Махаббат хикаясы



Дата12.03.2023
өлшемі15,19 Kb.
#73524
Байланысты:
романтика эссе


МАХАББАТ ХИКАЯСЫ
Сәлем, оқушым! Егер сен менің бұл шығармамды оқып отырсаң, ендеше менің әлемге әйгілі жазушы болғаным. Егер менің осы шығармам сенің қолына түскен болса, оқып шығып, өзің бағаңды бере кет. Ал мен өз махаббат хикаямды бастайын…
Үлкен арманмен қалаға келген кезім еді. Оқуға түстім. Студентпін. Университет емес, колледжге түстім. Тоғызыншы сыныпты бітіре сала, қалаға оқуға түсуге асықтым. Неге екенін білмеймін, әйтеуір қалаға кеткенше асықтым. Бәлкім, махаббатымды кездестіретінімді сезген шығармын… Сөйтіп студенттік өмірім басталды. Айда, жана орта, жаңа достар, жаңа жол. Ойымда ештеңе жоқ, сабағыма барып келіп жүрдім.
Содан бір күні әдеттегідей сабаққа бара жатыр едім, алдымнан көзі мөп-мөлдір, қабағы қап-қара, шашы қайырылған, бойы ұп-ұзын жігіт шыға келді. Ай ана жігітті көргенде басымның айналғанын-ай… Бір түсініксіз күйде болдым, жүрегім алай-дүлей соғып, ерекше сезімді бастан кешірдім. Алғаш рет осындай күйге түстім. Әлгі жігіт қасымнан өте шықты, содан кейін оны көзімнен жоғалтып алдым. Қайтейін… Қайта өзіме келіп, автобусыма мініп, оқуыма тарттым. “Іздегеннің алдынан іздемей ақ табылар” демекші, әлгі жігіт мен оқитын колледже оқиды екен. Амал қанша, қыз баламын…барып таныса алмадым. Өмір заңы ғой, қыз баласы бірінші болып қадам жасамайды… Сөйтіп тек артынан ғана бақылап жүре бердім. Бұл ғашықтық па, ұнату ма әлде жақсы көру ме…онысын білмедім.
Содан біраз уақыт өтті. Колледжімізде студенттерді қарсы алу кеші өтетінін хабарлады. Барлығым соған барғанша асықтық. Өзімше дайындалып, сатып алған түрлі киімдерімізді киіп бәріміз сол жерге бардық. Әлгі жігітте келіпті. А айтпақшы ол жігіттің есімі – Нұрасыл. Қоңырау кезінде холда жүргенде естіп қалғанмын. Сөйтіп қыз-жігіт болып бәріміз студенттерді қарсы алу кешіне келдік. Түрлі ойындар, би, ән жарысы болып жатты. Бәрі сол қызыққа кіріп кетсе, менің екі көзім әлгі жігітте. Бір кезде жұптық ойын басталды. Әлгі жігітте шықты. Оның шыққанын көрген менің құрбым шық шық деп оның қасына шығарып жіберді. Не істерімді білмей, әлгі жігіттің қасына келіп тұрдым. Аяқ-қолым дір-дір етіп, қызарып кеттім. Бір кезде ойын шартын түсіндіре бастады. Ойынның шарты жұп болып түрлі ұлттың биін билеу. Женгең жұпқа романтикалық фильмге екі билет беріледі екен. Сол кезде әлгі жігіт менің қолымнан ұстап, есімімді сұрады. Менің жүрегім алай-дүлей болып, есімімді әзер айттым. Міне, біздің таныстығымыз, ұнатып жүрген жігітпен таныстығым осы сәтте басталды. Әлгі Романтикалық фильмге екі билетті де біз ұтып алдық. Фильмге бару үшін белгілі бір уақытты белгілеу үшін телефон номерімді сұрап алды, бердім. Осы күннен бастап біздің таныстығымыз басталды…
Қалай оқушым, қызық болып жатыр ма, әлде менде басқа жазушылар сияқты көп сөйлеп кеттім бе? Әрі қарай жалғастырайын ба?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет