М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі Жалпы білім беру ұйымының 5-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Әр өлеңі – бір әлем»



Дата14.03.2023
өлшемі23,15 Kb.
#74120

М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі

Жалпы білім беру ұйымының 5-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік


«Әр өлеңі – бір әлем» атты Мұқағали оқуын өткізу.
Мақсаты: Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қаутын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізе білуге баулу;
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі, ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, қадірменді қауым!
2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! «Әр өлеңі – бір әлем» атты мерекемізден, Мұқағали өлеңдерінен нәр аламыз деп келген қонақтар ...
Бірге: Қош келдіңіздер!!!
1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде. Шындығында, Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған.
2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі мерекенің пердесін Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаев әнімен ашсақ.
Ән:
1-жүргізуші: Ақынның туған күні- 9-ақпан. Бұл күн қай жерде болмасын жыл сайын ақпан айында тойлана беретіні хақ.
2-жүргізуші: Ендеше, ақынның асыл мұрасын зерделеп, өлеңдерін насихаттап жүрген оқушыларымызды қарсы алайық!
(Баяу әуенмен оқушылар шығады)
Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:
1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясында үміткер М.Мақатаев шығрмашылығынан жатқа білетін өлеңерінің тізбесі (поэмадан басқа)мен мәтінін алдын-ала әділқазыларға ұсынады (электронды почтаға жібереді). Ұсынылған тізбеден әділқазылардың нұсқауымен кез-келген өлеңді жатқа оқиды. Әділқазылар тізбенің кез-келген жерінен тоқтатып, сұрауы мүмкін. Үміткердің жатқа білетін өлеңдерінің санына және мәнерлеп көркемдеп оқылуына баға қойылады. Егер әділқазылар ұсынған өлеңді үміткер жатқа, мәнерлеп айта алмаса, ұпайы кемиді.
«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинация үміткерлері:

  1. Сейілхан Айғаным - 9 сынып

  2. Шеримкулова Дильназ - 9 сынып

  3. Мустафин Шамиль – 9 сынып

  4. Кеңесхан Қарақат – 8 сынып

  5. Касымова Айзада - 9 сынып

  6. Кеншілік Құндыз -8 сынып

2. «Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша қатысушы үміткерлер «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай-Атырау» поэмаларын толық жатқа білуі тиіс. Поэманы жатқа айтудан өзара сынға түседі.
1. Кеншілік Жұлдыз – 8 сынып
3. «Көкірегімде жыр сәулесі мазайды...» номинациясы бойынша оқушы өз шығармашылығынан үш шумақтан кем түспейтін бір өлеңін және ақынға арнаған туындысын оқиды. Оқушы өз шығармасын жатқа оқуы шарт. Өлеңнің көркемдігі, тақырыптың ашылуы, мазмұны, оқу мәнері ескеріледі.
1. Мустафин Шамиль -9 сынып
Ендеше, сайысымызды бастайық!
1-жүргізуші: Әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша , ақиық ақын жайлы сыр шертелік.
2-жүргізуші: Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық. Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын» десе ...
1-жүргізуші: кейбіреуі: «Жоқ ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып, бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды ақын емес деп көріңіз..!
2-жүргізуші: Ақиық ақын 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысында, Калининград майданында, қайтыс болған. Анасының аты – Нағиман. Әжесінің бауырында өскен соң, Мұқағали өз анасын «Нақа» деп атаған екен. Соғыс зардабы бұғанасы қатпаған балаларға ауыр салмақ салды. Сол бір сұрапыл жылдарда әжесі мен шешесінің, екі інісінің ортасындағы бас көтерер еркек кіндіктен ересегі Мұқағали болып, бала иығын батпандай басқан отбасының ауырпалығын ерте сезе бастайды.
1-жүргізуші: Иә, ақын ерте есейді,еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болды. 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
2-жүргізуші: Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған.  
1-жүргізуші: «Поэзия, менімен егіз бе едің»– деп ақын өзі жырлағандай, Мұқағали өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше, Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталып қалған ақынның өз дауысына құлақ түрелік.
(Мұқағалидың дауысымен өз өлеңдері оқылады)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет