Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі



Дата14.10.2023
өлшемі171,06 Kb.
#114029
Байланысты:
к-збасшы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті



Тақырыбы : ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ


Орындаған : Нуржанова Жадыра
Тексерген: Измаганбетова Р

ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ


Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі.
Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі бұл кезде
белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының
бір бөлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет.
Бұл тәсілдің аясында көшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе
отырып,мұғалімнің тіжірибесі жетілдіріледі.Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай
қабылданбайды,мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің
әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.Олардың
көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады.[1.87б]
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі за-
ман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,
ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай
инновациялық технологияларды өз сабақтарында
күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді,
қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан
Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім
беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу» деп атап көрсеткен.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім.
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше
тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол
таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу,
арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз
кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз
сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация
мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын
меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, ру-
хани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы
қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге
қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру
сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік
жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай
келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті,
өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық ,
зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік
тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы
басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипат-
талатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты,
белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:
• Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына
алуға;
•Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық
шешімдер қабылдауға;
•Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және
қолдануға;
Тағылым Көкейтесті 5
•Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға
міндетті деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зеттеумен шатастыруға болмай-
ды.МКДЖ бағдарламасы «мұғалім-зерттеуші» түсінігіне
емес «мұғалім- дамыту жұмысының көшбасшысы»
түсінігіне негізделе құрылған.Дамыту бойынша жұмыс
белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін
анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.
Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,жалпы
мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын
үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.Дамыту
бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке
тартып,рефлекция мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын
тапсырмаларды қамтиды.Мұндай іс-шаралар жиі
өткізіліп тұрады,мысалы:әріптестер арасындағы
пікірталастар.желіде орналастырылған есеп беруді
оқу,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы
пікірлерін жинау,әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу
мақсатында басқа сыныптардың сабағына қатысу.Дәл
осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес,диалог
үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру
жұмысын жақсы бастама деп санайды,егер жоба басы-
нан нәтижелі болып,әріптестерін қызықтыра алса,онда
бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отыра-
ды.Басқаша айтқанда,мектеп басқаша жұмыс істеуге
үйренеді.Сол себепті әріптестерді қызықтырып,оларды
бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.[1.88б]
Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен
ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы
жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының
сол пәнге қызығуы артын қоймай, мұғалім жаңалығы,
ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы
жүрегінен орын алады. Қазіргі сабақтардың басты
ерекшелігі бірлесе жұмыс істеу атмосферасын орнату
,оқушыларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру болып та-
былады. Сондықтанда ұстаз күш-жігерін оқушылардың
өздігінен білім алуына,танымдық әрекеттерін өздігінен
ұйымдастыруды үйретуге жұмсауы керек.
Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты
дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табыла-
ды.Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық
пен келіспеушілік тудыруы ықтимал.Мұндай кезде
өзгеріс үдерісін басқару оңай емес.Мұғалім ретінде,біз
кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-
қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.
Бірақ тәжірибе көрсеткендей,жоғары лауазымсыз
да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен
адамгершілік сенімдерін қолданып,адамдарға әсер ету-
ге болады.Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды
жетілдіріп,стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене ала-
мыз.[1.87б]
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан
техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа
жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру
сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін
дамытуға көңіл болінеді.Қолданылатын көрнекіліктер
оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады,
түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал
жасайды.
Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып,
балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ой-
ларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға
мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер
арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануы-
на және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде
жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі
әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі
балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп,
онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап,
оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру
әрбір мұғалімнің міндеті.
Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті
нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке
дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орын-
дау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді.
Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды
үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы
жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық,
ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек
қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты
оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру,
шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын
жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту..
Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану балалардың
тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа
әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетітін, нені
меңгеретін, нені меңгергенін білуге болады. Соның
нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы
оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынта-
сы арта түседі.
Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның
«дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік
мүмкіндіктерін жек де,ұжымда да кеңейту арқылы
жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін.Ұстаздардың
жетекші топтардағы және желілік қоғамдастық
шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету
үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет.
Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде
тәжірибені таратуға ғана емес,сонымен бірге басқа
мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін
құрастыруға көмектеседі.Білімнің бұл негіздері-
зерттеулерге негізделген білім емес,бұл басқаларға дем
беретін және ары қарай іс – әрекет жасау үшін олар-
6 Көкейтесті Тағылым
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық . «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ 2012
2. Интернет ресурс
3. М.Жанпейісова « Модульдік оқыту технологиясы.» Алматы 2002
4. С.Мирсеитова « Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары
мен әдістері.» Қарағанды 2011
5.Ә.Бейсенова. «Материктер мен мұхиттар географиясына арналған әдістемелік құрал.»
Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.
ды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға
негізделген жанды диалогтік үдеріс.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы: адамдар тек
білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру- адамдардың
зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы;жалпы
алғанда,тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені
жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген
дәлелдерге келіп саяды.[1.89б]
"Бізге туғаннан берілген дарын өңделмеген алмазға
ұқсайды. "Сібір кенінен” алынған мөлдір, қатты тас
тәріздес (бірақ алмаз қаншалықты тамаша болса да,
маржан тас екеуінің айырмашылығы жер мен көктің
айырмашылығындай). Маржан тас деп- ерен еңбекті
қажет ететін тегістелген алмазды айтамыз”- деп
А.Владимиров айтқандай мұғалім өзінің көшбасшылығы
арқасында әрбір оқушының таланты мен дарындылығын
ашу арқылы бәсекеге қабілетті ,еркін,өзіндік дәлел-
уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы, сенімді,сыни
пікір - көзқарастары жүйелі дамыған , сандық
технологияларда құзырлылық танытатын, өзіндік мені
қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру қажет.
Менің түсінгенім мұғалім көшбасшы болу үшін оқу
үдерісін тиімді жоспарап,жаңа формация мұғаліміне ай-
налу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет