Ұлтаралық араздық дегенді қалай түсінесің? Ұлтаралық араздықтың туындауына не себеп болуы мүмкін? Ұлтаралық араздық қай елдерде жиі орын алады?



бет1/2
Дата28.06.2022
өлшемі27,46 Kb.
#37379
  1   2
Байланысты:
Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік ҚМЖ 9сынып



  1. Ұлтаралық араздық дегенді қалай түсінесің?

  2. Ұлтаралық араздықтың туындауына не себеп болуы мүмкін?

  3. Ұлтаралық араздық қай елдерде жиі орын алады?

  4. Ұлтаралық қақтығыстардың алдын алудың қандай жолдарын ұсынар едің?

  5. Ұлтаралық жолдарды шешу мүмкін бе?

Бекітемін:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
_________
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ меңгерушісі
_________
Мерзімі «___» ___ ___

Бөлім: Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік.
Сабақтың тақырыбы: Ұлтаралық араздық береке әкелмейді



Мектеп: Орал қаласы ФМБ НЗМ
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:
Алмагамбетова Ж.К.

СЫНЫП: 9 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу

Сабақ мақсаттары


Негтив

  • Ұсынылған мәтіннің мазмұнын жан-жақты түсіну:

  • Оқылым стратегияларын меңгеру;

  • Тілдік оралымдарды орынды қолдану;

  • Мәтіндегі идеялар негізінде блог пікірін жазу.


Тілдік мақсаттар

Сүттей ұйыған, жалаң ұран, қылдан да нәзік, сырттай тон пішу, отқа май құю, қанға бөгу, белең алу, көз салу, қылаң беру.

Бағалау крийлері

  • Ұсынылған мәтіннің мазмұнын жан-жақты түсінеді:

  • Оқылым стратегияларын меңгереді;

  • Тілдік оралымдарды орынды қолдана біледі;

  • Мәтіндегі идеялар негізінде блог пікірін жаза алады.

Пәнаралық байланыс

Дүние жүзі тарихы, география.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы
7 минут


«Тауып көр» сергіту сәті
Мұғалім оқушылардың маңдайларына стикерлер жапсырады. Стикерде төмендегі тілдік оралымдар жапсырылған. Оқушылар бір-біріне сөздердің мағынасын жасырады. Ал маңдайына жапсырылған стикердегі сөздерді оқушылар тауып алуы қажет.
сүттей ұйыған
жалаң ұран
қылдан да нәзік
сырттай тон пішу
отқа май құю
қанға бөгу
белең алу
көз салу
қылаң беру
Оқушылар анықталған тілдік оралымдарды қатыстырып, ұлтаралық қақтығыстар тақырыбында сөйлемдер құрастырады.
Оқушыларға сабақтың оқу мақсаты мен жетістік критерийлері таныстырылады.




Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

10 мин

Оқылым алдындағы тапсырма.
«Кел, сөйлесейік» тапсырмасы.

Оқылым тапсырмасы.
1-тапсырма. «Шолып оқу» стратегиясы.
Оқушылар мәтінді 3 минутта шолып оқиды да, мәтін бойынша түсінген ойын 1 құрмалас сөйлеммен жазады.
2-тапсырма. «Іріктеп оқу» стратегиясы.
Оқушылар мәтінді 5 минутта тағы да бір мәрте қарап шығады да, есінде қалған 10 сөзді теріп жазады.
3-тапсырма. «Зерттеп оқу» стратегиясы.
Оқушылар мәтінді 10 минутта қарап шығады да, ішінен тілдік оралымдарды тауып, олардың қолданысын зерттейді. Сабақтың басындағы өздерінің қолданысымен салыстырады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар «Мен ұлтаралық араздыққа қарсымын!» тақырыбында блог пікірін жазады.
Дескриптор:

  • Кем дегенде 3 тілдік оралымдарды орынды қолданады;

  • Кем дегенде 1 мәтіндегі идеяны дамыта алады;

  • Кем дегенде 120-130 сөзден тұратын мәтін жазады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет