хадис: «Алла тағаланың мені тура жолға
бастаушы һәм ілім үйретуші етіп жіберуі жер
жүзіне жауған рақым жаңбырына ұқсайды»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Маған Өзіңді жақсырақ
тануым үшін биік парасат бер. Әрқашан Өзіңді
еске алудан суы құрғамайтын тіл бере гөр!»
(Низами-и Гәнжәуи)
Мақал: «Елі үшін сүрген ағаның,
Етегін басып, жолын қу.
Болайын деген баланың,
Бетінен қақпай, белін бу»
~~ 7 мамыр ~~
Аят: «Олай болса, бір істі бітірген соң, артынша
тағы бір қайырлы іске кірісіп, шұғылдан»
(Инширах сүресі, 7)
Хадис: «Исламның тура жолы нәсіп етіліп әрі
жеткілікті дәрежеде ризықтандырылып, соған
қанағат қылған жан қандай бақытты!»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Біздің намазымыз бен
оразамызды және басқа да құлшылықтарымызды
қабыл ете гөр. Әрі кемшіліктері болса, Өзің
толықтырғайсың. Өзіңнің разылығың үшін
жасаған ғибадаттарымызды кері қайтара көрме»
Мақал: «Сөз қуған пәлеге жолығар,
Шаруа қуған қазынаға жолығар»
~~ 8 мамыр ~~
Аят: «Кімде-кім Алланың алдына бір ғана
жақсылықпен келсе, оған сол жақсылығы
үшін он есе сауап жазылады. Ал кімде-кім бір
жамандықпен келсе, ол тек сол күнәсінің ғана
жазасын тартады. Олардың ешбіріне титтей де
әділетсіздік жасалмайды»
(Әнғам сүресі, 160)
Хадис: «Адамдармен араласып, олардың
қиыншылықтарына шыдаған мұсылман олармен
араласпай, қиыншылықтарына шыдамаған
мұсылманнан әлдеқайда қайырлы»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізге Өзіңді, періштелеріңді,
пайғамбарларың мен ізгі құлдарыңды жақсы
көруді нәсіп ет. Біздің барша күнә-қателіктерімізді
кешіріп, тақуалармен бірге қылғайсың»
Мақал: «Елін сүю – ердің ісі,
Елден безу – ездің ісі»
~~ 9 мамыр ~~
Аят: «Аспан әлеміндегі және жердегі әрбір
тіршілік иесі мұң-мұқтажын бір Өзінен
(Алладан) сұрайды»
(Рахман сүресі, 29-30)
Хадис: «Науқастың қалын сұрауға барған
адам қайта оралғанша жәннат жемістерінің
арасында болады»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Жаратушы ием! Бізді бәле-жаланың,
қазаның әрі аурудың әртүрінен аман сақтай
гөр!»
Мақал: «Жақсының сөзі – шәрбат,
Шөлдегеніңде қанып іш»
~~ 10 мамыр ~~
Аят: «Ендеше, әрбір қиындықтың қасында,
сөзсіз, жеңілдік бар. Иә, қиындықпен бірге
жеңілдік бар»
(Инширах сүресі, 5-6)
Хадис: «Ешкімге сабырдан қайырлы һәм одан
үлкен бір нығмет берілмеген»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Нәпсісінің шырмауына
шырмалғандарды құтқара гөр. Оларға таудай
сабыр беріп, шексіз рақымыңа бөлей гөр!»
(Ахмет Өзер)
Мақал: «Жеңілдік жарға жығады»
~~ 11 мамыр ~~
Аят: «Біз адам баласына ата-анасына
барынша жақсылық жасауды бұйырдық.
Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіреп, қинала
жүріп (тоғыз ай бойы) көтерді»
(Лұқман сүресі, 14)
Хадис: «Кісі анасына жұмсақ сөз сөйлеп,
онымен көркем мәміледе болса әрі үлкен
күнәлардан сақтанса, сөзсіз жәннатқа кіреді»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Олар (ата-ана) мені
кішкентайымда қалай мәпелеп өсірген
болса, Сен де оларды мейіріміңе бөлеп, ізгі
құлдарыңның қатарына қосқайсың!»
(Исра сүресі, 24)
Мақал: «Анаңнан асар аяулың жоқ,
Әкеңнен асар қамқоршың жоқ»
~~ 12 мамыр ~~
Аят: «Оларға: “Егер дұға-мінәжаттарың
болмаса, Раббым сендерді қалай бағаласын!”
– деп айт»
(Фурқан сүресі, 77)
Хадис: «Кісінің сөз арасында «иншаллаһ» деуі
иманының көркемдігі»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Раббым! Күнәм тым көп. Өзіңнен
басқа барар жерім жоқ. Өзіңнен басқа
жәрдемшім жоқ. Қателіктерімді азайтуым
үшін маған жәрдем бер»
(Зәкария Әнсари)
Мақал: «Жалғыздың жары – Құдай»
~~ 13 мамыр ~~
Аят: «Ол – Алла, Одан басқа құдай жоқ, (әр істің,
әрбір жетістіктің) басында да, соңында да, дүниеде
де, ақиретте де бар мадақ пен шексіз шүкіршілік бір
Өзіне ғана тән. Бар билік, шексіз үстемдік бір Өзінің
қолында және бәрің де Оған қайтарылудасыңдар»
(Қасас сүресі, 70)
Хадис: «Түнде оқыған намаздарыңның санын тақ
қылыңдар»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Ризығыңа ие болдым,
алайда шүкір қыла алмадым. Қиыншылықтарға
душар болдым, алайда сабыр ете алмадым. Шүкір
қылмағаным үшін ризығыңды азайтпадың. Сабыр
етпегенім үшін мені азаптамадың. Раббым! Бұл Саған
ғана тән жомарттық һәм кеңшілік»
(Сары Абдуллаһ)
Мақал: «Өз қатесін көрмеген,
Басқаның қатесін сезбейді»
~~ 14 мамыр ~~
Аят: «Таразыдан (әділдіктен, негізгі өлшем
мен тепе-теңдіктен) ауытқып, шектен
шықпауларың үшін. Таразыны әділ
тартыңдар (сөзде де, істе де қара қылды
қақ жарғандай әділ болыңдар). Таразыдан
жемеңдер, өлшем мен тепе-теңдікті
бұзбаңдар»
(Рахман сүресі, 8-9)
Хадис: «(Амалдарыңда) орта жолда болыңдар,
шектен шықпаңдар»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізді Өзіңе
бойұсынушылардың қатарына қоса гөр
әрі ұрпағымыздан Өзіңе бағынатын үмбет
шығарғайсың»
Мақал: «Артық байлық адамды аздырады,
Артық күлкі жиреніш тудырады»
~~ 15 мамыр ~~
Аят: «...Немесе олар қабір қойнындағылар тірілтіліп,
сыртқа шыққанда, (Раббының жақсылығын көрмеу
деген не екенін) білмей ме? (Сана сезім мен) көкейдегі
бар нәрсе әшкере болып, ортаға салынғанда (не бола
рын ойламай ма?) Міне, сол күні Раббылары олардан
(дүниедегі бүкіл күйлері мен істерінен хабардар»
(Адиат сүресі, 9-11)
Хадис: «Мұқтаж жандарға садақа беру қажет болып әрі
оларға қандай да бір жақсылық жасауды ниет етсең,
оны дереу жаса (кешіктірме)»
(Мүснәд)
Дұға: «Уа, Раббым! Маған жәрдем бере гөр. Осы
жолдың қиындығын көтеруге күш-қуат бер. Бұл
жолда нәпсімнің қалауларын жасамауға әрі нәпсімнің
қаламаған нәрсесін жасауыма Өзің жәрдем бере гөр!»
(Бахауддин Бұхари)
Мақал: «Жақсы туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы»
~~ 16 мамыр ~~
Аят: «Аспан әлемі мен жердегі жаратылыс
біткеннің бәрі Алланың мінсіздігін жар салып
ұлықтайды!»
(Жұма сүресі, 1)
Хадис: «Күдіксіз Алла тағала берген нығметінің
әсерін құлының қолында көруді қалайды»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзімнің шама-шарқымша
Саған шүкір етемін. Уа, Раббым! Өзіңнен
кешіріміңді тілеймін»
(Абдулқадир Гәйлани)
Мақал: «Жақсыны көрмекке»
~~ 17 мамыр ~~
Аят: «Сондай-ақ Құран тақуа жандарға жөн
сілтейтін (теңдессіз) жолбасшы»
(Хаққа сүресі, 48)
Хадис: «Мүмін ер мен мүмін әйелдің жанында,
бала-шағасында және дүниесінде сәтсіздік
һәм нұқсандықтар болмайды. Сондықтан
қателікке бой алдырмаған қалпы Алла тағалаға
қауышсын»
(Муатта)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңнің құзырыңа барамын.
Алайда, сауап қоржыным бос. Шексіз
рақымдылығыңнан үміттімін. Мені кешір»
(Низамул Мүлк)
Мақал: «Жақсының шарапаты тиер тар жерде,
Жаманның кесапаты тиер әр жерде»
~~ 18 мамыр ~~
Аят: «(Нұх (а.с.): «Мен оларды Өзіңнің
кешіріміңе бөленсін деп, хақ жолға шақырған
сайын олар саусақтарымен құлақтарын
бітеп, шапандарына бүркене түсті, һәм ұдайы
қасарысып, күпірлікте табандаумен әрі көкірек
керіп, дандайсумен болды»
(Нух сүресі, 7)
Хадис: «Сендерге екі нәрсе қалдырып
барам. Соны берік ұстасаңдар, ешқашан
адаспайсыңдар, олар: Алла тағаланың кітабы
мен менің сүннетім»
(Муатта)
Дұға: «Уа, Раббым! Көңілімді кең етіп, ісімді
жеңілдете гөр!»
Мақал: «Ғалым болсаң, өр болма,
Өнерлі болсаң, кер болма»
~~ 19 мамыр ~~
Аят: «Содан Біз дүниеге келуін қалаған ұрықты
жатырларға жақсылап орналастырамыз да,
белгілі уақытқа дейін сол жерде ұстаймыз. Кейін
сендерді нәресте етіп, жарық дүниеге шығарамыз.
Сонан соң ақыл-ой, күш-қуат жағынан толықсып
ержетулеріңе (мүмкіндік береміз)»
(Хаж сүресі, 5)
Хадис: «Кәрілік жетпей тұрып жастықтың қадірін
біліңдер»
(Хаким)
Дұға: «Әлемдердің Раббысы болған Алла тағала
барша жастарға абыройлы құл болуды нәсіп етсін.
Аманаттың (жастық шақтың шексіз мүмкіндігін)
қадірін жете түсінбеуден сақтасын. Алланың
аманатын абыроймен тапсыруды нәсіп етсін»
Мақал: «Жастық кетсе, қайтара алмайсың,
Қарттық жетсе, тойтара алмайсың»
~~ 20 мамыр ~~
Аят: «Кімде-кім Алланы, пайғамбарын және
иман еткендерді өзіне жақын дос тұтса, шүбәсіз,
Алланың жағында болғандардың мерейі
қайткен күнде де үстем болады»
(Маида сүресі, 56)
Хадис: «Кім кіммен жолдас болса, соның дінінде
болады»
Дұға: «Уа, Раббым! Теріс жолмен жүргенім
үшін және біліп-білмей жасағандарыма тәубе
еттім!...»
(Абдуррахими Руми)
Мақал: «Жақсымен дос болсаң, жетесің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаласың ұятқа»
~~ 21 мамыр ~~
Аят: «Шүбәсіз, (топыраққа түскен) тұқымды да, дәнді
де жарып (оларды бір жағынан топырақта шірітсе,
бір жағынан оларға жаңа тіршілік сыйлау арқылы
бүкіл өсімдіктерді жарататын) бір Алла. Ол өліден
тіріні шығарады һәм тіріден өліні де шығарушы.
Міне, Алла сондай. Ендеше, (осынау ақиқаттар
«мен мұндалап» тұрғанда) олардан қалай ғана сырт
айналып, сағым қуып, сан қилы теріс жолдарға түсіп
кете бересіңдер?!»
(Әнғам сүресі, 95)
Хадис: «Жасырын жасалған садақа Алла тағаланың
азабын жеңілдетеді»
(Бәйһаки)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені Өзіңнің
қадір-құрметіңді білетін құлдарыңның қатарынан
ете гөр!»
(Амр ибн Мурра (р.а.))
Мақал: «Адамнан сұрасаң ашуланады,
Алладан сұрамасаң ашуланады»
~~ 22 мамыр ~~
Аят: «Уа, Адамның үрім-бұтағы! Қай кезде де
намаз оқитын (немесе Қағбаны тауап ететін)
болсаңдар таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер.
(Алланың өздеріңе берген нығметінен)
ішіп-жеңдер бірақ, ысырап қылмаңдар.
Өйткені, Алла ысырапқорларды ұнатпайды»
(Ағраф сүресі, 31)
Хадис: «Көңілің қалаған әр нәрсені жей беру–
ысырапшылық»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Ұлы құдіретіңмен
қосылып тұрған екі теңіздің суын бір-біріне
араластырмағаныңдай, тозақ отынан және
қабір азабынан мені қорғай гөр!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Тарта жесең тай қалады.
Қоя жесең қой қалады»
~~ 23 мамыр ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Аллаға шын
көңілден тағзым етіп, алдында асы болудан
сақтаныңдар! Сондай-ақ, Оның елшісіне де
шынайы түрде иман етіңдер!»
(Хадид сүресі, 28)
Хадис: «Кім арлылығын сақтап қалғысы келсе,
Алла тағала оны арлы қылады»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Жүрегімізді иман һәм
Құран нұрымен нұрландыр. Алла тағалам!
Бізді Өз кеңшілігіңмен байыт, бізді арлы
құлдарыңнан қыл»
Мақал: «Арсызбен алысқанша,
Арлымен таныс»
~~ 24 мамыр ~~
Аят: «Шүбәсіз, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен
һәм мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді
(табыстарыңды) кеміту арқылы сынаймыз. Ендеше,
сабырлы болғандарды сүйіншілеп қуанта бер»
(Бақара сүресі, 155)
Хадис: «Жер жүзіндегілерге рақымдылық
көрсетіңдер, сонда аспандағылар (періштелер)
сендерге рақымдылық танытады»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Қиыншылықарда
сабыр етуді әрі одан құтылуды, шейіттердің
дәрежесін, ізгілердің өмірін, дұшпандарымды
жеңуімді һәм пайғамбарларға дос болуды Өзіңнің
жомарттылығыңнан сұраймын»
(Пайғамбарымыздан (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Ақымаққа күнде той,
Ақылдыға күнде ой»
~~ 25 мамыр ~~
Аят: «(Өліге жан бітіріп) өмір сыйлайтын
да, (тірінің жанын алып) өлтіретін де бір
Өзі. Бәрің де Оған қайтудасыңдар»
(Юнус сүресі, 56)
Хадис: «Ләззаттарды күл-талқан етуші
өлімді көп еске алыңдар»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Өлмей тұрып тәубе
етуімді, жан тапсыруымның жеңіл болуын
және өлгеннен кейін Өзіңнің кешірімің
мен мейіріміңе жолығуымды нәсіп ете
гөр!»
Мақал: «Өзекті жанға бір өлім»
~~ 26 мамыр ~~
Аят: «...Ендеше, оларды жөніне қоя бер!
Өздеріне уәде етілген мерзімді күндеріне тап
болғанша өздері дендеп бойлаған жалғанның
(саз балшығына) батып, ойнап-күліп жүре
берсін»
(Мағариж сүресі, 42)
Хадис: «Адам баласының бойында болатын ең
жаман қасиет тым сараңдық пен өте
қорқақтық»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бақытсыздыққа жол
ашқан күнәларымды кешіре гөр.
Нығметтерден құр қалдырған күнәларымды
кешір. Дұғаларымның қабыл болуына кедергі
болған күнәларымды кешір»
(Хазірет Әли (р.а.))
Мақал: «Қорқақтың қатыны болғанша,
Батырдың жесірі бол»
~~ 27 мамыр ~~
Аят: «(Кәпірлердің жанын аяусыз жұлқып)
суырып алушы періштелерге, (мүміндердің
жанын қинамай) байыппен алушы
періштелерге»
(Назиғат сүресі, 1-2)
Хадис: «Дұға – мүміннің қаруы әрі діннің
тірегі һәм аспан мен жердің нұры»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізді ықыласты
болған тақуа құлдарыңның қатарынан
еткейсің. Тақуалардың имамы (жол
бастаушысы) пайғамбарымыз (с.а.у.) бен
оның сахабаларына салауат айтып, сәлем
жолдаймыз»
Мақал:
«Аузына келгенін сөйлеу – ақымақтың ісі,
Алдына келгенін жеу – хайуанның ісі»
~~ 28 мамыр ~~
Аят: «(Егер Аллаға қарсы келетін болсам),
мені Алланың жазасынан ешкім құтқара
алмайды, сондай-ақ, Одан басқа пана
таппасым да анық»
(Жын сүресі, 22)
Хадис: «Бұл дүниеде жақсылық жолында
болған адам ақыретте де жақсылық
жолында болады»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Раббым! Қияметте есеп беруге
тұрғанымызда мені, ата-анамды және
мұсылмандарды қиындықтан құтқара
гөр!»
Мақал: «Әкенің еккен ағашы ұрпаққа
сая»
~~ 29 мамыр ~~
Аят: «Алланың көмегі мен (өзге жеңістерге
жол ашқан) жеңісі келген кезде, ал, адамдар
керуен керуен (топ топ) болып Алланың дініне
кіргендерінде Раббыңа мадақ айтып, Оны ұлықта
және Одан кешірім тіле! Өйткені ол тәубелерді
қабыл етуші Таууаб»
(Насыр сүресі, 1-3)
Хадис: «Константинополь (Стамбул) сөзсіз
алынады. Оны ашқан қолбасшы қандай керемет
қолбасшы, оны алған әскер қандай керемет әскер»
(Мүснәд)
Дұға: «Уа, Жаратушы ием! Үмбетті жеңілдіре гөрме,
дұшпандарымызды басындырма, бізді жеңіске
жеткіз»
(Фатих Султан Мехмед)
Мақал: «Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады»
~~ 30 мамыр ~~
Аят: «Алайда, күллі әлемнің Раббысы Алла
қаламайынша, сендер ештеңе де қалай
алмайсыңдар»
(Тәкуир сүресі, 29)
Хадис: «Біле тұра күнә жасауын қоймай әрі
кешірім сұрамағандарға қандай өкініш!»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Менің дене-пішінімді
көркем жаратқаныңдай, жан-дүниемді де көркем
ете гөр! Жүзімді тозақ отынан сақтағайсың»
(Айнаға қарағанда оқылатын дұға)
Мақал: «Арғымақ аттың белгісі –
аз оттар да көп жусар,
Асыл адам белгісі –
аз сөйлер де көп тыңдар»
~~ 31 мамыр ~~
Аят: «Ендеше, уа, адамдар! (Алла сендер үшін жер
бетін тіршілікке жайлы тұрақ етті, олай болса),
жердегі барлық нығметтердің адал, таза әрі
денсаулыққа пайдалысынан жеп-ішіңдер. (Кәпір
көсемдер мен оларға ергендерді азғырушы)
шайтанның басқан ізімен жүрмеңдер. Шүбәсіз, ол
сендерге анық дұшпан»
(Бақара сүресі, 168)
Хадис: «Серуенге шығыңдар, денсаулықтарың
мықты болады»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Раббым! Жүрегіме Өзіңді еске алудың
ләззатын татқыза гөр әрі Өзіңді еске алуды
ұмытудан жүрегімді ояу ұстай гөр!»
(Шәйх Ахмед әл-Алауи)
Мақал: «Жақсы дәрі – тілге ащы болғанмен,
дертке шипа,
Жақсы сөз – құлаққа жайсыз
болғанмен, іске шипа».
~~ 1 маусым ~~
Аят: «Яһудилер арасында кітап сөзін өзгертіп
жібергендер бар. Біз тыңдадық, бірақ
бойұсынбадық. Сен бізді тыңда, енді біз саған
құлдық салмаймыз», – дейді олар. Дінді мазақтау
үшін «рағна» деген сөзді бұрып сөйлейді. Егер
олар бұрмаламай, тыңдадық, бойұсындық,
унзурна (дұрыс тыңда) десе, өздері үшін тіпті
жақсы болар еді. Бірақ, күпіршілік жасағандары
үшін оларды Алла рақымынан қақты. Біразы
болмаса, көбі сенімге келмеді»
(Ниса сүресі, 46)
Хадис: «Күдіксіз, ең керемет сөз – Алла тағаланың
кітабы»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Не бұйырсаң да әміріңе
құлдық. Бар жақсылық Өзіңнің қолыңда.
Жақсылықтар Сенен келеді әрі Саған қайтадан
қайтады»
Мақал: «Шындық – тат баспайтын асыл»
~~ 2 маусым ~~
Аят: «(Уа, мүміндер!) Тыйым салынған ауыр
күнәлардан бойларыңды аулақ ұстасаңдар,
өзге күнә-қателіктеріңді жасырып, кешеміз
һәм сендерді сый-құрметке толы керемет
мекенге жайғастырамыз»
(Ниса сүресі, 31)
Хадис: «Дұғасының қабыл болуы үшін
табандылық көрсетіп, көп жалбарғандарды
Алла тағала сүйеді»
(Кәнзул Ирфан)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға
салғаннан кейін жүректерімізді ауытқыта
гөрме!»
(Али Имран сүресі, 8)
Мақал: «Табанды тауды жығады,
Таймаған дауды жығады»
~~ 3 маусым ~~
Аят: «Расында, Біз барлық нәрсені белгілі бір
өлшеммен жараттық»
(Қамар сүресі, 49)
Хадис: «Өзара тығыз қарым-қатынас жасап, жақсы
мәміледе болыңдар һәм бір-бірлеріңе сыйлық
беріңдер. Өйткені, қарым-қатынас өзара
сүйіспеншілікті күшейтеді, ал, сыйлық жүректегі
жаман ойларды жоғалтады»
(Кутубу ситтә)
Дұға: «Уа, қалағанын жойып һәм қалағанын бар
ететін Алла тағалам! Қалған өмірімізде бізді
жамандықтан қорға. Өзіңнің разы болмайтын,
ұнатпайтын нәрселерді бізге жеккөрінішті ете гөр,
Өзіңнің ұнатқандарыңды жақсы көргіз. Бізге Өзің
разы болған істеріңді жасауымызды нәсіп ете гөр!»
Мақал: «Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап көтерер.
Таза болсаң, судай бол,
Бәрін жуып кетірер»
~~ 4 маусым ~~
Аят: «Жоқ әлде, күллі аспан әлеміндегі және жердегі
жаратылыс атаулының бәрі ерікті һәм еріксіз түрде
Аллаға тәсілім болып, бірінен кейін бірі Оған
қайтарылып жатқанда, олар Алланың дінінен басқа
дін іздеуде ме?!»
(Әли Имран сүресі, 83)
Хадис: «Мұқтаждықтарыңның бәрін Раббыларыңнан
ғана сұраңдар. Тіпті, аяқ киімдеріңнің бауы шешілсе
де»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізге тура жол нәсіп ет. Сен
жомартсың. Әртүрлі жамандықтардан бізді аман ете
гөр. Нәпсімізге мұрсат берме. Бізге кішіпейілділік
нәсіп ет!»
(Ахмед Муршиди)
Мақал:
«Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады,
Адамнан сұрағанның екі көзі шығады»
~~ 5 маусым ~~
Аят: «Расында, Алла, азабынан қорқып, асылық
қылудан қорыққан құлдарымен әрі Раббысының
өзін көріп тұрғанын қаперінде ұстап үнемі игі
істер істейтін ізгі жандармен бірге»
(Нәхл сүресі, 128)
Хадис: «Қайсыбіріңнің қолдарыңда бір шыбық
болса. Егер сол сәтте қиямет басталып кетсе
де, мүмкіндігі жетсе оны ексін (яғни, ақыретке
қамдансын)»
(Мүснәд)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңе қанша шүкір етсем де аз.
Өйткені маған берген ризықтарыңа шүкір етуді
де нәсіп еткен Өзіңсің»
(Әбу Али Радбари)
Мақал: «Егін өнбесе, қайғысы бір жылдық,
Балаң оңбаса, қайғысы ғұмырлық
~~ 6 маусым ~~
Аят: «Міне, сол күні жер үстінде болып өткен
барлық істердің хабарын түп-түгел ортаға
салады»
(Зілзала сүресі, 4)
Хадис: «Кімде-кім сабыр етуге тырысып бақса,
Алла тағала оған сабыр сыйлайды»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Хайюум (мәңгі тірі)! Сен жомарттық
иесісің. Уа, барша жаратылыстың мұқтажын
қанағаттандырған Раббым! Мақтауға тек Өзің
ғана лайықсың. Сенен басқа ешкім де бір нәрсе
сұрауға лайық емес»
Мақал: «Шыдамды еңбек, алғыр ой,
Анық досың біліп қой»
~~ 7 маусым ~~
Аят: «Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге
қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты
жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін
өте жақсы»
(Нұр сүресі, 31)
Хадис: «Ұят – әсемдік»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Маған кәміл иман,
шынайы сенім, мол несібе, үрейлі жүрек, Өзіңді
үнемі еске алатын тіл, адал ризық және ұятты
құлдарыңнан қыла гөр!»
Мақал: «Ұяты бардың иманы бар»
~~ 8 маусым ~~
Аят: «Анығында, адам баласын Біз жараттық, міне,
сондықтан, нәпсісінің оған үнемі не сыбырлап,
көкейіне қандай ойлар салатынын жақсы білеміз.
Өйткені, Біз оған өз күре тамырынан да жақынбыз»
(Қаф сүресі, 16)
Хадис: «Құран Кәрім сені жақтап куәлік береді
немесе саған қарсы куәлік береді»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббым! Сен ғайыпты һәм
жаратылысыңның хал-ахуалын өте жақсы білесің.
Өмір сүру мен үшін қайырлы болатын уақытқа
дейін маған өмір бер һәм өлім мен үшін қайырлы
болатын уақытта менің жанымды ал»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Аққа Құдай жақ»
~~ 9 маусым ~~
Аят: «Күллі аспан әлемі мен жердің иелігі һәм
шексіз билігі бір Аллаға тән! Ол қалағанын
жарылқап, кешіреді, қалағанын жазаға тартып,
азаптайды. Алла – Ғафур (құлдарының күнәлары
қанша жерден ауыр болса да тәубелеріне келген
жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубе етіп, Өзіне
бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді)!»
(Фәтх сүресі, 14)
Хадис: «Саған жәбір жасағанды кеш. Саған
ренжігенге ренжімей, алдына бар әрі саған
жамандық жасағанға жақсылық жаса. Және
басыңа қиыншылық алып келетін болса да
шындықты айт»
(Кутубу ситтә)
Дұға: «Уа, Жаратушы ием! Расында Сен өте
Керішімдісің, Жомартсың! Әрі кешіруді жақсы
көресің, бізді кешіре гөр!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш»
~~ 10 маусым ~~
Аят: «Қолдарыңдағы дүние-мүліктен Алла
жолында жұмсаңдар және (сараңдық қылып)
өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер.
Әрдайым жақсылық жасаңдар, істеріңді
барынша тиянақты етіп істеңдер. Шүбәсіз,
Алла (әр ісі тиянақты, ізгілікке жаны құмар) игі
жандарды жақсы көреді»
(Бақара сүресі, 195)
Хадис: «Нағыз жиһад (Алла жолындағы күрес)
жасаушы кісі, өзінің нәпсісімен күрескен адам»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені Өз рақымыңа бөлей
гөр. Әрі мендегі қиыншылықтарды жеңілдет»
(Зуннуни Мысри)
Мақал: «Нәпсінің тізгінін тартпасаң,
Адамдық кетер, ар кетер.
Өмірге өрнек салмасаң,
Дүниеден қалдың құр бекер»
~~ 11 маусым ~~
Аят: «(Ол – адамзатқа) қаламмен жазуды
үйретуші. Адамға бұрын мүлдем білмеген
нәрселерін үйретуші»
(Алақ сүресі, 4-5)
Хадис: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды
үйреніп әрі оны басқаларға үйреткендерің»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге тақуалық нәсіп
ете гөр әрі бар күш-қуатымызды дін жолында
жұмсауды нәсіп ете гөр. Қиямет күні өкінішке
себеп болатын істерден бізді аулақ ет»
(Имам Ғазали)
Мақал: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
~~ 12 маусым ~~
Аят: «Осынау оқиғалардан кейін Алла қалаған
құлдарына тәубеге келуді, күпірліктен арылып, хақ
дінге қайта оралауды нәсіп етеді. Алла өте
кешірімді, (тәубеге келіп, Өзіне біржолата бет
бұрған құлдарына) ерекше мейірімді»
(Тәубе сүресі, 27)
Хадис: «Дәретті толық әрі кемшіліксіз алыңдар»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, уәдесін сөзсіз орындаушы Раббымыз!
Менің сансыз күнәларымды Өзіңнің өте кең
рақымдылығыңмен кешіргейсің. Сен рақымы
шексіз әрі тым жомартсың»
(Салих әл-Мәрри)
Мақал: «Таза, мінсіз асыл тас –
су түбінде жатады,
Таза, мінсіз асыл сөз –
ой түбінде жатады»
~~ 13 маусым ~~
Аят: «(Құлшылық етуде, жақсылық жасауда,
күнә атаулыдан аулақ болуда һәм Алла
жолында жүріп, тап болған қиыншылықтарға)
сабырлылық таныт. Расында, Алла Раббыларын
көріп тұрғандай, ең болмаса Алланың өздерін
үнемі көріп, бақылап тұратынын қаперінде
ұстап, игі істер істейтін ізгі жандардың сауабын
(еңбегін) зая етпейді»
(Һуд сүресі, 115)
Хадис: «Аллаға ант етейін! Менің білгенімді
білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Маған Өзіңнен жеткілікті
дәрежеде қорқуды нәсіп ете гөр. Күнәларымды
кешір әрі қай жерде болсам да мені тура жолға
бағыттай гөр!»
Мақал: «Бес саусақ білекке,
Білек жүрекке бағынышты»
~~ 14 маусым ~~
Аят: «Сондай-ақ, жер бетінде кердеңдеп жүрме!
(Сен өзіңді қанша жерден мықтымын деп санасаң
да, күш-қуатың, білімің және қабілетің шектеулі
болғандықтан) бәрібір, жерді жара алмайсың,
тауларменен де бой теңестіре алмайсың!»
(Исра сүресі, 37)
Хадис: «Тәккаппарлық ниетпен киімін жерге
сүйретіп жүрген адамға Алла тағала рақыммен
қарамайды»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді Өзің бізге берген
нығметтерге разы болып әрі оны мақтан тұтатын
және Өзіңді көп еске алатын құлдарыңнан ете
гөр!»
(Абдуллаһ ибн Мәсғуд (р.а.))
Мақал: «Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік»
~~ 15 маусым ~~
Аят: «Біз адам баласына ата-анасына барынша
жақсылық жасауды бұйырдық»
(Лұқман сүресі, 14)
Хадис: «Ата-ана – жәннаттың ортаңғы есігі.
Олай болса, ерік өзіңде. Ол есікті мейлі қолдан
жіберіп ал, мейлі көздің қарашығындай қорға»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді һәм ата-анала
рымызды оттан қорға. Бізді һәм ата-анала
рымызды – ізгі жандармен бірге, таңдаулы
Пайғамбарыңның құрметіне жәннатқа кіргіз»
Мақал: «Әкең жынды болса, байлап бақ»
~~ 16 маусым ~~
Аят: «(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен жетімдер
туралы сұрайды. «Оларды түзелткен жақсы (яғни,
жетімдерді тәрбиелеп өсірген жақсы, жетімнің
әкесінен қалған мал-мүлкін қорғап, бағып берген
жақсы), (әкесіз қалған бейшара жетімдердің
мүддесіне бола) олармен араласып (өмір сүріңдер)
жасаңдар. Олар сендердің діндес туыстарың. Алла
бұзушыны түзеушіден айырып біледі…»
(Бақара сүресі, 220)
Хадис: «Жетімге мейірім көрсет әрі оның басын
сипап, оған өзің жеген нәрседен жегіз. Сонда
жүрегің жұмсарады»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізді уайым-қайғыдан, әлсіздік
пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан,
қарызға бату мен адамдардың қыспағынан сай
гөр!»
Мақал: «Жетімді, жетім демеңіз,
Жетімнің ақын жемеңіз»
~~ 17 маусым ~~
Аят: «(Мұхаммед! Оларға Менің мына сөзімді
жеткіз): “Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық
жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген
түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді
орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым!
Алланың рақымынан үміт үзбеңдер! Өйткені, Алла
барлық күнәларды кешіреді. Шүбәсіз, Ол – Ғафур
(құлдарының күнәлары қаншалықты ауыр болса
да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді),
Рахим (ерекше мейірімді)!”»
(Зүмәр сүресі, 53)
Хадис: «Алланың атымен ант етемін, мен күніне
жетпістен астам рет Алладан кешірім сұраймын
және тәубеге келемін»
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге жүрегімізді Өзіңе
бағыттап, әміріңе бас иетін терең
бойұсынушылық нәсіп ете гөр!»
(Рағип әл-Исфахани)
Мақал: «Арамның ісі өрге баспайды,
Өрге басса да, өрден аспайды»
~~ 18 маусым ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Аллаға бойсұныңдар
және елшісіне бойсұныңдар, сондай-ақ,
істеріңді бекерге кетіріп, өз еңбектеріңді
өздерің зая етпеңдер»
(Мұхаммед сүресі, 33)
Хадис: «Адамдарға алғыс айта білмейтіндер
Алла тағалаға да шүкір ете алмайды»
(Ибн Хиббан)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізге берілген нығметтерде
есеп жоқ. Өзіңді тілімізбен еске алуымыз бен
жүрегімізбен Саған шүкір етуіміз де Сенің бізге
берген есепсіз нығметің»
(Әбу Исхақ әл-Қазаруни)
Мақал: «Көңілің пасық болса,
Айналаң қашып болар.
Көңілің ашық болса,
Көрген жан ғашық болар»
~~ 19 маусым ~~
Аят: «Расында, Біз Құранды (адамдар) оған
ой жүгіртсін һәм ғибрат алсын деп, (адам
баласының тілінде түсіру арқылы) жеңілдеттік.
Ендеше, қане, оған ой жүгіртіп, ғибрат алатын
жан бар ма?»
(Қамар сүресі, 17)
Хадис: «Кісі тіліне ие болмайынша, шынайы
иманға жете алмайды»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Жаратушы ием! Қалайша Өзіңнің
кешіріміңнен үміт үземін, расында Сен аса
кеңсің! Қалайша ғапылдыққа салынып,
жайбарақат күйде боламын, расында Сен
Қаһарлысың!»
(Яхия ибн Муаз)
Мақал: «Жақсының сөзі кіші, ойы биік»
~~ 20 маусым ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Аллаға және
елшісіне бағыныңдар һәм (оның аузынан
Құран мен хадисті) естіп тұрып, одан
сырт айналып кетпеңдер»
(Әнфәл сүресі, 20)
Хадис: «Алла тағала бес уақыт намаз
арқылы күнәларды өшіреді»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені әрі ұрпағымды
намазды толық орындаушылардан ете
гөр!»
Мақал: «Құлшылыққа құлшыну – құтылу»
~~ 21 маусым ~~
Аят: «Төбелерінде қаз-қатар тізіліп, қанат
қағып ұшқан құстарға зер салып қарамай ма?
Оларды әуеде Рахманнан басқа ешкім ұстап
тұрған жоқ. Күмәнсіз, Ол барлық нәрсені толық
көріп тұрады»
(Мүлік сүресі, 19)
Хадис: «Кісі ашуланғанда «Алла тағалаға
сиынамын» десе, ашуы тарқайды»
(Ибн Адия)
Дұға: «Уа, әлемнің Жаратушысы! Қара тастай
қатып қалған жүрегімізді жібектей жұмсарта
гөр. Уайымымызды мейіріміңмен Өзің
сейілткейсің»
Мақал: «Ашуың келсе, қолыңды тарт,
Айтпас жерде тіліңді тарт»
~~ 22 маусым ~~
Аят: «Жеті қат аспан мен жер және ондағы
күллі жаратылыс атаулы Алланы ұлықтайды.
Оны мадақтамайтын әрі ұлықтамайтын бірде
бір жаратылыс жоқ. Алайда, сендер олардың
айтқан мадағы мен ұлықтауын түсіне
алмайсыңдар. Ол (сондай ұлы әрі үстем
болғанымен, ауыр күнә жасаған құлдарының
өзін бірден жазаламайтын) өте сабырлы, аса
кешірімді»
(Исра сүресі, 44)
Хадис: «Ең құнды амал – дұрыс ниет»
(Хаким)
Дұға: «Уа, Раббым, (міндетімді орындау
барысында адам мен жындардан болған)
шайтандардың уәсуәсі мен азғыруынан сақтай
гөр деп, бір Өзіңнен пана тілеймін. Сондай-ақ,
уа, Раббым, олардың маған кері ықпал етуінен
сақтай гөр деп, бір Өзіңнен пана тілеймін»
(Мүминун сүресі, 97-98)
Мақал: «Ойлы адам өсекке құлақ түрмейді,
Ойсыз адам жел беріп үрлейді»
~~ 23 маусым ~~
Аят: «Ал Аллаға қарсы келуден қатты сақтанатын
тақуалар оттан аулақ болады. Көкейін таза ұстау
үшін Алла жолында мал жұмсайтындар да»
(Ләйіл сүресі, 17-18)
Хадис: «Дін ұстануда шектен шығудан
сақтаныңдар. Өйткені, сендерден бұрынғылар
дінде қатты кетумен құрыды»
(Нәсаи)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Біз ұмытсақ һәм
қателессек бізді жауапқа тартпа. Бұрынғыларға
жүктегеніңдей бізге ауыр жүк жүктеме»
Мақал: «Аз сөз – алтын,
Көп сөз – көмір»
~~ 24 маусым ~~
Аят: «Дүниедегі қу тіршілік құр ойын-күлкі мен
уақытша сауық-сайран ғана. Ал ақирет мекені
болса, міне, сол нағыз шын өмір. Кәпірлер соны
білсе ғой!»
(Анкәбут сүресі, 64)
Хадис: «Артынан кешірім сұрап, ұятқа қалатын
істерден сақтан»
(Жамғиу әс-Сағир)
Дұға: «Алла тағала Өзінің есепсіз нығметтеріне
лайықты түрде шүкір етуді бізге нәсіп етсін.
Біздерге нәсібін арттырсын. Өзінің жолында
қызмет етуді нәсіп қылсын»
(Ибн Халдун)
Мақал: «Ұялмас бетке, талмас жақ бітеді»
~~ 25 маусым ~~
Аят: «Біз көк пен жерді және екеуінің
арасындағыларды ермек (ойын-күлкі) үшін
жаратпадық»
(Әнбия сүресі, 16)
Хадис: «Мақтаудан һәм мақталудан алыс
болыңдар. Өйткені ол – адамды құрдымға
кетіреді»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені әрдайым Өзіңнің тура
жолыңа бағытта. Өзіңе бағыттамайтын жолды
маған көрсетпе»
(Фузули)
Мақал: «Мақтан дерт болар, уәде серт болар»
~~ 26 маусым ~~
Аят: «Біліп қойыңдар! Күллі аспан әлемі мен
жердегінің бәрі Аллаға тиесілі. Сондай-ақ,
Алланың уәдесінің хақ екенін де біліп қойыңдар!
Алайда, адамдардың көбі (шынайы ілімнен
бейхабар болғандықтан) мұны да білмейді»
(Юнус сүресі, 55)
Хадис: «Жұмысшының ақысын маңдай тері
кеппей тұрып беріңдер»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Раббым! Сансыз нығметтеріңе шүкір
етуді нәсіп еттің. Менің Саған шүкір етуімнің өзі
Сенің баға жетпес нығметің»
(Хазірет Мұса (а.с.))
Мақал: «Қайыр қылсаң, бүтін қыл
~~ 27 маусым ~~
Аят: «Адамдардың есеп беретін күні таяды.
Алайда, олар сонда да ақиқаттан сырт
айналған күйі ғапылдықта жүр»
(Әнбия сүресі, 1)
Хадис: «Халал айқын. Харам да белгілі. Ол
екеуінің арасында күмәнді нәрселер бар. Кім
одан сақтанса, дінін таза күйінде сақтайды»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзің бізге тура жол
көрсетпесең, иманға қол жеткізбес едік. Бізге
дұға етуіміз үшін мүмкіндік жаратпасаң, ол
да қолымыздан келмес еді!»
(Ибн Атауллаһ Искендери)
Мақал: «Оң көзіңе сол көзің қарауыл
болсын»
~~ 28 маусым ~~
Аят: «Сондай иман келтіріп, ізгі іс
істегендер Раббыларының рұқсатымен
мәңгі тұрақтайтын, астынан өзендер
ағатын жәннаттарға кіргізіледі. Олардың
жәннаттағы амандасулары – «сәлем»
болады»
(Ибраһим сүресі, 23)
Хадис: «Нағыз сараң – кезіккен діндес
бауырына сәлем бермеген адам»
(Кәнзул Ирфан)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені күнәмнің
дәрежемді төмендетуінен сақта, Өзіңе
деген бойұсынушылықтың биігіне шығар»
(Ибраһим ибн Әдһам)
Мақал: «Сәлем – сөздің анасы»
~~ 29 маусым ~~
Аят: «(Уа, Расулым!) Раббыңның үкімі жүзеге
асқанша сабыр ет. Шүбәсіз, сен Біздің көз
алдымызда һәм қорғауымыздасың. Намазға (немесе
қандай да бір отырыстан) тұрғаныңда Раббыңа (Сен
– мінсізсің, барлық мадақ пен шексіз шүкіршілік бір
Өзіңе ғана тән – деп) мадақ жаудыр!»
(Тур сүресі, 48)
Хадис: «Намаз – мүмінді Раббысына жақындататын
құрал»
(Ибн Адий)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге ашулана гөрме! Егер
біз Сенің ашуыңа себеп болатын бір істі жасасақ,
бізді кешіре гөр!»
(Ата Сулейми)
Мақал: «Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс»
(Абай)
~~ 30 маусым ~~
Аят: «Алла дұшпандарыңды өте жақсы
біледі. Сендерге қамқоршы дос әрі жанашыр
медеткер ретінде бір Алла жеткілікті»
(Ниса сүресі, 45)
Хадис: «Ілім үйрену жолында жүрген
адамға Алла тағала жәннатқа барар жолын
жеңілдетеді»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Қарағанда әрбір
нәрседен ғибрат алуымды, үндемеген кезімде
жаратылысқа ой жүгіртуімді және сөйлеген
кезімде Өзіңді еске алуды маған нәсіп ете гөр!»
(Укалаул Мәжаниден)
Мақал: «Ілім – бұлақ,
Білім – шырақ»
~~ 1 шілде ~~
Аят: «Ақиқат (тек қана) Раббыңнан келеді,
ендеше (бұл мәселеде титтей де) күмән
келтіруші болма»
(Әли Имран сүресі, 60)
Хадис: «Үш нәрсе ізгілік қазынасы: ауруды,
қиыншылықты және садақаны жасыру»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Саған жер мен көкті
толтырардай шүкірлік айтамыз»
(Мисар ибн Қидам)
Мақал: «Жақсылыққа жақсылық –
Таңқаларлық іс емес.
Жақсылыққа жамандық –
Адамдықтың ісі емес»
~~ 2 шілде ~~
Аят: «Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық.
Оның жұбайлары – олардың аналары. Алланың
Кітабында; туысқандар бір-біріне мүміндерден
де мүһажірлерден де (мираста) жақын. Бірақ
достарыңа (мүміндерге) қамқорлық жасауларыңа
болады. Осылар Кітапта жазылған»
(Ахзаб сүресі, 6)
Хадис: «Адамдармен қарым-қатынаста көркем
мінезді бол»
(Ибн Кәсир)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге таудай сабыр бер әрі
Өзіңнің тура жолыңда табанымызды бекем ете
гөр! Ризығымызды арттыр және бізді шүкір етуші
құлдардан ете гөр!»
(Абдулқадир Гәйлани)
Мақал: «Жақсының жүрген жері базар,
Жаманның жүрген жері азар»
~~ 3 шілде ~~
Аят: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған
үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны
он екі, олардың төртеуі харам айлар. Міне, ең дұрыс
үкім әрі мінсіз жүйе (есеп) – осы. Ендеше, бұл айларда
(яғни, қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын
ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар»
(Тәубе сүресі, 36)
Хадис: «Рәжаб – Алла тағаланың айы, Шағбан – менің
айым, ал, Рамазан болса – үмбетімнің айы»
(Кәшфул Қафа)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сен мені естисің, көресің һәм
жасырын және жария нендей нәрсем болса, бәрін
білесің. Істерімнен ешқайсысы Саған жасырын емес.
Мен өте әлсізбін. Өзіңнен жәрдем һәм аманшылық
тілеймін»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Оразалымен оттас бол,
Имандымен жолдас бол»
~~ 4 шілде ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Ендеше, Алладан лайықты
түрде қорқып, қарсы келуден әрі азабынан
барынша сақтаныңдар және әрдайым жібі түзу сөз
айтыңдар!»
(Әхзаб сүресі, 70)
Хадис: «Кісінің әйеліне және бала-шағасына тауып
берген нәпақасы – садақа»
(Кәнзул Ирфан)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Бізді Саған бойұсынғандардан
қыл. Ұрпағымыздан да Саған бойұсынған үмбет
шығар. Бізге дұрыс құлшылық етуді үйрет.
Тәубелермізді қабыл ете гөр. Өйткені, Сен
тәубелерді қабыл етушісің һәм өте мейірімдісің»
(Хазірет Ибраһим (а.с.))
Мақал: «Жақсы ағайын, жақсы әйел,
Басыңа қонған бақпен тең.
Қадір білмес жақының,
Таныспаған жатпен тең»
~~ 5 шілде ~~
Аят: «Күннің қызыл арай шапағына, түнге және оның
бүкіл бүркеп қаптағанына, сондай-ақ, самаладай
жарқырап толған айға ант етемін! Сөзсіз, сендер бір
күйден екінші күйге көшесіңдер»
(Иншиқақ сүресі, 16-19)
Хадис: «Мына түндерде жасалған дұға-тілектер кері
қайтарылмайды: Рағайып түні, Шағбанның 15-түні,
Жұма түні, Рамазанның түндері және Құрбан айт түні»
(Ибн Асакир)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сен Әбәдисің (Мәңгі бар)
және Қадимсің (Ежелден бар). Міне, мынау жаңа жыл.
Мен өзіңнен осы жылда шайтан мен оның сыбайла
старынан мені қорғауыңды, әрдайым жамандыққа
бастайтын нәпсіме қарсы жәрдем беруіңді және Өзіңе
жақындататын істермен айналысуымды сұраймын. Уа,
Жомарттық иесі, тілегімді қабыл еткейсің»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жылдың басында жасаған
дұғасы)
Мақал: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық»
~~ 6 шілде ~~
Аят: «Дүние тіршілігі – құр ойын-күлкі мен
уақытша сауық-сайран ғана. Ал, Аллаға лайықты
түрде тағзым етіп, қарсы келуден барынша
сақтанатын тақуа жандар үшін ақирет тұрағы
(мекені) әлдеқайда қайырлы. Ендеше, сәл де
болса, ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!»
