Маңғыстаудың шешендік дәстүрі



Дата22.11.2022
өлшемі9,24 Kb.
#51681
Байланысты:
БӨЖ2


Маңғыстаудың шешендік дәстүрі
Маңғыстау жері ықылым замандардан құпия сырымен таңғалдырып, тамсантып келе жетқан киелі өлке. Бұл өңір үш жүз алпыс әулиеге мекен болған. Ел аузында Маңғыстаудың ойында осынша әулие болғандығы айты­лады. Олардың бәрі де ел-жұртына қалтқысыз қызмет еткен. – Маңғыстаудың ойында, Үш жүз алпыс әулие. Бес намаздың жайы үшін, Қадамын санап басқан жер, – деп жырлаған кезінде халық ақыны Мұрат Мөңкеұлы. Маңғыстау өңірінде ескерткіш-белгілер, «киелі орындар» жиі кез­деседі. Мәселен, Шақпақ ата Маңғыс­таудың Жиліқұдық жеріндегі жартастан қашалып, оюланып, жасалған жерас­ты мешіті. Ертеде атыс-шабыс болған жағ­дайда адамдар осы жерге келіп жасы­рынып, қоныстанған. Бұл шама­мен ІХ-Х ғасырдағы сәулет өнері ескерткішіне жатады. Шақпақ атаны жергілікті тұрғындар киелі орын ретінде қадір тұтып, қастерлейді. Ол мемле­кет қарамағындағы ескерткіш болып есептеледі. Қасиетті Маңғыстау жері туралы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Маңғыстау тұр­ғындарына көп адамдар өмірінде тым құ­рығында бір рет болып, көруді ар­ман­дайтындай жерде тұру бақыты бұйыр­ған» дегені бар. Біз сол бақытты тұр­ғындармыз. «Маңғыстау... Тарих пен та­биғаттың бірге толғанған тамаша дастаны, бірге салған таңғажа­йып суреті, бірге шерт­кен тағылымды шежіресі. Оны таң­данбай көріп, тамсанбай түйсінуің мүм­кін емес» дейді заңғар жазушымыз Әбіш Кекілбев. Әр сайында бір тарих бұқпалаған, түртіп қалсаң тау-тасы да сөйлеп кеткелі тұрған Түпқарағанның сонау ежелгі замандардан бері ел та­баны болғаны баршамызға белгілі. Біздің дәуіріміздің VIII ғасырында-ақ адамдар осы жерде қала салып, Еуропа мен Азияның арасын жалғастырып жатқан кеме жолының бойында сауда көрігін қыздырғанын ар­хеологтар дәлелдеп отыр. «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен» өңірдің кіндігі, қара шаңырағы – Ақкетік шертер сыр мол. Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-транс кұм­тастары мен әктастарынан, тағы басқа жыныстардың қосындыларынан түзіл­ген. Ең биік тауы – биіктігі 350-450 метр, ұзындығы 130 шақырым болатын Қа­ратау. Оның ең биік нүктесі Бесшоқы. Қа­ратау беткейлері шатқалдармен, жы­ралар­мен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді. Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен қатар­лас оның солтүстігі мен оңтүстігінде Ақтау созылып жатыр. Бұл жер бор дәуірінің әктасынан тұрады. Ақтау деп аталуы да осыдан. Маңғыстау еліміздің мұнайлы айма­ғының бірі. Ондағы Өзен, Жетібай кеніштерінде өндірілген мұнай Қазақ­станнан тысқары жерлерге теңіз порт­тары арқылы тасымалданады. Маңғыстауда және осы аймақтарда темір, мыс, фосфорит, марганец кендері ашылған. Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қа­рап, оны теңіз деп атайды. Аты ХVI ға­сыр­дың аяғында осы теңіз жағасында қоныс­танған Каспий тайпаларына бай­ланыс­ты қалыптасқан. Каспий теңі­зі неоген дәуірінің аяғында жер қыр­ты­сының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Ақтау қаласында теңіз суын тұшы­татын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау порты за­ман талабына сай қайта жөнделіп, жаб­дықталды, теңіз айлағы кеңейтілді. Теңіз флоты құрылды. Басқа елдермен қарым-қатынас порт арқылы жүзеге асуда. Теңіз жағалауында Атырау, Форт-Шевченко және т.б. қалалар бар. Маңғыстау үстіртке, теңізге, мұ­найға бай өлке. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтық көрінісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінімен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. – Маңғыстау ойың терең, қырың биік, Жат жерге кете алмадым көзім қиып. Жат жерге кетіп едім сені қиып, Көзімнің жүре алмадым жасын тыйып, – деген екен суырыпсалма ақын Түмен Балтабасұлы туған жерімен қош­тасып тұрып. Жайнай бер, түрлене бер, Маңғыс­тауым!
Маңғыстау өңірінде күйшілік өнер ерекше дамып, өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан күй өнері Абыл, Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, Картбай, Байшағыр, Шамғүл, Мұұрат сияқты біртуар есімдер арқылы өз жалғасын тауып, рухани қазына ретінде сақталып келеді. Бұл өңірдің күйлері жалпы төкпе дәстүріне жатқанымен, өзіндік нақышты, ерекше сазды, қайталанбас орындалу мәнерімен өз алдына жеке тұрған, күйшілік өнердің өзгеше арналарының бірі. Ел арасында Маңғыстау күйлерін «Адай күйлері» деп те атайды. Оның себебі, күй авторларының басым көпшілігі қазақтың адай руынан шыққандығы. Маңғыстау ежелден әншілер мен күйшілердің отаны болды. Мұндағы халықтық жырлар мен жыраулардың әуені күй өнеріне де зор ықпал жасаған. Маңғыстаудың күйшілері әрі әнші, әрі жыршы болып келетіні сондықтан. Оған Өскенбайдың, Қалнияздың, Шамғұлдың, Ізбасардың өнерін мысалға келтіруге болады. Жыр, дастан айту өнері жыр-күй, ән-күй атанып, ел арасына кең тараған. Маңғыстау күйшілерінің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі-Абыл Тарақүлы (1820-1892).

Абыл есімі Маңғыстаудан асып Қарақалпақ, Түрікмен және Хиуа жеріне де кең тараған. Ол көп елді аралап, небір үлкен күй тартыстарға қатысқан тарлан күйші, артына бірнеше күйлер қалдырған сазгер.




Маңғыстау өңірінде күйшілік өнер ерекше дамып, өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан күй өнері Абыл, Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, Картбай, Байшағыр, Шамғүл, Мұұрат сияқты біртуар есімдер арқылы өз жалғасын тауып, рухани қазына ретінде сақталып келеді. Бұл өңірдің күйлері жалпы төкпе дәстүріне жатқанымен, өзіндік нақышты, ерекше сазды, қайталанбас орындалу мәнерімен өз алдына жеке тұрған, күйшілік өнердің өзгеше арналарының бірі. Ел арасында Маңғыстау күйлерін «Адай күйлері» деп те атайды. Оның себебі, күй авторларының басым көпшілігі қазақтың адай руынан шыққандығы. Маңғыстау ежелден әншілер мен күйшілердің отаны болды. Мұндағы халықтық жырлар мен жыраулардың әуені күй өнеріне де зор ықпал жасаған. Маңғыстаудың күйшілері әрі әнші, әрі жыршы болып келетіні сондықтан. Оған Өскенбайдың, Қалнияздың, Шамғұлдың, Ізбасардың өнерін мысалға келтіруге болады. Жыр, дастан айту өнері жыр-күй, ән-күй атанып, ел арасына кең тараған. Маңғыстау күйшілерінің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі-Абыл Тарақүлы (1820-1892).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет