Ресми Іс-қағаздар стилі студент Магзумов Е. е



Дата08.12.2022
өлшемі201,88 Kb.
#55858
Байланысты:
Презентация

Ресми Іс-қағаздар стилі

студент Магзумов Е.е.

Кіріспе

  • «Стиль» – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді. Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
  • Қазақ әдеби тіл стильдері:
  • Ауызекі сөйлеу стилі
  • Көркем әдебиет стилі
  • Публицистикалық стиль
  • Ресми іс-қағаздар стилі
  • Ғылыми стиль

Ресми стиль

  • Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады.
  • Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады:
  • түйіндеменің дәлдігі немесе бір мағыналылығы;
  • айқындық немесе жүйелілік;
  • логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі;
  • баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.

Стиль ерекшеліктері

  • Ресми немесе іс-қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
  • Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.
  • Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.
  • Ресми іс-қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.
  • Іс-қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер

  • - мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;
  • - тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
  • - сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;
  • - терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
  • - терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
  • - қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

ІС-ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

  • Іс қағаздарының түрлері үшке бөлінеді:
  • І. Азаматтық қарым-қатынас құжаттары.
  • ІІ. Жеке бас құжаттары.
  • ІІІ. Басқару, ұйымдастыру құжаттары.

І. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар

  • Оған төмендегідей құжаттар жатады:
  • 1. сенімхат
  • 2. кепілхат
  • 3. өтінім
  • 4. тапсырыс
  • 5. келісімшарт
  • 6. еңбек шарты
  • 7. шарт
  • 8. еңбек келісімі

ІІ. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.

  • Оған мына құжаттар жатады
  • 1. өмірбаян
  • 2. түйіндеме
  • 3. жеке іс парағы
  • 4. визит карточкасы
  • 5. өтініш
  • 6. арыз
  • 7. мінездеме
  • 8. кепілдеме
  • 9. кеден мағлұмдамасы
  • 10. жеделхат

ІІІ. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.

  • Оған төмендегідей құжаттар жатады
  • 1. үкім, өкім
  • 2. Жарғы, жарлық
  • 3. Ереже
  • 4. хабарлама
  • 5. бұйрық
  • 6. нұсқау
  • 7. ресми хаттар
  • 8. хаттама
  • 9. жарнама
  • 10. хабарландыру

Іс-қағаздарының қызметтері

  • - жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
  • - жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
  • - әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;
  • - мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
  • - жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;
  • - мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
  • - тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
  • - мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
  • - мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс-қағаздарының сипаттары

  •  - саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
  • - әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
  • - ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);
  • - құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
  • - тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).
  • - ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет