Мағжан Жұмабаев 4 жасынан бастап хат таныды



Дата22.05.2023
өлшемі13,83 Kb.
#95959
түріӨмірбаяны

25 маусым – ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туған күні. Қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы осыдан 123 жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1938 жылы халық жауы ретінде атылған ақынның өмірбаяны жөнінде ақпарат өте аз. Сондықтан, Мағжан Бекенұлының шығармашылық қызметі мен жеке өміріндегі сәттердің көпшілігі құпия қалды. Қайраткердің ел есіндегі қызықты деректерді жинауға тырыстық.
Мағжан Жұмабаев 4 жасынан бастап хат таныды.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды.
«Ғалия» медресесінде жазушы Бейімбет Майлинмен танысқан.
"Үш жүз" партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шыққан.
“Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істеген.
1919 – 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы бауырыма” атты өлеңі бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет