Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін ең алдымен бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні басқа; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн. Мазмұн дегеніміз – бір нәрсенің мазмұны; Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзін-өзі айқындай алады. Мазмұн – жазушы өзінің шығармасы жайлы «нені айтты?», пішін – қалай айтты? Деген сауалдарға жауап береді.
Эпикалық қашықтық
Эпикалық қашықтық – әңгімелеуші – автордың шығармадағы баяндалып жатқан оқиғалардан белгілі бір мезгілдік немесе кеңістік ара қашықтықта орналасуы. Оған белгілі бір баяндау формасы аясында өзгерістер енгізіліп, түрлендіріледі. Кеңістік ара қашықтық оқиғаны тұтастай немесе даралай алып көрсетуден байқалады. Ол үш түрлі болуы мүмкін: шығармадағы оқиғаның баяндау кезімен сәйкес келмеуі; шығармадағы оқиғаның баяндау сәтімен сәйкес келуі және олардың аралығында мезгілдік қатынастың мүлде болмауы.
Экспозициялық портрет – бет-әлпет, фигура, киім, жеке ым-ишара және сыртқы түрдің басқа да ерекшеліктерінің егжей-тегжейлі тізіміне негізделген. Ол ерекшелікке қызығушылық танытатын айтушының көзқарасы бойынша беріледі. Мұндай портреттің неғұрлымкұрделі модификациясы – психологиялық портрет, мұнда сыртқы түр ерекшеліктері басым, кейіпкер мен мінездің қасиеттерін көрсетеді.