(Әнғам сүресі, 32)
Хадис: «Туыс-туғандармен қатынасты үзбей,
араласып тұру өмірді ұзартады»
(Бәйһаки)
Дұға: «Кім таза ықыласпен Ислам жолында
қызмет еткісі келсе, Жаратушы Жаббар ие оны
сол ниетіне жеткізсін»
(Сәйид Абдулхаким Хусейни)
Мақал: «Ағайынды жатқа сатқан жаман,
Биесін атқа сатқан жаман»
~~ 7 шілде ~~
Аят: «Құлдары жауыннан үміттерін үзген шақта
жауын жаудырып, (тіршілік иелері үшін) рақымын
шартарапқа жаятын да Өзі. Ол дәріптелуге,
мадаққа әбден лайық болған (құлдарының) шын
досы һәм қорғаны»
(Шура сүресі, 28)
Хадис: «Мұсылман – адамдармен жақсы мәміледе
болатын пейілі кең адам. Әсіресе, діндес
бауырының көңіліне тыныштық ұялатады»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Бізді Өзіңе қауыштыратын
істерге бағыттағайсың! Бізге көңіл байлығын нәсіп
еткейсің! Бізді әртүрлі жамандықтардан қорғап,
тек Өзіңнің разылығыңа алып барар істермен
шұғылдандыр!»
(Жунайд Бағдади)
Мақал: «Көптен безген көмусіз қалады»
~~ 8 шілде ~~
Аят: «Егер сені әзәзіл шайтан түртіп азғырар болса,
дереу Аллаға сиын! Ол шүбәсіз Сәмиғ (бәрін лайықты
түрде естуші), Алим (бәрін лайықты түрде білетін
шексіз ілім Иесі)»
(Фуссилат сүресі, 36)
Хадис: «Үмбетімнің ішінде маған ең жақын
болғандары – маған ең көп салауат айтқандары»
(Бәйһаки)
Дұға: «Уа, Жаратушы иеміз! Сенен зиянды әрі тура
жолдан тайдыратындай бүлікке ұрынбауды сұраймыз.
Әрі Сенен қазаға ризашылық һәм өлімнен кейін
рахат өмір бере гөр деп сұраймыз. Сенен разы һәм
Сен де оған разы болған сүйікті пайғамбарымыз
Мұхаммедке (с.а.у.), оның пәк жанұясына әрі
қияметке дейін оның соңына ергендерге сансыз
салауат айтып, сәлем жолдаймыз»
Мақал: «Опасыздың көпірінен өткенше,
Опалының өзеніне ағып кет»
~~ 9 шілде ~~
Аят: «Дүние-мүлік пен бала-шаға – қу тіршіліктің
сәні. Ал мәңгі-бақи өшпейтін һәм әсте зая
болмайтын иманға негізделген игі істер
(сондай-ақ, игі жолда жұмсалған дүние-мүлік
пен иманды бала-шаға) болса, Раббыңның
құзырында сауап тұрғысынан да, оларға үміт
арту жағынан да әлдеқайда қайырлы»
(Кәһф сүресі, 46)
Хадис: «Үнемдеуді білетін кісі ешқашан кедей
болмайды»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге мейірім
қазыналарыңды аша гөр. Бізге дүние-ақыретте
азап берме әрі Өзіңнің кеңшілігіңмен бізге адал
һәм таза ризық нәсіп ете гөр!»
(Бәкр ибн Абдуллаһ Музани)
Мақал: «Ырыс алды – ынтымақ»
~~ 10 шілде ~~
Аят: «Сондай-ақ, біреудің күнәсін біреу арқалап,
біреудің қарызын біреу төлей алмайтын,
ешкімнің шапағаты қабыл болмайтын (яғни
біреу біреуге шапағат етіп, араша түсе
алмайтын), ешкімнен (азаптан құтылуы үшін)
ешқандай підия, төлем алынбайтын және
ешкімге ешқандай жәрдем берілмейтін (әркім
өз басымен қайғы болатын) алапат күннен
қорқыңдар һәм алдын ала сақтаныңдар»
(Бақара сүресі, 48)
Хадис: «Ешкім жұрттан қорқып біліп тұрған
шындықты айтуға тосылмасын»
(Тирмизи)
Дұға: «Адамды жаратып әрі оған ақыл беру
арқылы барлық жаратылыстардан артық еткен
Ұлы Алла тағалаға мақтау-мадақ болсын»
(Әбул Қасым ән-Нисабури)
Мақал: «Бұра сөйлеме, тура сөйле»
~~ 11 шілде ~~
Аят: «Ертелі-кеш іштей жалбарынып
һәм (қаһарынан) имене отырып бәсең
дауыспен Раббыңды ауызға ал. (Ақиқаттан
бейхабар) ғапылдардың қатарына
қосылма»
(Ағраф сүресі, 205)
Хадис: «Амалдардың Аллаға ең ұнамдысы –
аз болса да, үнемі жасалғаны»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді Өзіңнің
сүйіспеншілігіңе бөленуді әрі Өзіңе
жақындататын нәрселерді нәсіп ет»
Мақал: «Тұрақсыз адам тұрлаулы
сөзден қашады»
~~ 12 шілде ~~
Аят: «Мен жындар мен адамзатты тек қана
(Мені танысын һәм) Маған құлшылық етсін
деп жараттым»
(Зәриат сүресі, 56)
Хадис: «Шынайы сабыр – соққының
алғашқы тиген сәтіндегі сабыр»
(Бұхари)
Дұға: «Алла сізге ізгілердің намазын
сыйласын. Олар түнде құлшылық етіп,
күндіз ораза ұстайтын әрі күнә жасамайтын
жандар-ды»
(Әнәс ибн Мәлік (р.а.))
Мақал: «Қайғыға майырылма,
досыңнан айрылма»
~~ 13 шілде ~~
Аят: «Намаз өтелген соң жер бетіне тараңдар
және (адал кәсіп қылып) Алланың шексіз
шарапатынан ризық-несібелеріңді іздеңдер. Бұған
қоса, (күнделікті бес уақыт намаз һәм басқа да
құлшылықтар арқылы) Алланы көп еске алыңдар,
сонда (екі дүниеде де азаптан әрі қор болудан)
құтылып, мақсат-мұраттарыңа жетерсіңдер»
(Жұма сүресі, 10)
Хадис: «Өзіңнен төмендерге қарап (шүкіршілік ет),
жоғары болғанға қарап (қапаланба). Бұл Алланың
өздеріңе берген ризығын (қанағатсыздыққа
салынып) азсынбауларың үшін»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Табысымды адал етіп, маған
қанағат бере гөр. Маған разы болмайынша, мені
бұл дүниеден ала көрме!»
Мақал: «Бай болып көргем жоқ,
Кедей болып өлгем жоқ»
~~ 14 шілде ~~
Аят: «Ал (Аллаға қарсы келуден, бүкіл күнә
мен жамандық атаулыдан,) арылғандар және
Раббысының есімін еске алып, намаз оқығандар
құтылады»
(Ағла сүресі, 14-15)
Хадис: «Үнемі жанжалдасып, ұрыс-керіс арасында
жүруің – күнә тұрғысынан саған жетеді»
(Рамуз әл-Ахадис)
Дұға: «Ойға түстім ойландым,
Өз мінімді қолға алдым.
Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Аршып тастар қолменен,
Апандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салған наз емес»
(Абай)
Мақал: «Өз мінін білмеген,
~~ 15 шілде ~~
Аят: «Сондай-ақ (қайсы іспен айналыссаң да)
әрқашан Раббыңа, оның разылығына қарай
тырыс!»
(Инширах сүресі, 8)
Хадис: «Мұсылманның мұсылманмен
кезіккенде бірін-біріне күлімсіреуі – Алла тағала
үшін ең ұнамды іс»
(Хаким)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге татулықты нәсіп
ет. Біздің араларымыздағы кірбіңдікті жой әрі
баршамызды Өз рақымыңның астына ал»
(Абдулқадир Гәйлани)
Мақал: «Жаман алтын іздесе,
Жақсы халқын іздейді»
~~ 16 шілде ~~
Аят: «Содан соң уақыт өте келе жүректерің
қатайып кетті, жүректерің тас сияқты, тіпті одан
да қатты. Алайда, кейбір тастардың өзінен
атқылаған өзендер шығады; қақ жарылып
ішінен қайнар су ағатын тастар да бар;
енді бірі Алладан қорыққаннан, опырылып
биіктен құлап жатады. Алла не істеп, не қойып
жүргендеріңнен бейхабар емес»
(Бақара сүресі, 74)
Хадис: «Мұсылман – мұсылманның айнасы»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді көкірек көзі
ояу һәм әрбір нәрседен ғибрат алатын
құлдарыңнан ете гөр!»
(Зуннуни Мысри)
Мақал: «Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар»
~~ 17 шілде ~~
Аят: «(Уа, мүміндер!) Ұнжырғаларың түсіп,
жасымаңдар, қайғы-мұңға салынбаңдар, егер
шынымен мүмін болсаңдар, шүбәсіз, сендер
үстемсіңдер»
(Әли Имран сүресі, 139)
Хадис: «Сендерге ең оңай әрі денеге жеңіл
келетін құлшылықты айтайын ба? Олар –
үндемеу мен көркем мінезділік»
(Ибн Әби әд-Дүниә)
Дұға: «Уа, арқа сүйеп, бар шер-мұңымды
ақтарар Жаратушы ием! Уа, Раббым, уа,
Раббым, уа, Раббым! Дене мүшелерімді Өзіңнің
жолыңда қызмет еттір. Жүрегімді Өзіңе
бағыттап әрі оны сол жолда бекем ет»
(Хазірет Әли (р.а.))
Мақал: «Үндемеген үйдей пәледен құтылады»
~~ 18 шілде ~~
Аят: «Олар қандай жақсылық істесе де,
(Алланың құзырында) еңбектері еш кетпейді.
Алла Өзіне қарсы келуден барынша
сақтанған, Өзін лайықты түрде ұлықтайтын
тақуа жандарды жақсы біледі»
(Әли Имран сүресі, 115)
Хадис: «Қарызданудан аулақ болыңдар!
Себебі, ол адамды күндіз күлкіден, түнде
ұйқыдан айырады»
(Байһақи)
Дұға: «Уа, жомарттық иесі, Раббым! Өзіңнің
рақым есігіңді қайта келіп қағып тұрмын.
Қолымды бос қайтармайтыныңа сенімім мол»
(Фаридуддин Аттар)
Мақал: «Қарыз алғанның есі кетер,
Қарыз бергеннің несі кетер»
~~ 19 шілде ~~
Аят: «Ол сендерге найзағайды һәм үрей салатын,
һәм үміт отын жағатындай етіп көрсетеді, әрі
қорғасындай ауыр сауын бұлттарды жаратады»
(Рағыд сүресі, 12)
Хадис: «Бір-біріңе қызғанышпен қарамаңдар,
араларыңда кек сақтамаңдар, өзара бір-біріңе дөрекі
сөз айтып, бір-біріңен бет бұрмаңдар және ешкім
ешкімді сыртынан ғайбаттамасын»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Өзіңе лайық түрде шүкір
етуімді нәсіп ете гөр һәм жүзімізді жарқын ет»
(Сағыд ибн Убәда (р.а.))
Мақал: «Жақыныңды жаттай күт,
жат көрсін де түңілсін,
Бір-біріңді қадір тұт,
жұрт үлгі алсын, үңілсін»
~~ 20 шілде ~~
Аят: «Екінді және түскі уақытта (яғни екінді
және түскі намазында) да; көктерде де, жерде
де бар мадақ пен шексіз шүкіршілік бір Өзіне
ғана тән екенін айтып, жар салыңдар!»
(Рум сүресі, 18)
Хадис: «Ақыл-кеңес сұрай келген кісіге жөн
сілтеу – мұсылмандық міндеттің бірі»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббым! Жарлы-жақыбайлар мен
әлсіздерге мейіріммен қарау үшін жүрегімді
жұмсарта гөр һәм адасушылықтан сақтап,
тура жолыңа бастай гөр!»
(Мұхаммед Иқбал)
Мақал: «Кеңескен ел азбайды»
~~ 21 шілде ~~
Аят: «Күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрі бір
Аллаға тиесілі. Шүбәсіз, Алла Ғани (ешкімге һәм еш
нәрсеге мұқтаж емес әсте ортаймайтын байлық
иесі), Хамид (бар мақтау мен шексіз шүкіршілікке
әбден лайық)»
(Лұқман сүресі, 26)
Хадис: «Кісі өзгенің айыбын қазбалап, кемсітер
болса, сол қателік өзінің басына келмейінше
дүниеден өтпейді»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Барлық бұрыс міндеттерден,
жағымсыз орындардан, теріс іс-әрекеттерден,
пайдасыз сөздерден һәм пасық ой-пікірлерден сақта
деп Өзіңе сиынамын әрі кешірім сұраймын»
(Мұхаммед ибн Уаси)
Мақал: «Өз тілің өзіңе жау»
~~ 22 шілде ~~
Аят: «Ал иман етіп, игілікті істер істегендерге
келсек, міне, солар жұмақтықтар, олар сонда
мәңгі-бақи қалады»
(Бақара сүресі, 82)
Хадис: «Түнгі намаз адамды Аллаға
жақындатады, күнәлардан сақтайды,
жамандықтарға тосқауыл әрі ауруларды жояды»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Өзіңді танып, лайықты
деңгейде қорыққандардың тақуалығын, Өзіңе
иман еткендердің тәуекелін һәм Өзіңнің сүйікті
құлдарыңның құтылуын сұраймын!»
(Талк ибн Хабиб)
Мақал: «Жақсы болсаң, төр сенікі,
Қайықты болсаң, көл сенікі,
Қазаң келсе, көр сенікі»
~~ 23 шілде ~~
Аят: «Ал иман еткен құлдарыма: «Намазды
кемеліне жеткізіп, үзбей оқысын және
сауда-саттық та, достық та жүрмейтін алапат
күн келмей тұрып, өздеріне ризық етіп
бергендерімізден жасырын және жария түрде
(Алла жолында) жұмсасын», – деп айт»
(Ибраһим сүресі, 31)
Хадис: «Ризық ажал секілді – Алла тағаланың
құлдарын іздейді, ол қай жерде болмасын оны
іздеп табады»
(Кәнзул Ирфан)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізге Өзің үшін жасаған
азды-көпті (болмашы) амалдарымызға қарап
үкім бере гөрме. Өзіңнің жомарттығың мен
кеңшілігің арқылы үкім бергейсің»
(Мәулана)
Мақал: «Ырыздық иесін табар»
~~ 24 шілде ~~
Аят: «Өйткені, олар көзбен көрмесе де Раббыла
рынан шын именіп, шынайы түрде тағзым етеді.
Сондай-ақ, олар Қияметтен де қатты қорқады»
(Әнбия сүресі, 49)
Хадис: «Кісі мұсылман бауырының жәрдемінде
болған сайын Алла тағала да ол құлына жәрдем
етеді»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені тек тозағыңнан
қорыққаным үшін құлшылық қылудан, тек
жәннатың үшін құлшылық қылудан сақтағайсың.
Мені тек қана Өзіңнің разылығыңды көксеп
құлшылық қылуымды нәсіп еткейсің»
(Рабиғатул Адауия)
Мақал: «Жолдасы жақсының олжасы жақсы»
~~ 25 шілде ~~
Аят: «Шүбәсіз, Раббың Өзінің жолынан
адасқандарды жақсы біледі. Сондай-ақ Ол тура
жолдағыларды да жақсы біледі»
(Әнғам сүресі, 117)
Хадис: «Алла тағаладан пайдалы білім сұраңдар,
пайда бермейтін білімнен Аллаға сиыныңдар»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені үрейі жоқ жүректен,
қабыл болмайтын тілектен, тойым білмейтін
нәпсіден әрі пайдасы жоқ ілімнен сақтай гөр!»
Мақал: «Білімді мың жасайды,
Білімсіз құр жасайды»
~~ 26 шілде ~~
Аят: «Сондай-ақ, түнде де (яғни, құптан уақытында
да) Алланың мінсіз екенін айтып, ұлықтағын және
жұлдыздар батуға бет алған шақта да (яғни, таң
намазында да Раббыңды ұлықтағын)»
(Тур сүресі, 49)
Хадис: «Кімде-кім бауырының ар-намысын оны
ғайбаттаушылардан қорғаса, Алла тағала да Қиямет
күні ол адамды тозақ отынан қорғайды»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңнің Жамалыңнан басқа нәрсе
үшін көздерді ұйқыдан қалдыру қандай өкініш әрі
Өзіңді жоғалту үрейінен басқа мақсатпен жылау
нендей бекершілік!»
(Имам Ғазали)
Мақал: «Жолдасы жақсы жауға алдырмайды,
Қара басын дауға қалдырмайды»
~~ 27 шілде ~~
Аят: «Кімде-кім істеген күнәларына өкініп, тәубе
етсе әрі (өзін һәм қоғамды түзетуге бағытталған)
игі істер істесе, бұл, расында да, оның Аллаға
шынайы түрде һәм тәубесі қабыл болған күйде
бет алғаны»
(Фурқан сүресі, 71)
Хадис: «Мүминдер бірін-бірін сүйеп, қуаттап
тұратын қабырғалар секілді»
(Нәсәи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Маған Құран һәм басқа
білімдерге байланысты естіген нәрселерді жақсы
түсінетін қабілет пен зор зейін бере гөр!»
(Утбәул Ғулам)
Мақал: «Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды»
~~ 28 шілде ~~
Аят: «Егер Алланың сендерге деген шексіз
шарапаты мен мейірімі болмағанда, егер
Алла құлдарына өте жанашыр, әсіресе,
мүмін құлдарына ерекше мейірімді
болмағанда, көрген күндерің не болар еді?!»
(Нұр сүресі, 20)
Хадис: «Көңілге күмән ұялататын нәрселерді
тастап, шүбәсіз нәрселерді ал»
(Нәсәи)
Дұға: «Уа, жаратушы Жаббар ием! Егер
тура жолдан тайқып кетсем, тәубе етемін.
Өзіңнің ашуыңа себеп болатын нәрселерді
жасап қойсам, мені кешір!»
Мақал: «Күмән иманды қашырар»
~~ 29 шілде ~~
Аят: «Өздерінің естеріне салынғанды ұмытқанда,
оларға барлық нәрсенің (мал-дүниенің)
қақпаларын ашып қойдық. Ақырында, өздеріне
берілгенге мәз болып, шаттыққа кенелгенде,
оларды ойламаған жерден азапқа душар еттік. Сол
кезде олар күдерлерін бір-ақ үзіп, абдырап қалды»
(Әнғам сүресі, 44)
Хадис: «Шынайы байлық мал-дүниенің көптігі емес,
көңіл байлығы»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Амалымның кемдігіне
һәм нұқсандығына қарамастан барлық
қажеттіліктерімді бір Өзіңнен сұраймын. Жалғыз
Өзіңнің мейіріміңе мұқтажбын. Уа, көңілдерге
медет беріп, барлық дертке шипа беруші Раббым!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Байлық – қолдың кірі»
~~ 30 шілде ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Егер Алланың (дініне)
қолдау көрсетсеңдер, Алла тағала да сендерді
қолдайды һәм аяқтарыңды тайдырмай (хақ
жолда) нық басқызады»
(Мұхаммед сүресі, 7)
Хадис: «Жәннаттықтардың әшекейлері – бұ
дүниеде дәрет суының тиген жерлері»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңсіз көңіл тыныштық
таппайды. Маған берген сансыз нығметтеріңнің
санына жете алмаймын. Егер шашыма тіл бітіп,
оның әр бірі шүкір айтса да Өзіңе лайықты түрде
шүкір айта алмас еді»
(Шүкір дұғасы)
Мақал: «Күйісің жаман болса, тән азады,
Көңілің жаман болса, жан азады»
~~ 31 шілде ~~
Аят: «Дүние-мүлкін түн демей, күн демей
жасырын һәм жария түрде игі жолда
жұмсайтындардың Раббыларының дәргейінде
алатын сауабы (сыйы) бар. Олар үшін (әсіресе
ақиретте) ешбір қорқыныш жоқ һәм олар әсте
мұңаймайды»
(Бақара сүресі, 274)
Хадис: «Алла туралы жақсы ойламастан
араларыңнан ешкім о дүниеге аттанбасын»
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Өзіңнен күнәдан
тосатын үрей һәм Өзіңе мойынсұнуды
күшейтетін үрей сұраймын. Өзіңнен бізді күнә
жасамауға сабыр сұраймын...»
(Салих ибн Бәшиш)
Мақал: «Пейілі жаман пәлеге жолығады,
Бітпейтұғын жалаға жолығады»
~~ 1 тамыз ~~
Аят: «Ей, мүміндер! Сендер Аллаға
бойсұныңдар, пайғамбарға бойсұныңдар, әрі
өздеріңнен болған әмір иелеріне де»
(Ниса сүресі, 59)
Хадис: «Сендерден үш кісі сапарға шықса,
араларынан біреуін басшы етіп алсын»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Басымызға
қиыншылық түсіп, аһылап-үһілеп жатқан
сәтте бізді бір сәт болсын Өз кешіріміңнен құр
қалдыра көрме!»
(Низами-и Гәнжәуи)
Мақал: «Тәртіпсіз ел болмайды,
Тәртіпке бағынған құл болмайды»
~~ 2 тамыз ~~
Аят: «Түн болғанда Ибраһим (көп жұлдыздың
ішінен ерекше) бір жұлдызды көріп: «Міне,
(айтқандарыңа қарағанда) шамасы менің
Раббым осы», – деді. Алайда, жұлдыз сөніп
көзден ғайып болғанда ол: «Мен сөніп, ғайып
болатындарды ұнатпаймын», – деді»
(Әнғам сүресі, 76)
Хадис: «Діннің бастауы – Ислам, тірегі – намаз,
ал, шыңы – жиһад»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Өзіңе ұнамайтын
істерді жасаудан сиынамын. Өзіңнің
құзырыңдағы абыройды сұраймын»
(Жунәйди Бағдади)
Мақал: «Алла деген пенделер,
еш нәрсеге зар болмас
~~ 3 тамыз ~~
Аят: «Ибраһим де: «Тура жолдан адасқандардан
өзге кім Раббысының рақымынан үмітін үзеді
дейсің», – деді»
(Хижр сүресі, 56)
Хадис: «Кімде-кім бір мүминнің айыбын жасырса,
қиямет күні Алла тағала да оның айыбын
жасырады»
(Кутубу Ситтә)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Өзіңнің рақымыңа лайық
болмасам да, маған рақымдылық танытудасың.
Сенің рақымың барлық нәрсені қамтиды. Мен де
сол барлық нәрсенің бірімін. Олай болса, мені де
рақымыңа бөлей гөр!»
(Омар ибн Абдуллазиз)
Мақал: «Ақ киім – кірлегіш,
Ақ көңіл – кешіргіш»
~~ 4 тамыз ~~
Аят: «Міне, бұлар ақиретті (яғни, о дүниенің
мәңгілік бақытын) дүниенің қу тіршілігіне
айырбастағандар. Сондықтан да олардың
азабы әсте жеңілдетілмейді әрі оларға
ешқандай жәрдем де берілмейді»
(Бақара сүресі, 86)
Хадис: «Өлім келмей тұрып, оған дайындық
жаса»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені Өзіңе мойынсұнуда
тұрақты қыл әрі тақуалықта күшейт»
(Шейх Ахмед әл-Алауи)
Мақал: «Дүние түбі келте,
Ұмтылу керек ерте»
~~ 5 тамыз ~~
Аят: «Намазды өтегеннен кейін түрегеп тұрып,
отырып немесе жамбастап жатып Алланы
еске алыңдар. (Жорық тәмамдалып немесе
қорқыныштарың сейіліп) қауіпсіз жағдайда
болғандарыңда намазды кемеліне жеткізіп, үзбей
әрі уақтылы оқыңдар (және қан майданда жүріп
оқи алмаған намаздарыңның қазасын өтеңдер).
Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда
(өтелсін деп) парыз етілді»
(Ниса сүресі, 103)
Хадис: «Парыздардан кейін ең қайырлы амал –
түнгі намаз»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Біз өзімізге зұлымдық
жасадық. Егер бізге аяушылық жасап, кешірім
етпесең, еш күмәнсіз, біз құрдымға кетушілерден
боламыз»
(Хазірет Адам мен Хауаның дұғасы)
Мақал: «Басты берген Құдай, асты да береді»
~~ 6 тамыз ~~
Аят: «Сонда олар Алланың құлдарының
шынайы тәубесін һәм шын көңілмен берген
зекет-садақаларын қабыл алатынын және Алланың
шынымен Тәууаб (яғни, құлдарының тәубесін
қабыл етіп қана қоймай, оларды шынайы тәубелері
үшін мол сауапқа бөлеуші) һәм (тәубе етіп, Өзіне
біржолата бет бұрған мүмін құлдарына) ерекше
мейірімді екенін білмейді ме?»
(Тәубе сүресі, 104)
Хадис: «Мейірім көрсетпегенге мейірім
көрсетілмейді»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңе жалбарынып сұраймын.
Өлімімді, есебімді жеңіл қылып, жәннатыңа кіргізе
гөр. Шексіз рақымыңнан үміттімін уа, Раббым!»
(Мұхаммед Бақыр)
Мақал: «Рахымы жоқ адамнан,
Рахымы бар ит жақсы»
~~ 7 тамыз ~~
Аят: «Ендеше, Рабыңның кемшілік, мұқтаждық
атаулыдан пәк әрі мінсіз екенін айтып жар сал
әрі Оған мақтау айт! Әрдайым сәжде етушілердің
қатарынан табыл»
(Хижр сүресі, 98)
Хадис: «Алла тағала түпкі ниеті ақыретті
көксегенге дүниені береді. Алайда, түпкі ниеті тек
дүние болғандарға ақырет бақытын бермейді»
(Ибн Мүбәрак)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңнен басқа ешкім бір нәрсе
сұрауға лайық емес. Сен бізден жақсылықтарыңды
үзе гөрме!»
(Ибн Атауллаһ әл-Ескендір)
Мақал: «Дүниеқор – дүниенің құлы,
Әркім – сүйгеннің құлы»
~~ 8 тамыз ~~
Аят: «Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды.
Сен жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең
керемет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас
дұшпан болған адамның жан досыңа айналғанын
көресің»
(Фуссилат сүресі, 34)
Хадис: «Садақаның абзалы – кедейлерге берілген
жасырын садақа»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Жаратушы ием! Бізге кеңшілігің мен
жомарттығың арқылы өзіңді таныттың. Өз
кеңшілігіңмен ризықтарыңды үйіп-төктің. Бізді
Өзіңнің жәннатыңа шақырдың. Өзіңді көп еске
алғандарға, әмірлеріңді орындағандарға есепсіз
ризықтар дайындадың. Уа, Раббымыз, Сен қандай
ұлысың!»
(Абдуллазиз Дирини)
Мақал: «Жақсылық бөліссе, көбейеді,
~~ 9 тамыз ~~
Аят: «Олар Құранға терең ой жүгіртіп, оны лайықты
түрде түсінуге тырыспай ма? Егер ол Алладан басқа
біреуден келгенде, онда олар міндетті түрде оның
ішінен талай қайшылықтар табар еді»
(Ниса сүресі, 82)
Хадис: «Құран оқыңдар. Себебі, ол Қиямет күні өзін
көп оқушыларға шапағатшы болады»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, жүрегімізді тыныштандырушы Раббымыз!
Өзіңнен басқа мұңымызды шағар кіміміз бар?
Алдыңа келген мына күнәһар құлыңа рақымдылық
қыл»
(Укалаул-Мәжаниннен)
Мақал: «Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға»
(Абай)
~~ 10 тамыз ~~
Аят: «Шығыстың да, батыстың да иесі бір
Алла. Жүздеріңді қай жаққа қаратсаңдар да,
Аллаға бет бұрған боласыңдар. Шүбәсіз, (күллі
жаратылысты мейіріміне бөлеген) Алла өте
кең, бәрін білетін шексіз ілім иесі»
(Бақара сүресі, 115)
Хадис: «Қайғы-мұңдарыңды садақа беру
арқылы басыңдар. Алла тағала дұшпандарыңа
қарсы сендерге жәрдем беріп, қайғы-мұңнан
арылтқанға дейін»
(Дәйләми)
Дұға: «Уа, Раббым! Мұсылмандарға жәрдеміңді
бере гөр. Күнәларымызға қарамастан
тілектерімізді қабыл еткейсің!»
Мақал: «Жақсыдан шарапат,
Жаманнан кесапат»
~~ 11 тамыз ~~
Аят: «Сол күні дүниеде істелген істердің
барлығының таразыға тартылары хақ.
Сонда кімнің таразыдағы сауапты істері
ауыр басса, міне, солар азаптан құтылып,
мақсат-мұраттарына жеткендер»
(Ағраф сүресі, 8)
Хадис: «Сондай бір дәуір туғанда, адам баласы
тапқанының адал-арамдығына көңіл бөлмейтін
болады»
Дұға: «Уа, Раббымыз! Бізге сүннет жолын
ұстануды нәсіп ете гөр!»
Мақал: «Адалдық жүрген жерде,
адамдық жүреді»
~~ 12 тамыз ~~
Аят: «Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің иелігі
мен бар билігі бір Аллаға тиесілі. Жан бітіріп өмір
сыйлайтын да, өмірді қиятын да бір Өзі. Сендердің
Алладан басқа бірде-бір қамқоршы иелерің де,
қолұшын беретін медеткерлерің де жоқ»
(Тәубе сүресі, 116)
Хадис: «Барлық қателіктің басы – дүниеге деген
құштарлық. Бір нәрсеге құмартуың сені соқыр һәм
саңырау қылады»
(Резин)
Дұға: «Уа, Раббым! Қажеттіліктерімді тек Өзіңнен
сұраймын. Дұғаларымның орындалуын Өзіңнен
күтем. Жақсылықты жалғыз Өзіңнен сұраймын.
Сенің рақымыңнан үмітімді үзбеймін»
(Зуннуни Мысри)
Мақал: «Жалғанға жалқау сенеді,
не аңқау сенеді»
~~ 13 тамыз ~~
Аят: «Басқа келген әр жамандық Алланың
рұқсатымен ғана болады. Кімде-кім Аллаға шын
көңілден иман етсе, Алла оның жүрегін ақиқатқа
және дұрыс бағытқа бұрады. Алла барлық
нәрсені біледі»
(Тағабун сүресі, 11)
Хадис: «Бір науқастың жанына бара қалсаңдар,
оның сендерге дұға етуін сұраңдар. Өйткені,
оның дұғасы періштелердің дұғасы сияқты»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Менің күнә-
қателіктерімді кешіріп, ауруларыма шипаңды
бер. Уа, барлық нәрсеге құдіреті жететін һәм
мінсіз Раббымыз!»
(Убәйс әл-Қарани (р.а.))
Мақал: «Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас»
~~ 14 тамыз ~~
Аят: Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам
мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке
дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды
белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін
алып барған Алла – мінсіз (мұқтаждық пен
дәрменсіздіктен, кемшілік атаулыдан ада). Ол
шәк-шүбәсіз бәрін естуші, бәрін де көруші»
(Исра сүресі, 1)
Хадис: «Араларыңдағы мәртебесі жоғары
болғандарың – оны көргенде Алланы еске
түсіретіндері»
(Хаким)
Дұға: «Уа, Раббым! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Сенен
қандай жақсылықтарды сұраған болса, біз де
соны сұраймыз. Ал, қандай жамандықтардан
пана тілеген болса, біз де соны сұраймыз»
Мақал: «Жақсыны халық мақтар,
Жаманды халық даттар»
~~ 15 тамыз ~~
Аят: «Алла – Халиқ (бәрін жоқтан жаратқан жалғыз
Жаратушы), Бәри (жаратуда ешкіммен ортақтас та,
серіктес те болмайтын мінсіз Жаратушы), Мусаууир
(әр жаратылысқа өзіне сай әрі жарасымды
кескін-келбет беріп, бейнелеуші). Ең көркем есімдер
бір Өзіне ғана тән. Күллі аспан әлеміндегі мен
жердегінің бәрі Оған: «(Сен – мінсізсің. Бар мадақ
пен шексіз шүкіршілік һәм ең көркем есімдер мен
теңдессіз сипаттар бір Өзіңе ғана тән – деп), үнемі
мадақ жаудырады! Ол – Азиз (ұлылық пен үстемдік
иесі), Хаким (әр үкімі мен әр ісінде көптеген
хикметтер болған асқан дана)»
(Хашыр сүресі, 24)
Хадис: «Дұғалардан кейін «әмин» деу – күллі
әлемдердің Раббысы болған Алланың мүмин
құлдарының тілдеріндегі таңбасы»
(Ибни Атий)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге пайдалы білім бер һәм
оны іске асыруда шынайы ықылас нәсіп ет»
(Абдулқадир Гәйлани)
Мақал: «Текті сөзге темір қақпа да ашылады»
~~ 16 тамыз ~~
Аят: «Ол – Ғафур (кешірімі мол), Уәдууд
(құлдарын жақсы көруші және құлдары
тарапынан да аса сүйкімді)»
(Буруж сүресі, 14)
Хадис: «Күдіксіз, Алла тағала Шағбанның он
бесінші түнінде дүние аспанына рақымын
түсіреді. Әрі Бәни Қалб қауымының
қойларының қылдарының санындай
адамдарды кешіреді»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Мен Өзіңе әрдайым мұқтажбын.
Ал, Сенің маған еш мұқтаждығың жоқ.
Жаратушы ием, мені кешіргейсің»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Тәңір асыраған тоқтыны бөрі
жемейді»
~~ 17 тамыз ~~
Аят: «Ол – күллі аспан әлемі мен жерді
жоқтан бар еткен шебер Жаратушы. Ол бір
нәрсе қаласа, тек қана: «Бол!» – дейді, (сонда
ол бірден) бола қалады»
(Бақара сүресі, 117)
Хадис: «Алла тағала өз ісінің шебері болған
құлын сүйеді»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Үндемегенімде
жаратылысқа ой жүгірту, назар салуым әр
нәрседен ғибрат алу һәм сөйлеуім Өзіңді
еске алу болуын нәсіп ете гөр!»
(Талха ибн Мусарриф)
Мақал: «Шебердің қолы көпке ортақ»
~~ 18 тамыз ~~
Аят: «Иман етіп, игілікті істер істеген, намазды
кемеліне келтіріп, үзбей әрі уақытылы
оқыған және зекетті толық бергендердің
Раббыларының дәргейінде алар сауабы
(сыйы) бар. Һәм олар үшін (әсіресе ақиретте)
ешбір қорқыныш жоқ және көңілдері әсте
ортаймайды»
(Бақара сүресі, 277)
Хадис: «Адамдардың ең қайырлысы – жұртқа ең
көп пайдасы тигені»
(Дарақутни)
Дұға: «Уа, Жаратушы ием! Тұрмысымды
жақсартып, күнәмізді кешіргейсің. Расында,
Сенің құдіретің барлық нәрсеге жетеді»
Мақал: «Пайдасыз баланы қарағым деме,
Өтпес қылышты жарағым деме»
~~ 19 тамыз ~~
Аят: «Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің
жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып,
ұзарып-қысқаруында ақыл иелері үшін (Алланың
шексіз құдіреті мен шексіз билігін көрсететін)
ғибратқа толы талай айқын белгілер (дәлелдер) бар»
(Әли Имран сүресі, 190)
Хадис: «Алла тағала құлдарының ескі жолдастықты
жалғастыруларын, яғни өзара адал болуларын жақсы
көреді. Олай болса, оны жалғастырыңдар»
(Дәйлами)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Иманымызды күшейт,
денімізге саулық, көңілдерімізге мейірім, дүниеде
аманшылық, ақыретте құтылуды нәсіп ет. Және де
ауруларға шипа, дерттілерге дауа, қарызданғандарға
құтылуларына жәрдем бергейсің»
(Хатым дұғасынан)
Мақал: «Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты демеңдер,
Жарақтансаң жығарсың»
~~ 20 тамыз ~~
Аят: «Өйткені, Алланың алдында жер басып жүрген
тіршілік иелерінің ең жаманы – (уахи арқылы
келген ақиқаттарды) ақылға салып, ойланбайтын
керең-мылқаулар»
(Әнфәл сүресі, 22)
Хадис: «Құлым Мен туралы қандай ойда болса, оған
ойлағаны лайық мәміледе боламын»
Дұға: «Алла тағалам біздің кәміл адам болуымызды
нәсіп етсін!»
(Мұхаммед Лутфи)
Мақал: «Жақсы кісі қартайса да,
ақылынан азбас,
Жақсы ат қартайса да,
жүрісінен танбас»
~~ 21 тамыз ~~
Аят: «Ол – Алла! Одан басқа тәңір жоқ. Ең
көркем есімдер Соған ғана тән»
(Таһа сүресі, 8)
Хадис: «Кешірімді болу мен кішіпейілділік
һәм жұмсақтықтан нәсібі болмағанның
көркемдіктен әрі жақсылықтан да нәсібі
болмайды»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Жаратушы иеміз! Бізге жұмсақтық
һәм кешірімділік нәсіп ет. Бізге мұсылман
қалпымызда жан тапсыруды нәсіп ете гөр!»
Мақал: «Үлкенге – құрмет,
Кішіге – ізет»
~~ 22 тамыз ~~
Аят: «Раббыларың: “Маған дұға етіңдер, сендерге
жауап берейін. Расында, тәкаппарлыққа
салынып, Маған құлшылық жасауды бойына
шақ көрмейтіндер әбден қор болған күйде
жәһаннамға тасталады”, – деп айтады»
(Ғафыр сүресі, 60)
Хадис: «Тәубе деген жақсы нәрсе. Алайда, ол
жастарда болса тіпті жақсы»
(Даулами)
Дұға: «Уа, ең көзге ілгісіз жаратылыстардың
жасырын тілектерін һәм жалбарынуларын
білетін һәм еститін әрі жауап беретін Ұлы
Раббымыз! Сен қандай да бір әлсіздіктен пәксің
һәм адасың. Сенен өзге құдай жоқ. Бізді тозақ
отынан құтқар»
Мақал: «Су да төмен қарай ағады,
Кішіпейілділік адамға жағады»
~~ 23 тамыз ~~
Аят: «(Уа, құлдарым!) Бастарыңа алапат азап
келмей тұрып, жан-тәндеріңмен Раббыларыңа
бет бұрыңдар және Оған толық мойынсұныңдар!
Әйтпесе, (ешкімнен) ешқандай жәрдем ала
алмайсыңдар!»
(Зүмәр сүресі, 54)
Хадис: «Дүниеде адамды абыржытып, жүзін
қарайтқан ауру-сырқау қиыншылықтар
(сынақтар) қиямет күнінде иесінің жүзін ақ
қылады»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізге ризықтарыңды
арттыруыңды сұраймын. Өзіңе мойынсұнған
құлдардан болуымызға жеткіз, терең шүкір нәсіп
ет»
(Омар ибн Зәрр)
Мақал: «Қайғыны қайратты жеңеді»
~~ 24 тамыз ~~
Аят: «Егер Рахман сендерге ризық-несібе беруді
мүлдем тоқтатса, өздеріңе Одан басқа ризық-несібе
беретін кім бар?! Анығында, олар қасарысып ақиқатқа
мойынсұнбауда һәм оны жек көруде»
(Мүлік сүресі, 21)
Хадис: «Нанды қастерлеңдер. Өйткені, Алла тағала
оны қастерлі еткен. Кім нанды қастерлесе – Алла да
мейірім көрсетеді»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Раббымыз, бізді күпірлік қылғандармен
сынай көрме (яғни кәпірлерді бізден үстем қылып,
бізді олардың қас-қабағына қаратып, қиын жағдайға
душар ете гөрме)! Бізді кешіре гөр! Күмәнсіз, Сен
Азизсің (бәрінен үстем әрі ұлысың), Хакимсің (әр ісің
мен әрбір үкімің хикметтерге толы болған асқан
даналық иесісің»
(Мүмтахина сүресі, 5)
Мақал: «Нан – ас атасы,
~~ 25 тамыз ~~
Аят: «Кімде кім (Алланың өзі берген
мал-дүниеден Оның жолында) жұмсап,
тақуалық етсе (Алланың бұйрықтарын орындап,
харамнан, күнә атаулыдан аулақ жүрсе),
сондай-ақ (сенімнің, іс-әрекет пен сөздердің)
ең жақсысын шын жүрегімен растаса, Біз де
олар үшін мәңгілік бақытқа жеткізетін (пейішке
жетелейтін) жолды жеңілдетеміз»
(Ләйл сүресі, 5-6-7)
Хадис: «Бақытты адам анасының құрсағында
бақытты, бақытсыз адам да анасының
құрсағында бақытсыз»
Дұға: «Табиғаттың дүлей күшінің қолына түскен
ақсақ торғай сияқты, нәпсімнің қолына түстім.
Уа, Алла тағалам! Мені Өзіңе қауыштыратын
тура жолға бастай гөр!»
(Фәридуддин Аттар)
Мақал: «Жақсылық қыл, міндет қылма»
~~ 26 тамыз ~~
Аят: «Иман еткендер, (керек кезде) Алла жолында
хижрет еткендер және (бүлікшілерге қарсы)
жан-тәнімен күрескендер, міне, солар Алланың
мейірімінен үміт ете алады. Алла (құлдарының
күнәлары қаншалықты үлкен болса да тәубеге
келгендерінде) өте кешірімді, (әсіресе мүмін
құлдарына) ерекше мейірімді»
(Бақара сүресі, 218)
Хадис: «Кімде-кім Алла жолында Алланың атын
ұлықтау үшін, (әртүрлі кедергілерге қарамастан)
күресіп бақса, жәннат ол адамға уәжіп болады»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңе тәуекел етем,
ұлылығыңның алдында басымды иіп, Өзіңнің
жолыңда күресем. Уа, Раббым! Бар ықылас-ниетім
тек Өзің үшін. Маған жәрдем бере гөр!»
Мақал: «Ақ пен қара жарысар,
Аққа Құдай болысар»
~~ 27 тамыз ~~
Аят: «Әр адам өз еңбегінің ғана қарымын алады»
(Нәжім сүресі, 39)
Хадис: «Адамдарға тиісінше құрмет көрсетіңдер»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Бізді Өзіңнен басқаға
мұқтаж ете гөрме! Біз Саған ғана мұқтажбыз.
Жалғыз Өзіңнің жәрдемің арқылы басқаға мұқтаж
болудан құтыламыз»
(Бәкір ибн Абдуллаһ Музани)
Мақал: «Сыйласқанға не жетеді,
Сөйлескеннен нең кетеді»
~~ 28 тамыз ~~
Аят: «Олар Аллаға һәм ақирет күніне кәміл сенеді
һәм (ел-жұртты) жақсылыққа бұйырып,
жамандықтан тыюға тырысады. Сондай-ақ
қайырлы, игілікті істерде бір-бірімен жарысады.
Міне, солар ізгі жандардың қатарында»
(Әли Имран сүресі, 114)
Хадис: «Жақсылық жасау (әркімнің қолынан
келмейді). Тек дінінде берік, жүріс-тұрысы әдепті
һәм мінезі көркем болған адамдарға жеңіл келеді»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Раббым! Менің зұлымдығымды һәм
жақсылықты бағалай алмауымды кешіре гөр!»
(Хазірет Омар (р.а.))
Мақал: «Жақсымен сөйлессең,
Балға шекер қатқандай.
Жаманмен сөйлессең,
Итке сүйек атқандай»
~~ 29 тамыз ~~
Аят: «Түн мен күндізді паналаған
барлық нәрсе бір Аллаға тиесілі. Ол
бәрін естуші һәм бәрін білетін шексіз
ілім иесі»
(Әнғам сүресі, 13)
Хадис: «Кісінің Алладан қорқуы –
оның жөн білетіндігін көрсетеді, ал,
өзін биік ұстап, мардымсуы – оның
білместігін көрсетеді»
(Бәйһаки)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге Құран
аяттарын терең түсінуге қабілет бер
әрі зейінімізді ашқайсың!»
(Зуннуни Мысри)
Мақал: «Кісі – білмегенінің жауы»
~~ 30 тамыз ~~
Аят: «Алла сендер білмегенді білгендіктен,
одан бұрын болатын сендерге жеңісті нәсіп
етті»
(Фәтх сүресі, 27)
Хадис: «Алла жолында жараланған барлық
жара (көрген кез-келген қиындық) – қиямет
күні сол қалпы жарасынан қан аққан күйі
келеді. Бұл қанның өңі қан болғанымен исі
жұпар аңқып тұрады»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізді жеңіске жеткіз!
Жүзімізді жарқын қыла гөр. Бізді күпірліктен
сақтағайсың!»
Мақал: «Бейнет түбі – зейнет»
~~ 31 тамыз ~~
Аят: «Жер-жаһанда ризығы Алладан келмейтін
бірде-бір қыбырлаған тіршілік иесі жоқ. Сондай-ақ,
Ол (әрбір тіршілік иесі анасының құрсағынан бастап
бұл дүниеде) жүріп-тұратын жерін де, өлетін (һәм
қойылатын) жерін де нақты біледі. Мұның барлығы
айқын Кітапта (Ләухул-Махфузда) жазулы»
(Һуд сүресі, 6)
Хадис: «Жәннаттың исі бес жүз жылдық
қашықтықтан сезіледі. Ата-анасын ренжіткендер
мен туыстарымен ара-қатынасын үзгендер бұл исті
сезе алмайды»
(Табарани)
Дұға: «Алла тағала бізді лайым нәпсілерін аштықпен
тәрбиелеген, қайғы-мұңнан арылған, жазадан
құтылып, сырат көпірінен есен-аман өткендерден
етсін»
Мақал: «Ата-ананың ақылы,
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы,
Сарқылмайтын көлмен тең»
~~ 1 қыркүйек ~~
Аят: «Рамазан айы – адамзатты тура жолға
бастаушы, айқын дәлелдерді һәм ақиқат пен
жалғанның ара-жігін ажырататын өлшемдерді
қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше
ай»
(Бақара сүресі, 185)
Хадис: «Кімде-кім терең иманмен, сауабын
Алладан үміт ете отырып, Рамазан оразасын
ұстаса, өткен күнәлары кешіріледі»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Осы күнгі ұстаған ора
замды шынайы ораза ұстағандардың оразасынан
болуын нәсіп ет және құлшылығымды шынайы
құлшылық еткендердің құлшылығы сияқты қыл»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Үмітсіздік – шайтанның ісі»
~~ 2 қыркүйек ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Өздеріңнен бұрынғыларға
парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз
етілді. Бәлкім, сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп),
күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер»
(Бақара сүресі, 183)
Хадис: «Ораза – тозақ отынан қалқан. Қайсыбірің
ораза ұстаған күні жаман сөз сөйлемесін және ұрыс-
керіс шығармасын. Ал егер бір кісі оған соқтықса
немесе балағаттаса, «Мен оразамын» деп айтсын»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бұл күннің берекетінен
нәсібімді мол қыл; жақсылықтарыңа жету жолымды
жеңілдет; жақсы амалдарыңның қабыл болуынан
мені құр қалдырма»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Ұрыс ырысты қашырар,
Ынтымақ халықты асырар»
~~ 3 қыркүйек ~~
Аят: Араларыңнан кімде-кім Рамазан айына
аман-есен жетсе, оны ораза ұстап өткізсін. Ал
кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп
ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа
уақытта ұстасын»
(Бақара сүресі, 185)
Хадис: «Аузы берік адамның аузынан шыққан иіс
Алла тағаланың құзырында хош иісті мисктен де
жағымды»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Ораза ұстағандар Өзіңнің
разылығың үшін ораза ұстады. Құлшылық үшін
түнде тұрғандар Өзің үшін тұрды. Уа, Алла
тағалам! Өзіңнің разылығыңды көздеп жасаған
азын-аулақ құлшылықтарымызды кемшіліктеріне
қарамастан қабыл еткейсің»
Мақал: «Жаманның сөзі көңіл қалдырғандай,
Жақсының сөзі мейір қандырғандай»
~~ 4 қыркүйек ~~
Аят: «Таңның ақ жібін түннің қара жібінен
ажыратқанға (таңның бейне бір ақ жіптей
ағарып, қылаң бере бастағанын көргенге) дейін
жеп-ішіңдер. Содан кейін күн ұясына батып,
ымырт түскенге дейін оразаны толық ұстаңдар»
(Бақара сүресі, 187)
Хадис: «Ораза ұстаған адамның екі үлкен
қуанышты сәті бар. Бірі ауыз ашқан уақыты,
екіншісі болса, Раббысына қауышқан сәті»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңнің разылығың үшін
ораза ұстадым. Кемшіліктеріне кешіріммен
қарағайсың!»
Мақал: «Ас – адамның арқауы»
~~ 5 қыркүйек ~~
Аят: «Ол күні адамдар (дүниеде жасаған
тірліктерінің) ақырын көру үшін мазарларынан
жеке-жеке топтарға бөлініп шығады»
(Зілзала сүресі, 6)
Хадис: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман
келтірсе, көршісіне жақсылық жасасын (зәбір
көрсетпесін)»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббым! Өз кеңшілігіңмен тура
жолға салған жүрегімізді қайта адасудан сақта.
Жамандықтарды бізден кетіріп, алыстата гөр!»
(Мәуләна)
Мақал: «Адал көршісі бар – алаңсыз ұйықтайды»
~~ 6 қыркүйек ~~
Аят: «Егер Алланың нығметін санайтын
болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар.
Расында, Алла (қанша күнә жасаса да
тәубесіне келген құлдарына) өте кешірімді,
ерекше мейірімді»
(Нәхл сүресі, 18)
Хадис: «Еркін өмір сүруің үшін қарызыңды
азайт»
(Бәйһаки)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Қарызға батудан һәм
аштықтан Өзіңе сиынамын. Расында аштық
нендей қиын»
Мақал: «Қарыз,
Қарызды қайтару – парыз»
~~ 7 қыркүйек ~~
Аят: «Алладан кешірім тіле. Өйткені Алла өте
кешірімді, (әсіресе мүмін құлдарына) ерекше
мейірімді»
(Ниса сүресі, 106)
Хадис: «Рамазан айында жәннат есіктері ашылып,
жәһаннам есіктері жабылып, шайтандар
бұғауланады»
(Нәсәи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Өзіңнің разылығың
үшін ораза ұстадым, Өзіңе иман еттім, Өзіңе
сенім арттым, Өзіңнің ризығыңмен оразамды
аштым. Рамазан айының ертеңгі оразасына
да ниет еттім. Менің өткен және болашақтағы
күнәларымды кешіргейсің!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Сөзшең едім деп өсекшіл болма,
Ақылды едім деп жетекшіл болма»
~~ 8 қыркүйек ~~
Аят: «Иман етіп, (сол иманның арқасында өздерінің
һәм өзгелердің жақсылығы үшін) игілікті істер
істегендердің құлшылықтары мен
дұға-мінәжаттарын қабыл алады. Сөйтіп, Өзінің
шексіз шарапатымен олардың сауабын арттырады.
Ал кәпірлерге келсек, олар үшін қатты азап бар»
(Шура сүресі, 26)
Хадис: «Рамазан айы келгенде, «Жақсылық иелері,
жақсылыққа ұмтылыңдар! Жамандық иелері,
жамандықтан бас тартыңдар!» деп айтылады»
(Нәсәи)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Сенің құлдарыңа деген
махаббатың мен сүйіспеншілігің болмаса әрі Сені
еске алуымыз болмаса бұ дүниенің қызығы
болмайды, жүректердің хошы келмейді. Бізді
қисапсыз ризықтарыңа бөлегейсің!»
(Имам Зәйнул Абидин)
Мақал: «Жақсыны жақтай жүр,
Жаманды жасқай жүр»
~~ 9 қыркүйек ~~
Аят: «Егер олар тиісінше иман келтіріп, Аллаға
шын жүректен тағзым етіп, (сиқыр сынды) харам
нәрселерден бойларын аулақ ұстағанда ғой
(әлі де солай істесе ғой)! Сонда Алланың оларға
берер сауабы бәрінен де қайырлы болар еді.
Әттең, олар осыны білсе ғой!»
(Бақара сүресі, 103)
Хадис: «Әрбір нәрсенің бір есігі бар.
Құлшылықтың есігі – ораза»
(Китабу әз-Зуһд)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Біз тек Саған ғана
құлшылық етіп, Сен үшін намаз оқып,
Саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып,
разылығыңа жету үшін жігерленіп, қайраттанып
алға ұмтыламыз»
Мақал: «Тек жүргенше тегін істе»
~~ 10 қыркүйек ~~
Аят: «Шүбәсіз, жердегі және көктегі бірде-бір
нәрсе Алладан жасырын қала алмайды»
(Әли Имран сүресі, 5)
Хадис: «Аллаға иман еттім» деп айт. Сосын
турашылдықтан айныма»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, жәрдем сұрағандардың жәрдемшісі!
Бізді тура жолға сала гөр. Дұғада һәм
құлшылықта Өзіңе лайық болмаған сөздерді
білместікпен айтып, қателік жасасақ, ол
сөздерімізді Өзің дұрыстай гөр әрі дұғамызды
қабыл ет»
(Мәулана)
Мақал: «Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ»
~~ 11 қыркүйек ~~
Аят: «Әрдайым тәубе етіп, күнәларынан арылушы
ларды, Аллаға жан-тәнімен құлшылық етушілерді,
Раббыларына мадақ айтып, шүкіршілік етушілерді,
Алла жолында сапар шегушілерді, Алланың алдын
да иіліп рукуғ етушілерді, Аллаға сәжде етушілерді,
елге жақсылықты бұйырып, жамандықтан
тыюшыларды және Алланың белгілеген үкімдеріне
толық бағынатындар бар ғой, (уа, Мұхаммед), міне,
сондай шынайы мүміндерді сүйіншіле!»
(Тәубе сүресі, 112)
Хадис: «Тазалық – иманның жартысы»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге күнәлардан
тазартатын терең тәубе нәсіп ет. Сол арқылы Өзіңе
жақын болған пенделеріңнің дәрежесіне жеткізе
гөр. Барлық ризықтардың һәм жақсылардың иесі
Сенсің»
(Омар ибн Зәрр)
Мақал: «Бетің былғанса, су тазалайды,
Арың былғанса, не тазалайды?!»
~~ 12 қыркүйек ~~
Аят: «Аллаға һәм расулына бағыныңдар. Сонда
(екі дүниеде де) мейірімге бөленесіңдер»
(Әли Имран сүресі, 132)
Хадис: «Қайсыбірің мешітке кірер болсаңдар,
екі рәкәт намаз (тәхиәтуль мәсжид) оқымай
отырмаңдар»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Дұшпандарыңның
өшпенділігін арттырғаныңдай, Өзіңе деген
тақуалығымызды арттырғайсың. Өзіңе сәжде
ететін жүзімізді тозақ отынан сақта»
(Абдулағла Құраши)
Мақал: «Басы ауырып, балтыры сыздамағанның
Тәңірменен ісі жоқ»
~~ 13 қыркүйек ~~
Аят: «Сондай-ақ, адамдар арасында Алла
разылығына бөлену үшін шыбын жанын
қиятындар да бар. Алла құлдарына өте жанашыр,
мейірбан»
(Бақара сүресі, 207)
Хадис: «Амалдардың ең ардақтысы – Алла үшін
сүйіп, Алла үшін жақсы көре білуі»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Ұлы есіміңді, хақ сөзіңді
һәм ұлық дінің исламды дүниенің төрт тарапына
жайғайсың! Біздің және дүниедегі барлық
құлдарыңның жүректеріне иман сыйла һәм
аңсарымызды исламға, Құранға һәм жақсылыққа
аша гөр!»
Мақал: «Сүйген іс сүйкімді»
~~ 14 қыркүйек ~~
Аят: «Сонда Алла былай дейді: “Бұл күн
турашылдардың шын сөзі өздерінің пайдасына
жарайтын ұлы күн. Олар үшін (жайқалған жасыл
бауларының арасынан және зәулім сарайларының)
іргесінен өзендер ағып жататын жаннат бақшалары
бар. Олар сонда мәңгі-бақи мекендеп, бақытты
ғұмыр кешеді. Алла олардан разы, олар да Аллаға
дән риза. Ең үлкен жетістік, ең зор табыс міне, осы”»
(Маида сүресі, 119)
Хадис: «Кісінің парыз намазынан басқа ең қайырлы
намазы үйінде оқыған намазы»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Ісімнің соңы қайырлы
амалмен бітуін сұраймын. Уа, Раббым! Өзіңнің
разылығыңа жетуді һәм жәннатыңның биік
дәрежелерін сұраймын»
(Хазірет Әбу Бәкір (р.а.))
Мақал: «Жақсының жақсылығын айт,
Нұры тасысын»
~~ 15 қыркүйек ~~
Аят: «Сонымен қатар: «Ақиқат (хақ дін)
келді, жалған (құдайлар мен діндер)
ізім-қайым жоғалды. Расында, жалған
баянсыз келеді», – деп жар сал»
(Исра сүресі, 81)
Хадис: «Бізді алдаған – бізден емес»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Жаратқан иеміз! Күнәларымыз
бен қателіктерімізді кешіріп, бізді дін
жолында табанды ете гөр!»
Мақал: «Өтірік өрге басқызбас»
~~ 16 қыркүйек ~~
Аят: «Иман етіп, (имандылық талабына
сай өздерін һәм қоғамды кемелдікке
жетелейтін) игі істер істегендердің
(нәпсіге бойалдырып, пенделікпен
істеген) күнә-қателіктерін өшіреміз де,
оларды істеген игі істерінің ең жақсысын
назарға ала отырып, сый-сыяпатқа
бөлейміз»
(Әнкәбут сүресі, 7)
Хадис: «Зиян тигізуге болмайды, зиян
жасағанға зиянмен есе қайтаруға да
болмайды»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Раббым! Ақ киімді кірден
тазартқаның секілді мені қателіктерімнен
тазарта гөр!»
Мақал: «Таспен атқанды аспен ат»
~~ 17 қыркүйек ~~
Аят: «Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының
дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан
һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса, шүбәсіз,
оның ақыр соңында барып паналайтын жері –
жаннат болмақ!»
(Назиғат сүресі, 40-41)
Хадис: «Кісінің өзіне қатысы жоқ нәрсені тастауы,
оның жақсы мұсылмандығының дәлелі»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге берген
ризықтарыңның санына жете алмаймыз. Өйткені,
Сен Өзің былай дегенсің: “Алла тағаланың сендерге
берген нығметтерін санасаңдар, әлбетте, санына
жете алмайсыңдар”»
(Ибраһим сүресі, 34)
Мақал: «Өз үйіңде отыңды жақ,
Кісі үйінде аузыңды бақ»
~~ 18 қыркүйек ~~
Аят: «(Уа, Мұхаммед!): Сен сонда да кешірімді бол,
жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істегін.
Ондай надандардан сырт айнал, олардың қылықтары
мен сөздерін көңіліңе алма, (наданмен надан болма)»
(Ағраф сүресі, 199)
Хадис: «Мұсылман – тілімен һәм қолымен адамдарға
зәбір бермеген адам. Әрі одан адамдардың
дүние-мүлкі мен мал-жаны амандықта болған адам»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, есепсіз нығметтердің иесі Алла тағалам!
Жүрек көзімді Өзіңнің құдірет бақшаларыңды тамаша
лаушы ете гөр! Ерік-жігерімді Өзіңнің жомарттығыңа
бағынышты ете гөр! Уа, жүрегімді нұрландырушы,
қалауымның түпкі мақсаты болған Раббым! Әрдайым
өзіңнің жолыңда қызмет етуімді әрі Өзіңнің
разылығыңды іздеуші болуымды нәсіп ете гөр!»
(Арифа Зәхра)
Мақал: «Жақсының белгісі –
Кексіз болады.
Жаманның белгісі –
Тексіз болады»
~~ 19 қыркүйек ~~
Аят: «Ал кімде-кім істеген қиянатынан кейін
тәубеге келіп, толық түзелсе, шүбәсіз, Алла
оның тәубесін қабыл алады. Өйткені, Алла өте
кешірімді, (әсіресе тәубеге келіп, Өзіне бет
бұрған құлдарына) ерекше мейірімді»
(Мәида сүресі, 39)
Хадис: «Ұлы Раббымыз өз ісін толық һәм жақсы
жасағандарыңа разы болады»
(Бәйһаки)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мен тәубе еттім.
Тәубемді қабыл ете гөр!»
(Мұхаммед ибн Уаси)
Мақал: «Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі,
Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі»
~~ 20 қыркүйек ~~
Аят: «Сонымен қатар, Ол (Алла тағала)
құлдарының шынайы тәубесін қабыл алады және
жамандықтарды біржолата кешеді, сондай-ақ, Ол
не істеп, не қойып жүргендеріңді жақсы біледі»
(Шура сүресі, 25)
Хадис: «Рамазан – берекет айы. Алла бұл айда
күнәларды кешіріп, дұғаларды қабыл етеді»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Осы күнгі ұстайтын
оразамды кемшіліксіз атқаруыма маған жәрдем
ет. Мені күнәларымнан алыстат. Әрбір сәтімді
Өзіңді еске алумен өткізуді маған нәсіп еткейсің»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Ырысқа қарап ұл өсер,
Қонысқа қарап мал өсер»
~~ 21 қыркүйек ~~
Аят: «Алла – иман еткендердің жанашыр досы,
қамқоршысы һәм қорғаны, оларды тас қараңғы
түнектерден жарық нұрға шығарады. Ал күпірлік
қылғандарға келсек, олардың достары тағұт (жалған
құдайлар һәм жоқ жерден дін ойлап тауып, ел-жұртты
соған үгіттеуші зұлым күштер), олар кәпірлерді жарық
нұрдан шығарып, тас қараңғы түнектерге кіргізеді.
Олар – тозақтықтар. Олар сонда мәңгі-бақи қалады»
(Бақара сүресі, 257)
Хадис: «Алла жолында бір-бірін жақсы көргендер,
Аршының көлеңкесінен басқа көлеңке жоқ күнде,
арштың көлеңкесінде болады»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Дүниеде һәм ақыретте Өзіңе
қауышуымызды нәсіп еткейсің. Жақындығың мен
Жамалыңды тамашалаудың дәмін татқызғайсың. Бізді
Өзіңнен басқаның бәрін тәрк етіп, жалғыз Өзіңмен
ғана жаны жай табатындардан ете гөр!»
(Абдулқадир-и Гәйлани)
Мақал: «Берекелі тоғайда,
Басын иіп тал тұрар.
Берекелі ауылда,
Ақылы дана шал тұрар»
~~ 22 қыркүйек ~~
Аят: «Расында, түн мен күннің алма-кезек ауысып,
ұзарып-қысқаруында һәм Алланың күллі аспан
әлемі мен Жер бетінде жаратқан әрбір жаратылыс
пен құбылыста Раббыларына қарсы келуден
қорқатын тақуа жандар үшін (Алланың шексіз
құдіреті мен билігін көрсететін) көптеген ғибрат
аларлық белгілер мен дәлелдер бар»
(Юнус сүресі, 6)
Хадис: «Алладан қорқып жылаған көз тозаққа
күймейді»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, бізді жаратқан һәм ризығымызды
берген Раббымыз! Біздің қате-кемшіліктерімізді
бетімізге баса көрме. Өзің кешіргейсің!»
(Фаридуддин Аттар)
Мақал: «Құдайдан қорықпағаннан қорық»
~~ 23 қыркүйек ~~
Аят: «Иә, олар иман етіп, көптеген игі іс істеді.
Олар қандай бақытты! Ақырында баратын ең
керемет мекен де соларға тән!»
(Рағыд сүресі, 29)
Хадис: «Рамазан келген кезде Алла тағала
періштелерге «Мүминдер үшін кешірім
сұраңдар» деп әмір етеді»
(Дәйләми)
Дұға: «Уа, Раббым! Сенен Өзіңе кішіпейілділік
танытып, мойұсынған құлдарыңның тәубесін,
тәубе жасаушылардың ықыласын, Өзіңе шүкір
етушілердің сабырын һәм сүйікті құлдарыңның
құтылуын сұраймын»
(Талқ ибн Хабиб)
Мақал: «Жақсының шарапаты көпке тиер,
Желдің самалы бетке тиер»
~~ 24 қыркүйек ~~
Аят: «Уа, адамдар! Раббыларыңа асылық қылып,
қаһарына ұшыраудан сақтаныңдар! (Біліп
қойыңдар!) Қиямет күнінің зілзаласы, расында да,
өте алапат құбылыс»
(Хаж сүресі, 1)
Хадис: «Кімде-кім бір кедейге жеңілдік көрсетсе,
Алла да оған дүние-ақыретте жеңілдік көрсетеді»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Жаратушы ием! Барлық қателіктерімді
мойындап, Өзіңнің құзырыңа келіп тұрмын. Мені
кешіруіңді сұраймын»
(Сади Ширази)
Мақал: «Берекелі ауылдың бейнеті – мейрам»
~~ 25 қыркүйек ~~
Аят: «Ал сонау ақиреттегі мәңгілік бақыт мекеніне
келсек, оны жер бетінде (молшылықты көтере
алмай) асып-тасуды һәм бүліншілік шығаруды
қаламайтындарға нәсіп етеміз. Ақырғы жетістік –
Алланы лайықты түрде ұлықтайтын әрі азабынан
сақтанатын тақуа жандарға тиесілі»
(Қасас сүресі, 83)
Хадис: «Қай жерде жұмсақтық болатын болса, ол
жер мадақталады, ал жұмсақтық болмаған жер
қашан да датталады»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңнен қайтпас берік иман,
түгесілмес ризық һәм Хулд жәннатының ең биік
дәрежелерінде сүйікті пайғамбарыңмен бірге
болуды сұраймын»
(Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.))
Мақал: «Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар»
~~ 26 қыркүйек ~~
Аят: «Қадір түні – мың айдан да артық әрі қадірлі. Ол
түні періштелер мен Рух Раббыларының рұқсатымен
алуан түрлі іс жасауға түскен үстіне түсе береді.
(Әсіресе, ықыласты құлшылықпен ояу өткізгендер
үшін) ол түн мейірім мен амандық ішінде. Таң
бозарып атқанға дейін»
(Қадыр сүресі, 3-5)
Хадис: «Бұл айда (рамазан) бір түн бар, мың айдан да
қайырлы. Ол түннің қайырынан құр қалғандар, әр
қайырдан құр қалған болады»
(Нәсәи)
Дұға: «Осы күні мені бейқамдықтың қалың ұйқысынан
тұрғыз, күнәмді кешір, уа, әлемдердің Раббысы! Мені
кешір, уа, күнәларды кешіруші Раббым!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Қадірліге халық үйір,
Терең суға балық үйір»
~~ 27 қыркүйек ~~
Аят: «Қандай да бір жақсылықты жария
істесеңдер де, жасырын істесеңдер де немесе
(өздеріңе істелген) жамандықты (есесін
қайтаруға шамаларың жете тұра) кешетін
болсаңдар, біліп қойыңдар, Алла (құлдарының
Өзіне қатысты жасаған күнәларының көбін
бірден кешетін) өте кешірімді, һәм (жазаға
лайық болған әрбір күнәһардың сазайын беруге
құдіреті толық жететін) өте құдіретті»
(Ниса сүресі, 149)
Хадис: «Мүминдер өзара бауырмал һәм бір-
біріне деген сүйіспеншілігі басым болады. Тіпті,
үйлері бөлек (бір-бірінен шалғайда) болса да»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Менің мұқтаждықтарым
көп. Өзіңнен басқа арқа сүйерім жоқ. Өзіңнен
жәрдем тілеймін. Кешіріміңді сұраймын»
Мақал: «Ағайын ащы, мал тұщы»
~~ 28 қыркүйек ~~
Аят: «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде
ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып
немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған
күндерін) басқа уақытта ұстасын»
(Бақара сүресі, 184)
Хадис: «Алла тағаланың ешбір көз-құлақ
естіп, білмеген һәм ешбір жанның қиялына
кіріп-шықпаған ризық толы дастарқаны – жалғыз
ораза ұстағандар үшін беріледі»
(Табарани)
Дұға: «Уа, ұлы Алла тағалам! Әрбір ісімізді Өзіңнің
разылығың үшін жасауымызды бізге нәсіп
қылғайсың. Бізді күмәнді нәрселерден алыстат. Сен
бізге жеткіліктісің»
(Ибн Халдун)
Мақал: «Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында»
~~ 29 қыркүйек ~~
Аят: «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы
оқыңдар және зекетті толық беріңдер. (Алланың
разылығына бөлену мақсатында) дүниеде өздерің
үшін қандай да бір жақсылық жасап, (ақиретке)
жолдасаңдар, сол Алланың алдына барғанда міндетті
түрде алдарыңнан шығады. Шүбәсіз, Алла сендердің
не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көруде»
(Бақара сүресі, 110)
Хадис: «Рамазан оразасы – парыз, ал, Тарауих намазы
болса – сүннет. Бұл айда ораза ұстап, түндерін
құлшылықпен өткізгендердің күнәлары кешіріледі»
(Нәсәи)
Дұға: «Рамазан айы көзді ашып-жұмғанша өтіп
кетті. Бұл айда жасаған құлшылықтарымыз һәм
дұға-тілектерімізді Жаратушы Жаббар ие қабыл етіп,
бізді мейіріміне бөлесін. Уа, кешірім һәм рақымдылық
айы қош бол!»
Мақал: «Жақсылық суға батпас,
Әйтеуір бір шығар, тегін жатпас»
~~ 30 қыркүйек ~~
Аят: «Ораза ұстайтын ерлер мен ораза ұстайтын
әйелдер; арын сақтап, абыройларын күнәдан тыйған
ерлер мен арын сақтап, абыройларын күнәдан тыйған
әйелдер; сондай-ақ, Алланы көп еске алатын ерлер
мен Алланы көп еске алатын әйелдер (бар ғой?!) Міне,
Алла осынау ізгі жандарға ерекше кешірім мен үлкен
сый-сыяпат дайындап қойды»
(Ахзап сүресі, 35)
Хадис: «...Бұл айдың Рамазан деп аталуының себебі,
күнәларды күйдіріп, еріткені үшін»
(Мансур)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бүгін бізге көктен бір
дастарқан түсіріп, біз үшін және бізден бұрынғылар
һәм кейін келетіндер үшін бір мереке ет. Өзіңнің
құдіретіңнен бір белгі болсын. Бізді ризықтандыр, Сен
ризық беретіндердің ең қайырлысысың»
(Хазірет Иса (а.с.))
Мақал: «Жақсы адам – ай мен күндей,
Көпке бірдей»
~~ 1 қазан ~~
Аят: «Нағыз тақуалар – кеңшілікте де, таршылықта
да Алла жолында садақа бергендер, (ашу қысқанда
өзін ашуландырған адамның сазайын беруге
шамасы жете тұрып) ашуын жеңе білгендер һәм
адамдарға кешірімді болғандар. Шүбәсіз, Алла (міне,
осындай) ізгі жандарды жақсы көреді»
(Әли Имран сүресі, 134)
Хадис: «Сауабын Алладан күтіп, екі мейрам (айт)
түнінде тұрып құлшылық қылған адамның жүрегі –
жүректердің өлген күні өлмейді»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бұл мейрамды (айт күні)
жанұям, дос-жолдасым, алыс-жақын туыстарым үшін
жақсылықтарға себепші қылғайсың. Бұл күндерді
мейрам етуіңнің астарында қандай жақсылықтар
бар болған болса, бізді соған жеткізгейсің»
Мақал: «Мезгілінде жүрмесең,
мерзімді жерге жетпейсің»
~~ 2 қазан ~~
Аят: «Міне, солар иман еткен әрі Алланы еске алу
арқылы жүректері жай табатын ізгі жандар. Ен
деше, біліп қойыңдар! Жүректер Алланы еске алу
арқылы ғана жай тауып, толық қанағаттанады!»
(Рағыд сүресі, 28)
Хадис: «Мейрамдарыңды тәкбір айтып (Алланы
ұлықтап) безендіріңдер»
(әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бұл күнде жетімдерге
мейірім көрсетуді, кедейлердің қарнын
тойғызуды, кезіккен бүкіл адамдарға сәлем беруді
және қадірлі кісілермен болуды маған нәсіп
еткейсің»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Жартыны жарып жеген –
татулықтың белгісі»
~~ 3 қазан ~~
Аят: «Міне, солар иман еткен әрі Алланы
еске алу арқылы жүректері жай табатын ізгі
жандар. Ендеше, біліп қойыңдар! Жүректер
Алланы еске алу арқылы ғана жай тауып, толық
қанағаттанады!»
(Рағыд сүресі, 28)
Хадис: «Әр нәрсенің бір жолы бар. Ал,
жәннаттың жолы – білім»
(Дәйләми)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге разы болмасаң
да бізді Өз кеңшілігіңмен кешіргейсің. Өйткені,
Сен аса кешірімдісің»
(Мутарриф ибн Абдуллаһ)
Мақал: «Білімді мың жасайды,
Білімсіз құр жасайды»
~~ 4 қазан ~~
Аят: «Алланы еске алуда жүректері қатайған
пенделерге қандай өкініш. Олар ашық адасуда»
(Зүмәр сүресі, 22)
Хадис: «Адамдарға жамандық жасап қоюдан бойыңды
аулақ ұста. Расында, бұл сен үшін бір садақа»
(Ибн Әби әд-Дүния)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Өзіңе деген сенімім арқылы
жүрегіме тыныштық ұялат. Барлық ойларымды
Өзіңнің разылығыңның төңірегінде болуын нәсіп ет.
Өзіңнен үмітімді үзбеймін!»
(Укалаул Мәжанинден)
Мақал: «Жамандықты көп қуған,
Бір пәлеге жолығар.
Жақсылықты көп қуған,
Бақ-дәулетке жолығар»
~~ 5 қазан ~~
Аят: «Олар Алланың уәдесін орындағандар, әрі
серттерін бұзбағандар. Олар Алланың
жалғастыруды әмір еткенін (туысқандық
байланысты) жалғастырып, Раббыларынан қорқа
отырып, есебінің жаман болуынан қауіптенгендер»
(Рағыд сүресі, 20-21)
Хадис: «Мүмин мүминді сыртынан қорғаштайды»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Түсірген (кітабыңа) иман
келтірдік және елшіңнің соңынан ердік. Бізді (Өзің
түсірген кітаптың, жіберген елшіңнің хақ екендігіне)
куә болушылардың қатарына жазғайсың»
(Али Имран сүресі, 53)
Мақал: «Болар елдің баласы бірін-бірі
батыр дейді,
Болмас елдің баласы бірін-бірі
қатын дейді»
~~ 6 қазан ~~
Аят: «(Уа, Мұхаммед!) Біз саған айдан
анық аяттар түсірдік. Ол аяттарды Аллаға
қарсы келіп, асы болған күнәһарлар ғана
мойындамайды»
(Бақара сүресі, 99)
Хадис: «Құранды оқып әрі оны
жаттағандарға құрмет көрсетіңдер. Оларға
құрмет көрсеткен – маған құрмет еткен
болады»
(Дәйлами)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Халқымның және
мемлекетімнің құт-берекесін арттыр!»
Мақал: «Көзі соқырдан көкірегі соқыр
жаман»
~~ 7 қазан ~~
Аят: «Егер Алланың сендерге деген шексіз
шарапаты мен мейірімі болмағанда, егер Ал
ла тәубелерді қабыл етуші һәм әр ісі, әр үкімі
көптеген хикметтерге негізделген асқан дана
болмағанда, көрген күндерің не болар еді?!»
(Нұр сүресі, 10)
Хадис: «Мұсылманның діндес бауырын өзінен
төмен санауы – оған күнә ретінде жеткілікті»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Жүрегімде Өзіңнен
басқа барлық ойды, зікірді жоқ ете гөр!»
(Жүнәйди Бағдади)
Мақал: «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің»
~~ 8 қазан ~~
Аят: «Тірідей көмілген балаларыңа «Қандай
кінәларың бар еді, нендей күнә үшін
өлтірілдіңдер?», – деп сұралғанда…»
(Такуир сүресі, 8-9)
Хадис: «Кішіге мейірім, үлкенге құрмет
көрсетпеген бізден емес»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені ізгілердің, өзі де,
сөзі де дұрыс болғандардан ете гөр һәм мені
зиянкестерден ете көрме»
(Әбу Дәрда (р.а.))
Мақал: «Үлкенге – құрмет,
Кішіге – ізет
~~ 9 қазан ~~
Аят: «Егер олар Аллаға, пайғамбарға және оған
түсірілген Құранға иман келтірген болса, оларды
дос тұтпас еді. Бірақ олардың көбісі бұзақылар»
(әл-Мәида сүресі, 81)
Хадис: «Әркім қиямет күні сүйген адамымен
бірге болады»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Ең ұлық есіміңнің құрметіне
Өзіңнен сұраймын. Мені түнгі һәм күндізгі
уақыттарымды Өзіңді еске алумен күшейте гөр
әрі мені Өзіңнің қызметіңде ұста»
(Хазірет Әли (р.а.))
Мақал: «Сүйгеніңді іздесең,
Жел оңынан тұрар»
~~ 10 қазан ~~
Аят: «Егер үкім шығарсаң, әділдікпен үкім
ет»
(Мәида сүресі, 42)
Хадис: «Кісі күмәнді нәрселерді
тастамайынша, шынайы тақуалыққа жете
алмайды»
(Тирмизи)
Дұға: «Қиыншылықта да, жайшылықта да
еске алынып, алғыс етілетін ұлы Аллаға
сансыз шүкір айтамыз!»
(Хазірет Фатима (р.анһа))
Мақал: «Тек жүрсең, тоқ жүрерсің»
~~ 11 қазан ~~
Аят: «Аспан әлемі мен жердегі жаратылыс
біткеннің бәрі (“Сен мінсізсің!” – деп), Алланы
ұлықтайды! Ол – Азиз (бәрінен үстем әрі
ұлы), Хаким (әр ісі мен әр үкімі көптеген
хикметтерге негізделген теңдессіз даналық
иесі)»
(Хадид сүресі, 1)
Хадис: «Хикмет – мүминнің жоғалтқан нәрсесі.
Оны қайдан тапса, дереу алсын»
(Тирмизи)
Дұға: «Ұлы Алла тағалам! Сенің қалауыңмен
болған әрбір іс көркем»
Мақал: «Даналық сөз дау шешер»
~~ 12 қазан ~~
Аят: «Күллі аспан әлемі мен жердің тылсымын һәм
ондағы болашаққа қатысты сырларды білу бір
Аллаға ғана тән. Ал (сол ғайыптың бірі болған)
қиямет қас қағым сәтте, тіпті, одан да аз уақытта
орнайды. Расында, Алла барлық нәрсеге толық
құдіретті»
(Нәхл сүресі, 77)
Хадис: «Менің дүниемен байланысым – бір
ағаштың астында отырып демін алғаннан кейін
тұрып, әрі қарай кеткен бір жолаушының
жағдайы сияқты»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Мен күнәларым үшін Өзіңнен
кешірім сұраймын. Раббым сен менің амалыма
ешқандай да мұқтаж емессің, мен болсам есепсіз
күнәларым бар. Саған соншалықты мұқтажбын!»
(Салих әл-Мәрри)
Мақал: «Дүние – фәни,
Ақырет – бақи»
~~ 13 қазан ~~
Аят: «Қандай да бір іске бел буғаныңда: «Мен оны
ертең (міндетті түрде) істеймін», – деп айтушы
болма. Тек «иншалла (Алла қаласа немесе
бұйырса), істеймін», – деп айт. Олай айтуды
ұмытып кеткеніңде, (есіңе түсе салысымен) бірден
Раббыңды есіңе ал әрі: «Раббым маған туралыққа
ең жақын болған істі аз ғана уақыт ішінде істеуді
нәсіп етер деп үміт етемін», – дегін»
(Кәһф сүресі, 23-24)
Хадис: «Ассалаумағалейкум, момындар мен
мұсылман қауымы! Алла қаласа, біз де сіздерге
қосыламыз. Сіздерге және өзімізге Алла тағаладан
амандық тілейміз»
Дұға: «Қабіріме соңғы кірпіш қойылып,
адамдардан үмітім үзілгенде және жарығым
біткенде Өзің маған жарық сыйла»
(Фәридуддин Аттар)
Мақал: «Жолаушы жол кеспейді»
~~ 14 қазан ~~
Аят: «Мал-пұлын Алла жолында сарп етіп,
соңынан бергенін міндетсінбейтіндердің және
(өзінен жәрдем алушыны) ренжітпейтіндердің
Раббыларының дәргейінде алатын мол сауабы бар.
Олар үшін (әсіресе ақиретте) ешбір қорқыныш жоқ
һәм олар әсте мұңаймайды»
(Бақара сүресі, 262)
Хадис: «Ешбір жақсылықты азсынба. Тіпті,
бауырыңа жылы жүзбен қарауың болса да»
(Риаду әс-Салихин)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Жәннатқа талпынуым
лайықты дәрежеде емес, тозақтан сақтануым да өз
деңгейінде емес. Мені кешіре гөр. Еш күдіксіз Сен
уәдеңде тұрушысың»
(Муаз ибн Жәбәл (р.а.))
Мақал: «Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар»
~~ 15 қазан ~~
Аят: «Бұл (Құран) мүбәрак насихат…»
(Әнбия сүресі, 50)
Хадис: «Қайсыбіріңнің ойына мұсылман
бауырына пайдалы болатын бір ой-пікір келсе,
оны насихат етіп айтсын»
(Ибн Адий)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Сыртқы келбетімізді
көркем еткеніңдей жан дүниемізді де
көркемдей гөр!»
Мақал: «Ой түбінде алтын бар,
Ойлай берсең, табарсың.
Қанша ұзақ болғанмен,
Жүре берсең, барарсың»
~~ 16 қазан ~~
Аят: «Алайда сол күні (қыруар нығметке бөгіп)
қуаныштан бал-бұл жайнаған қуанышты жүздер де
бар. (Дүниеде ақиретке арнап) еткен еңбектерінің
нәтижесіне жеткеніне риза әрі мәз-мейрам»
(Ғашия сүресі, 8-9)
Хадис: «Екі нығмет бар, көптеген адамдар бағалай
алмайды. Ол – денсаулық пен бос уақыт»
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді адасқан һәм
адастырғандардан емес, тура жолда болып, тура
жолға бағыттаушылардан ете гөр. Саған құлшылық
жасағандарды Өзіңнің разылығың үшін сүйіп,
қасарысып, қарсы шыққандарға Өзіңнің разылығың
үшін дұшпандық көрсеткен құлдарыңның
қатарынан қылғайсың»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Қимас досың сұраса,
қимасыңды бересің»
~~ 17 қазан ~~
Аят: «Алла сендерге адал мен арамды, жақсы мен
жаманды ашық баяндауды, сендерді өздеріңнен
бұрын өткен ізгі жандардың сара жолына салуды
һәм күнәларыңнан арылтып, тәубелеріңді қабыл
етуді қалайды. Алла бәрін білетін шексіз ілім иесі,
(әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған)
асқан дана»
(Ниса сүресі, 26)
Хадис: «Нәпсіге бой алдырудан сақтаныңдар.
Өйткені, ол (адамды) шындыққа қарсы саңырау
һәм соқыр қылады»
(Жамиғу әс-Сағир)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізді ризықтандырып,
дұшпанға қарсы жәрдем бер әрі бізді дінге теріс
істерден алыс ете гөр. Бізді Өзің разы болмайтын
нәрселерден ұзақ ете гөр!»
(Абдулқадир Гәйлани)
Мақал: «Нәпсім – көкжал бөрідей,
Иманым – бағлан қозыдай»
(Шал ақын)
~~ 18 қазан ~~
Аят: «(Сый-сыяпат) күні мүмін ерлер мен мүмін
әйелдерді алдары мен оң жақтарында нұрлары
жарқыраған күйде жұмаққа қарай ынтыға адымдап
бара жатқанын көресің. Оларға: «Бүгін қуана
беріңдер! Міне, сендер үшін ішінде мәңгі-бақи
мекендейтін (жайқалған жасыл бауларының
арасымен және зәулім сарайларының) түбінде
өзендер ағып жататын жәннат бақшалары», –
делінеді. Зор жетістік, толайым табыс деген міне
осы!»
(Хадид сүресі, 12)
Хадис: «Есіл-дерті ақирет болған адамның жан
дүниесін Алла тағала бай қылады»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Өмірімнің қайырлы кезеңі –
өмірімнің соңы болуын, амалымның ең қайырлысы –
соңғы амалым болуын, ал күндерімнің ең қайырлысы
– Саған қауышатын күн болуын Өзіңнен тілеймін»
(Хазірет Әбу Бәкр (р.а.))
Мақал: «Жақсының жаны – жаннат»
~~ 19 қазан ~~
Аят: «(Біле білсеңдер), дүние – қу тіршілік, құр
ойын-күлкі мен уақытша сауық-сайран ғана.
Міне, сондықтан да, иман ететін һәм Аллаға
лайықты түрде тағзым етіп, алдында асылық
етуден сақтанатын болсаңдар, Алла (бір Өзінің
разылығын көздеп істеген) игі істеріңнің сауабын
толық береді. Сондай-ақ, Алла (хақ жолда
садақа-зекет беруге шақырғанда) сендерден
қолдарыңдағы мал-пұлдарыңның бәрін беруді
талап етпейді»
(Мұхаммед сүресі, 36)
Хадис: «Зікірдің қайырлысы – жасырын болғаны,
ризықтың қайырлысы (қажеттілікке) жеткені»
(Ибн Хиббан)
Дұға: «Раббым, кедейге жәрдем беріп, көңілін
табудан қашпауға һәм нәпсімнің алдында тізе
бүкпеуге жететіндей маған күш-қуат бере гөр!»
Мақал: «Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің»
~~ 20 қазан ~~
Аят: «Ол сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің
бәрін берді. Бергені соншалық, егер Алланың
нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте
жете алмайсыңдар. Шынында, адам баласы
рақыметі жоқ, өте опасыз келеді»
(Ибраһим сүресі, 34)
Хадис: «Садақалардың ең қайырлысы – берілген
адамның қажетіне жеткілікті болғаны»
(Нәсәи)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізді жаман мінездерден
қорға. Әрбір ісімізді шын көңіл, терең
ықыласпен жасауды нәсіп еткейсің»
Мақал: «Мың адам салған көпірді
бір адам бұзады,
Бір адамның жаққан отына
он адам жылынады»
~~ 21 қазан ~~
Аят: «Кімге қаласа, даналық береді. Ал кімге
даналық берілсе, оған көптеген игілік берілгені.
Бұны естілер ғана түсіне алады»
(Бақара сүресі, 269)
Хадис: «Зәһид адамды (дүниеге деген
қызығушылығын жеңе білген адам) көрсеңдер,
оған жақындаңдар. Өйткені, оның тұла бойынан
хикмет төгіліп тұрады»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Жаратушы ием! Өзіңнің қалауыңмен
болған әрбір іске разымын»
Мақал: «Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай.
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай»
~~ 22 қазан ~~
Аят: «Расында, Алла пенделерге зәредей
қиянат жасамайды. Алайда, адамдар
(Аллаға асылық қылу арқылы) өз-өздеріне
кесір жасайды»
(Юнус сүресі, 44)
Хадис: «“Егер де...” немесе “әттең...” сөзі
– шайтанды қуантатын істердің есігін
ашады»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені күнәһарлықтың,
қасарысудың қорлығынан шығарып,
мойынсұнушылықтың биігіне жеткіз»
(Ибраһим ибн Әдһәм)
Мақал: «Жаман ісінен көрмейді, кісіден
көреді»
~~ 23 қазан ~~
Аят: «Алланың рақымының белгілеріне
қара. Жер жүзі өлгеннен кейін оны қалай
жандандырды. Рас, Ол өлілерді тірілтеді, әр
нәрсеге күші толық жетеді»
(Рум сүресі, 50)
Хадис: «Кім ризығы көбейіп, ғұмырын ұзартуды
қаласа – туыстарымен аралассын»
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бұл жерлерді (біз
тұрған жер) Өзіңді еске алумен, ізгі һәм салих
құлдарың арқылы қиямет қайымға дейін
гүлдендіргейсің. Ризығымызды халалынан
бергейсің. Уа, Алла тағалам! Біздерді Өзіңнің
жолыңда бір-бірін сүйген, еске алған һәм
жақсы қарым-қатынаста болған құлдарыңнан
қылғайсың!»
(Исхақ Қазаруни)
Мақал: «Ырыздығыңды сұрап жеме, теріп же»
~~ 24 қазан ~~
Аят: «(О, Мұхаммед!) Шын мәнінде саған
Кәусарды бердік. Сондықтан да сен жаратқан
иең үшін ғибадат жаса, құрбан шал. Саған
өшігушінің өздері ұрпақсыз қалады»
(Кәусар сүресі)
Хадис: «Ислам дініне қол жеткізіп, жеткілікті
дәрежеде ризық берілген һәм осыған қанағат
қылған кісі – еш күмәнсіз құтылды»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Жаратушы ием! Мені харам еткен
нәрселеріңнен сақтап, адал еткен нәрселеріңе
көңілімді тоқ ете гөр. Өз кеңшілігіңе алып,
мені басқаларға мұқтаж ете гөрме!»
Мақал: «Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыздық жалғыз атын
сойдырар»
~~ 25 қазан ~~
Аят: «(Уа, мүміндер, сондай-ақ): «(Біз дін мәселесінде
кейіннен жағылған жасанды бояумен емес),
Алланың (күллі жаратылысты бояған сыры
кетпейтін табиғи Ислам) бояуы (мен боялғанбыз).
Алланың бояуынан артық бояу кімде бар? (яғни
Алланың дінінен артық қандай дін бар)? Міне,
сондықтан біз Аллаға ғана құлшылық етушілерміз»,
– деп айтыңдар»
(Бақара сүресі, 138)
Хадис: «Дұға – бір құлшылық. Алла тағала былай
дейді: Маған дұға етіңдер – сендерге жауап
берейін»
(Рамуз әл-Ахадис)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзімшілдігімнің кесірінен Өзіңе
жете алмаймын әрі нәпсімнен де қаша алмаймын.
Маған тура жолды көрсет, мен не істеймін?»
(Баязид Бистами)
Мақал: «Көңілі ояудың көзі ояу»
~~ 26 қазан ~~
Аят: «Ал иман етіп, игілікті істер істегендер
болса, (Алла) олардың қарымын толық
қайтарады»
(Әли Имран сүресі, 57)
Хадис: «Кедейлерді жақсы көріңдер және
оларға жақын болыңдар. Сендер оларды
сүйсеңдер, Алла да сендерді сүйеді»
(Рамуз әл-Ахадис)
Дұға: «Сен – досы болмағандардың досысың.
Осындай құрметке ие болу үшін маған
жәрдемдес»
(Низамул Мүлк)
Мақал: «Байлық мұрат емес, кедейлік ұят емес»
~~ 27 қазан ~~
Аят: «Міне, Раббыларың болған Алла осы.
Одан басқа құдай жоқ, Ол барлық нәрсенің
(жалғыз) жаратушысы. Ендеше, бір Өзіне
құлшылық етіңдер. Ол бәрін ретке келтіруші,
барлық нәрсенің тізгінін ұстаған (ұлы
Жаратушы)!»
(Әнғам сүресі, 102)
Хадис: «Не сұрасаң да тек Алладан сұра. Қашан
да жәрдемді Алладан сұра»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға
салғаннан кейін жүректерімізді ауытқытпа.
Бізге құзырыңнан бір рақымдылық сыйла. Еш
күмәнсіз, Сен көп сыйлаушысың»
(Әли Имран сүресі, 8)
Мақал: «Құдайсыз қурай да сынбайды»
~~ 28 қазан ~~
Аят: «Күллі аспан әлемінің, жердің және көк пен
жердің арасындағы барлық нәрсенің бар билігі мен
иелігі бір Өзіне ғана тән болған, қисапсыз нығмет
пен құт-берекенің қайнар көзі Алла қандай ұлы
десеңші! Қиямет сағаты жайлы нақты мәлімет те бір
Өзінің құзырында. Ақыр соңында бәрің де Алланың
құзырына қайтарыласыңдар»
(Зухруф сүресі, 85)
Хадис: «Кісінің тірі кезінде бір тиынды садақаға
беруі – өлгелі жатқанда жүз тиынды садақаға
бергенінен әлдеқайда қайырлы»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Өзінен басқа ешбір құдай жоқ Алла маған
жеткілікті. Ол Арштың иесі. Мен Оған тәуекел
етемін»
(Бәхр ибн Ханис)
Мақал: «Қайта қағар есігіңді қатты жаппа»
~~ 29 қазан ~~
Аят: «Сондай-ақ, олар Раббыларының (хақ дінге
деген) үндеуін қабыл алып, (Оған қалтқысыз
мойынсұнады). Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей
әрі уақытылы оқиды және барлық істерін өзара
кеңесе отырып істейді және өздеріне ризық
ретінде берген (мал-мүлік, күш-қуат, ақыл-парасат,
білім, т.с.с.) нығметтерімізден (міндет етпей) ізгілік
жолында жұмсайды»
(Шура сүресі, 38)
Хадис: «Бұл күні (айт күні) ең алғаш істейтін ісіміз –
намаз оқу»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені ықтиятпен үздіксіз намаз
оқитындардан ете гөр. Ұрпағымнан да осындай
адамдар шығар. Раббым! Дұғамды қабыл ал»
(Хазірет Ибраһим (а.с.))
Мақал: «Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді»
~~ 30 қазан ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! (Бастарыңа қандай
да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық
түскенде) сабыр ету әрі намаз оқу арқылы
(Алладан) жәрдем сұраңдар. Расында, Алла
сабырлылармен бірге»
(Бақара сүресі, 153)
Хадис: «Мұсылманның қандай да бір ісі
таңғаларлық. Қандай іс болмасын ол өзіне
жақсылық деп біледі. Егер бір жақсылыққа тап
келсе, Аллаға шүкіршілік айтады. Сол шүкір
айтқаны үшін оған Алладан жақсылық болады.
Ал егер бір қиындыққа ұшыраса, сабыр етеді.
Сол сабыр еткені үшін оған Алладан жақсылық
болады»
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сенен тағдырыңа разы
болуды һәм жәннатта Өзіңнің дидарыңды
көруді сұраймын»
(Фудал ибн Убәйд (р.а.))
Мақал: «Қазаға – сабыр жолдас»
~~ 31 қазан ~~
Аят: «Сөйтіп, оған: «Кітабыңды оқы!
Бүгін жауапқа тартушы ретінде өз-өзіңе
жеткіліктісің», – дейміз»
(Исра сүресі, 14)
Хадис: «Кімде-кім Құранды алдына
алса (бағаласа, амал етсе) – Құран оны
жәннатқа жетелейді. Ал, кім оны артына
тастаса (бағаламай, қор етсе) – Құран оны
жәһаннамға сүйрейді»
(Рамуз әл-Әхадис)
Дұға: «Раббым! Мен патша болсам да, батыр
болсам да, Өзіңнің алдыңда пана іздеген
бір мүсәпірмін. Қаншалықты көп болса да,
амалдарымнан ешбір пайда жоқ. Тек Өзіңнің
кеңшілігің болмаса»
(Ғазнали Махмуд)
Мақал: «Қолда барда алтынның қадірі жоқ»
~~ 1 қараша ~~
Аят: «Анығында, нағыз Раззәқ (яғни, күллі
жаратылыс атаулының ризығын беруші) – Ол
құдіретті күш иесі Алла!»
(Зариат сүресі, 58)
Хадис: «Сарандықтан қашыңдар. Өйткені,
сарандық сендерден бұрынғыларды құрдымға
кетірген. Олардың бір-бірлерінің қандарын
төгуге, харамды халал санауларына себепші
болған»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзіңе қауышуды маған сүйікті
ет. Мен Саған қауышуды қалаймын»
(Әбу Хұрайра (р.а.))
Мақал: «Жомарт жоқтығын,
Жүйрік тоқтығын елемейді»
~~ 2 қараша ~~
Аят: «Олар тозақтың алдына келтірілгенде:
«Шіркін, дүниеге кері қайтарылсақ қой! Сөйтіп,
Раббымыздың (ақиқатты анық көрсететін) аятта
рын мойындап, біз де (оған кәміл сенетін) мүмін
болғанда!», – деп, аһ ұрғандарын көрсең ғой»
(Әнғам сүресі, 27)
Хадис: «Бір адамның киіміне Алла жолында
жүріп жұққан шаң-тозаң мен тозақтың түтіні
ешқашан бір жерде болмайды»
(Тирмизи)
Дұға: «Алла тағаладан бізді қорғауын һәм
қорғауынан бір сәтке болса тастамауын,
құзырына барғанымызда жүзіміздің жарық
болуын нәсіп етсін деп тілеймін»
(Мұхаммед Шәнауи)
Мақал: «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды»
~~ 3 қараша ~~
Аят: «Ендеше, сендер Мені әрдайым жад етіңдер
(яғни, әрдайым құлшылық етіп, еске алыңдар),
сонда Мен де сендерді жадымда ұстаймын.
Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпіршілік
қылмаңдар (яғни, алғысы жоқ, жақсылықтың
қадірін білмейтін кісінің ісін істемеңдер)»
(Бақара сүресі, 152)
Хадис: «Мүмин адам – сәлем беруде шапшаң
келеді. Ал, мұнафық болса, “алдымен өзі берсін”
деп сазарып тұрады»
(Рамуз әл-Ахадис)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені Өзіңді,
періштелеріңді, елшілеріңді әрі салих
құлдарыңды жақсы көргендермен бірге қыл.
Мені Өзіңе, періштелеріңе, елшілеріңе әрі салих
құлдарыңа сүйгіз»
(Абдуллаһ ибн Омар (р.а.))
Мақал: «Берсең аласың, ексең орасың»
~~ 4 қараша ~~
Аят: «Тынығып дамылдауларың үшін түнді, айналаны
еркін көріп, тіршілік етулерің үшін күндізді жарық
қылып жаратқан Алла. Әлбетте, мұнда (аяттарға)
құлақ асатын қауым үшін көптеген ғибратты
дәлелдер бар»
(Юнус сүресі, 67)
Хадис: «Зұлымдық көрген адамның дұғасынан
сақтаныңдар. Өйткені, (оның дұғасының қабыл
болуы) ұшқынның жылдамдығындай болады»
(Кәнзул Ирфан)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Маған және ата-анама
берген нығметтерің үшін Өзіңе шүкіршілік етуді
көкейіме салғайсың. Өзің разы болатын істер
істеуімді һәм салихалы пенделеріңнің қасына қоса
гөр!»
Мақал: «Ашу сиықты бұзады,
Ақыл биікті бұзады»
~~ 5 қараша ~~
Аят: «Рахманның хас
құлдары жер бетінде
сыпайылықтың шегінен
аспайтын жандар. Оларға
жөн білмес надандар тіл
қатқанда, (наданмен надан
болмай) оларға: «Аман
болыңдар!», – деп, өз
жөніне кете барады»
(Фурқан сүресі, 63)
Хадис: «Алла үшін кішпейіл
болғандардың дәрежесін
Алла тағала көтереді. Ал,
тәкаппарланғандарды
төмендетеді»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, «бол» деу арқылы
шексіз әлемді жаратқан,
«Жоқ бол» деу арқылы әр
нәрсені жоқ қылу күшіне
ие болған һәм бізге күре
~~ 6 қараша ~~
Аят: «Ал енді кімде-кім жамандық жасаған
соң немесе (күнәға батып) өз-өзіне қиянат
жасағаннан кейін Алладан кешірім тілесе,
Алланың өте кешірімді, (әсіресе тәубеге келіп
Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына) ерекше
мейірімді екенін көреді»
(Ниса сүресі, 100)
Хадис: «Қандай болсаңдар, солай
басқарыласыңдар»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Исламды қауіп-қатерден
алыс қыл. Исламды қорлағысы келгендерге
мұрсат берме һәм исламға үстемдік бер»
Мақал: «Қателік – қателік емес,
оны түзетпеу қателік»
~~ 7 қараша ~~
Аят: «(Уа, Мұхаммед!): Ендеше, өзіңе
бұйырылғандай тура бол (қандай мәселеде болма
сын өзіңе қалай әрекет ету бұйырылса, дәл солай
әрекет ет), сондай-ақ, Аллаға бет бұрып, тәубеге
келіп, саған қосылғандар да турашыл болсын. Тура
жолдан ауытқып, шектен шықпаңдар. Ол – расында
да, не істеп, не қойып, жүргендеріңді көруде»
(Худ сүресі, 112)
Хадис: «Сендердің әрқайсысың мұсылман
бауырының айнасы секілді. Сондықтан, бауырының
бойынан бір теріс қылық көрсе, оны дереу түзетсін»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Бізге тұщы һәм салқын су ішкізген әрі
күнәларымыздың кесірінен оны бізге ащы
қылмаған Аллаға шүкірлік айтамыз»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Әдепті адам – арлы адам»
~~ 8 қараша ~~
Аят: «Көр соқыр мен көретін адам бірдей емес.
Сол сияқты иман етіп, сол иманның арқасында
игілікті істер істеген жандар мен жамандық
жасаушылар да бірдей емес. Әйтсе де, сендер
тым аз ойланасыңдар!»
(Ғафыр сүресі, 58)
Хадис: «Адамдармен олардың ақыл дәрежесімен
санасып сөйлесіңдер»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сенен көктер мен жерді
нұрға бөлеген құдіретіңмен маған қамқор болып,
қорғауыңды һәм қияметте Өзіңнің көлеңкеңнің
астында болуымды сұраймын»
(Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.))
Мақал: «Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,
Зиянын тигізбейді»
~~ 9 қараша ~~
Аят: «Сонда Алла оған: “Солай, саған аяттарымыз
келгенде оларды қалай ұмыт қалдырып, елемеген
болсаң, бүгін өзің де дәл солай ұмыт қалып,
мүлдем еленбейтін боласың”, – деді»
(Таһа сүресі, 126)
Хадис: «Кімде-кім білім үйреніп, кейін оны
жасырар болса, ақыретте оның ауызына оттан
ауыздық тағылады»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Раббым! Жүрегімізді Өзіңнен басқа
нәрсеге байланудан сақта. Бізді өзгелерге һәм
шайтанға таба қылма. Дұғаларымызды қабыл ете
гөр. Дұғаларды Сен ғана қабыл етесің»
Мақал: «Қадам басқан адам ғана
жолды бағындырады»
~~ 10 қараша ~~
Аят: «Біз сендерді сол топырақтан жараттық және
соған қайтарудамыз. Кезі келгенде сендерді одан
тағы да шығарамыз»
(Таһа сүресі, 55)
Хадис: «Адамға насихатшы ретінде өлім
жеткілікті»
(Хайсәми)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Істерімді оңдап,
жағдайымды жақсарт. Мені кедейлік пен
жаманшылықтан һәм апаттан сақтағайсың. Әрі
дұшпанның дұшпандығынан, адамдарды тура
жолдан тайдырған шайтанның азғыруынан және
әрқашан жамандықты бұйыратын нәпсімнің
жамандығынан Өзіңе сиынамын»
(Хазірет Укаша (р.а.))
Мақал: «Көрге кірген тірі шықпас,
Үйге кірген құр шықпас»
~~ 11 қараша ~~
Аят: «Сендерден бұрын қаншама (ғибратқа толы)
оқиғалар, қаншама шариғаттар өтті. Қаласаңдар,
жер бетін шарлап, (Алланың хақ діні мен
пайғамбарларын) мойындамағандардың ақыры
не болғанын өз көздеріңмен көріңдер»
(Әли Имран сүресі, 137)
Хадис: «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді:
біріншісі күнәсына өкініш білдіріп, оңашада
егіліп жылаған көз, екіншісі, Отанды қорғап
шекара күзеткен көз»
Дұға: «Уа, Раббым! Күнәларымызды кешіре
гөр! Жүрегімдегі өкпе мен ренішті кетіргейсің.
Мені адастыратын әрі аздыратын нәрселерден
алыс ет. Амал дәптерімді оң жағымнан бергізіп,
есебімді жеңіл еткейсің»
Мақал: «Елін ойламағанның – ерлігі зая,
Ертеңін ойламағанның – тірлігі зая»
~~ 12 қараша ~~
Аят: «Ендеше, Алланың шексіз рақымына
бөленеміз десеңдер, Құран оқылғанда, оған
құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!»
(Ағраф сүресі, 204)
Хадис: «Үйлеріңізде Құран кәрімді көп
оқыңыздар. Себебі, Құран оқылмаған үйде
жақсылық, береке аз болады. Ондай үй-іші
әрдайым қиыншылықта болады»
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сені ұлықтаймыз
әрі Саған ғана құлшылық етеміз.
Күнәларымызды кешіріп, бізге мейірім
еткейсің. Расында Сен біз білмейтін
нәрселерді білесің»
Мақал: «Жақсы сөз – жарым ырыс»
~~ 13 қараша ~~
Аят: «Расында, Алла әділдікті, Алланы көріп
тұрғандай, ең болмаса Алланың өздерін үнемі көріп,
бақылап тұратынын сезіне отырып (қаперлерінде
ұстап) игі істер істеуді және туған-туысқа қолұшын
беріп, қарайласуды бұйырады. Сонымен қатар,
арсыздықтан, жамандық атаулыдан және
зұлымдықтан (яғни, біреуге зорлық-зомбылық
көрсетуден, кісі ақысын жеуден) тыяды.
Ойланып-толғансын, ғибрат алсын, деп, Алла тағала
сендерге осылай насихат айтып, жол сілтейді»
(Нәхл сүресі, 90)
Хадис: «Алла сені сүйсін десең дүниеге көңіл бөлме.
Адамдар сені сүйсін десең, адамдардың қолындағыға
көз сүзбе»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені жаман бір амалмен сынама –
жаман бір адам болып танылмайын»
(Әбу Дәрда (р.а))
Мақал: «Ашыққаннан құныққан жаман»
~~ 14 қараша ~~
Аят: «Аспан қақ айырылғанда, таулар күл болып
ұшқанда, сондай-ақ елші пайғамбарлар үшін
(үмбеттеріне куәлік ететін) уақыт белгіленгенде»
(Мурсалат сүресі, 9-11)
Хадис: «Алланың бір құлға кедейлік немесе
ауру бергенін көргенде, Алла тағаланың оны
күнәларынан тазартуды қалағаны деп біліңдер»
(Дәйләми)
Дұға: «Уа, Раббымыз! Бізден жәһаннам азабының
бетін ары қылғайсың! Өйткені, оның азабы
шеті-шегі жоқ жантөзгісіз азап. Расында, жәһаннам
– неткен жаман жай, неткен жаман тұрақ!»
(Фурқан: 65-66)
Мақал: «Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қаңқу жаман»
~~ 15 қараша ~~
Аят: «Содан олар оны азын-аулақ тиын-тебенге
сатып жіберді. Олар одан тезірек құтылу үшін
оны тым төмен бағалаған еді»
(Юсуф сүресі, 20)
Хадис: «Ешқайсысың ешбір адамның алдында
мақтанбасын һәм ешкімге қиянат жасамасын»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені бейқамдықтан,
селқостықтан сақтай гөр!»
(Хазірет Омар (р.а.))
Мақал: «Мақтаншақтық өтірік айтқызады,
Өтірік көңіл қайтқызады»
~~ 16 қараша ~~
Аят: «Алла тағала көкірек сарайын исламға
айқара ашқан, сөйтіп, Раббысынан келген
нұрға бөленіп, тура жолға түскен жан (жүрегі
тастай болып қатып қалған кісімен тең
бе?). Ендеше, Алланы еске алуға келгенде,
жүректері тастай болып қатып қалған
бейбақтар қараң болсын! Олар анық
адасуда»
(Зумәр сүресі, 22)
Хадис: «Ғалымдар – пайғамбарлардың
мұрагерлері»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Раббым! Иманымды, білімімді,
түсінік-пайымымды һәм білімімді арттыр»
(Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.))
Мақал: «Білімді өлсе, қағазда аты қалар,
Ұста өлсе, істеген заты қалар»
~~ 17 қараша ~~
Аят: «Күлдіретін де, жылататын да –
Өзі»
(Нәжім сүресі, 43)
Хадис: «Қарқылдап күлу –
шайтаннан. Ал, күлімсіреу болса –
Рахманнан»
(Кәнзул Ирфан)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізге ақиқатты
ақиқат ретінде көрсетіп әрі соған
еруді нәсіп ете гөр. Жалғандықты
жалған етіп көрсетіп әрі одан
алыстауды нәсіп еткейсің»
Мақал: «Тіріде сыйласпаған,
Өліде жыласпайды»
~~ 18 қараша ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Өздеріңді һәм
отбасыларыңды (имандылыққа, адамгершілікке
баулу арқылы) отыны адамдар мен тастардан
тұратын алапат оттан қорғаңдар! Оның басында
қорқынышты, аяуды білмейтін тым қатал
жауапты періштелер болады. Олар әсте Алланың
әміріне қарсы келмейді және өздеріне берілген
бұйрықты бұлжытпай орындайды»
(Тахрим сүресі, 6)
Хадис: «Арабтың араб еместен, араб еместің
арабқа, қараның қызылға, қызылдың қараға
(Құдайға деген) тақуалық жағынан басқа
ешқандай үстемдігі жоқ»
(Мүснәд)
Дұға: «Уа, Раббым! Біздерге рақым еткейсің.
Бізге өмірімізді нұрға бөлеп, көріктендіре түсетін
Өзіңнің тура жолыңды нәсіп еткейсің!»
(Шәйх Ахмед әл-Алауи)
Мақал: «Алыстағы жаудың дүбірінен қорықпа,
Қасыңдағы жаудың күбірінен қорық»
~~ 19 қараша ~~
Аят: «(Уа, Мұхаммед), оларға былай де:
“Сендерді көркем бейнеде жаратқан әрі
сендерге есту қабілетін, көзді және (жүрек
түкпіріндегі) рухани сезімдерді берген де бір
Алла. Соған қарамастан сендер өте аз шүкір
етесіңдер!”»
(Мүлік сүресі, 23)
Хадис: «Абай болыңдар! Денеде бір кесек ет
бар. Егер ол дұрыс болса, барлық дене дұрыс
болады. Ал, егер ол бұзылса, барлық дене
бұзылады. Расында, ол – жүрек!»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, кешірімі шексіз Раббым! Өзіңнен
жалынып-жалбарынып сұраймын, бізді
кешір!»
(Абдулқадир Гәйлани)
Мақал: «Жүрек нені ойласа, тіл соны сөйлейді»
~~ 20 қараша ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Аллаға тиісінше
тағзым етіңдер һәм қарсы келуден барынша
сақтаныңдар. Оған жақындай түсудің
жолын (себебін) іздеңдер һәм жолында
аянбай күресіңдер сонда (екі дүниеде де)
мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер»
(Маида сүресі, 35)
Хадис: «Мына екі әлсіздің ақысы тұрғысынан
Алладан қорқыңдар! Олар – әйелдер мен
жетім балалар»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Ұлы Жаратушы ием! Біз
өзімізге қиянат жасадық. Нәпсіміздің
жаманшылығына тұсауланып қалдық.
Уайымсыз салғырттық теңізі жүректерімізді
толтырды. Біздің осы жағдайымызды ең
жақсы білетін Өзіңсің. Бізді құтқар»
(Абдуллазиз Дирини)
Мақал: «Жетім жыласа, жер жылайды»
~~ 21 қараша ~~
Аят: «Қабірлер (іші сыртына шыға) ақтарылған
кезде... Міне, сонда әрбір жан (бұл дүниеден
ақиретке жақсы-жаман) не жолдағанын және
артына не қалдырғанын анық біледі»
(Инфитар сүресі, 4-5)
Хадис: «Таң намазының екі рәкат сүннеті – дүниеден
һәм дүниедегі барлық нәрседен қайырлы»
(Мүслим)
Дұға: «Дүниеде зұлымдық жасағандардың келтірген
уәждері пайда бермейтін әрі олардың Сенің
рақымдылығыңнан алыс жаман жайда болатын күні
бізді мейіріміңе бөлегейсің, Раббым!»
(Хазірет Әли (р.а.))
Мақал: «Сүйенгеніңнен сыйынғаның
күшті болсын»
~~ 22 қараша ~~
Аят: «Сондай-ақ, Алланың жазасының тым
қатты екенін, әрі Алланың (әсіресе мүмін
құлдары үшін) өте кешірімді һәм ерекше
мейірімді екенін біліп қойыңдар!»
(Мәида сүресі, 98)
Хадис: «Зекет берген, қонақты
тамақтандырған һәм қиыншылыққа душар
болғандарға жәрдем көрсеткен адам –
сараңдықтан құтылды»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сенен түгесілмес
ризық, үзілмейтін қуаныш сұраймын. Мені
тағдырыңа разы қылуыңды, өлімнен кейінгі
өмірде жеңіл өмір сүруді сұраймын»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Жайылымы болмаса, мал азады,
Қайырымы болмаса, жан азады»
~~ 23 қараша ~~
Аят: «Бір ауыз жылы сөз, біреудің айыбын жасыру
һәм қатесін кешіру арты (қайыр-садақа алған
адамды) ренжітуге ұласатын садақадан әлдеқайда
қайырлы. Алла – Ғани (сендердің садақаларыңа да,
құлшылықтарыңа да мұқтаж емес), Халим (құлын
бірден жазаламайтын өте сабырлы, кешірімді)»
(Бақара сүресі, 263)
Хадис: «Өсекке құлақ аспаңдар»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Мені азабыңнан қорға. Мен
күнәсінің кешірілуінен үміттенген бір күнәһармын.
Сенің мейріміңе мұқтаж әлсіз құлмын. Маған Өз
кеңшілігіңмен ризығымды молайтқайсың»
(Әбу Дәрда (р.а.))
Мақал: «Көңіл көзін сөз ашар,
Сөйлемесе, кір басар»
~~ 24 қараша ~~
Аят: «(Сонда періштелер шарасыздықтарын
мойындап): “Сен мінсізсің, ұлысың! Біз Өзің
үйреткеннен басқаны білмейміз. Шүбәсіз, Сен
барлық нәрсені толық білуші, әр ісің мен әрбір
үкіміңде талай хикмет болған асқан данасың”, –
деді»
(Бақара сүресі, 32)
Хадис: «Ең жақсы садақа – бір мұсылманның білім
үйреніп, сол білімін мұсылман бауырларына
үйретуі»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бүкіл дүние дәріс
беретін сыныбым, барша балалар шәкірттерім
болсын. Соғыстардан жалыққан жер бетінде тек
сүйіспеншілік болсын!»
(Ғалымның дұғасы)
Мақал: «Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ»
~~ 25 қараша ~~
Аят: «Сондай-ақ күнәларын толық мойындаған
тағы бір топ бар. Олар кезінде игі істерге де, жаман
істерге де барды, сөйтіп, бірде сауапқа бөленсе,
бірде күнәға батты. Бәлкім, Алла олардың тәубесін
қабыл етер. Шүбәсіз, Алла өте кешірімді, (әсіресе
күнәсін мойындап, тәубеге келіп, Өзіне біржолата
бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді»
(Тәубе сүресі, 102)
Хадис: «Ең ізгі садақа – мал-дүниесі аз бола тұра,
басқаға беру арқылы жанқиярлықпен жасалған
садақа»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Сенен дүниенің де, ақыреттің де қайырын
сұраймын уа, рақымдылардың рақымдысы!»
(Дұғалар жинағынан)
Мақал: «Атың барда желіп жүріп жер таны,
Асың барда беріп жүріп ел таны»
~~ 26 қараша ~~
Аят: «Ол сендер үшін (яғни, өмірге бірте-бірте
бейімделу, үйрену арқылы толыққанды адам
болып қалыптасуларың үшін) есту қабілетін,
көздерді және жүректі (яғни жүректегі рухани
сезімдерді) жаратты. Алайда сендер Оның
осынау нығметтеріне өте аз шүкір етесіңдер!»
(Фурқан сүресі, 47)
Хадис: «Кім жүрегін Аллаға байласа, Алла
тағала мүминдердің жүрегінде оған деген
сүйіспеншілік пен рақымдылық орнатады»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізді ықыласты, тақуалықта
өмір сүрген, дүниеге аса көңіл қоймай, Өзіңе
жақын болған құлдарыңнан еткейсің»
Мақал: «Жеке-жеке ғаріп болдық,
Ел болдық, қарық болдық»
~~ 27 қараша ~~
Аят: «(Уа, Мұхаммед!) Былай де: “Мен тек Раббыма
ғана құлшылық етіп, жалбарынамын һәм Оған
ешкімді және еш нәрсені серік етіп қоспаймын”»
(Жын сүресі, 20)
Хадис: «Кісінің басына сынақ келген кезде,
(сабыр етіп) сол бір қиыншылықтың кетуін күтуі –
құлшылық»
(Рамуз әл-Ахадис)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Маған мейірім
танытуыңды, мені бергеніңе разы, қанағатшыл
һәм әрдайым кішіпейілділікте болуымды нәсіп
еткейсің»
(Хазірет Әли (р.а.))
Мақал: «Ат жақсысы ұзақ жолда сыналады,
Адам жақсысы ұзақ істе сыналады»
~~ 28 қараша ~~
Аят: «Қиямет күні сендерге жақындарың да,
бала-шағаларың да пайда бермейді. Ол күні Алла
сендерді (дүниедегі сенімдерің мен іс-әрекеттеріңе
қарай) бір-бірлеріңнен ажыратады. Алла не істеп, не
қойып жүргендеріңді толық көруде»
(Мүмтахина сүресі, 3 )
Хадис: «Мұсылман адам тағдырдың жақсылық-
жамандығына, ащы-тұщысына иман етпейінше,
иманның дәмін шынайы тата алмайды»
(Кутубу Ситта)
Дұға: «Уа, Раббым! Маған Өзіңнің разылығыңа
жетуді нәсіп ет. Сені лайықты дәрежеде еске алып,
ұлықтауымды нәсіп ете гөр!»
(Зуннуни Мысри)
Мақал: «Таршылық болмай,
Кеңшілік болмайды»
~~ 29 қараша ~~
Аят: «Ол күні кейбір жүздер жарқын болмақ. Күлім
қаққан, қуанышты болмақ»
(Абаса сүресі, 38-39)
Хадис: «Еш күмәнсіз, туралық – жақсылыққа
апарады. Ал, жақсылық – жәннатқа апарады»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Дүние-ақыретте Өзіңнің
кеңшілігің мен мейіріміңе қауыштыратын шынайы
иман нәсіп ете гөр!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Жақсылық пен ар-намыс –
жанның көркі»
~~ 30 қараша ~~
Аят: «Кімде-кім Аллаға және расулына лайықты
түрде мойынсұнса, міне, солар (пейіште) Алланың
шексіз нығметіне бөленген пайғамбарлармен,
(пайғамбарлардың ең жақын да, адал достары)
сыддықтармен, шейіттермен және (сенімі, ниеті,
ойы, сөзі һәм іс-әрекеттері түзу болған) ізгі
жандармен бірге болады. Бұлар қандай керемет
жолдастар десеңші!»
(Ниса сүресі, 69)
Хадис: «Қай жерде болсаң да Алладан қорық әрі
жаманшылығыңның артынан жақсылық жаса.
Расында жақсылықтар оны жояды»
(Кутубy Ситта)
Дұға: «Уа, Раббым! Шығыс пен батыстың арасын
қалай алыстатқан болсаң, мені де күнәларымнан
солай алыстата гөр!»
Мақал: «Жақсы көпке ауырлық қылмайды»
~~ 1 желтоқсан ~~
Аят: «Одан басқа құдай жоқ! Жан бітіріп, өмір
сыйлайтын да, өлтіретін де бір Өзі. Ол – сендердің
де, өздеріңнен бұрын өткен ата-баларыңның да
Раббысы»
(Духан сүресі, 8)
Хадис: «Кімде-кім Алладан шейіт болуды шын
көңілінен сұраса, Алла тағала тіпті, ол төсегінде
жатып өлсе де, шейіттердің дәрежесіне жеткізеді»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, көңілдердің дертіне дауа беруші Раббым!
Сенің ешбір ұқсасың жоқ. Біз секілді күнәһар құлыңа
мейріміңді көрсете гөр. Көңіл Өзіңнен басқаны
аңсамайды, уа, біздің ұлы Раббымыз!»
(Рабиғатул Адауия)
Мақал: «Өзі жақсы кісіге,
Бір кісілік орын бар»
~~ 2 желтоқсан ~~
Аят: «Аса Ұлы Раббыңның есімін мадақтап,
ұлықта!»
(Ағла сүресі, 1)
Хадис: «Жақсы бір сөзді естіп, оны діндес
бауырыңа жеткізіп, үйретуің қандай керемет
сыйлық»
(Табарани)
Дұға: «Уа, Раббым! Өзің разы болмайтын
істерден мені алыс ет. Жүрегімді нұрыңмен
жарқырат һәм тіліме Саған шүкір етуді
үйрет. Сені ұлықтаумен көңіліме тазалық
бер»
(Низами Гәнжауи)
Мақал: «Жақсы сөз – жарым ырыс»
~~ 3 желтоқсан ~~
Аят: «Ал тақуа жандар болса, жәннат
бақшаларында сан алуан нығметтерге бөленуде.
Раббыларының өздеріне берген (сан алуан)
нығметтерінің қызығына батады. Сондай-ақ,
Раббылары оларды жалын атқан жәһаннам
азабынан сақтайды»
(Тұр сүресі, 17-18)
Хадис: «Кімде-кім қарым-қатынас жасауда
кішіпейілдіктен қол үзсе, көп қайырдан мақұрым
қалады»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сені ұмыт
қалдырғандардың ұмытуларына себеп болған
істерді менен аулақ ет! Сенен Өзің разы болатын
істерді сұраймын. Мені құлшылығына қарым
күтетіндерден етпе!»
(Жүнәйди Бағдади)
Мақал: «Ұлық болсаң, кішік бол»
~~ 4 желтоқсан ~~
Аят: «Сол (азап бастарына келетін) күні Алла
олардың барлығын қайтадан тірілтіп, қабірлерінен
шығарады әрі (дүниеде) не істеп, не қойғандарын
өздеріне білдіріп, жаппай жауапқа тартады. Өздері
ұмытып қалған болса да Алла олардың барлық
істерін жіпке тізіп, жаздырып қойған. Өйткені, Алла
барлық нәрсеге куә болушы»
(Мүжәдәлә сүресі, 6)
Хадис: «Әлі уақыт бар, кейін жасаймын деу –
шайтанның мүминдердің жүректеріне тастаған бір
уәсуәсәсі»
(Рамуз әл-Ахадис)
Дұға: «Уа, Раббым! Біздерді (мұсылмандарды)
иманнан, құлшылықтардан және діннің ұлы
тәрбиесінен ешқашан мақұрым етпе! Барша Ислам
әлемін әр уақыт өркендеуге, әр уақыт кіршіксіз бір
өмірге ие ете гөр!»
(Омар Насухи Билмен)
Мақал: «Көршің соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр»
~~ 5 желтоқсан ~~
Аят: «Раббыларыңа іштей (яғни, бәсең
дауыспен) жалбарынып дұға етіңдер. Шүбәсіз,
Ол шектен шыққандарды ұнатпайды»
(Ағраф сүресі, 55)
Хадис: «Азан мен қамат арасында жасалған дұға
қайтарылмайды»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Күнәларымның
барлығын, ірісі мен ұсағын, алғашқысы мен
соңғысын, ашығы мен жасырын һәм жариясын
кешіре гөр!»
Мақал: «Жақсыдан шарапат,
Жаманнан кесапат»
~~ 6 желтоқсан ~~
Аят: «Жо-жоқ, (ол күні) бас сауғалап,
паналайтын жер жоқ! Ол күні бәрінің барар
жері Раббыңның құзыры болмақ»
(Қиямет сүресі, 11-12)
Хадис: «Бастарыңа келген
қиыншылықтардан дұға арқылы, яғни,
Алла тағалаға жалбарынумен арылыңдар»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, бүкіл дұғаларымызға жауап бер
ген Раббымыз! Уа, қате-кемшіліктерімізді
кешірген Раббымыз! Уа, қайғы-мұңды
бізден алыстатқан Раббымыз! Бізді
жәһаннам азабынан қорғағайсың!»
Мақал: «Адамның күні адаммен»
~~ 7 желтоқсан ~~
Аят: «Әйтсе де, кезінде Ибраһимге қасиетті
Үйдің (Қағбаның) орнын (құлшылық ететін жер
ретінде) белгілеп бергенімізде оған: «Маған еш
нәрсені серік етіп қоспа. Үйімді оны тауап
ететіндер, онда қиямда (тікесінен тік) тұрып,
рукуғ жасап (иіліп) әрі сәжде етіп құлшылық
қылатындар үшін таза ұста», – деп, бұйырған
едік»
(Хаж сүресі, 26)
Хадис: «Арапа, құрбан және тәшриқ күндері –
мұсылмандардың мейрамы. Бұл күндер – бізге
ішіп-жеу күні болады»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Сенен отбасымды
асырауға жетерліктей дүние сұраймын.
Қайсыбір туыстарымның ақысын бере алмай,
Өзіңнің ашуыңа ұшырап кетуден мені сақта!»
(Зәйд ибн Сәбит (р.а.))
Мақал: «Тойдың тамашасына бақпа,
тағылымына бақ»
~~ 8 желтоқсан ~~
Аят: «Расында, Біз саған Кәусарды (таусылмас мол
жақсылық) бердік. Сен де Раббың үшін (шүкіршілік
ретінде) намаз оқы және құрбан шал!»
(Кәусар сүресі, 1-2)
Хадис: «Адам баласы құрбан мейрамы күндерінде
Алла үшін құрбан шалудан да артық іс жасай
алмайды»
(Тирмизи)
Дұға: «Мен жүзімді көктерді және жерді
жаратқан Жаратушы иеге бұрдым әрі Оған
ортақ қосушылардан емеспін. Намазым һәм
басқа да құлшылықтарым, денсаулығым мен
өлімім бүкіл әлемдердің Раббысы Алла тағалаға
тән. Оның ешқандай да серігі жоқ. Мен иман
келтіргендерденмін. Уа, Раббым! Бұл құрбандық
Сенен һәм Сен үшін»
(Құрбан дұғасы)
Мақал: «Пейіліңді кеңге сал,
Қырманыңды дөңге сал»
~~ 9 желтоқсан ~~
Аят: «Келіп, қажылықта өздерін күтіп тұрған
көптеген (рухани һәм дүнияуи) пайдаларды
көрсін. Сондай-ақ, Алланың өздеріне ризық
етіп берген малды белгілі күндерде Алланың
атын атап, құрбандыққа шалсын. Сөйтіп,
құрбандыққа шалынған малдың етінен
өздерің де жеңдер, пақырлар мен кедейлерге
де қарасыңдар»
(Хаж сүресі, 28)
Хадис: «Шалған құрбандарыңнан жеңдер,
таратыңдар және жинаңдар»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, жомарттық иесі, Раббым! Қажылық
жасаушыларды кешір! Өзіңе мұқтаж
құлдарыңды кешір!»
Мақал: «Көп қорқытады,
Терең батырады»
~~ 10 желтоқсан ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Алланың (қасиетті еткен
жұма және айт намаздары, құрбандық, азан,
жамағатпен оқылатын намаз, қажылық һәм оның
рәсімдері сынды исламның рәміздеріне айналған)
нышандарын, (соғысуға тыйым салынған) қасиетті
айларды, қажылық маусымында Қағбаға тарту
етілген құрбандықтарды, һәм ен салынып, белгі
тағылған құбандық малдарды, сондай-ақ
Раббыларының шексіз шарапаты мен разылығына
бөленуді қалап Бәйтул-харамға (Қағбаға) бет алған
қажыларды қорлаушы болмаңдар»
(Мәида сүресі, 2)
Хадис: «Қажылық немесе умра жасау үшін Қағбаға
барғандар – мұсылмандардың Жаратушыға жіберген
өкілдері. Егер олар дұға қылса, Алла тағала қабыл
етеді. Ал, кешірім сұраса, кешіреді»
(Ибн Мажә)
Дұға: «Еш күмәнсіз менің намазым, құрбаным,
тірілуім, өлуім де ешбір серігі болмаған әлемдердің
Раббысы болған Аллаға тән»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Көп ісінде береке»
~~ 11 желтоқсан ~~
Аят: «Алла қасиетті Үйі Қағбаны адамдар үшін
дін мен дүние тіршілігінің тірегі әрі олардың
қауіпсіздігі, танысып, табысулары һәм өзара
жәрдемдесулері үшін маңызды себеп қылды»
(Мәида сүресі, 97)
Хадис: «Құрбанды шынайы, таза ниетпен
шалыңдар»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Халыққа жұмсақ
қарағандарға Сен де жұмсақ қарай гөр!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді»
~~ 12 желтоқсан ~~
Аят: «Адам баласы өз басына жақсылық
тілеуден әсте жалықпайды. Ал қандай да бір
қиындыққа душар бола қалса, бірден салы суға
кетіп, үміті үзіледі»
(Фуссилат сүресі, 49)
Хадис: «Кімде-кімді амалы кері кетірсе
(дәрежесін түсірсе), оны тегі ілгері сүйрей
алмайды»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Аллам! Мейріміңе және берген адал
ризығыңа, есепсіз игілігіңе деген шүкірімізді
көбейт. Біз Саған мұқтажбыз»
(Бәкір ибн Абдуллаһ Мүзәни)
Мақал: «Жақсыда кек жоқ,
Жаманда тек жоқ»
~~ 13 желтоқсан ~~
Аят: «Әууәл де Өзі, Ахир де Өзі, Заһир да Өзі,
Батин да Өзі. Ол барлық нәрсені лайықты түрде
біледі»
(Хадид сүресі, 3)
Хадис: «Кім (Алла тағаладан) білім сұраса, бұл ісі –
оның өткен күнәларына кәффәрат (өтеу) болады»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, тасты гауһар, топырақты адам қылған
Алла тағалам! Тамшыны теңіз қылған Раббым!
Әрбір тіршілік иесінің қиыншылығын шешкен
һәм қиындықтарын жеңілдеткен Алла тағалам!
Шарасыз бір хәлге түстім, Өзіңнен жәрдем
сұраймын!»
(Азиз Махмуд Худайы)
Мақал: «Білімдімен бір жүрсең,
Кемтік жерің білінбес»
~~ 14 желтоқсан ~~
Аят: «Міне сол – күмәнсіз келетін һәм ақиқат үстем
болатын күн. Ендеше, бұдан былай қалаған жан
Раббысына тура қайтатын жолды ұстайды»
(Нәбә сүресі, 39)
Хадис: «Мүминнің Раббы хақында жақсы ойда
(хусни зан) болуы – оның құлшылығының
көркемдігінен»
(Әбу Дәуіт)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Маған жәннатқа барар
жолды жеңілдет һәм жәһаннам жолынан алыстат.
Ақыретте һәм дүниеде мені кешір»
(Абдуллаһ ибн Омар (р.а.))
Мақал: «Жақсы – көлмен тең, суы тәтті,
Жаман – шөлмен тең желі қатты»
~~ 15 желтоқсан ~~
Аят: «Дүниеде істеген игіліктерің үшін ерекше
тәбетпен жеп-ішіңдер, ас болсын! Біз игілікке
жаны құштар ізгі жандарды міне, осылай
бағалап, сый-сыяпатқа бөлейміз»
(Мурсалат сүресі, 43-44)
Хадис: «Егер жәннаттағы нәрселерден бір
түйірі көрінген болса, жер мен көктің арасын
әсемдікке толтырар еді»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Жәннатқа кіретіндей ізгі ісім
жоқ, Жәһаннамға да шыдай алмаймын. Раббым
Өзіңнен ғана пана тілеймін!»
(Яхия ибн Муаз)
Мақал: «Елдестірмек елшіден,
Жауластырмақ жаушыдан»
~~ 16 желтоқсан ~~
Аят: «(Уа, расулым, құбылаға қатысты бұйрық)
Раббыңнан келген хақ пәрмен. Ендеше,
күмәншілдерге қосылма»
(Бақара сүресі, 147)
Хадис: «Үйлердің ең кішкентайы (жұпынысы) –
ішінде Алланың кітабынан еш нәрсе болмаған
үй»
(Хаким)
Дұға: «Уа, Раббым! Мені Өзіңді танығандардан
һәм әміріңе бойұсынғандардан еткейсің»
(Амр ибн Мурра (р.а.))
Мақал: «Үйінде Құраны бардың,
Ізгілікке құмары бар»
~~ 17 желтоқсан ~~
Аят: «Алла құлдарына өте шарапатты. Қалағанына
(қалағанынша) ризық береді. Ол – шексіз күш-қуат
иесі, бәрінен үстем һәм құдіретті»
(Шура сүресі, 19)
Хадис: «Дүниеге деген сүйіспеншілікті жүрегіне
жақындатпаған біреуді көрген кездеріңде оны
үйірсектеңдер әрі онымен дос болыңдар»
(Әбу Яғла)
Дұға: «Уа, кешірімі мол, күнәларды жасырушы
Раббымыз! Бізді күнәларымыз себепті азаптай
көрме. Біз өз әлсіздігімізден нәпсі қалауы мен
шайтанның азғыруына еріп қойсақ та бізді
азаптай көрме»
(Хазірет Мәулана)
Мақал: «Сіз-біз деген жылы сөз,
Тіршіліктің ғаниметі»
~~ 18 желтоқсан ~~
Аят: «Сол күні (сендерге ағыл-тегіл берілген)
нығметтердің есебін бересіңдер»
(Тәкәсур сүресі, 8)
Хадис: «Алып-сатуда (саудада) көп серт беруден
сақтаныңдар. Өйткені, серт малдың өтімін
жеделдеткенмен, кейін құрдымға кетіреді (берекесі
болмайды)»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Осы жыл ішінде жасаған
және мені сақтандырған қауіптерден сақтанбауым,
Өзің разы емес істерді жасаған болсам, мені
кешір. Алла тағалам, Өзіңнен кешірім сұраймын,
жарылқауыңды қалаймын. Өзіңе деген үмітімді үзе
гөрме, аса жомарт Раббым!»
(Ашура күнінің дұғасы)
Мақал: «Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар»
~~ 19 желтоқсан ~~
Аят: «Көкке келсек, Біз оны құдіретімізбен
тұрғыздық, оны үнемі кеңейтіп жатқан да
– Біз. Өйткені, Біз шексіз құдірет пен билік
иесіміз»
(Зәриат сүресі, 47)
Хадис: «Алла тағалаға жасалған дұға аспан
мен жердің арасында кідіріп тұрады.
Маған салауат айтылмайынша, Аллаға
көтерілмейді»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Раббым! Жүректерімізді безендір
һәм бейнемізді көркемде»
Мақал: «Арық айтып, семіз шық»
~~ 20 желтоқсан ~~
Аят: «Уа, адамдар! Алланың уағдасы, әлбетте,
хақ. Олай болса, дүниенің қу тіршілігі сендерді
қызықтырып, алдамасын. Сондай-ақ, әзәзіл сұм
шайтан да сендерді Алланың кеңшілігіне, шексіз
мейіріміне құр үміт арттырып, алдап соқпасын»
(Фатыр сүресі, 5)
Хадис: «Күмәнді нәрсені тастап, күмәнсіз нәрсені
ал»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Тура жолдан тайып кетуден
немесе адасудан, біреуге зұлымдық жасап қоюдан
немесе зұлымдыққа ұшырап қалудан, бір нәрсені
ойланбай істеп, жаза басудан Өзің сақтай гөр!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Толмай жатып «толдым» деме,
Болмай жатып «болдым» деме»
~~ 21 желтоқсан ~~
Аят: «Ешбір күнәһар пенде өзгенің күнәсін
арқаламайды»
(Нәжім сүресі, 38)
Хадис: «Сәжде – мүминнің Раббысына ең жақын
болған жері»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббым! Разылығың қай жерде болса,
мені сол жерде ете гөр! Егер Сен құлыңа қандай
да бір қиыншылық жіберсең, онымен қоса, оған
сабыр мен шыдамдылықты да бересің»
(Мұхаммед Баба Саммаси)
Мақал: «Жақсы адам – күншуақ,
Білімді адам – шам-шырақ»
~~ 22 желтоқсан ~~
Аят: «Олар дүниедегі қу тіршіліктің тек сыртқы
жағын ғана біледі. Ал ақирет мәселесіне
келгенде мүлдем ғапыл әрі бейқам»
(Рум сүресі, 7)
Хадис: «Жасаған жақсылығын міндетсінген әрі
сараңдыққа бой алдырған адам жәннатқа кіре
алмайды»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, әрбір нәрсені құдірет қолында
ұстап, Өзіне бас игізген һәм әр нәрсенің кілті
қолында болған ұлы Раббымыз! Мені еш
нәрседен сұраққа тартылмайтындай барша
қателіктерімді кешіргейсің!»
(Аллаға мойынсұну дұғасы)
Мақал: «Ізгі іс істе де, міндет қылма»
~~ 23 желтоқсан ~~
Аят: «Уа, иман еткендер! Шайтанның ізіне
(соңынан) ермеңдер. Кімде-кім шайтанның ізіне
еретін болса, біліп қойсын, расында, ол үнемі
арсыздық пен жамандықты бұйырады»
(Нұр сүресі, 21)
Хадис: «Қиямет жақындағанда мұсылмандар
арасында ең аз кездесетін нәрсе – адал жолмен
табылған дүние-мүлік пен сенімді жолдас»
(Ибн Адий)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізді – екі дүниенің де
құштарлығынан құтқар. Жан-тәнімізді тек Өзіңе
ғана құштар еткейсің»
(Мұхаммед Әмин)
Мақал: «Шынайы екі дос иненің
жасуындай жерге де сияды»
~~ 24 желтоқсан ~~
Аят: «Расында, мүміндер бір-біріне шынайы бауыр.
Олай болса, (жүз шайысып, ат құйрығын кесіскен)
бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-
ақ, (бауыр ақысына келгенде) Алладан қорқыңдар
(һәм үкіміне қарсы келуден сақтаныңдар)! Міне,
сонда Оның рақымына бөленерсіңдер!»
(Хужурат сүресі, 10)
Хадис: «Бір-бірлеріңе ас-ауқат тарту етіңдер. Бұл
ризықтарыңның артуына жол ашады»
(Кутубу Ситта)
Дұға: «Күллі жан иесін жаратқан һәм оларды
түрлендірген Ұлы Жаратушыны ұлықтаймын. Барша
жан иесінің ешқайсысын ұмытпастан олардың
ризықтарын берген Алла тағалаға мақтау айтамын»
(Имам Ағзам Әбу Ханифа)
Мақал: «Көргенсізбен жолдас болма,
Опасызбен сырлас болма»
~~ 25 желтоқсан ~~
Аят: «Нәтижеде, кімнің амал дәптері оң жағынан
берілсе, ол көңілі тасып: «Қане, келіңдер,
оқыңдар! Мінеки менің амал дәптерім!».
«Шынтуайтында, мен (күндердің күнінде дүниеде
істеген істерім жөнінде) есеп беретініме имандай
сенген едім», – дейді»
(Хаққа сүресі, 19-20)
Хадис: «Киінгенде һәм дәрет алғанда оң жақтан
бастаңдар»
(Тирмизи)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Тәнімізді тек Өзіңе
деген құлшылықпен қозғалт, жүректерімізді
кешіріміңмен жадырат, әрдайым бізге қамқор
бол. Бізді бұрынғы өткен ізгілердің қатарына
қос әрі олардан аямағаныңдай бізден де
жақсылығыңды аяма»
(Абдулқадир Гәйлани)
Мақал: «Мыңдаған малың болғанша,
~~ 26 желтоқсан ~~
Аят: «Олар намаздарына ерекше көңіл
бөледі (яғни, намазға алдын ала ниет етіп,
дайындалады, әрбір намазды кемеліне келтіріп,
мінсіз өтейді һәм намаздан кейін пайдасыз бос
істер мен күнә атаулыдан бойын аулақ ұстайды).
Міне, соларға жәннат бақшаларында зор
сый-құрмет көрсетіледі»
(Мағариж сүресі, 34-35)
Хадис: «Кісі намазды тастаған уақытта оны мен
күпірдің арасында ешбір перде қалмады деген
сөз»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Раббым! Намазымыз бен оразаларымы
зды қабыл ете гөр. Жасаған ғибадаттарымызды
қабыл еткейсің!»
Мақал: «Шіріген шөпті мал жақтырмайды,
Шіренген адамды ел жақтырмайды»
~~ 27 желтоқсан ~~
Аят: «Әрбір тірі жан (бір күні) өлімнің дәмін
міндетті түрде татады. Қиямет күні бұл дүниеде
істеген істеріңнің қарымын толық аласыңдар.
Кімде-кім тозақтан аулақ әкетіліп, жұмаққа кірсе,
зор жетістікке һәм мақсат-мұратына жеткені.
(Біліп қойыңдар), бұл дүниенің тіршілігі алдамшы
қызықтан, жалған бұйым-боқшадан басқа түк те
емес»
(Әли Имран сүресі, 185)
Хадис: «Мүмин адам дүниеден өткенде – дүние
тіршілігінің ауыртпалығы мен қиыншылығынан
құтылады»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Раббым! Бізді ықыласты әрі ықыласқа
жеткізілген, тақуа құлдарыңның арасында ете
гөр!»
Мақал: «Дүниеден озған мүминнің,
Алды – пейіш, арты – кеніш»
~~ 28 желтоқсан ~~
Аят: «(Алла және адамзат алдындағы міндетіңді
атқаруда қандай қиындыққа душар болсаң да)
Раббың үшін сабыр ет!»
(Муддассир сүресі, 7)
Хадис: «Құлшылықты шын көңілден Оған ғана (Алла
тағалаға) жасап, Оған ғана жалбарыныңдар»
(Мүслим)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бізге Өзіңе құлшылық
жасауды әмір етіп, оның қарымын беруді де Өз
мойныңа алдың. Бізді менмендігімізден арылта
гөр. Өзіңе жан-тәнімізбен құлшылық етуімізді нәсіп
еткейсің»
(Низами Гәнжәуи)
Мақал: «Орман тамырдан,
ақыл сабырдан қуат алады»
~~ 29 желтоқсан ~~
Аят: «Иман келтіріп, Алла үшін қоныс аударған һәм
Алла жолында дүние-мүлкін де, шыбын жанын да
аямай күресетіндер Алланың алдында ең жоғары
мәртебеге ие. Нағыз жетістікке жеткендер, міне,
солар»
(Тәубе сүресі, 20)
Хадис: «Мұһажир – өзін Алла тағаланың тыйым
салған нәрселерінен алыс ұстаған һәм оларды тәрк
еткен адам»
(Бұхари)
Дұға: «Уа, Жаратушы иеміз! Бүкіл істеріміздің
соңын жақсы қыла гөр. Бұл дүниеде ұятқа қалудан,
ақыретте тозаққа түсуден Өзің сақтағайсың»
Мақал: «Темірді кеннен ізде,
Бақытты терден ізде»
~~ 30 желтоқсан ~~
Аят: «Сол кезде Мәриям (таңырқап): «Мен қалай
бала көтермекпін, маған (ер) адам атаулының
қолы тиген емес, сондай-ақ, мен әсте ардан
безген жеңіл жүрісті әйел емеспін», – деді»
(Мәриям сүресі, 20)
Хадис: «Дұғасы қабыл болатындардан болу үшін
адал аспен қоректен»
(Ихия-у улумид дин)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Бұл жылы менің
жасаған Өзіңнің разы болмайтын нәрселерді
әлсіздігімнен ұмыттым. Алайда, Сен
ұмытпайсың. Сөйте тұра мені жазалауға
асықпай, маған уақыт бердің. Мен барлық
күнә-қателіктерім үшін Өзіңнен кешірім
сұраймын. Мені кешір! Уа, жомарттық иесі!
Бұл жылы жасаған Өзің разы болатын істерімді
қабыл еткейсің әрі үмітімнің үзілмеуін нәсіп ет!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жыл соңында
жасаған дұғасы)
Мақал: «Адалдан тапқаның өміріңе жетеді,
Алдап тапқаның селге кетеді»
~~ 31 желтоқсан ~~
Аят: «Осынау зікірді (Құранды), расында, Біз
түсірдік және оның сақтаушысы да Өзіміз»
(Хижр сүресі, 9)
Хадис: «Үйлеріңді намаз оқып һәм Құран оқып
нұрландырыңдар»
(Жамиғу әс-Сағир)
Дұға: «Уа, Алла тағалам! Маған пайдалы білім,
қабыл болатын амал және адал ризық бере гөр!»
(Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғасы)
Мақал: «Оқысаң – озарсың,
Оқымасаң – тозарсың»
Достарыңызбен бөлісу: |