Махмұт Қашқари тілінің философиясы. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк»



Дата07.02.2023
өлшемі13,16 Kb.
#66066
Байланысты:
Ìàõì?ò ?àø?àðè ò³ë³í³? ôèëîñîôèÿñû. Ìàõì?ò ?àø?àðè «Äèóàíè ë??àò


Махмұт Қашқари тілінің философиясы.

Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» атты философиялық еңбегінде алғаш рет түрік мәдениетін сипаттап берді. Бұл түрік тілінің сөздігінде түріктер өмірінің ХІ ғасырдағы бай сипаты, салт-дәстүрі, өлеңдер мен аңыздардың, материалдық мәдениет заттарының мән-мағынасы ашылып көрсетілді. Бұл кітапта сол заманның тұрмысы мен дүниетанымы ерекше мұқият сипатталған. Рулық-тайпалық қатынастардан бастап болмыс шындығына дейін баяндалған. Философиялық ұғымдар, тек пен ерекшелік терминдері, этнонимдер мен жер-су аттары (топонимдер) ерекше мәнге ие болған. Еңбекте дәстүрлі халық санасының сипаты, тарихи және мифологиялық құндылыктар, діни және этникалық терминология тіркелген. Сондай-ақ, өз заманының, қоғамының әлеуметтік, саяси және рухани өмірінің сипаттамасы жан-жақты зерттелген, оның өзіндік және сапалық ерекшелігі адамдардың іс-әрекеті мен олардың санасы, қоғамның тұгастығы мен оның даму барысы күрделі қатынаста көрсетілген.
«Мен бұл кітапты алфавит тәртібімен құрастырдым, — деп жазды М. Қашқари, — парасатты — ғибрат сөздермен, ұйқасты ақ өлеңмен, мақал-мәтелдермен, өлеңдер мен қара сөзбен (прозамен) безендірдім. Мен қиынды оңайлаттым, түсініксіз жайды түсіндірдім, жылдар бойы еңбектендім, ақырында іздеуші сөзді өзінің қатарынан таба алуы үшін әр сөзді өз орнына қойып, сөз тәртібін анықтадым. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас әдеби мұра болып қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым (М. Қашқари. Түбі бір түркі тілі «Диуани лұғат ат-түрк»). «Мен өз зердеме тірі және рифмделген түріктердің, түркімендердің, оғыздардың, қырғыздардың… тілдерін толық түсіре білдім», — дейді данышпан ойшыл-ғалым. Былайша айтқанда, бұл еңбек лингвистикалық және этнологиялық сипатта ғана емес, сонымен бірге дүниетанымдық-философиялық, этикалық-құндылықгық және эстетикалық сипатта. Махмұт Қашқари: «Әдептің басы-тіл», «Тіл — тәрбиелілік пен қайрымдылықгың басы», «Ерен ерлік тілде туады». Тіл жәй қарым-қатынас құралы ғана емес, ол сол халықгың, оның тарихы мен мәдениетінің өзіндік және бірегей болмысын танытады. Ойлау мен тіл бірлікте. Осыған орай, «ұлттың тілінде оның жері, тарихы, тұрмысы, мінез-құлқы айнадай ашық көрініп тұрады» деген ұлы Мағжан Жұмабаевтың сөзі өте орынды айтылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет