Ұлттық киім атаулары ПиП 2-11 Мухамедьярова Зален



Дата08.12.2022
өлшемі2,26 Mb.
#55983
Байланысты:
Ұлттық киім атаулары

Ұлттық киім атаулары

ПиП 2-11

Мухамедьярова Зален

Ер адамның сырт киімдері

Аба – киім сыртынан киетін жамылғыш.

Қамзол – жеңсіз жеңіл киім.

Бешпет – тік жағалы, ұзындығы тізерлікке жететін, астарлап тігілген жеңіл киім.

Шалбар (аяққап) – қой терісінен не матадан тігілген, балағы аяқ басына жететін, бұтқа киетін киім. Тігілу үлгілері мен материалдарына байланысты түрі көп. Мысыла: түймелі шалбар, тері шалбар, жарғақ шалбар, елтірі шалбар, қырықпа шалбар, қап шалбар, сырма шалбар, сал шалбар.

Ер адамның сырт киімдері

Сақсыр – тар балақты, жұмсақ материалдан тігілген шалбар.

Кеудеше – жас түйенің иірілген жүнінен не түбіттен тоқылған жағасыз, жеңсіз тоқыма.

Қаттау – қалың кездемеден тігілген кеудеше.

Кебенек – күзем жүнінен сұрыпталып, жаңа басылған киізден бітеу тігілген, боранда, жауын-шашында киетін сырт киім.

Күме – арасына түйе, қой жүнін салып, шүберекпен астарлап, тыстап, сырып тігілген жылы киім.

Жадағай – астарсыз не жұқалап қой жүні салып астарланған жеңіл сырт киім. Далбағай, далбай, жолбай деп те аталады.

БАТЫРЛАР КИІМІ

Бадана – темір торлы сауыт.

Торғауыт – сауыттың бір түрі.

Аймауыт – жиі торлы сауыт.

Ақкөбе- сауыттың көп түймелі түрі.

Көбе – қалың темір қаптама.

Берен – болаттан жасалған сауыт.

Ақсауыт – берік сымнан көз-көз етіп тоқылған сауыт.

Пыран – сауыттың сәнді және берік түрі.

Дулығатемірден, жезден жасалған қылыш кеспес, найза, садақ оғы өтпес бас киім.

ӘЙЕЛДІҢ СЫРТ КИІМІ

Белдемше – той-думандарда көйлек үстінен киетін сәнді сырт киім үлгідерінің бірі. Той киімі ретінде жаңа түскен келінге да арнап тігіледі.

Келемежібектен тігілген, сәнді киер сырт киім.

Кеудеше – кеудеге киетін сырма, жұқа жеңіл киім.

Кәзекей – жеңсіз, жағасы кеңірек ойылған, етегі белден төменірек түсетін, бағалы матадан тігілген жеңіл киім.

Қамзол – көйлек сыртынан киетін жеңсіз не шолақ жең жеңіл сәндік әрі жұмыс киімі.

Кіреуке – алтын тінді зерлі жіппен тігілген, аса қымбатты, сәнді жібек шапан.

Әйелдің бас киімдері

Орамал - әртүрлі матадан, әр алуан үлгіде жасалған басқа тартар.

Біртартар – үшкіл, кішігірім бас орамал.

Түрме – түре тартатын жеңіл орамал.

Шаршы – кішкене шаршы бас орамал.

Байлама – басқа салатын шағын орамал.

Шылауыш – кимешек үстінен байланатын үлкен ақ шаршы.

Кимешекақ матадан тігілген, омырау мен арқаны жауып тұратын, беті ойылып жасалған әртүрлі үлгідегі бас киім.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет