Баршаңызды №10 Шу колледжінде
06 желтоқсан-11 желтоқсан аралығында
"МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ"
тақырыбында арнайы пәндер апталығының ашылуымен құттықтаймыз.
Мақсатымыз: Арнайы пәндерде оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып білімгерлердің білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Міндеттеріміз:
1.Оқу процесін жоғары дәрежеге көтеру үшін сабақта жаңа әдістерді қолдану;
2.Білім беру үрдісіне иновациялық технологияларды енгізу;
3.Оқытушыларды педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту;
Арнайы пән оқытушылары – білімгерлерді оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға. Оқу сабақтарында оқытушы білімгерлерге жаңа технологияларды меңгертуде, білік пен еңбек мәдениетін қалыптастырады. Жастарды оқытатын оқытушының үлгілі жұмысы, өзінің білімін және тәжірибесін үйретуі, ұнамды қасиеттерді қалыптастыруы оларға үлкен әсерін тигізеді.
Колледжімізде : «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Фермер шаруашылығы», «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандықтары бойынша білімгерлер білім алады.
Осы мамандықтар бойынша дәріс беретін оқытушылар:
Кульжанисов Талгат Бегимбекович – «Ферма шаруашылығы» мамандығының арнайы пән оқытушысы.
Оршабеков Муратбек – «Тепловоз машинисінің көмекшісі» мамандығының арнайы пән оқытушысы.
Қожан Рүстем – Сызу пәнінен арнайы пән оқытушысы.
Устемирова Күляш Бойдосқызы – «Нан пісіру,макарон және кондитер өндірісі » мамандығының арнайы пән оқытушысы.
Джумабаева Перизат Кундызбековна – «Тепловоз машинисінің көмекшісі» мамандығының арнайы пән оқытушысы.
Сагинбекова Айнура Жумахановна – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының арнайы пән оқытушысы.
Абдиев Мүбарак – «Ферма шаруашылығы» мамандығының арнайы пән оқытушысы.
Омарова Торғын Маратқызы – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы.
Әлди Алуа Рүстемқызы – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы.
Мықтыбек Назерке – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы.
Арнайы пән оқытушылары - әдістемелік даярлықтарын, олардың мамандыққа деген көзқарастарын өзгертіп, теория мен әдістемелік білімдерін арттыру, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру – өскелең заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып келеді.Кәсіптік білім беру саласында білімгерлерді кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуге оқытушының міндеті. Оқу процесін жетілдіру, білімгерлердің қазіргі кезеңдегі технологиялық процестерді меңгеруі соларға байланысты.
Апталық барысында арнайы пән оқытушылары ашық сабақтар мен білімгерлерді мамандыққа баулитын, кәсібилікті шыңдайтын шаралар, кәсіби шеберлік, іскерлік сайыстар өткізеді.
Құрметті білімгерлер апталыққа бір кісідей атсалысайық!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмеет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |