Мақсаты: Табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Әр оқушыға экологиялық білімді қалыптастыра отырып, денсаулықты қорғауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын үйрете отырып, табиғат байлықтарын ұтымды
Түсінік хат
Мақсаты: Табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету .
Әр оқушыға экологиялық білімді қалыптастыра отырып,
денсаулықты қорғауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жолдарын үйрете отырып, табиғат байлықтарын ұтымды
пайдаланып, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Міндеті : Сабақта экологиялық проблемаларды көтере отырып, ойлау
қабілеттерін дамыту.
Экологиялық заңдылықтарды меңгеру
Дағарыстан шығу жолдарын табуға дағдыландыру.
Ізденушілік,зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру.
Экологиялық білім беру саласында ҚР «Ата заңы» 2050 стратегиясында және Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Жасыл ел» атты бағдарламасына сүйене отырып, экологиялық құқық мәселелеріне қалыптасқан аймақтар тобы, радиациялық жағдаяттар, табиғат байлықтарын тиімі игеру, тіршілік иелерінің экологиясын қорғауға баулуды жас ұрпақ бойына дарытуды қалыптастыру. Бұл курсқа берілгені 34 сағат, аптасына 1 рет өтеді. Сабақты түрлендіре отырып, дәріс, ойын, жарыс, топтық, саяхат, интерактивті оқыту әдістерін қолданылады. Көрнекіліктерден кестелер, сызбанұсқалар, үлестірмелер, сөзжұмбақтар, интернет желісі, интерактивті тақта, бүктемелер, видео роликтер, кеппешөптер, ұлғайтқыш құрал, фотоаппарат қолданылады. Оқушылар шығармашылық жұмыстар жасай отырып, өз беттерінше табиғатты бақылап, ғылыми жоба жасап, жарыстарға, экофорумдарға қатысып, рефераттар жазады, апталыққа қатысып, оқу жетістіктерін бағалайды. Тәрбиелеудің барлық саласымен байланыстыра отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулиды.
« Жас эколог» факультатив курсының күнтізбелік жоспары