Ұлт тарихындағЫ Ұлы күН



Дата01.11.2022
өлшемі15,61 Kb.
#46776

ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ КҮН


Қазақстан Республикасы — міне осындай мәртебеге ие болған тарихи маңызы зор ерекше күн осы 25-ші қазан болып табылады. Дәл осы күні еліміз егеменді, тәуелсіз, зайырлы азат ел болып жарияланды.
Республика күні — бұл еліміздің ең алғаш өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жариялануына декларация қабылданған күн. Яғни «Республика күні» болып мемлекеттік мерекелер қатарына енген болатын. Бұл декларация 1990-шы жылдың 25 қазан айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен қабылданған тарихи құжат болып табылады. Оны өзгерту де, ұмыту да мүмкін емес. Өйткені бұл декларацияда қазақ елінің өз алдына дербес егеменді ел, мемлекет болып жарияланған еді.
Толығымен ашып айтар болсам, Декларацияда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі жаряланып, еліміздің саяси құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы айтылып, еліміздің аумағының тұтастығын, оған ешқандай қол сұғылмайтыны жөнінде кеңінен баяндалған еді. Сонымен қатар қазақ халқының және қазақ елінде тұратын түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдениетін тілі мен дінін қадірлеу, нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болып бекітілді. Яғни, қазақ жерінде тұратын басқа ұлт өкілдері, өзіміздің қазақ бауырламыз болсын олардың өзара сыйластығы мен татулығы, бірлігі мен ынтымақтастығы болуын, бір тудың астында өмір сүріп жатқандықтан ел ішіндегі ұлттар арасындағы татулық болуы еліміздің басты мәселесі болып табылды. Өйткені татулық бар жерде тыныштық та болатынын білеміз.
«Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» — деп Білге Қаған айтқанындай, ел болып бірігіп, жұлырықтай жұмылып елдігімізді сақтайық, теңдігімізді сақтайық! Республика күнінде патриоттық сезіммен әндетейік, жырлатайық. Қазақ деп соққан жүрегіміз тоқтамасын, ұлттық рухымыз биік болып, сыйластықта, қуанышта өмір сүре берейік! Атырау, Алтай арасын жалғап жатқан дархан даламызда бибітшілік мәңгі орнап, көңіліміз тыныш, өміріміз тыныш бақытты өмір сүре берейік!
Әр жыл сайын келетін, яғни қазан айының 25-сі Республика күні құтты болсын қазақ елі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ел бірлігі мен тұтастығы сақталып, бай-қуатты бола берейік!


Құттықтаймын қазағым,
Республика күнімен.
Бар ғаламға танылсын,
Әнұраным үнімен.
Азаттықтың көк туы,
Желбіресін көгімде.
Бар жақсылық орналсын,
Егемендік елімде.
Қазақ аты танылсын,
Барлық әлем жұртына.
Таңдансын да таң қалсын,
Салт-дәстүрім, ғұрпыма.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет