Мақсаты: Балалар және ересектер ұжымында психологиялық жағымды климат қалыптастыру. Міндеттері



бет1/6
Дата01.03.2023
өлшемі28,52 Kb.
#70716
  1   2   3   4   5   6

«№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы(түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Психологиялық бір күндік іс-шара «Жақсы көңіл-күй рецепті»
Мақсаты: Балалар және ересектер ұжымында психологиялық жағымды климат қалыптастыру.
Міндеттері:

  • Оқушылардың және педагог ұжымының көңіл-күйін көтеру;

  • Оқушылардың және педагог ұжымының психология ғылымына қызығушылығын арттыру;

  • Өзара қарым-қатынасты арттыру.




  1. Ашылу салтанаты.

  2. «Кім болғым келеді? Заманауи мамандықтар атласы» тренингі (8-9-сыныптар).

  3. «Жақсы көңіл-күй – жан азығы» тренингі (6-7-сыныптар).

  4. «Біздің достығымыз берік» тренингі (2-3-сыныптар).

  5. «Достық әлемі» тренингі (4-5-сыныптар).

  6. «Эмоциялық шаршау және ретке келтіру» тренингі (мұғалімдерге).

  7. Апталықтың жабылу салтанаты.

Жұмыстың мазмұны:
Ашылу салтанаты
«Жақсы көңіл-күй рецепті» тақырыбында көрініс:
Оқушы таңертең қуанышты болып тұрады (жанында «Қуаныш» жазуы бар эмоция жүреді). Жуынып, таңғы асын ішіп, сабаққа шығады, алайда оның автобусы кешігіп жатады («Ашу»).
-Менің автобусым кешікті ғой. Мұғалімім ұрысатын болды, - деп ашуланады.
Қуаныш Ашуды итереді.
-Бірақ сабақтың басынан қалатын болдым. Жақсы болды ғой, үй жұмысын меннен сұрамайтын болды.
Сабақта оқушының іші пысады (оның жанына «Зерігу» эмоциясы келеді). Алайда Қуаныш оны да итеріп, оқушының есіне оның түстен кейін құрбыларымен дүкен аралауға шығатынын есіне салып, ол қайтадан қуанады.
-Алақай, кеше әлеуметтік желіде көрген көйлегімді сатып аламын!
Дүкенге келгеннен кейін:
Сатушы:
-Кешіріңіз, Сіз іздеген көйлек сатылып кетті. Басқа түрлерін қарап көресіз бе?
Оқушы көңілі қалады (разочарование / «Көңілсіздік»). Қуаныш қыздың көңілін қалай көтерерін білмей жатқанда, бір құрбысы оны жұбатып, оның орнына балмұздақ жеуді ұсынады:
-Ештеңе етпейді. Оған бола көңіліңді түсірме. Жүр, оның орнына балмұздақ жеп қайтайық.
Оқушы қайтадан қуанып, балмұздақ жеп алады. Кешке үйге келгеннен кейін оқушы үй жұмысын аяқтап, күнделігін толтырып жатқанда, сол күні тек сәтсіздікке толы болғанын байқайды. Ол мұңға батып жылай бастағанда, Қуаныш оның көңілін қалай аударарын білмейді. Оқушының қасына «Мұң» эмоциясы келеді де, оны арқасынан қағып, оны тыңдап алады:
-Бүгінгі күнім тек сәтсіздікке толы болды. Таңертең сабағымнан қалдым, мектепте ешқандай қызық болмады, ал көптен бері алғым келіп жүрген киімім дүкенде жоқ болып шықты.
Мұң:
-Түсінемін. Барлығы әрдайым сен қалағандай бола бермейді. Арасында сәтсіз күндерің де болып тұрады.
Оқушы біраз жылап алып, ішіндегі шығарылмай қалған сезімдерін босатқанда, өзі де тыныштанып, оптимистік көзқарасқа жақын ол сол күні болған барлық аз болса да қуанышты сәттерін есіне алады:
-Шынымен де, бұндай сәтсіз күндер күнде қайталана бермейді ғой. Өзім күтпеген қаншама жағдайлар болса да, әр нәрсенің жақсы жағын байқадым. Бәлкім ертеңгі күнім бұдан да жақсы болар...


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет