МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
Тегі,аты,әкесінің аты: Аманов Темирхан Ташимханович
Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: дене шынықтыру пәнінің мүғалімі, «Сарыбұлақ орта мектебі МДШО» КММ
Жынысы: ер
Туған жылы және туған жері: 19.12.1958 ж. Қарағаш ауылы
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Санаты: екінші
Ғылыми дәреже, ғылыми атағы: жоқ
Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні:жоқ
Мекен жайы:Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қарағаш ауылы Сарыбұлақ көшесі 12 үй
Жалпы жұмыс өтілі: 36жыл
Саладағы жұмыс өтілі: 36 жыл
Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 36 жыл
Мінездемесі
Аманов Темірхан Ташимханович І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетті бітірген, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ол еңбек еткен 36 жылда талай жетістіктерге жетіп, оқушылары мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Сабақ беретін сыныптарында қабілетті оқушылармен арнайы жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, оқушыларды салауатты өмір салтына бағыттап жүрген ұстаздардың бірі. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш - жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Темірханның еңбегі ерекше.
Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қоятын, нағыз дос бола білетін адам. Ұжыммен тіл табысқыш, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білгенін басқалармен бөлісетін, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол екі баланың әкесі және екі немеренің сүйікті атасы.
МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
Тегі,аты,әкесінің аты: Раева Турсунхан Бекмарзаевна
Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: бастауыш сынып мүғалімі, «Сарыбұлақ орта мектебі МДШО» КММ
Жынысы: әйел
Туған жылы және туған жері: 28.02.1962 ж.Алматы облысы Панфилов ауданы
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары, І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институты
Санаты: жоғары
Ғылыми дәреже, ғылыми атағы: жоқ
Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні:жоқ
Мекен жайы:Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қарағаш ауылы Алдабергенов көшесі 21 үй
Жалпы жұмыс өтілі: 37жыл
Саладағы жұмыс өтілі: 37 жыл
Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 37 жыл
Мінездемесі
Раева Турсунхан Бекмарзақызы 1962 жылы 28 ақпан күні дүниеге келген.
Турсунхан Бекмарзақызы - өз ісін жетік меңгерген сауатты маман, бастауыш сынып оқушыларына сабақ бергенде қазіргі заманға сай әдіс – тәсілдерді қолдана біледі.
Мұғалімнің жұмысының негізгі мақсаты – еңбек іс әрекеті бойынша жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оқушылары оқу және практика барысында бірін – бірі түсіну, бірігіп жұмыс жасау сияқты қарым – қатынастарын арттыруда шеберліктерімен көзге түседі. Турсунхан Бекмарзақызы әр оқушыны жете зерттеп олардың шығармашылық қасиеттерін арттырып отырады. Қабілеті жоғары оқушыларға аса көңіл бөледі. Мұндай оқушылар, мектепішілік, аудандық, облыстық, іс шараларда топ жарып ерекшеленеді. Атап айтатын болсақ, 2017 жылы оқушысы Қаржау Алмас облыстық ғылыми жобалар байқауында ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. 2018 жылы «Үркер» республикалық интеллектуалды ойындарында оқушылары Болат Жігер, Тұрдақын Аружан, Жанат Айша жүлделі орындарға ие болды.
Турсунхан Бекмарзақызы – шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы да қарапайым, инабатты, салмақты, ізденуден, үйренуден бірде – бір жалықпайтын «таланты өсіретін – талап» екенін көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |