Махаббат деген не? Эрос, филиа, агапэ, строгэ



Дата15.12.2023
өлшемі77 Kb.
#138883





Хасенова Дильназ
ТФП22-022


Алматы 2023

Жоспар:

  1. Махаббат деген не?

  2. Эрос, филиа, агапэ, строгэ

  3. Махаббат философиялық категорияда

  4. Стендальдің “Махаббат туралы” трактаты

  5. Соловьевтің ойы

  6. Махаббат түрлері


Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
Жүрек — махаббат символы
Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.
«Эрос» —сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.
«Рhilia» — сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.
«storge» — сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.
«Аgape» — термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді[1].
Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның эзотерикалық, тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де Махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша Махаббат — ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этик. ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан М. жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыссырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен Махаббаттың сипаты да түрліше. 
Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар:

  • Махаббат ол құмарлық;

  • Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із қалдыратын ынтықтық сезім;

  • Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты;

  • Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған махаббат. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды[2]..

Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар:

  1. махаббат ол көбінесе береді де, бірақ ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға деген махаббаты;

  2. махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға деген махаббаты;

  3. махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.

Махаббат философиясында махаббаттың мынадай түрлері бар, олар: 

  1. ата-ана мен бала арасындағы махаббат,

  2. аналық махаббат,

  3. әкелік махаббат,

  4. ағалық махаббат,

  5. өз өзіне деген махаббат,

  6. құдайға деген махаббат және

  7. жануарларға деген махаббат және т.с.с.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет