Қр конститутциясы Қр бақ туралы Заңы ҚР журналистердің Этика Кодексі



бет1/7
Дата30.11.2022
өлшемі34,28 Kb.
#53835
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№5 практикалық сабақ


5 практикалық сабақ.Тележурналистік зерттеу жүргізу үшін білуге тиісті заңнамалар

5.1 ҚР Конститутциясы
5.2 ҚР БАҚ туралы Заңы
5.3 ҚР журналистердің Этика Кодексі
5.4 ҚР Азаматтық Кодексі
5.5 ҚР Қылмыстық Кодексі
5.6 Әлеуметтік желіде жарық көрген ақпаратты сараптау жолдары

Еліміздің негізгі заңы – ҚР Конститутциясы сөз бостандығына кепілдік беріп, әркімге заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқы бар екенін айтып отыр. Ал БАҚ-тардың қызметін реттейін «БАҚ туралы» заңда: «Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенімдерін баспа арқылы және де өзге нысанда білдіруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдіспен алуға және таратуға құқық беріледі» деп айтылған.


Ал ақпарат сұрауға келетін болсақ, ҚР заңдарында ақпаратты тек жазбаша түрде сұрау керек деп еш жерде айтылмаған. «БАҚ туралы» заңның 18-бабы 2-1 тармағында: «Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар сұралып отырған ақпаратты (жазбаша немесе ауызша) өтініш түскен күннен бастап үш күннен кешіктірмей беруге не беру мерзімін немесе беруден бас тарту себебін көрсете отырып жауабын беруге міндетті. Қосымша зерделеуді және тексеруді қажет ететін өтінішке жауап ол келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей берілуге тиіс» деп жазылған. Ең бастысы, журналист ақпарат алған не ала алмаған кезде (ауызша немесе жазбаша), сол адамға сұрақпен шыққанын көрсететін дәлелдер тауып қоюы керек, себебі кейін сотқа шағымданатын болсаңыз, сол дәлеліңіздің маңызы зор болмақ.
Журналистің міндеттері мен құқықтары ҚР «БАҚ туралы» заңында көрсетілген. Оның 21-бабында журналистің міндеттері толық аталады, ал 4-1 тармақта «Азаматтармен сұхбат жүргізген кезде дыбыс немесе бейнежазбаны пайдалануға келісім алуға міндетті» делінген. Сонымен қатар, БАҚ туралы заңның 16-бабы 2-тармағы: БАҚ-тардың (теледидар, радио хабарларын тарату) редакциялары эфирге шығарған өз хабарларының жазбаларын бір ай бойы сақтауға міндетті деп көрсеткен.
ҚР Конститутциясының 20-бабы әркімге заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқық береді. Қандай мәліметтер мемлекеттік құпия болып саналатын заңмен белгіленген. Сонымен заңның 2-бабы жол бермейтін «жабық ақпараттар»:- Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді, заңмен қорғалатын өзге де құпияларды;
- Экстремизм мен терроризмді насихаттап, ақтауға;
- Есірткі, психотроптық заттарды, перекурсорларды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға;
- Сондай-ақ, банк құпиясы ҚР «Банк және банк қызметі туралы» заңмен қорғалады, адвокаттық құпия ҚР «Адвокат қызметі туралы» заңмен қорғалады және т.б.
1999 жылы 15 наурызда қабылданған ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңының 17-бабында құпиялауға жатпайтын мәліметтер тізімі берілген:
1) Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және зардаптары туралы, сондай-ақ табиғи зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен зардаптары туралы;
2) Экологияның, денсаулық сақтаудың, санитарияның, демографияның, білім берудің, мәдениеттің, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстың жай-күйі туралы;
3) Мемлекет азаматтарға, лауазымды адамдарға және ұйымдарға беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы;
4) Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы;
5) ҚР Ұлттық банкі алтын-валюта активтерінің және бағалы металдар мен асыл тастардың үкіметтік резервінің мөлшері туралы;
6) Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдарды бұзу фактілері туралы;
7) Осы заңның 14-бабында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, саяси, әлеуметтік және басқа себептер бойынша жаппай қуғын-сүргіндер туралы, соның ішінде мұрағаттарда жатқан мәліметтер құпияландырылмауға тиіс.
ҚР заңдары мемлекеттік емес кәсіпорындарды ақпарат беру міндетінен босатпайды, әрине, жабық және шектеулі ақпараттан басқаларына. ҚР «БАҚ туралы» заңының 20-бабында: «Журналиске мемлекеттік органдарға, барлық меншік нысандарындағы ұйымдарға баруға және өзінің қызмет бабындағы міндеттерін жүзеге асыруға байланысты ондағы лауазымды адамдардың қабылдауында болуға құқығы бар» делінген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет