Махатма Ганди

Дата28.03.2022
өлшемі0,9 Mb.
#29054
Байланысты:
М.Ганди д.ж тарих

Махатма Ганди

2.10.1869 — 30.01.1948

Скендір Нұрсұлтан

Карамчанд Ганди— Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың теориясы мен тактикасын белгілеп, оны сатьяграха (Шындық үшін тайсалма) деп атады. 1899-1902 және 1906 жылғы ағылшын-зулус соғыстары кезінде М.Ганди сол жақта тұрып жатқан үнділерден ағылшындарға көмек көрсететін санитарлық жасақтар құрады. Бурлар мен зулустардың күресін әділ күрес деп есептегенімен, ол үнділердің ағылшындарға жәрдемі Үндістанға өзін өзі басқару құқығын беруге септігін тигізеді деп үміттенді. М.Ганди осы тәсілдің арқасында өз халқын ағылшындық отаршылдық езгіден аман сақтап қаламын деп те ойлады. Ол заманда үнді халқын аман сақтап қалудың бірден бір жолы осы тәсіл екені де даусыз еді.

Ағылшын отаршыларына қарсы күресте М.Ганди талай рет айдалып (1922-1924, 1930-1931, 1942-1944 ж.ж.), неше қайтара сотталып, абақтыларға отырғызылды. Отаршылардың бұл әрекеті күрескер азаматты жасыта алмады, қайта шыңдай түсті. Ағылшындарға "Үндістаннан тайып тұрыңдар!" деп алғаш ұран тастаған да М.Ганди болатын. Бір қызығы ұлы тұлға 1946 жылғы үнді моряктарының көтерілісін айыптады. Себебі, М.Гандидің ойынша Үнді халқы тәуелсіздікке тек бейбіт жолмен ғана жете алатынынына имандай сенуінде еді және өзі осы жолды мықтап ұстанды. Шын мәніндегі ұлт көсемі дәрежесіне көтерілген ол ұлы мұрат жолында титтей де солқылдақтық танытпады, таңдап алған жолына адал болды. Ағылшындардың құйтырқы саясатының нәтижесінде 1947 жылы Үндістан-Пәкстан болып екі мемлекетке бөлінген тұста да ол үнділер мен мұсылмандарды бірлікке шақырды. 1948 жылы 30 қаңтарда Махатма Ганди Үнді реакцияшыл ұйымдарының мұшесі Натхурам Годзе дегеннің қолынан салтанатты митингі кезінде қастандықпен өлтіріледі. Міне XX ғасырдың атақты перзенті Махатма Гандидің энциклопедиялық қысқаша ғұмырнамасы осындай.

Ол қапияда қас дұшпанның қолынан көз жұмғанымен М.Гандидің соңында — ГАНДИЗМ атты діни-философиялық саяси ілім қалды. Және М.Гандидің өзі осы ілімнің негізін қалады. Ол ілімнің философиялық түпкі негізі — Құдайдың яғыни бір Жаратушының қақтығын мойындау, оны ақиқатпен қатар қою. «Мен үшін Ақиқат — ең басты принцип. Ол Ақиқат — Құдай» дейді М. Ганди өзінің «Менің өмірім» атты кітабында («Жалын» баспасы, аударған Мейрам Асылғазин, 1989 жыл). М.Гандидің ойынша Ақиқат гносеологиядан гөрі діни адамгершілік категориясына жатады. Оған қол жеткізу — тек адамның өз бетімен жетілуі, ізденуі және Ақиқатты өзінің күнделікті қам-қаракетінде жүзеге асыра білуі арқылы мүмкін болмақ. Ақиқатты жақын білу — Құдайды танып-білу дей келіп, ол: "Құдайдың алуан түрлі анықтамасы бар, себебі оның көрінуінің өзі алуан түрлі… Мен тек Ақиқат түріндегі Құдайға бас иемін" дейді (бұл да сол кітапта). Ганди Ақиқатты — абсолютті және относителді деп екіге бөледі. Біріншісі мәңгілік принцип Құдай болса, екіншісі адам санасында болады. Ізденудің мақсаты — абсолюттік Ақиқатты, Құдайдың мәнін білу. Ол мистикалық ішкі ой арқылы аян береді деп біледі М. Ганди.

Қызықты факт

  • Махатма деген ат Ұлы жан деген мағынаны білдіреді.
  • 2007 жылы БҰҰ Махатма Гандидің туған күнінде атап өтілетін Халықаралық зорлық-зомбылықсыз күнін белгіледі.
  • Гандиді портреті 5, 10, 20, 50, 100, 500 и 1000 үнді рупийлерінде бейнеленген.
  • Махатма Ганди әлем тарихындағы ең көп зерттелген тұлғалардың ондығына кіреді
  • Гандидің қайтыс болуына 5 ай қалғанда , Индия бейбіт жолмен тәуелсіздігіне қол жеткізді.

Қызықты факт

  • А.Эйнштейн былай деп жазды:
  • Гандидің ойлаушы адамдарға көрсеткен моральдық әсері біздің заманымызда оның шектен шыққан дөрекі күшпен мүмкін болып көрінгенінен әлдеқайда күшті. Бізге осындай кемеңгер замандас сыйлаған, ұрпаққа жол көрсететін тағдырға ризамыз. ...Мүмкін, болашақ ұрпақтар мұндай қарапайым адамның осы күнәкар жер бетінде жүргеніне сенбейтін шығар.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет