Алматы облысы,
Балқаш ауданы
«Бірлік орта мектебі» мемлекеттік
коммуналдық мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мамырова Қарлыға Қалқаманқызы
«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»
(Мұқағали оқулары)
Мұқағали сөзіне жазылған ән орындалады.
Жүргізуші:
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Жүргізуші:
Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. «Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіңе қайтарамын»-деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали оқуларына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
«Сырым да осы, жырым да осы, Алдыңда.
Байқашы сен, Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!»-
Мұқағали-ақын, аудармашы, драматург, прозашы. Оның жауһар жырлары- мәңгілік. Олай болса, ақынның өлеңдерін жаттап, сусындап өсіп келе жатқан өлеңге құмар мектебіміздің сайысқа қатысушы оқушыларын ортаға шақырайық.
(Ортаға қатысушы сайыскерлеріміз шақырылады)
Жүргізуші:
Мұқағали оқуларының шарттарымен таныстырып өтейін:
I-кезең: Мұқағали өлеңдерінен 10 өлең жатқа мәнерлеп оқу.
II-кезең: Мұқағали поэмасын мәнерлеп жатқа айту.
III-кезең: Мұқағалиға өз шығармашылығынан арнау.
Жүргізуші:
Әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
2014-2015 оқу жылындағы Мұқағали оқуларының жеңімпазы 10 сынып оқушысы Бақытжан Гүлнұр
«Жас Ұлан» ұйымының Мәдениет министрі Жақай Айдана
10 сынып оқушысы Жақаш Жадыра
Жүргізуші:
Иә, ақын мұны бізге жетті. Оның тілегін орындау – біздің парызымыз. Поэзияның аламан бәйгесінен оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Олай болса, Мұқағали туралы аздаған бейнефильм тамашалайық.
(видиофильм көрсетіледі)
Жүргізуші:
— «Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе – күн қасымызда, әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп, жарық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр» — деген еді ақын Әбділда Тәжібаев олай болса, ақынның өлеңдеріне кезек берейік
I-кезең: Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Кезек сайыскерлерімізді
(Ортаға кезек бойынша қатысушылар ортаға шығады)
Осы орайда Мұқағали атамыздың өз дауысымен оқыған өлеңдеріне кезек берсек.
(Мұқағалидың дауысымен айтылған өлеңін тыңдату)
Жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата –баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали поэзия алыбы.
II-кезең: Мұқағали поэмасын мәнерлеп жатқа айту. Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Кезек сайыскерлерімізді
(Ортаға кезек бойынша қатысушылар ортаға шығады
Жүргізуші:
Өлең - менің бар тынысым,
Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін.
Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,
Біреулерден жүргем жоң арту үшін.
III-кезең: Сайыскерлеріміздің Мұқағалиға өз шығармашылығынан арнау өлеңі.Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Кезек сайыскерлерімізде
(Ортаға кезек бойынша қатысушылар ортаға шығады)
Жүргізуші:
Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен аңында арман бар ма
Жүрегінің түбіне кір жасырмай...
Жүргізуші:
Ендеше, әділқазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша мына сөзжұмбақты шешейік. Олай болса уақыт оздырмай сұрақтарға көшейік.
Мұқағали Мақатаевтың анасының аты? (Нағиман)
Ақынның азан шақырып қойылған аты? (Мұқаметқали)
Мұқағали қай жерде дүниеге келген?( Қарасаз)
Жарының аты? (Лашын)
1972 жылы “Жазушы”баспасынан жарық көрген өлеңдер жинағы. Бұл жинақ – ақынның көзі тірісінде оқырманның қолына тиген бесінші кітабы. (Дариға-жүрек)
Өмірден ерте кеткен қызы? (Майгүл)
Экрандағы кісінің Мұқағалиға қандай жақындығы бар?
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.-деген өлеңді кімге арнаған? (Фариза Оңғарсынова)
Жүргізуші:
Мұқағалиді еске алып келеді елім,
Қайталаған қазақтың қара өлеңін.
Ұмытпайды ұрпағы ұлыларды,
Мұқағали, Жұмекен, Төлегенін.
Жүргізуші:
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Қолдарыңызға таратылған әннің мәтіні бойынша ақынға тағзым, ақынды еске алу ретінде «Есіңе мені алғайсың» әнін барлығымыз бірге шырқайық.
Жүргізуші:
Бүгінгі «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали оқуларының қорытындысын жариялау үшін әділқазылар алқасына сөз берейік.
(Сайыскерлерімізді марапаттау)
Жүргізуші:
Қырансың, аға, топтан сен бөлек дарасың,
Хантәңірі сынды заңғар боп мәңгі қаласың.
Жырларың сенің таулардай биік тұлғалы
Шарлап жүр бүгін көк пенен жердің арасын.
Құрметті жыр сүйер қауым!
Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз. Бүгінгі сайысымыз осымен өз мәресіне жетіп қалды.
Бірге: Келесі кездескенше сау болыңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |