Тақырыбы: Алтын күз!



бет1/3
Дата12.02.2023
өлшемі459,45 Kb.
#67246
  1   2   3
Байланысты:
Алтын күз 2022


Тақырыбы: Алтын күз!
Зал мерекеге сай безендірілген. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін «Ботақан» тобының балалары дайындаған «Алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
- Қараңдаршы, бүгін біздің балалар қандай әдемі болып кеткен.
(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
Жүргізуші:Мінеки, күз келіп, күн суытып, аспан бұлттана бастады.
Би «Жаңбыр» (би біткенде бұлттар күнді қоршап тұрады)
Бұлттар: Біз бұлттармыз, бұлттармыз
Қолымыздан ұстаймыз.
Көк аспанды торлаймыз,
Күнді жасырып қоршаймыз.
Жүргізуші: Көрінші бізге қымбатты күнім
Қуантшы бізді нұр шашып бүгін
Күн: Қуантар ем бұлттар мені қоршап алды,
Көк аспанды қара бұлттар торлап алды
Шуағымды шаша алмаймын мен жерге
Желді шақыршы көмектессін сендерге.
Жүргізуші: Күзгі жел, тез келші мұнда қалыспа
Бұлттарды ұшырып, қушы өте алысқа
(Музыкамен жел келеді)
Жел: Мен күзгі желмін, өте жылдам желемін,
Бұлттарды алысқа қуу үшін келемін.
Бұлттар: Біз бұлттармыз, үлкее береміз, (шеңберді үлкен жасайды)
Ашуымызға тисеңдер,
Жаңбыр болып нөсерлетіп төгеміз.
Жүргізуші: Сұрғылт бұлттар! Біз сендерден қорықпаймыз,
Күнді сөндіре алмайсыңдар.
Күштіміз деп, мықтымыз деп
Мақтануды неге қоймайсыңдар?
Жел: Балалар, бұлттар қанша мықты болса да олар желден қорқады. Сондықтан маған көмек керек, кәне бұлттарды үрлейікші, әйтпесе жалғыз шамам жетпейді. (Бәрі үрлейді)
Бұлттар: Ай, ай, ой, ой бізді қуып жатыр, қашайық.
(Жел бұлттарды қуып кетеді, күн қалады)
Жүргізуші:Мінеки балалар, күзгі жел бұлттарды қуып әкетті. Ал шуақты күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміздің шырқын ешкім де бұза алмайды.
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де
тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет