Тапсырманың аты :Ауа мен су. Табиғат физикасы.
Автор: Стамбекова Асель Серкебаевна
Ұзақтығы:
25-10-2021 00:00-31-10-2021 23:00 Максималды жауаптар саны :6
Ең жоғарғы балл:13
Орындаған: Каженбаева Гулваням
Жауап қалыбы: Аралас жауап
Сипаты: Жойылып бара жатқан жануарлар. Жануарларды қорғау. Жануарлар энергияны қайдан алады. Қазақстанда мекендейтін жануарлар. Ауаның, судың ластануы, жылуөткізгіш, электроскоп.
Жойылып бара жатқан жануарлар
Жануарлар дүниесi - айналадағы табиғи ортаның негiзгi құраластарының (компаненттерiнiң) бiрi. Қазақстан Республикасы табиғи байлықтарының маңызды құрамдас бөлiгi.
Осы заң жануарлар дүниесiн тиiмдi қорғауды, өсiмiн молайтуды және ұтымды пайдалануды, бүгiнгi және болашақ ұрпақты табиғатқа деген ықтияттылық пен адамгершiлiк көзқарас рухында тәрбиелеудi қамтамасыз етуге тиiс.
I бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту
және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы
заңдарының мiндеттерi.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңдарының мiндеттерi жабайы жануарлардың табиғи еркiн тiршiлiк жағдайларын қамтамасыз ету, табиғи үйiрлердiң түр жағынан сан алуандылығы мен тұтастығын сақтау мақсатында оларды қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп отыру, сондай-ақ осы саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
2-бап. Жануарлардың дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту
және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы
заңдары.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар осы Заңмен және осыған сәйкес шығарылатын Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарымен реттелiп отырады.
3-бап. Жануарлар дүниесi ұғымы
Жануарлар дүниесiне құрғақта, суда, атмосферада және жер қыртысында табиғи еркiн жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтiн барлық жабайы жануарлар (сүт қоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекендiлер, балықтар, сондай-ақ ұлутектiлер (молюскалар), шыбын-шiркейлер (насекомдар) және басқалар) жатады.
Ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларын, сондай-ақ шаруашылық, мәдени өзге де мақсаттар үшiн табиғи ортадан айырылып, ырықсыз немесе жартылай ырықсыз жағдайда ұсталатын жабайы жануарларды пайдалану, өсiмiн молайту және қорғау саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
4-бап. Жануарлар дүниесiнiң мақсатты мiндетi
Мақсатты мiндетiне сәйкес жануарлар дүниесi мынадай топтарға бөлiнедi:
- жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген түрлерi;
- жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
- жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
- жануарлардың (аң аулау мен балық аулаудан басқа) өзге де шаруашылық мақсатында пайдаланылатын түрлерi;
- жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;
- жануарлардың халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығын және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау халық шаруашылығына нұқсан келтiрiлуiне жол бермеу мақсатында бас санын реттеп отыруға жататын түрлерi.
5-бап. Жануарлар түрлерiн топтарға жатқызу және бiр
топтан екiншi топқа аудару
Жануарлардың түрлерiн осы заңның 4-бабында аталған топтарға жатқызу олардың негiзгi мақсатты мiндетiне сәйкес, ал жануарлар түрлерiн бiр топтан екiншi топқа аудару олардың негiзгi мақсатты мiндетi өзгерген реттерде жүргiзiледi.
Жануарлар түрлерiн топтарға жатқызуды және бiр топтан екiншi топқа аударуды Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
6-бап. Жануарлар дүниесiне меншiк
Қазақстан Республикасындағы жануарлар дүниесi республиканың айрықша меншiгiнде болады.
Жануарлар дүниесiне иелiк етудi, билiк жүргiзудi және пайдалануды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi тiкелей немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы өкiмет органдары мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру және жануарлар дүниесiне меншiк құқығын iс жүзiне асыру жөнiнде басқа да iс-әрекеттер жасау жануарлар дүниесiн басқарудың мемлекеттiк органының мiндеттi түрде қатысуымен жүзеге асырылады.
Елімізде көптеген жануарлар тіршілік етеді. Олардың кейбіреулерінің саны күннен күнге артып келеді. Жануарлардың тіршілік ортасы неғұрлым қолайлы болса, олардың көбеюуі соғұрлым қарқынды жүреді. Дегенмен кейбір жануарлардың саны кеміп, жойылып кету шегіндетұрғаны белгілі. Оларға Каспий албырты, Балхаш алабұғасы, Жетусулық бақатіс, барыс, сілеусін, сұр келес, қызғылт бірқазан, кіші аққу, сары көкқұтан, дала бүркіті жатады.
Жануарлардың көп жағдайда адамның іс әрікетіне байланысты болады. Шөл және шөлейт жерлерді игеру, жерді жырту, батпақты құрғату, өзен арнасын бұру, орман ағаштарын кесу жануарлардың тіршілік ортасының тарылуына алып келеді. Соның салдарынан олар басқа жерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұл олардың ұрпақ өсіріп көбеюіне де кедергі жасайды.
Тірі ағзалардың жойылуына табиғи катаклизмдер себеп болады. Катаклизмге өрт, су тасқыны, сел, қар көшкіні сияқты табиғи апаттар жатады. Табиғи апаттардың салдарынан тірі ағзалардың саны азайып, жойылу қаупі төніп тұр. Егерде тірі ағзалар саны азайса, табиғаттағы қоректік тізбектер де бұзылады. Кейбір ағзалар қорексіз қалады. Осылайша бір ағзаның жойылуы басқа ағзаларды жойылу шегіне жеткізуі мүмкін.
Сирек кездесетін және жойылу шегінде тұрған жануарлар еліміздің Қызыл кітабына тіркеліп, қорғауға алынған. Сонымен қатар азайып бара жатқан жануарлардың санын көбейту үшін табиғи ортасын сақтап, қайтадан өсіреді. Осындай ерекше қорғауға алынған ортаны қорық деп айтады. Елімізде 10 мемлекеттік қорық құрылған. Олар Ақсу-Жабағалы, Алакөл, Алматы, Қаратай, Үстірт, Марқакөл, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай және Барсакелмес. Қорықтың мақсаты-саны азайып жойылу қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді қорғау. Мысалы Қорғалжын қорығында әлемде сирек кездесетін қызғылт қоқиқаздар, қорғауға алынса, Ақсу-Жабағалы қорығында Грейк қызғалдағы өсіріледі. Қорықтар мемлікеттің қарамағында және қорғанында болады. Елімізде қорықтар мен бірге ұлттық саябақтар ашылған. Ұлттық саябақтарды құрудың мақсаты-табиғаты көркем аумақтарды сақтап қалу ондағы жануарларды қорғау санын артыру. Олардың қорықтан айырмашылығы саяхатшылар мен тығушылардың тамашалауына рұқсат етіледі. Елімізде Бурабай, Баянауыл, Іле Алатауы, Алтынемел сияқты ұлттық саябақтар бар. Бір кезде елімізде құландар үйір-үйірімен жүретін.Бірақ адамдар көп аулағаннан олар жойылып кетті. Құландар Түркменстаннан қайта әкелініп, Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығында өсірілді. Кейін олар «Алтынемел» саябағына ауыстырылды. Қазір елімізде 2000-ға жуық құлан бар.
Достарыңызбен бөлісу: |