Үлкен Террор туралы Қазақ жазушыларына жарияланған амнистия



бет1/4
Дата19.05.2023
өлшемі53,4 Kb.
#94861
түріКодекс
  1   2   3   4
Байланысты:
Үлкен Террор


Жоспар

  • Үлкен Террор туралы

  • Қазақ жазушыларына жарияланған амнистия

  • Атылғандар тізімі

Үлкен террор-1937 жылдың 30 шілдесінде басталып, 1938 жылдың соңғы айына дейін үздіксіз жалғасқан 17 айдың ішінде жүзінде жүргізілген сталиндік жазалау саясаты
Үлкен Терррор кезінде жаппай жазалау саясаты жүргізіліп, «күмәнді» азаматтарға РСФР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 1-ден 11 ші тармақтары бойынша айып тағылып,ату жазасына кесілді.Демограф М.Тәтімовтың дерегі бойынша осы уақытта 66 мың адам жапа шегіп,22 мың азамат атылып,44 мыңы түрмеге қамалды. Кеңес мемлекеті әбден орныққан соң азамат соғысында қарсы шыққан қарсыластарына амнистия жариялағаны белгілі. «Халық жаулары», «ұлтшыл­дар», «исламшылдар», «түркішіл­дер», «Англияның» немесе «Жа­по­ния­ның шпиондары» деп айып­талған ата-апаларымыздың бәрі де ұлт­тың сүт бетіне шығатын қай­мақтары еді. «Тазарту» жүргізу туралы­ бұй­рықты Сталин 1937 жылдың ақпан-наурыз айларында болған ОК пленумында сөйлеген «Тро­цкийшілер және басқа да екіжүзділерді құрту бойынша­ партиялық жұмыстардың жетіс­пеушіліктері» атты баяндамасында берген. Осындағы сөздерінде ол «түп орнымен құрту», «көздерін жою» деген сөздерді нақты атайды. Бұл негізінен, қызмет басында жүргендер мен көзі ашық, көңілі ояу, сауаттылар мен білімділерді, соның ішінде ақын-жазушылар мен өнер адамдарын құртуға ба­ғытталды. Зиялы қауыммен қатар дін өкілдерін де түп орнымен құрту мақсат етілді. Осы пленумда сөйлеген 73 адамның 56-сы атылған. Ол ол ма, мұның алдында, 1934 жылы болған 17 съездің делегаттары және съезд сайлаған ОК-і құрамының 78 пайызының көзі жойылған. Осы күні көптеген ғалымдар Сталиннің «Үлкен террорды» жа­сау себебі неде деген сауалды өз­деріне қойып, оның ғылыми не­гізін іздеп әлек. Мәселен, ре­сейлік бір топ ғалымдар бұл Ста­линнің 1928 жылғы «таптық кү­ресті үнемі күшейте беру керек» деген сөзін іске асырудан туған деп санайды. Тарихшы Ю.Жуков террордың себебін 1936­ жылы қабылданған КСРО-ның Конституциясынан іздейді. Осы Конституцияға сәйкес 1937 жылдың желтоқсанында сайлау болатын, Сталин соның алдын алып, қарсыластарының өтіп кетуінен сақтанғандықтан жасады дейді. Бұл, әрине, ақылға сыймайтын дәлел. Өйткені 1937 жылы Сталин өзінің барлық ашық қарсыластарын құртып, ті­рілерін үнін шығара алмайтын хал­ге жеткізген. Сайлауда тек өз кандидаттарын ғана өткізетін жеке дара билік иесі болатын. Сондықтан осылар қарсыласады-ау деген күдікпен осыншалық террор жасауға негіз жоқ еді. Осы науқанда КСРО бойынша алғанда екі жыл­дың әрбір тәулігінде орта есеппен 1200-1300 адамды атып отырған. [1]

[2]
Осының бәрі екі жылда ға­на орын алады. Соның ішін­де Қазақстанда репрес­сия­ға ұшы­рағандар саны соңғы уақытта табыл­ған деректермен 118 мың адамға жетті, олардың 25 мыңдайы атылған. («Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары» атты кітаптан, 3-бет). Оның негізгі бөлігі өзі де аз болған қазақ зиялылары еді. Социалистическая Алма-Ата" қалалық газетінің 1937 жылғы тігіндісінің бірінші санында қазақ әдебиетіне арналған парақ бар. Бес жазушы - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Әбділда Тәжібаев және Сәбит Мұқанов - алдағы жылға арналған шығармашылық жоспарларымен бөліскен. Олар қандай шығармалар жазып жатқанын және баспаға қашан тапсыратынын айтып берген. Жоспарларымен бөліскен қазақ жазушылары бір жылдан кейін өздерін не күтіп тұрғанын білмеген еді.1938 жылғы ақпанда Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлин "халық жауы" ретінде атылды. 1937 жылы Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқановқа да саяси айыптар тағылды. Жазушылар одағының партия ұйымы нағыз "саяси физиономиясын" әшкерелегендіктен, 1937 жылғы қазанның басында Мұқановты партиядан шығарып жіберді. "Казахстанская правда" газетінің 1937 жылғы 5 қазандағы санында "Ол (Сәбит Мұқанов-ред) – жауларымыздың досы, сұмпайы фашист тыңшылар Сейфуллин мен Жансүгіровтің тікелей жандайшабы. Оның бүкіл шығармашылығы - Алаш орда идеяларына тұнып тұрған контрабанда, буржуазиялық және ұлтшылдық көзқарастарды тықпалау" деп жазылған.Ол кезде Сәбит Мұқанов пен Мұхтар Әуезовтің басына да репрессияның қара бұлты үйірілген еді. Бірақ екеуі қамау мен жазадан аман қалды. 1937 жылы "таза лирикамен ғана әуестеніп кетті, қазіргі заман тақырыптарын менсінбейді, жөні түзу шығармашыл ортадан аулақтап кетті" деген айыптармен Әбділда Тәжібаев та сынға ілікті.Қуғын-сүргінге түскендердің бәрі алған жазалары бойынша екі түрлі дәрежеге жатқызылды. Олардың бірінші дәрежедегілерін «үштік» атуға жіберсе, екінші дәрежедегілерін 8 жылдан 10 жылға дейін лагерьлерге айдады.Бұл бұйрық бойынша репрессиялық шара 1937 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін жүріп, ҚазКСР-де 2500 адам бірінші категория бойынша (ату жазасы), 5000 адам екінші категория бойынша (лагерьге қамау) соттау жоспарланды. Көрсеткішке келер болсақ, жоспар мынадай болды:


1.Солтүстік Қазақстан облысы - 650, 300, 950;
2.Оңтүстік Қазақстан облысы - 350, 600, 950;
3.Батыс Қазақстан облысы - 100, 200, 300;
4.Қостанай облысы - 150, 450, 600. Бұдан бөлек, тағы үш облыс көрсетілді. Ал Алматы облысында жоспар 200, 800, 1000 адам болған.
Қазақстан БКП(б) ОК бірінші хатшысының бос орнына келген армян Левон Мирзоян жоғарыда көрсетілген лимитті көбейту жөнінде Сталиннің атына 3 қазанда, 14 қарашада, 1 және 14 желтоқсанда шифровка жазған. Бұл хатында Мирзоян: "Бірінші категория бойынша ату жазасына 2500 адам кесілді, бірақ Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы шығушылар әлі де көп, сондықтан, Қазақстан үшін лимитті көбейтуіңізді сұраймын", - деген. Осындай хаттардан кейін 4 айда аяқталу керек болған репрессия 11 айға созылып, Қазақстанда 25000 астам адам ату жазасына кесіліп, 103 мыңнан астамы әр түрлі түзеу лагерлеріне жіберілді.Большевик көсемдерін мұндай қуғын-сүргінге жетелеген не нәрсе? Тарихшылар қазір мұның бірнеше нақты себебі бар екенін айтып отыр. Біріншіден, тұрғындардың бірқатар бөлігін мемлекет үшін тегін жұмыс күшіне айналдыру қажеттігі туды. Өйткені, елде атқарылуға тиісті жұмыстар өте көп еді де, олар үшін төленетін ақша жеткіліксіз болды. Екіншіден, бір адамның жеке билігін күшейте түсу үшін осындай қатыгез қадам жасалды. Жаңа идеология үшін жаппай табынатын адамдар керек-тін. Үшіншіден, тоталитарлық қоғамның қанаушылық қарымы мен ауқымын кеңейту бағыты назарда ұсталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет