Macromedia Flash бағдарлама



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата05.06.2023
өлшемі0,84 Mb.
#98759
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



Macromedia Flash бағдарлама
 
Алғы сөз 
Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипатының бірі 
қазіргі уақытта индустриалдықтан ақпараттық қоғамға болып отыр. 
Жаппай компьютерлендіру жаңа ақпараттық технологияларды оқыту 
саласында бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеуметтік 
өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейін жасайды. 70 
жылдардың басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында 
үлкен техникалық жаңалық ашылды, үлкен интегралдық үлгілер 
пайда болды. 80 жылдардың ортасында жергілікті және ауқымды 
желілер дами бастады.
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты 
компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. 
Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты бағдарламалар да 
аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, анимация жасауда көп 
қолданысқа ие Macromedia Flash бағдарламасы. Бұл бағдарламаны 
көбінесе Web-сайттарды құруда көп қолданады. Соңғы кезде 
электронды 
оқыту 
өнімдері 
нарығында, 
Macromedia 
Flash 
технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер 
қолданушысына бағдарламалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін 
оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. 
Қазір Macromedia Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып 
жатқан технология болып табылады. Macromedia Flash технологиясы 
анимация жасаушылар үшін өте қолайлы бағдарлама, өйткені ол
төмендегі сапаларға ие: 
- жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы 
пайдалану есебінде; 
- интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді 
тікелей басқара алады; 
- қолайлылық – Macromedia Flash технологиясының негізі, 
компьютермен жұмыс істеу дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. 



Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез 
жүктелетіндігі Macromedia Flash пайдаланушылары үшін үлкен 
мүмкіндіктер туғызады. 
Flash техналогиясының негізгі векторлық графикалық 
форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. SWF қосымшасының 
артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі 
аппараттық – бағдарламалық платформада қолданылады. Тағы бір 
SWF – тың ерекшелігі, құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып 
ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер 
мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады. 
SWF форматының танымал болуының себебі, Macromedia 
фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен 
қолданылуы. 
Мультимедиялық презинтациялар құру үшін – Macromedia 
Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін - 
Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks, интербелсенді оқытушы 
курстарын құру үшін – Macromedia Authorwave, Macromedia Course 
Builder. Сондықтан да Web-публикациясының ішінде ең танымал, әрі 
жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін - Macromedia Flash болып 
табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және 
әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF 
форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті. 
Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді: 
- векторлық графика; 
- анимацияларды қолдау
- интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі; 
- әртүрлі графикалық форматтарды қолдау; 
- Flash фильмдерді HTML форматына қосу; 
- Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі; 
- әртүрлі визуальді саймандардың болуы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет