Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Газ тазарту қондырғысы



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата31.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

4-параграф. Газ тазарту қондырғысы
      308. Газ тазарту қондырғыларын өндіруші-зауыттардың нұсқаулықтарына және осы Қағидалар 
талаптарына сәйкес қолданады. Газды тазарту қондырғысына техникалық қызмет көрсету мыналарды 
қамтиды:
      1) жабдық және телекоммуникацияны сырттан шолып тексеру;
      2) тазарту аппараттарын іске қосу және сөндіру;
      3) қондырғының шығуында және кіруінде қысымның айырмашылығын бақылау;
      4) аппараттарда сұйықтықтың деңгейін бақылау;
      5) қыздыру және құрғату қондырғыларын іске қосу, сөндіру және жұмысқа қабілеттігін 
бақылау;
      6) айырылған шлам мен конденсатты аппараттан шығару (үрлеу);
      7) газдың жылыстауын бақылау және оны жою.
      309. Көрсетілген операцияларды орындау мерзімділігі жабдықтың техникалық жағдайымен, 
автоматтандыру деңгейімен, газдың сапасымен айқындалады. Үрлеу кезінде олардың жиілігі және 
ұзақтығы табиғи газ шығынының төмен болуын қамтамасыз етеді. Тазарту аппараттарынан ластағыш 
заттарды қоршаған ортаға жіберуге тыйым салынады. Іске қосылатын аппараттардың саны олардың 
техникалық сипаттамаларына байланысты анықталады. Қысымы жіберілетін қысымнан артық болатын 
тазарту аппараттарын жұмыс істетуге тыйым салынады. Аппараттардың техникалық жарамдылығын 
куәландырудың мерзімділігі мен тәртібі жылына бір рет, компрессорлық станцияны жоспарлық 
тоқтатумен немесе кезекті техникалық куәландырумен қатар жүргізіледі. Тоттануға қауіпті 
жерлерде (үшайырлар, бұрмалар және басқа қосқыш бөлшектер) кіру, шығу және құрғату құбырлары 
қабырғаларының қалыңдығын бұзбайтын әдістермен жыл сайын бақылап отыру және жерлендіру 
құрылғыларын тексеруді жүзеге асыру. Бақылау нәтижелері өлшеу хаттамалары мен актілерде 
көрсетіледі.
5-параграф. Газды салқындату қондырғысы
      310. Газды салқындату қондырғысын пайдалану жабдықты өндіруші зауыттардың нұсқаулықтарына,
жобалық құжаттамаға және осы Қағидалардың негізінде жасалған нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. 
Газды салқындату қондырғысын іске қоспай компрессорлық станцияны пайдалануға болмайды. Газды 
ауамен салқындату аппараты сыртындағы газ температурасын жедел персонал белгіленген деңгейде 
ұстап тұрады. Газды ауамен салқындату аппараты сыртындағы газ температурасының өзгеру шектерін 
МГҚ бойлай тұрақтылығының, жұмыстың оңтайлы режимінің қамтамасыз етілуін; оқшаулаудың сақталуын
; гидраттың түзілуін болдырмауды; сыртқы ауа температурасын ескерумен кәсіпорынның ДҚ 
белгілейді. Газды салқындату қондырғысына техникалық қызмет көрсету мыналарды қамтиды:
      1) жабдықтар мен коммуникацияларды сыртынан шолып тексеру, газдың жылыстауын анықтау;
      2) қалақтардың дірілі мен жұмысын бақылау;
      3) қондырғының сыртындағы газдың температурасын бақылау және тіркеу;
      4) газ қысымының өзгеруін бақылау.
      Көрсетілген операцияларды орындау мерзімділігі техникалық жағдайға, автоматтандыру 
деңгейіне қарай анықталады, бірақ тәулігіне кем дегенде 1 рет.
      311. Жұмысқа қосылған салқындату желдеткіштерінің санын диспетчер таңдайды немесе 
атмосфералық жағдай мен берілген режимді есепке алумен автоматты таңдап алынады. Қондырғының 
сыртында газ температурасының белгіленген шектерден ауытқыған және бұл ретте оны өзгерту үшін 
техникалық құралдар болмаған жағдайда ГТҰның (ГТҰдың) жедел-диспетчерлік басқармасымен келісуі 
арқылы компрессорлық станцияның жұмыс режимі өзгертіледі. Қондырғыдағы газ қысымы белгіленген 
шектен жоғары болған жағдайда қондырғының айналма газ құбырындағы бекіту краны ашылады және 
ластанған аппараттарды кезекпен тоқтату және тазарту шаралары қабылданады. Жылына 1 реттен 

сирек емес құбыр шоғырларының, желдеткіштердің жұмысқа қабілеттілігін анықтау және ластанудан 
тазалау үшін ауамен салқындату аппараттарына сыртқы тексеру жүргізіледі. Тоттануға қауіпті 
жерлерде (үшайырлар, бұрмалар және басқа қосқыш бөлшектер) кіру және шығу құбырлары 
қабырғаларының қалыңдығын бұзбайтын әдістермен жыл сайын бақылап отыру және жерлендіру 
құрылғыларын тексеру керек. Бақылау нәтижелері өлшеу хаттамалары мен актілерде көрсетіледі.
6-параграф. Отын, іске қосу және импульстік газ жүйелері
      312. Отын газ жүйесі негізгісі істен шыққан кезде резервтік тармақты автоматты қосылу 
режимінде кеміту пунктінде пайдаланылады. Жүйелер жабдық өндіруші зауыттардың пайдалану 
жөніндегі нұсқаулықтарын ескерумен кәсіпорын әзірлеген өнеркәсіптік нұсқаулыққа, жобалық 
құжаттамаға және осы Қағидаларға сәйкес қолданылады. Жүйелерді пайдалану кезінде:
      1) жүйелердегі қысымды бақылау және қажет болған жағдайда реттегіштерді баптау;
      2) қорғау клапандарына кезеңдік тексерулерді және реттеулерді (жылына 1 рет) жүзеге асыру
;
      3) негізгі және резервтік тармақтарды кезеңдік (жылына 1 рет) ауыстыру;
      4) айырғыштарды, аяздатқыштарды, ресиверлерді және коллекторларды ластанудан тазалап тұру
(жергілікті жағдайларға байланысты);
      5) сүзгілерде қысымның айырмасын бақылау және қажет болған жағдайда сүзетін элементтерді 
ауыстыру;
      6) импульстік газды құрғату реагенттерін қалпына келтіру немесе ауыстыру;
      7) отын газ жылытқыштарының жұмысын және кемітілгеннен кейін газдың температурасын 
бақылау;
      8) газдың жылыстауын уақытында табу және жою;
      9) газ шығынын өлшеу және тіркеу;
      10) бекітілген кестеге сәйкес жабдықты тексеру, тазарту, жөндеу және сынау.
      313. Әрбір ыдысқа (аппаратта) компрессорлық станцияның технологиялық схемасы бойынша 
өшпейтін бояумен жазу және таңба салынады.
7-параграф. Компрессорлық станцияны маймен жабдықтау
      314. Пайдалану барысында компрессорлық станцияның маймен жабдықтау үйесі газ айдау 
агрегатын, электртехникалық қондырғыларды және көмекші тетіктерді маймен қамтамасыз етеді, 
шығынды жинау, тазарту, өлшеу және майдың қозғалысын есептеу жұмыстарын жүргізеді. 
Компрессорлық станцияны пайдалану кезінде майдың төмендегі сандағы төмендемейтін қоры 
қамтамасыз етіледі:
      1) барлық орнатылған газ айдау агрегаттарына және электр станцияларының қозғалтқыштарына 
арналған жағармайлардың үш айлық шығындарынан кем емес, ал жағымсыз тасымалдау схемасында - 
жылдық шығыннан алты айлық шығынынан кем емес;
      2) трансформатор майы – трансформаторларға және майлы ажыратып қосқыштарға құйылған 
санынан 10%-дан кем емес;
      3) басқа майлар – екі айлық шығыннан кем емес.
      315. Майлау және трансформаторлық майлар, жағатын майлар және компрессорлық станциядан 
келіп түсетін басқа реагенттердің сертификаты (төлқұжаты) болады және олар стандарттарға, 
қолданыстағы нормативтік құжаттарға және техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында 
химиялық зертханада тексеріледі. Станциялық май құбырлары жабдыққа берілетін майдың пайдалану 
нормаларынан төмен болмайтын сапасын қамтамасыз ететін күйде болады. Газ айдау агрегаттарын 
сақтау және пайдалану кезінде май үнемі сырттан қарап тексеріледі және оған қысқа талдау 
жүргізіледі. Турбина майын қысқа талдау тұтану температурасын, қышқыл санын, суды сорып шығару 
реакциясын, механикалық қоспалардың, шламның және судың бар болуын анықтауды қамтиды. 

Трансформатор майын қысқа талдау тұтану температурасын, ойықтың кернеуін, сулы сорып шығару мен
механикалық қоспалардың реакциясын анықтауды қамтиды. Талдау және бақылау мерзімділігін 
кәсіпорын белгілейді.
6. Газды жер астында сақтау
1-параграф. Жерасты газ қоймаларын пайдалануды ұйымдастыру
      316. Газды жер астында сақтау Қазақстан Республикасының газбен жабдықтаудың бірыңғай 
жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және газды тұтыну әркелкілігі мен ұзақмерзімді және 
жедел газ резервтерінің пайда болуын реттеуге арналған.
      317. Жер астындағы газ қоймасында газды қабылдау, құю және іріктеу жүзеге асырылады. 
Газды жер астында сақтау өзіне мына объектілер кешенінен тұрады: компрессорлық сығу станциялары
, газ тарату пункттері, құбыр және басқа қосалқы объектілер. Жерасты газ қоймаларының 
құрылыстары мен жабдықтарын пайдалану, бақылау-алдын алу іс-шараларын орындау кезінде осы 
Қағидалардың мына талаптарын ескерген жөн. Жер астындағы әрбір газ қоймасы, пайдалану кезінде 
жасалған жағдайларға қарамастан, мына негізгі технологиялық параметрлерімен сипатталады:
      1) жалпы көлемімен, яғни сақталатын газдың жиынтық санымен, оның ішінде:
      белсенді көлемімен – газды тұтыну тәртібіне байланысты айдалатын және іріктелетін газдың 
санымен;
      буферлік көлемімен – құюдың және іріктеудің жобалық тәртіптерін қолдауға қажетті газдың 
қабатында қалатын санымен;
      2) газды айдау мен іріктеудің тәуліктік орташа және ең жоғары өнімділігімен;
      3) ұңғымалардың пайдалану қорымен, технологиялық қажетті айдау, байқау, геофизикалық (
колоннаны бұрғылап тесусіз), бақылау, сіңіргіштік (өнеркәсіптік қорларды жинау үшін) және басқа
ұңғымалар санымен;
      4) газдың ең жоғары (айдау кезінде) және ең төмен (іріктеу кезінде) қысымымен, оның 
ішінде ұңғымалар забойы мен сағасында, компрессорлардың кіруінде және шығуында, сонымен бірге 
құйылатын және іріктелетін газдың барысы бойынша технологиялық тізбектің басқа торабында;
      5) компрессорлық агрегаттардың белгіленген қуатымен.
      318. Газды құю, іріктеу, салқындату, бөлу және құрғату, негізгі технологиялық 
параметрлерін қамтамасыз етумен байланысты қосалқы операциялар (бақылау және байқау, арнайы 
кәсіптік гидрогаздинамикалық және геофизикалық зерттеулер, өнеркәсіптік ағындарды тастау), осы 
Қағидаларға сәйкес өткізіледі. Жер астындағы газ қоймасын жасаудың бастапқы сатысында 
қызметкерлер технологиялық схеманы ұйымдастырушы-әзірлеушілермен бірігіп 
тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануды жүзеге асырады. Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезінде 
табылған газ жылыстауы жойылады. Пайдаланылатын ұңғымалардың жанындағы аумақтарда (50 м жақын 
емес) бұрғылау мұнаралары, мұнаралық құрылыстар және бұрғылау құрылыстарын салуға болмайды. 
Фонтанды арматураға қызмет көрсету аумағы қоршалады.
      319. Жер астындағы газ қоймаларының қосалқы құрылыстары мен объектілері осы Қағидаларға 
сәйкес пайдаланылады. Периметрі бойынша қауіпсіздік белгісімен және қоршау мемлекеттік және 
орыс тілдеріндегі «Газ, жарылу қаупі бар!» плакаттарымен жабдықталады. Газ ұңғымалары 
айналысындағы аумақ бұталар мен талдардан тазартылады. Осы аумақтың периметрі бойынша ені 3 м 
кем емес минералданған жолақ салынады және ол жыл сайын қалпына келтіріледі (жырту және басқа 
әдіспен). Жер астындағы газ қоймасын пайдалануды ГТҰ-ның газды жер астында сақтау бөлімі (
басқармасы) басқарады. Нақты жер астындағы газ қоймаларын пайдаланудың техникалық және 
әдістемелік басқаруды ГТҰ жүзеге асырады. Жер астындағы газ қоймасының жабдығын және құрылысын 
пайдалануды тікелей басқаруды газды жер астында сақтау қызметі және басқа бөлімшелердің 
бастықтары жүзеге асырады.
      320. Жер астындағы газ қоймаларын пайдалану осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 
Газды жер астында сақтаудың пайдалану персоналы жер астындағы газ қоймасын пайдаланудың 
технологиялық режимдерін сақтауға, жоспарланған гидродинамикалық және геофизикалық салалық 
зерттеулерді жүргізу үшін ұңғымаларды дайындауға, жабдықтар мен ұңғымаларға уақытында 

техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге; жер қойнаулары мен қоршаған ортаны қорғау, 
еңбекті қорғау, фонтанға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша іс-шараларды орындауға 
жауап береді.
2-параграф. Жерасты газ қоймаларына техникалық қызмет көрсету
      321. Жабдықтардың техникалық қызмет көрсету мерзімділігі осы Қағидаларға сәйкес 
белгіленеді. Технологиялық жобаның әзірлеушісі газды жер астында сақтау геологиялық қызметімен 
бірігіп газды жер астында сақтауды пайдаланудың технологиялық параметрлеріне бақылауды жүзеге 
асыру және айдау мен пайдалану ұңғымаларының өнімділігін көбейту бойынша және қоймада газ 
көлемін белсенді көбейту, сонымен бірге технологиялық операцияларға газдың шығындарын төмендету
бойынша арнайы кәсіптік зерттеулер жүргізеді. Газды жер астында сақтауды 
тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік пайдалану үшін газды құю мен іріктеудің әр кезеңіне 
ГТҰ-да газ қоймаларын пайдаланудың технологиялық режимдері жасалады және бекітіледі. Газды жер 
астында сақтау жұмыстарының бекітілген технологиялық режимдерінен ауытқуы орталық 
жедел-диспетчерлік басқармамен және технологиялық жобаның әзірлеушісімен келісіледі.
      322. Газды жер астында сақтау және пайдалану жөнінде тиісті бақылау және байқау 
регламенті әзірленеді. Регламент геологиялық құрылыстың ерекшелігін, бір немесе әр газды 
қабаттың жұмыс режимін, рұқсат етілетін айдау қысымын және газды іріктеу диапазонын өзгертуді, 
өлшеулерді орындау техникасын және басқа жағдайларды ескерумен осы газды жер астында сақтау 
технологиялық схемасын әзірлеуші автормен бірігіп, геологиялық қызмет (бөлім) жасайды. 
Тәжірибелік-өнеркәсіптік айдау кезінде үнемі және циклдық пайдалану барысында мезгілді түрде 
өткізбейтін жыныс қалыңдықтарының жабатын жинағыш қабатының саңылаусыздығы жете тексеріледі.
      323. Жер астындағы газ қоймаларын пайдалану кезінде айдау, пайдалану, сіңіру, байқау және
бақылау ұңғымаларының құбыр кеңістігінің саңылаусыздығын тексеру жүзеге асырылады. Тексеру 
зерттеудің геофизикалық және басқа әдістерімен жүзеге асырылады: нейтрондық гамма-каротаж, 
газометрия, термометрия. Зерттеу мерзімділігі мен тәртібін жер астындағы газ қоймасының 
геологиялық қызметі (бөлімі) белгілейді және оны ГТҰ бекітеді. Жинағыш қабаттың газды 
бөлігіндегі қысым оның орташа мәнін белгілеумен бірнеше ұңғымалар бойынша он күн сайын өлшенеді
. Газды аймақтың көлемін анықтау мақсатында байқау ұңғымаларындағы қабат қысымы өлшенуге тиіс. 
Пайдалану барысында қабат-қақпағының саңылаусыздығын тексеру үшін бақылау ұңғымаларында судың 
қысымын (деңгейін) өлшеу жүзеге асырылады. Көрсетілген жұмыстарды орындау тәртібі мен 
мерзімділігін ГТҰ-мен келісе отырып, газды жер астында сақтау геологиялық қызметі (бөлімі) 
белгілейді. Айдау және пайдалану ұңғымаларын пайдалануға газ шығынын, сұйықтықтың саны мен 
құрамын, механикалық қоспалардың санын және газдың температурасын өлшеуді қамтитын бақылау 
жүзеге асырылады.
      324. Әр текті жинағыш қабаттарда қабылдаушылық бейінін анықтау үшін тереңдік дебит 
өлшегіштермен айдау, пайдалану және сіңіру ұңғымалары бойынша газ бен сұйықтықтың шығыны 
анықталады. Пайдалану, айдау және байқау ұңғымаларының негізгі жұмыс параметрлері және бақылау 
ұңғымалары бойынша қысымды (деңгейді) өлшеу нәтижелері ауысымды жедел газ таратушы пункттерінде
және газды жер астында сақтау геологиялық қызметінің (бөлімінің) жиынтық журналдарында 
тіркеледі. Техникалық жағдайы, өнімділік сипаттамасы, кенжарлық және сағалық жайластыруы 
бойынша газды жер астында сақтау қоймаларын пайдалану талаптарына сәйкес келмейтін ұңғымалар 
жобалық технологиялық параметрлерінде күрделі жөндеу геологиялық қызметі (бөлімі) өкілдерінің 
актісіне сәйкес жөнделіп, қайта жабдықталады. Қайта құру мен кейіннен пайдалану барысында 
оқпанның пайдаланылатын бөлігінің техникалық күйін алдын ала зерттеу, сенімділігін және 
қауіпсіздігін бағалау нәтижелері ұңғыманы қайта құру туралы шешім қабылдау үшін негіз болып 
табылады, комиссия хаттамасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 
21-желтоқсандағы № 442-бұйрығмен бекітілген, «Ұңғымадарды қайта құру. мұнай-газ өндіру 
саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» деген 44-тарауға сәйкес.
      325. Қалпына келтіруге немесе күрделі жөндеуге келмейтін авариялық ұңғымалар міндетті 
түрде жойылады. Беттерінде газ байқалған аумақ, адамдар, жануарлар және техника кіріп кетпеу 
үшін тез арада қоршалады. Қоршау периметрі бойынша, жолдардың жанында қауіпсіз белгілері және «

Газ, жарылу қаупі бар!» деген плакаттар орнатылады. Ашық газ фонтаны пайда болған жағдайда 
газды жер астында сақтау персоналы аварияларды жою жоспарының, осы Қағидалардың талаптарына 
сәйкес тез арада оны жою бойынша шаралар қолданады.
      326. Тексеру және пайдалану барысында табылған фонтан арматурасындағы барлық кемшіліктер 
мен ақаулықтар, газ кәсіпшілігі цехының тиісті журналына енгізіліп, уақытында жойылады. Тексеру
мен техникалық қызмет көрсету мерзімділігін газды жер астында сақтау қызметі (бөлімі) 
белгілейді. Ұңғыманың сағасындағы фонтан арматурасына қызмет көрсету үшін қоршаулары және 
сүйеніші бар стационарлық сатысы бар жұмыс аумағы жасалады. Биіктікте орналасқан фонтан 
арматурасының құбырлары сенімді бекітіледі. Фонтан арматурасына мұз қатып қалған жағдайда оны 
сыртынан бумен, ыстық сумен жылытып, оған ингибиторды құяды. Ұңғымаларды үрлеу және оларды 
мезгілді зерттеу кезінде газды жер астында сақтау басшылығы бекіткен тиісті нұсқаулықтар және 
жұмыстарды жүргізу бағдарламасы басшылыққа алынады. Қысым астындағы немесе электр кернеуі бар 
қондырғылар мен аппаратура барлық жабдықтардың, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, 
арматураның іске жарамдылығы мен саңылаусыздығы тексерілгеннен кейін, сонымен бірге аппаратура,
шлейфтер және басқа кәсіптік құбырлар мұқият тазартылып, шайылып және үрленгеннен кейін іске 
қосылады.
      327. Аппараттар мен газ құбырларында газдың қысымы қондырғыларды жіберу бойынша жұмыс 
нұсқаулықтарға сәйкес біртіндеп көбейтіледі. Газды тазалау және тазарту жүйесін ұзақ уақытқа 
тоқтату кезінде құбырларды, аппараттарды қорғау қысқы мерзімде қатып қалудан, жарылуға және 
өртке қауіпті қоспалардың пайда болуынан қорғау шаралары қабылданады. Жабдықты шаю, үрлеу, 
тазарту және жөндеу тәртібі ГТҰ бекіткен арнайы нұсқаулықпен анықталады. Қабаттардан газ 
конденсаттары мен мұнайды алумен жер астындағы газ қоймаларын пайдалану тәртібін ГТҰ белгілейді
. Газды жер астында сақтау кезінде газдың жылыстауынан жоғары жатқан жинағыш қабаттарда газдың 
жиналуы орын алған жағдайда, жылыстау себептерін табу, газдың әрі қарай орнын ауыстыруын және 
оның жиналу көлемінің көбеюін оқшаулау және болдыртпау шаралары қабылданады. Егер газдың 
жиналуы газды жер астында сақтауды қалыпты пайдалануға немесе жақын орналасқан кәсіпорындар мен
елді мекендерге қауіпті болса, осы жиналған газ арнайы бұрғыланған жүктен жеңілдететін 
ұңғымалардың көмегімен қысымды толығымен төмендетуге дейін толық шығарылады. Жүкті жеңілдететін 
ұңғымалардың газы мүмкіндігінше қолданылады.
3-параграф. Жерасты газ қоймалары станцияларында газды тазарту және құрғату
      328. Жер астындағы газ қоймаларында газды сұйық және қатты механикалық қоспалардан 
тазарту және құрғату «Магистральдық газ құбырлары арқылы жеткізілетін және тасымалданатын 
жанатын табиғи газдар» ҚР СТ 1666-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты 
талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жерасты газ қоймаларындағы газды құрғатуға және тазартуға 
арналған жабдық оны өндіруші зауыттардың нұсқаулықтары негізінде ГТҰ әзірлеген нұсқаулыққа, 
сондай-аұ Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларына және 
осы Қағидаларға сәйкес қолданылады. Жабдықты пайдалану барысында газды тазартудан қалған 
элементтер құрғататын сыйымдылықтарға жиналады және олардың санына есеп жүргізіледі, сондай-ақ 
жабдықтар мен аппараттарда газдың қысымы мен температурасы бақыланады.
8. Магистральдық газ құбырына техникалық диагностика жүргізу
1-параграф. Техникалық диагностиканы ұйымдастыру
      329. МГҚ желілік бөлігіне техникалық диагностика жасаудағы басты міндет – оның техникалық
жағдайының өзгеруін уақытында анықтау болып табылады: қоршаған ортамен өзара байланыс жағдайы, 
газ құбырының қалған қорын бағалау, МГҚ желілік бөлігінің сенімді жұмыс істеуін және қауіпсіз 
пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар мен жөндеудің тиімді әдістері.
      330. Газ құбырын пайдалану сатысында өткізілетін диагностикалық шаралар кешеніне мыналар 

кіреді:
      1) шолып қарау, соның ішінде аэро-фототүсіру, газ жылыстауына оптикалық және лазерлік 
мониторинг жүргізу, т.б;
      2) стационарлы сезбектердің көмегімен уақыттың нақты масштабындағы параметрлерді бақылау 
және өлшеу (мониторинг);
      3) кезеңдік аспаптық тексерулер, соның ішінде қарқынды электрметрлік өлшеулер, газ 
құбырларын геодезиялық жайғастыру, суасты өткелдерін бақылау, қызу-деформациялық жағдайды 
анықтау, т.б;
      4) кезеңдік құбырішілік тексерулер, соның ішінде құбыр геометриясын бақылау, оның 
коррозиялық жағдайын, жарылуын анықтау, т.б;
      5) МГҚ желілік бөлігіне техникалық диагностиканы бақылау, жүргізілген тексерулер мен 
бақылаулардың, істен шығулар мен аварияларға ретроспективті талдау қорытындыларын біріктіру;
      6) газ құбырының бақыланатын учаскесіндегі жұмыстың қалған ресурсын болжау;
      7) газ құбырын қалпына келтіру және ішінара жөндеу бойынша ұсыныс бере отырып, газ 
құбырындағы қауіпсіз жұмысты болжау;
      8) газ тасымалдау жүйелері объектілеріне диагностика жүргізу бойынша мәліметтер банкін 
жасау.
      331. МГҚ желілік бөлігіне техникалық диагностика жүргізу бойынша жұмыстар газ тасымалдау 
мекемесінің жыл сайынғы өндірістік жоспарының негізінде жүргізіледі, ол газ құбыры учаскесінің 
техникалық жағдайына диагностика жасау мерзімі мен оның сенімді және қауіпсіз пайдаланылуын 
қамтамасыз етуді көздейді.
      332. МГҚ желілік бөлігіне техникалық диагностика жасаудың объектілік жоспарларын 
объектіні іске қосқаннан кейін әр бөлімше жасайды және объекті пайдаланылатын барлық мерзім 
бойына техникалық жағдайына байланысты жыл сайын түзетіледі. Мұндай жоспарларға:
      1) күзету;
      2) техникалық қызмет көрсету немесе жөндеудің толықтығы мен сапасын диагностикалық 
бақылау;
      3) кешенді диагностикалық тексеру (пайдаланудың алғашқы кезеңінде, желілік бөліктің 
техникалық жағдайын кезеңдік куәландыру, қайта тексеру, арнайы диагностикалық зерттеулер);
      4) құбырдың техникалық параметрлерін тұрақты түрде диагностикалық өлшеп отыру.
      333. Техникалық диагностика жоспарында мыналар белгіленеді:
      1) диагностикалық жұмыстардың мақсаттары;
      2) диагностика әдістері мен құралдары;
      3) диагностиканың бастапқы сатысында диагностика жұмыстарын өткізу тәртібі;
      4) орындаушылар, есеп беру түрі;
      5) диагностикалық бақылаудың таңдалған стратегиясының экономикалық негіздемесі.
      334. МГҚ желілік бөлігіне техникалық диагностика жасау жоспарын дайындау және оның 
мерзімін, кезеңділігі мен көлемін белгілеген кезде мына факторлар есепке алынады:
      1) құбырдың, құбыр құрастырмасының, оның учаскелері мен элементтерінің орналасқан 
ауданының ерекшеліктері, объектінің жасы;
      2) құбыр арқылы тасымалданатын өнімнің жарылыс және өрт қауіптілігі;
      3) жоспарлау кезіндегі объектінің техникалық жағдайы;
      4) диагностика құралдарының тиімділігі мен құны, диагностикалық зерттеулерді өткізуге 
кететін шығындар.
      335. Газ құбыры учаскесінің өнімділігін оны диагностикадан өткізу үшін азайту керек 
болған жағдайда жұмыс жүргізу уақыты мен технологиялық режимнің өзгеру тәртібі 
орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқармасымен келісіледі.
      336. Қолда бар диагностикалық ақпараттың негізінде бөлімше МГҚ желілік бөлігінің 
техникалық жағдайы туралы тоқсандық және жылдық есептерді жасайды, оны инженерлік-техникалық 
орталыққа жібереді. Қолданыстағы құбырлардың техникалық жағдайын бағалау кезінде кешендік 
диагностика пайдаланылады. Кешенді диагностика алдымен сараптама нәтижесінде анықталатын өте 
қауіпті учаскелерде жүргізіледі:
      1) жобалық, атқару және пайдалану құжаттамалары;
      2) трассаның, елді мекеннің, табиғи-техникалық жағдайлары бойынша бұрын жүргізілген 

зерттеулердің ақпараттық материалдары, әдебиеттер;
      3) аэротүсіру жұмыстарының материалдары;
      4) ақау табу жөніндегі есептер;
      5) бұрынғы жерүсті бақылау деректері.
      337. Өте қауіпті ретінде мыналарды бөліп қарауға болады:
      1) инженерлік-геологиялық және технологиялық жағдайлардағы аса қиын трасса учаскелері;
      2) қатты мұзды (мұздылық жиынтығы 0,4-тен жоғары), иірімді және жерасты мұздары бар жер 
учаскелері;
      3) жібіген және қатып қалған топырақтар арасындағы трасса учаскелері;
      4) құбырға ықпал ететін және жоғары пайдалану жүктемесі бар трасса учаскелері;
      5) мұзды топырақты беткейлер;
      6) жылжымалы учаскелер;
      7) селді ағындардың қиылыстары;
      8) өңделетін аумақтардағы учаскелер;
      9) қалқымалы учаскелер мен қақпалар;
      10) ауа және суасты өткелдері;
      11) құбырлардың қиылысуы;
      12) темір және автокөлік жолдарының астымен өту;
      13) компрессорлық станциялардағы технологиялық құбырлар;
      14) құрылымдық тораптар-ұстатқыштар, кран тораптары, компенсаторлар, бұрмалар;
      15) ақауы бар учаскелер (ақау табу нәтижелері бойынша).
      338. Газ құбырындағы аса қауіпті учаскеде мынадай диагностикалық жұмыстар кешені 
жүргізіледі:
      1) газ құбыры трассасын барлап тексеру;
      2) құбырдың нақты жағдайы мен құбырлардың жоспар және тереңдігі бойынша орын ауыстыру 
мәндерін анықтау;
      3) әртүрлі қиылыстарда құбырдың кернеу жағдайы мен қабырғасының қалыңдығын анықтау;
      4) құбырдың оқшаулау жабындысының жай-күйін және тоттанудан қорғалуының негізгі 
сипаттамаларын анықтау;
      5) топырақтың физикалық-химиялық сипаттамасын, құбырдың айналасын, құбырдың оң және теріс
қалқымалылығының деңгейін анықтау;
      6) әр түрлі сипаттағы учаскелердегі құбырға сыртқы күштердің әсерін анықтау;
      7) бақыланатын қиылыстардағы құбыр қабырғасының температурасы мен ішкі қысымын анықтау.
      339. Бақылау жүргізілетін қиылыстар арасындағы газ құбырында тосын апаттық жағдай пайда 
болған кездерді ескермегенде, барлық бақыланатын параметрлер бастапқы мәндерін анықтағаннан 
кейінгі өлшеулер кезінде бір қиылыста бақыланады.
      340. Құбырішілік тексерулер жүргізу газ тасымалдау мекемесінің өндірістік жоспарына 
сәйкес реттеледі және жүзеге асырылады. Құбырішілік тексерулер жүргізу мерзімділігі газ 
құбырының әр нақты учаскесінің техникалық жағдайы мен ішкі жағдайларына (топырақ, климат, 
геология, гидрология) байланысты болады. Жаңа газ құбырларының құрылысын аяқтаған кезде, бірақ 
пайдаланғаннан кейін бір жылдан кешіктірмей, құбырішілік тексеру жұмыстары жүргізіледі. Газ 
құбырын құбырішілік диагностика құралдарымен қайталап тексерудің орташа уақыты – 5 жыл. Құбырда
құбырішілік ақау табу құралдары арқылы ақаулар анықталған жағдайда (қатты майысу, гофралар, 
жарықтар, қатты тоттану) ақауларды жою бойынша жұмыстар тез арада жүргізіледі. МГҚ желілік 
бөлігін пайдалануды жүзеге асыратын мекеме техникалық диагностика кезінде алынған ақпараттардың
сенімділігі мен шынайылығына жауап береді.
      341. Жүргізілген диагностикалық тексерулер негізінде МГҚ желілік бөлігінің техникалық 
жағдайына бағалау жүргізіледі және оның жұмысқа жарамдылығы болжанады. Сараптама нәтижесі 
бойынша ұсынылған газ құбыры учаскесін диагностикалау, күрделі жөндеу және жаңарту жүргізу 
жоспарына енгізу нақтыланады. Тексеру техникалық құралдар мен жабдықтарды қолдана отырып, газ 
құбыры учаскесі мен объектінің, жекелеген тораптардың техникалық жағдайларын бағалауды нысанаға
алады. Тексеру ішіне қарау да кіреді. Тексеру бағдарламасы мен әдістерін ГТҰ немесе 
мамандандырылған ұйымдар дайындайды. Тексеру нәтижелері объектілерді пайдалануға жауапты 
тұлғаларында және газ тасымалдау мекемесінің өндірістік-техникалық бөлімшесіндегі тұлғаларда 

сақталады, актімен рәсімделеді.
      342. Қиылыстарда, 
 және 
 көрсетілген жақын қашықтықтағы объектілер 
20
17-қосымшаларда
маңында, сондай-ақ қорғау аймақтары мен шлейфтерге, технологиялық коммуникацияларға жақын 
орналасқан МГ учаскелері тоқсанына 1 рет газ жылыстауы жағдайына тексеріледі. Жоғарыда 
көрсетілген учаскелерді электрометрикалық зерттеу және тік қазу жұмыстарының мерзімділігі 
олардың техникалық жағдайларын ескере отырып, газ тасымалдау мекемесімен келісіліп белгіленеді.
Диагностикалық тексерулердің мақсаттары:
      1) қуыстардың мөлшерін және газ жылыстау көлемін нақтылау;
      2) коррозиялық және эррозиялық бүлінулерді, жарылуларды және металдың басқа да ақауларын 
анықтау;
      3) металдың механикалық күшін, деформациясын, газ құбыры учаскесінің орналасуын өлшеу;
      4) тіреуіштердің, бекіткіш және басқа да әуе өткелдерінің құрастырма элементтерін бағалау
және тазарту қондырғылары мен шығынды есептеу пункттерінің жағдайын бағалау;
      5) суасты өткелдерінің техникалық жағдайын анықтау;
      6) жерасты газ құбырларының қазылу тереңдігін анықтау;
      7) гидравликалық тиімділікті бағалау, жергілікті гидравликалық қарсылықтарды анықтау;
      8) тазарту қондырғыларының өту мүмкіндіктерін анықтау (бұрын мұндай құрылғылар 
өткізілмеген учаскелер үшін);
      9) құбыр металы мен оқшаулау жағдайын көзбен және аспаппен бағалай отырып шурфтау және 
электрметрлік тексеру.
      343. Саңылаусыздыққа тексеру газ жылыстауын және оның көлемін анықтау үшін арнайы 
аппаратураның көмегімен жүргізіледі. Тексеру кезеңділігін газ тасымалдау мекемесі белгілейді. 
Тіреуіш, бекіткіш, іргетас, басқа да құрастырма элементтердің техникалық жағдайы, әуе 
өткелдерінде газ құбырының топыраққа кіру және шығу орындары, компрессорлық станцияларға қосылу
тораптары, тазарту қондырғыларын іске қосу және қабылдау тораптары жоба талаптарына сәйкес 
шығын өлшеу пункттерінде анықталады. Бұл ретте газ құбырының сыртқы қабатына тексеру 
жүргізіледі. Әуе өткелдерінде тексеру үш рет жүргізіледі: көктемде – су тасығаннан кейін, жазда
– температура жоғары болғанда, қыста - температура төмен болған кезде. Су өткелдерінің жағдайы 
жобаға және осы Қағидаларға сәйкес тексеріледі. Тереңдігі 1,5 м (сабада) кеме жүрмейтін 
өткелдер жазғы маусымда желілік-пайдалану қызметінің күшімен тексеріледі. Тексеру кезеңділігін 
кәсіпорын ГТҰ келісімі бойынша пайдалану шарттарына қарай белгілейді.
      344. Компрессорлық станцияларда негізгі және қосалқы бөлшектер сенімділігінің 
статистикалық көрсеткіштерін есепке алу ұйымдастырылады. Объектілер мен құрылыстардың 
жабдықтарына қолданыстағы нұсқаулықтар белгіленген мерзімдерде техникалық куәландырулар (
техникалық жай-күйін бақылау) жүргізіледі, оның ішінде:
      1) ғимараттар, құрылыстар, құбырлар және iргетастардың жабдық салмағынан отыруын бақылау;
      2) мемлекеттiк бақылау органдарына қарасты объектілерді сынау;
      3) компрессорлық цехтың технологиялық құбырларының дiрiлдi күйiн бақылау;
      4) физикалық әдiстермен металл және технологиялық құбырлардың оқшаулануын бақылау;
      5) газ айдау агрегатына диагностикалық қызмет көрсету (ең алдымен вибродиагностика);
      6) газтурбиналық жабдықтың, басқа жанармай пайдаланатын жабдықтың жану өнімдерімен бірге 
ластағыш заттар шығаруын өлшеу;
      7) жабдықтың акустикалық көрсеткiштерiн және олардың қолданыстағы нормаларға сәйкестігін 
тексеру;
      8) табиғи газдың жылыстауын және артық жылыстауын табу және жою үшін технологиялық 
құбырлар мен жабдықтарды зерттеу.
      345. Пайдалану кезінде мына жабдықтар мен жүйелердің іске қосылуы (қосылуы және (немесе) 
жұмыс істеуі):
      1) резервтік және апаттық электрмен жабдықтау көздері (іске қосу болмаған жағдайда) 
номиналды жүктемеге жақын жүктемемен – айына кем дегенде 1 рет және жарты жылда бір рет;
      2) резервтік қазандық, газды ауа жылытқыштар және басқа жеке жылыту құралдары – қысқы 
маусымда ай сайын;
      3) су, көбік, газ, ұнтақ түріндегі өрт сөндіру құралдары – пайдалану жөніндегі 
нұсқаулықта белгіленген мерзімде;

      4) компрессорлық станцияның авариялық ажыратылу жүйесі – осы Қағидалардың талаптарына 
сәйкес цехты жоспарлы тоқтату кезінде сыналады.
      346. Цехтың қысымның жоғарылауынан қосылатын автоматты дабыл жүйесі айына 1 рет, қорғау 
жүйесі жоспарлы тоқтату кезінде 1 рет, жанатын газ қысымының төмендеуі айына 1 рет, авариялық 
жарық пен желдету жүйесінің қосылуы ауысымды қабылдау-тапсыру кезінде 1 рет тексеріледі. 
Компрессорлық цехтың барлық жүйелері мен қондырғылары әзірлеуші зауыттар белгілеген, Пайдалану 
жөніндегі регламентте белгіленген мерзімдерде осы Қағидаларда және техникалық нұсқаулықтарда 
көзделген гидравликалық, пневматикалық, электрлік және басқа да сынаудан, сондай-ақ бақылау мен
тексеруден өтеді, ол туралы актілер формулярға қоса тіркеледі. Компрессорлық цехтың 
технологиялық қондырғылары мен жүйелерін кешендік сынақтан өткізу уақытын ГТҰ белгілейді. 
Оларды 72 сағат тоқтамай жұмыс істегеннен кейін ғана пайдалануға қабылдайды. Әрбір газ айдау 
агрегатының төмендегідей жерлерінде станциялық реттік нөмірі болады:
      1) жетекті қозғалтқыштың корпусында;
      2) қомпрессор корпусында;
      3) автоматты басқару жүйесінің ақпарат беру құрылғысында (басқару пульттарында);
      4) газ шығару шахтасы және газтурбиналық қондырғы мен газ қозғалтқыштарына арналған ауа 
жинайтын камераларда;
      5) газ айдау агрегатының жеке жабық үй-жайында (ғимаратында).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет