Ұлы жібек жолы



бет1/2
Дата05.12.2022
өлшемі1,01 Mb.
#54856
  1   2
Байланысты:
Ұлы Жібек жолы СӨЖ


ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Ұлы жібек жолы – б.з.д. II ғасырдан бастап б.з. XVI ғасырына дейін Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда керуен жолдарының жалпы атауы.  Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Біздің дәуірімізден бұрынғы II 5асырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның – Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған кқпір болған. Оның Қазақстан кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жолы Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

 Ұлы Жібек жолының кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған. Негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр елге таралған. Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі ФерғанаСамарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. 
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық АзияныБатыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.
Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шыңжаңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материалдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Ислам діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-түйіс адамзаттың материалдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.
Ұлы Жібек жолы елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қаоа мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Шығыс пен батысты, Қытай, Корея, Жапония, Жерорта теңізі мемлекеттері, Греция, Италия мен Византия арасында сауда жол бағыты ретінде бекіту үшін «Жібек жолы» атауды 1877 жылы неміс ғалымы-географ Ф.Рихтгофен ұсынған болатын. Жолдың маңыздылығы мен мыңдаған шақырымды құрайтын қашықтығына байланысты «Ұлы» сөзі қосылды.
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын атап көрсетсек:
мұсылмандық діни орындар (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мавзолейлер тағы басқа) салынды;
жер жаһанның барлық территориясын белгілі бір дәрежеде қамтыды;
әлемдік өркениеттер осы осы жол арқылы бір-бірімен ассимиляцияға түсе отырып, жаңа саяси-мәдени өркениеттердің қалыптасуына әсерін тигізді.
Бұл түрлі бағыттағы керуен жолы болды. Б.з.д. Iiғасырда Қытай жерінен басталып Жерорта теңізіне қарай шыққан. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жолда Қазақстан байланыстырушы буынына айналды. Бүкіл Еуразияға осы бағытпен екіжақты қозғалыста ой мен ілімдер, білім мен технологиялар, мәдениет пен дін, тауар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат алмасып тарады. Сасанидтердің Қытай мен Византия саудасына кедергі жасау әрекеті біздің дала арқылы Хазария мен Еділ Бұлғарияға беттелген Ұлы Жібек жолының басқа да бағыттардың ашылуына себеп болды. Басты тауарлары жібек, араб арғымақтары, нефрит, жадеит болды. Сауда дамыған сайын қнім өндіру тәсілдері артып, елдер арасында басқа да тауарлар: шарап, жоңышқа, кептірілген жемістер, кілемдер, тұрмыстық бұйымдар ағыла бастады. Мысалы, б.э.д. 117 жылы үйсіндер жері арқылы ақша мен жібек артылған қытайлықтардың ірі керуені өткен.

Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған:
1. Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе – Жаркент арқылы шығысқа шықты.
2. Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы – Қапшағай – Шеңгелді – Алтынемел – Дүнгене – Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты.
3. Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – Қазақстанның солтүсік-шығысына бет алады. Бұл жол Құлан – Хантау – Балатопар – Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді.
1. Оңтүстік-батыс бағыт: Испиджаб – Шаш Самарқан – Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады.
2. Испиджаб – Шымкент – Отырар – Түркістан – Сауран – Сығанақ – Баршынкент. Баршынкенттен жол екіге бөлінеді: біріншісі Хорезмге бағытталды, екіншісі Жанкент – Арал теңізінің солтүстігі және Каспий теңізінің солтүстік-шығысы арқылы батысқа бет алды.

Ұлы Жібек жолы жүйесіне керуен жолдарының бірнеше тармақтары енді. Бұл тармақтар тау жоталарындағы түрлі асулар арқылы шөлді айналып өтті. Жібек жолы Арал теңізі жанынан өтті. Сырдария жағалауымен, одан Шудан Жетісу арқылы Жоңғар қақпасына жетті. Осы аймақ Үндістанның түрлі дәмдеуіштер өндірілетін өлкесі мен тұт ағашы өсетін Сары өзеннің (Қытай) жағалауларына апаратын ең ыңғайлы жол болып есептелінді. Талас алқабындағы Тараз қаласы түргеш, қарлұқ, кейін қарахандықтардың экономикалық және мәдени орталығы болды. Сауда жолы Тараздан солтүстік бағытта — Ертіске, одан әрі Енисейдегі қырғыздарға өтті.
VII ғасырдағы Қытай жол көрсеткіш кітапшасында «Ақ өзендегі қала» — Испиджаб көрсетілген. Оны кейін «Сайрам» деп атаған. Испиджаб ірі негізгі сауда орталығы болды. Осы жерден жол одан әрі Сырдария арқылы өрлеп, Арал бойына жетті. Сырдария жағалауымен өткен керуен жолында ірі қалалар Отырар (Фараб) мен Шауғар орналасты. Бұл қалалардан оғыздар орталығы Янгикент қаласына қарай жол өтті. Х-ХІІ ғасырларда Ұлы Жібек жолының бұл тармағында Сауран, Жент, Ашнас сияқты қалалар бой көтерді.
Ғалымдардың пайымдауынша, жібек өндіру технологиясы осыдан 6000 жыл бұрын ашылған. Жібек маталарды адамдар ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Жібек мата – жұқа, өте жеңіл, жұмсақ болып келеді. Таза табиға болғандықтан зарарсыздандыру қасиеттері де бар. Жібек өндіруші елдер мен оны тұтынушылар жібектен тігілген киімге бит, кене сияқты өрмекші тәрізділер жоламайтынын байқаған. Жібек киімдері ыңғайлы әрі әдемі болған. Сондықтан жібек жасаудың құпиясы ғасырлар бойы қатаң сақталып келді. Қытайдан шығарылған жәбек маталар Ұлы жібек жолы арқылы дүниежүзінің басқа аймақтарына таралып, мемлекеттік қазынаға мол табыс әкелген. Қытайдан кейін жібек құртын Шығыс Түркістан, Орта Азия, Үндістан, Иран, Византия елдерінде өндіре бастады.

Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, айырбас өлшемі ретінде бекітілді. Жібек сыйға тартылды, жалдамалы әскерлерге және қызметкерлерге ақы ретінде төленді.
Жібек жолының бойымен Еуропадан Қазақстан жеріне әйнек және теңгелер, айна және шыны ыдыстар, түймелер мен қапсырмалар жеткізілді. Қазақстаннан тері мен жүн, жылқы мен қой тасылған.
Жібек жолы бағытымен өткен керуен саудасы пайда әкелумен қатар, үлкен қауіп-қатерге де толы еді. Сол себепті көпестер жолға жалғыз емес, қарулы адамдардан тұратын ірі керуендермен шықты. Керуендер жүк артылған бірнеше жүздеген малдан құралды. Олармен бірге саудагерлер, аудармашылар, нөкерлерін ерткен елшілер, дін таратушылар да сапар шекті.
Керуен саудасы арқылы жол бойында тұрақты түрде қызмет көрсететін орындар ашылды. Сол себепті Ұлы Жібек жолы бойында керуен сарайлар (жолаушылар тоқтап, демалатын жайлар) салынды. Оларда көпестер мен керуенге қызмет көрсететін арнайы адамдар, демалыс бөлмелері, тауар сақтауға, жүк артылған малға арналған қоражайлар, қажетті жемшөп, азық-түлік пен қоймалар болды. Керуен сарайлар көпес үшін қажетті тауарды сатып алатын, сататын орынға айналды. Айырбас сауда да дамыды. Жер иелері кедендік баж салықтарынан пайда тапты. Бұл артықшылықты жоғалтып алмау үшін Орталық Азия елдерінің билеушілері көпестерді қорғайтын заңдар қабылдады. Сауданы дамытуда көшпелі малшылар маңызды рөл атқарды. Олар керуендерге жол көрсетіп, азық және көлік малымен қамтамасыз етті.
Соғыс уақытында жол тораптарында сауда бәсеңдеп, бейбіт күндері қайта жандана түсті. VI ғасырда қуатты Түрік қағанаты құрылған кезде Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жері арқылы өтетін Жібек жолы тармағы барынша өркендеді. Түрік билеушілері мен ауқатты түріктер ағылып келіп жатқан тауарлардың ірі тұтынушысы болды. XIII ғасырда түркілерден Ұлы Жібек жолын Моңғол империясы тиімді пайдаланып өздерінің қарамағаны алады. Бұл кезеңде керуен жолы біршама гүлденіп, халықаралық сауда мен мәдени байланыстарда өз үлесін қосып тұрды. Моңғолдар сауданың дамуын қолдап, дінге қысым көрсетпеді. Ұлы жібек жолдың кедендері мен транзиттік бекеттерінде жолаушылар азық-түлік алып, аттарды алмастырып, қажет жағдайда жолсерік қызметі көрсетілді. Жаңа қалалар мен керуен-сарайлар бой көтерді. Керуеншілерге қызмет етіп отырған керуен-сарайлар жолауышылар үшін маңызы зор болған. Сонымен қатар, көпестер үшін керуен-сарайлар тауар өткізетін және тауар сатып алатын сауда орталығы ретінде қайнап жатты. Керуен-сарайлар ауыр және алыс жолдағы керуеншілер үшін біртіндеп мәдени орталықтарға айнала бастады.
XIV ғасырдың соңында Ұлы Жібек жолындағы сауда қатынастарының біршама құлдырауы Әмір Темір мемлекетінің тарих сахнасына шығуымен байланысты болды. Әмір Темірдің әскери ұрыс қимылдары мен шапқыншылық жорықтары нәтижесінде қалалар қирады, жерлер тоналды, көрші елдердің экономикасы талқанданды, транзиттік сауда негізі үзілді.
Ұлы Жібек жолының қазақстандық бағытындағы сауданың дамуы ақша жүйесінің қалыптасуына әкелді. Жол бойында әр елдердің теңгелерін айырбастау орындары болды. Оны ақша айырбастаушылар жасады. ХІ ғасырда Исфақан базарында 200 «сарафф» ақша айырбастаушылары болған екен. Отырар, Испиджаб, Тараз, Жент, Қойлық қалаларында теңге сарайлары жұмыс істеді. Қыпшақтардың теңге лері пұл – мыс ақшалары, дирхем немесе теңге - күміс ақшалары, динар - алтын теңгелері соғылды. Жошы ұлысында теңгелер Сарайшық, Сығнақ, Баршыкент қалаларында шығарылды.
Ұлы Жібек жолының тармақтары Қазақстан жерінен басып өтуі ірі және кіші қалалардың пайда болуы мен дамуына әсер етті. 1500 жылдан астам тарихы бар Тараз – ең ірі қалаларының бірі. 568 жылы түрік қағаны Дизабул Византия императоры Юстиниан ІІ жіберген дипломатиялық елшілігін қабылдаған. Ортағасырлық деректерде Тараз «көпестер қаласы» деп аталады. Тараз – түргештердің, кейін қарлұқтар мен қарахандықтардың астанасы болған қала. Бұл Тараздың сауда және әскери стратегиялық маңызы бар болған қала екенін дәлелі. Бір деректер бойынша қаланы ежелгі кезде ғұндар әскери бекініс ретінде орнатқан. Қала тұрғындары мықты жауынгерлер болған, жол бойымен өтетін керуендер күзетін белсенді атқарып тұрды.

Араб ғалымы ибн Хаукаль: «Тараз – мұсылман түріктердің сауда жасайтын орны» немесе «Тараз - көпестер қаласы» деп атады. Қаладағы үлкен монша VIII ғасырда салынған. Қала ішінде су құбырлары жүргізілген.
Жетісудың аса ірі сауда және әкімшілік орталығы –

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет