Логикалық бастауыш туралы



Дата03.10.2022
өлшемі12,99 Kb.
#41124

Логикалық бастауыш туралы

Тілде ойдың иесі туралы айтқанда екі жағдайға баса назар аударылады. Осы күні де, əсіресе ертерек зерттеулерде, соның ішінде роман-герман тілдерінде, орыс тілінде сөйлемнің бастауышы деп синтаксистік (грамматикалық), логикалық бастауыштар айтылып жүр. Бұл екеуі тілімізде теңбе-тең қолданылып келеді. Бірақ қолданылу орны, мазмұны, тұлғасы жағынан екеуі бір емес. Сөйлемде грамматикалық жəне логикалық бастауыш қолданылады. Бірақ осы екі бастауыш бір сөйлемде, біріншіден, кездеспейді, екіншіден, олар кездесетін сөйлемдердің арасында айырмашылық бар. Негізінде жақты, жақсыз сөйлемдерде бастау-



ыштар ашық та, жасырын да бола береді. Егер сөйлемдерде бастауыштар жасырын тұрғанымен, баяндауышы арқылы таба алсақ, бəрібір сөйлемнің бастауышы бар деп білетін боламыз. Ал сөйлем жақсыз болған жағдайда онда сөйлемнің ішінде субъектінің қызметін дəл атқарғанымен, сол дəрежеде ойға қатысты сөздер де болатыны айқын. Енді ондай сөйлемдерде бастауыш жоқ, бірақ басқа септіктегі сөздер сол сөйлемде ойға қатысты айтылуы тиіс болады. Бірақ ол сөздер əдеттегі грамматикалық бастауыштарға қарағанда субъектілік қызметі бəсең, мұндай сөйлемдер үнемі кездеседі. Мазмұны жағынан келгенде грамматикалық бастауыштар өзінің баяндауышымен жақ, сан жағынан қатысатын болса, логикалық бастауыштарда ондай қасиет бола алмайды. Біздің жасөспірімдердің жазғы сынаққа ойдағыдай əзірлікпен кірісулері керек («Лениншіл жас»). Бұл сөйлемнің баяндауышы кірісулері керек күрделі сөздер, демек осы сөйлемдердің грамматикалық бастауыштарын іздеп тауып алуға болмайды. Сонда ол баяндауыштарды маған, саған, оған кірісулері керек сияқты 3 жақта бірдей айыруға болады. Бұл енді осындай бастауышы жоқ сөйлемдердің де ішінде бүкіл сөйлемдегі ойға ие болатындай сөздер болуы тиіс. Ондай сөздер грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайды да, тек логикалық, яғни ойлау тұрғысынан ғана бастауыш қызметін атқарады. Жоғарыдағы сөйлемдегі негізгі логикалық бастауыш шығыс жалғаулы əзірлік сөзі. Бұл сөйлемдегі негізгі əңгіме болатын ой осы сөз төңірегінде болады да, ол сөз сөйлемнің бастауышы ретінде қалыптасқан. Тұлғасы жағынан қазақ тіл білімінде де, түркітануда да əртүрлі айтылады. А. Жақыпов қырғыз тілінде логикалық бастауыш ретінде ілік, барыс, шығыс септікті сөздерді жатқызса, С. Аманжолов барыс, ілік жалғаулы сөздерді жатқызады. Ал М. Балақаев көбіне ілік жалғаулы сөздерді қатысты деп біледі. Грамматикалық бастауыштардың ашық та, жасырын да түрін айқындау онша қиынға түспегенімен, сөйлемдегі логикалық бастауышты табудың жолын жақсыз сөйлем жүйесінен іздеу, сол арқылы бағдарлау орынды демекпіз

Сонымен, сөйлемдерімізде грамматикалық та, логикалық та бастауыштар тиісті орын ала келіп, тілдің белгілі бір элементі ретінде қажетті бөліктері болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет