t.me/orazabot
Ораза энциклопедиясы
ﺑﺴﻢﺍﻟﻠﻪ ﺍﻟ ّﺮﺣﻤﻦ ﺍﻟ ّﺮﺣﻴﻢ
ﺍﻟﺤﻤﺪﻟﻠﻪ ﺭﺏﺍﻟﻌﺎﻟﻤﻴﻦ ﻭﺍﻟﺼﻼﺓﻭﺍﻟﺴﻼﻡﻋﻠﻲ ﺭﺳﻮﻟﻨﺎ ﻣﺤﻤﺪ ﻭﻋﻠﻲﺍﻟﻪ ﻭﺻﺤﺒﻪ ﺍﺟﻤﻌﻴﻦ
Алла қаласа, бірер күннен соң, көптеген мұсылмандар әр жыл сайын асыға күткен
қасиетті Рамазан айы басталады. Осы орайда, сүйікті Пайғамбарымыздың
ﷺ шағбан айының соңғы күні өзінің ардақты сахабаларына жасаған құтбасы
баяндалған мәшһүр хадисті назарларыңызға ұсынамыз. Сонымен қатар, бұл
хадистің дәрежесі қандай әрі бұл хадистен алынатын қандай пайдалар мен
нұсқаулар барына тоқталатын боламыз.
Біздің мырзамыз, атақты сахаба Салман әл-Фариси (радиаллаһу әнһ) былай дейді:
«Шағбан айының соңғы күні Алланың Елшісі ﷺ бізге мынадай уағыз айтты:
«Уа, адамдар! Сендерге ұлық, берекелі ай келіп жетті. Бұл айда мың айдан артық Қадір
түні бар. Алла осы айда ораза тұтуды парыз етті, ал түндерінде намаз оқуды ерікті
қылды. Осы айда Аллаға бір ізгі қасиетпен жақындаған жан басқа уақытта парыз
орындағандай. Ал осы айда парыз амалын орындаған адам басқа уақытта жетпіс парыз
орындағандай. Бұл ай – сабырлылық айы. Ал сабырдың сыйы – жәннат. Өзара
жанашырлық айы. Бұл айда мүміннің ырзық-несібесі еселенеді. Кімде-кім осы айда ораза
тұтқан бір жанға ауыз ашар жасаса, оның күнәсі кешіріліп, тозақтан азат етіледі.
Ораза тұтушының сауабынан да ешнәрсе кемітілмейді».
Осы тұста сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Ауызашар жасауға бәріміздің
мүмкіндігіміз бола бермейді ғой», – деді. Сонда Алла Елшісі ﷺ:
«Оразашының аузын, тіпті, бір түйір құрмамен, не бір жұтым сумен, сүтпен
аштырған жанға да сондай сауап жазылады. Бұл айдың басы рахым, ортасы кешірім, ал
соңы тозақтан құтылу кезеңі. Кімде-кім осы айда құлына, қызметшісіне жеңілдік
жасаса, Алла оның күнәсін кешіріп, тозақтан азат етеді. Бұл айда төрт түрлі
қасиетті көбейтіңдер. Оның екеуі Раббыларыңды разы ететін қасиеттер: шәһәдатты
және истиғфарды көп айтып жүріңдер. Енді екеуі өздеріңе аса қажетті қасиет:
Раббыларыңнан жұмақты сұраңдар да, тозақтан азат етуін тілеңдер. Кімде-кім ораза
тұтқан жанға ауызашарда сусын берсе, Алла оны Қиямет күні менің һәуізімнен
сусындандырады да, ол қашан жұмаққа кіргенше еш шөлдемейтін болады», – деді.»