Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияға жорықтары. Алтын орда (ХІІІ-ХV ғасырдың ортасы). Ақ орда



Дата17.10.2023
өлшемі20,22 Kb.
#117260
түріҚұрамы

5 дәріс
Тақырып: Моңғол империясы құрамындағы Қазақстан.

  1. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияға жорықтары.

  2. Алтын орда (ХІІІ-ХV ғасырдың ортасы-ХV ғасырдың ортасы).

  3. Ақ орда(ХІІІ-ХV ғасырлардың басы)

  4. Моғолстан мемлекеті

  5. Әбілқайыр хандығы

Дәрістің топтама-тәсімі: Шыңғыс хан найман, керей, жалайыр сияқты Моңғолия жеріндегі түркі тілдес хандықтарды қол астына қаратқан соң, көрші жатқан елдерді жаулап ала бастайды. 1207-1208 жылдары үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алады. Ал 1207-1208 жылдары Шыңғыс хан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан кіняздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырады. 1211-1215 жылдар арасында Қытай жерін басып алып, олардың та атқыш, дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді. Бұдан әрі Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азия жеріне көз ті геді. Жазба деректере қарағанда Шыңғыс хан бұл жорықтарға өте ұқыпты даярланған. Ол өз еліне Орта Азиядан, Қазақстаннан келген саяхатшылар мен саудагерлерден Хорезм шахының, Қарахан мемлекетінің, қарақытайлардың ішкі саяси жағдайы, олардың бір-бірімен қарым –қатынастары, іскерлерінің құрамы туралы сұрап, мәліметтер алып отырғңан. 1217 жылы найман ханы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады. 1218 жылы моңғолдар Жетісу жеріне енеді. 1218 жылы тарихта «Отырар апаты» атанған ірі оқиға болады. 1219 жылы Шыңғыс ханның 150 мыңдық әскері Ертістен Сырдарияға қараай қозғалады. Бірінен соң бірі қазақ жеріндегі (қыпшақ даласы) қалаларды жаулап ала бастайды. Отырар қаласы 6 ай, Сығанақ -3 ай, ал Ашнас қаласы 15 күн бойы моңғолдарға берілмей табандылық пен күреседі. 1219-1224 жылдар арасында, яғни 5 жыл бойы соғысқан моңғолдар ақыры қазақ жеріндегі барлық қалаларды өзіне қаратады. Монғолдар бір орталықтан басқару идеясымен бұрын бастары бірікпей келген туыстас тайпаларды жақындастырды. Көшпелі тұрмыс салтын Шыңғыс ханның «Жаса» деп аталатын, жаңа жағдайда бейімделген қарапайым құқықтар жиынтығы реттеп отырды. Кейіннен қазақтың «Жеті жарғы» зандар жинағын жасағанда «Жасаны» да пайдаланған. Мемлекеттіліктің көптеген түрлері де кейіннен Қазақстанда, монғол дәуірінен соңғы кезеңде пайда болған мемлекеттерде пайдаланылды. Монғол шапқыншылығы Казақстан аумағындағы этностык процесстерге үлкен әсерін тигізді. Дегенмен, Шынғыс хан мен оның ізбасарлары жүргізген соғыстар жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолияның өзінің де өндіргіш күштерінің кұлдырауына алып келді.


Қазақстанды жаңа ұлыстарға бағындыру. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды.Алтын Орданың (Ұлы ұлыс) құрылуы: саяси-әкімшілік құрылысы, этникалық құрамы. 1227 жылы Жошы хан өлгеннен кейін оның ұлысы баласы Батыйдың қолына көшті. Батый хан бірнеше рет батыс елдерге шабуыл жасап, Алтайдан Дунайға дейінгі аймақтың бәрін өзіне қаратады да, бұл жерде Алтын Орда деп аталатын жаңа моңғол мемлекетін құрады. Алтын Орданың билеушілерінің егіншілік және қалалық мәдени аймақтарды басқару жөнінен тәжірибиесі болмады. Сондықтан, Алтын Орда хандары әуел бастан-ақ сауатты және білімді даярлығы бар адамдардан шенеуніктік аппарат құрды. Ол қызметшілердің көбі мұсылмандар (хоезмдіктер, ирандықтар, түркі бұлғарлары, қыпшақтар, қарлұқтар, қаңлылар) немесе буддистерден (ұйғырлар, тибет, қытайлар) тұрды. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.
1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады. XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талқан боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты. XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола құлады.
Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлес қосқан Тоқты хан болды. Ол Иран мен Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырып, Египет мәмлүктер мемлекетімен тығыз қарым-қатынаста болған. Әсіресе, Алтын Орданың Византия императорын жеңуі, Жерорта теңізі аймақтарында билікке қол жеткізуі мәселелері қаралады. Алтын Орда хандары Орыс ханның билігі, Өзбек және Жәнібек хандар кезеңіндегі саяси тартыстар, Ақсақ Темірдің жорықтары алдарына назар аударылады. Үздіксіз соғыстар мен билікке таласудың саладарынан Алтын Орданың ыдырау және құлдырап, оның орнында бірнеше шағын мемлекеттердің құрылуы туралы мағлұматтар беріледі.
ХҮІ-ХҮ ғасырдың бірінші жартысында, Ақ Орда кезеңінде, Көшпелі өзбектер мемлекеті Қазақстан аумағындағы тайпалардың этникалық құрамына тұрақталып, түрік, моңғол тайпаларының бірсыпыра мәдени-тұрмыстық ерекшіліктері бір ізге түседі. Түрлі тайпалық бірлестіктердің этникалық белгілерінің ортақтығы байқалады. Бұл мемлекеттер халық болып қөалыптасқан көптеген рулар мен тайпаларды қамтыды. Бұл орайда, Ақ Орда, Көшпелі өзбектер мемлекеті, Ноғай Ордасы халқының этникалық құрамы негізнен алғанда ұқсас болатын. Оларда сол кездегі жазбаша деректемелерде «өзбектер» деген жинақтаушы этникалық саяси терминмен белгілі болған т.ркі тілдес тайпалар: қыпшақтар, үйсіндер, қоңыраттар, керейттер, маңғыттар, арғындар, қарлұқтар, наймандар мекендеді. Солармен қоса деректемелерде, бүркіт, қият, кенегес, күрлеуіт тайпалары мен рулары және басқа да кқптеген тайпалар мен рулар аталады. Олардың бір бөлігі қазақтың Орта және Кіші жүздерінің құрамына кіріп, басқа бір бөлігі ХҮ-ХҮІ ғасырлар шебінде Орта Азияға барған, сөйтіп оған «өзбек» есімін апарған. ХІҮ ғасырда Орда –Ежен тегінен шыққан әміршілердің билігі Шайбани ұлысына тарады. ХІҮ ғасырдың аяғынан бастап Ақ ОРда хандарының иеліктері деректерде Өзбек ұлысы деп атала бастады. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғасырдың ІІ ширегінде, Ерзен мен Мәбәрак-қожа кезінде болған делінеді. Ол ХІҮ ғасырдың 60-70 жылдарында билік еткен Орыс хан кезінде едәуір нығайған. Сол кезеңде Темірге қарсы Ақ орданың тәуелсіздігі жолындағы күрестің негізгі ауыртпалығы соған түскен еді.
ХІҮ ғ.аяғы-ХҮ ғ. басындаға сыртқы саяси ауыр жағдайлар мемлекеттің ішкі қарқыстар кезінде Ақ орда едәуір әлсіреп кетті. 20 жылдарда Орыс ханың немересі Барақ хан өз әулетінің билігін бірсыпыра уақыт қалпына келтіреді. 20 жылдардың аяғында Шығыс-Дешті Қыпшақтың үлкен бөлігі билігі Шайбани ұрпақтары Қазақстанның оңтүстік аудандарыныда өз биліктерін сақтап қалды.
Моңғол зардаптары біртіндеп жойыла бастады. ХІҮ ғ. Қазақстаның оңтүстігі мен оңт-шығыс қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Бірақ саяси күрес жалғаса берді. Алтын Орда да үсті-үстіне халық көтерілістері өрістеді. Мұны пайдаланған Жошы мен Шағатай ұстыстарында түрік билеушілері Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда өздерінің саяси билігін орнату жолында күрес жүргізді. Соның нәтижесінде ХІҮ ғасырда солт-шығыс орталық және оңт Қазақстан аумағында Ақ Орда Алтын ордадан біржола бөлініп шығады, онымен қатар оңт-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан п.б. Ал ХІҮ ғ. Басында Алтан Орда иелігіне Еділ бойындағы дала, Еділдің батыс жағындағы жерлер, Қырым, солтүстік Кавказ бен Солт Хорезм кірді.
Ақ Орда ұлы моңғол империясынан кейінгі Қазақстан аумағындағы жерілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым.Мұсылман хронологиялық шежіресі бойынша Ақ Орда хандары мынадай реттілікпен беріледі: Орда –Ежен, Сартақ, Қоныша, Байан, Сасы-Бұға, Ерзен, Мәбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қойыршақ және соңғы ханы Барақ.
Моғолстан мемлекетінің халқы негізінен түркі халықтарынан, соның ішінде қазақ халқының құрамына кіретін тайпалар мен рулардан құралған. Моғолстан халқы осы өңірде тарихы қалыптасқан көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс кешті . Моғолстан мемлекетінің атауы "моғол", "могул" этнонимдерінен шыққан. Олай болса, "Моғолстан" тарихи-географиялық атау болып табылады. Моғолдық этносқа кіретін рулар мен тайпалық бірлестіктердің ерекшелігі, олардың түркі тілдестігінде. өйткені сырттан келген монғолдар жергілікті халықпен араласып кеткен еді. Моғолстан мемлекеті орта ғасырлық тарихи шығармаларда жергілікті түркі және түріктенген монғол тайпаларының ұзаққа созылған араласу және өзара сіңісу барысында "моғол" атты этносаяси қауымдастыққа біріккен мемлекеттік саяси бірлестік ретінде көрініс табады.
Моғолстанның бірінші билеушісі Тоғлық-Темір хан ұлыс-бектік басқару жүйесін сақтай отырып, орталық басқару жүйесіне көңіл бөлді. Тоғылық-Темір Алмалық қаласын хандықтың орталығына айналдыра отырып, алым-салым жүйесін тәртіпке келтірді. Сондай-ақ, ол бір күнде 160 мың адамды мұсылман дініне тарта отырып, мұсылман дінін мемлекеттік дәрежеге көтерді. Бұл жайлы бірқатар деректерде, солардың ішінде алғашқы болып Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегінде айтылған. Тоғылық Темір мемлекеттің сыртқы саясатында Мауераннахрды өзіне бағындыруды басты мақсат етіп қойды. 1360 жылы қаңтар айында Тоғылық Темір әскері Сырдарияның арғы бетіне өтіп, Шахрисябзға шабуыл жасады. өз ара жауласып жатқан жергілікті әмірлер оған қарсылық жасай алмады, олардың ішінен Темір атты жас әмір өз бетімен Тоғылық Темірдің билігін мойындады. Осы қызметі үшін оған Кеш қаласы мен оған іргелес жерлер берілді. Моғол ханының саясаты Әмір Темірдің билікке келуін жеңілдетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет