Үйірме - бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі, мұндағы тарау-тақырыптар кеңейіп, тереңдей оқытылады.
Онда оқушылардың волейбол ойыны туралы теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, тереңірек таныстыру, ойын барысында аса ептілікке, ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелей отырып, барлық уақытта да төзімділік қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.
ҮЙІРМЕНІҢ МАҚСАТЫ:
Үйірменің мақсаты:
а) Оқушылардың денсаулығын нығайту;
ә) Дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыру;
б) Өзін –өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру себептерін белсенді ету.
Өмірлік маңызды қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыруды қалыптастыруға себепкер болатын дене жаттығуларының негізгі түрлерін оқушылардың меңгеруіне көмектесу;
Уақыт пен кеңістікте қозғалыс әрекеттерін басқаруға деген ізденісті (шығармашылық) қабілеттерді оқушыларда дамыту үшін жағдай туғызу;
Спорттық ойынның бірі- волейбол және дене жаттығуларымен дербес айналысуға қызығушылықты қалыптастырып, дамыту;
САБАҚ БАРЫСЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚЫЗДЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
1 – ЖАТТЫҒУ ВОЛЕЙБОЛ ДОБЫН ЖОҒАРДАН ҚАБЫЛДАУ ӘДІСІ.