М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз


Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз



бет37/50
Дата06.01.2022
өлшемі123,32 Kb.
#14396
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
37.Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.

Сал- серілік өнерді халқына өлмес мұра етіп қалдырған әнші-ақындар – тобы қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.Олар ақындық пен әншілікті, сазгерлікті қатар алып жүрген, сегіз қырлы , бір сырлы өнер майталмандары болды.Олардың назарынан ел арасындағы, заман ағымындағы бірде-бір мәселе тыс қалған емес.Мұның мәнісі неде?

Бұл сұраққа жауап алу үшін , алдыменен, сал-серілердің көтерген мәселесі мен қозғаған тақырыптарына талдау жасап көрейік.Әнші-сазгер ақындар ел ішіндегі келеңсіз жағдайларды қаламына тиек етті.Олардың өздері де сол әлеуметтік ортаның әділетсіздігінің құрбаны болған.Сондықтан да, өз өлеңдерінде осы мәселелерді шыншылдықпен жазған деп ойлаймын.

Біріншіден, сал- серілерге көрегендік қасиет тән сияқты.Себебі, айналадағы әлеуметтік теңсіздікті жіті бақылап, түйген ойларын батыл айтып отырғанын көреміз.Әсіресе, Жаяу Мұса, Ақан сері, Біржан, Әсеттің өлеңдерінде анық көрінеді.Жалғыз атынан айрылған Мұсаның жаяу атануы, Ақан серінің айықпас трагедиялық халі, Әсеттің туған жерден жат өлкеге кетуі, Біржанның озбыр болыстың қиянатын көруі көрінісі емес пе?Десе де, әнші-ақындар жырының күрескерлік мәні жойылмады деп ойлаймын.Сегіз серінің: «Қолыма ұстап жүрмін ерлік туын, Көзімнен туған өлке бір-бір ұшып, Сағындым көп Есілдің мөлдір суын» деген өлеңінде өмірлік мақсаттың бағдары айқын көрінеді.Сонымен қатар, туған елден артық ештеңе жоғын да аңғартады. Себебі, сал-серілердің көбі қуғын-сүргінге ұшырап, жат елде жүрген.

Екіншіден, сал-серілер адамның еркін өмір сүруі мен бас бостандығын жырлайды.Сұлулық пен махаббатты дүниенің сән-салтанаты деп көрсетеді. Жақсылық пен жамандықты салыстыра суреттеу де, әнші-ақындардың қозғаған тақырыптарының өзегі болған.Ақан серінің жеті қыздың сипаты мен жігіттің он үш түрлі қасиетін жеке беруі «Адамның біліміне ақыл серік» деген идеясын ашатындай.

Сонымен қатар, аңшылық, мергеншілік жайлы да жыр еткен.Менің ойымша, қазақ халқының саятшылық өнерін жыр етіп қана қоймай, мықтап сақтап қалған да – осы ақындар тобы.

Қорыта келгенде, әнші-сазгер ақындардың көтерген мәселелері әр алуан.Олар өз заманының айнасы іспеттес болған.Сондықтан да, өршіл, азаматтық сарындағы жырларын жазып қалдырды.Сал-серілер поэзиясы – бүгінгі күннің еншісіндегі асыл мұрамыз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет