«Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері» пәнінен №2 аралық бақылаудың тестілік тапсырмалары



Дата03.08.2023
өлшемі86 Kb.
#105025

«Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері» пәнінен
2 аралық бақылаудың тестілік тапсырмалары

1.Ірі құймаларды дайындаудың амалдары:


А) қабықшалы (құм-шайыр) В) металдық қорамада С) құм-балшық қорамада
D) центрден тепкіш құюмен Е) қысыммен құю арқылы

2.Қорамалау қоспасының отқа төзімді негізі болып табылады: Д


А) жетілдірілген қоспа В) графит С) шайыр D) кварц құмы Е) ағаш жоңқасы

3.Қорамалау қоспасының біріктіретін материалы болып табылады: Е


А) жетілдірілген қоспа В) сазбалшық С) су D) кварц құмы Е) балшық

4.Металл қатайған соң құм-балшық қораманы:


А) қыздырады В) беріктендіреді С) бұзады D) жөндейді Е) тазартады

5.Құймаларды қорамадан қағымдау іске асады: В


А) атанақтарда В) торларда С) бытыра атқылау арқылы D) құм атқылау арқылы
Е) қорамалау машиналарда

6.Кокилді дайындайды: В


А) ағаштан В) металл қорытпалардан С) қыштардан D) пластмассалардан Е) резеңкелерден

7.Балқыманы айналатын метал қалыпқа құйып, қатаюы кезінде әсер ететін күштер:


А) тангенциаль В) центрден тепкіш С) центрге тартқыш D) қалыпты Е) инерция

8.Қорытпалардың арналар бойынша ағу және құю қалыптарын толтыру қабілеттілігі: А


А) сұйық аққыштық В) отыру С) сызатқа орнықтылық D) балқи бөлінді Е) газбен қанықтыру

9.Құймалардың көлемінің, сызықтық өлшемдерінің азайуы:


А) сұйық аққыштық В) шөгу С) сызатқа орнықтылық D) балқи бөлінді Е) газбен қанықтыру

10. Қорамалау қоспасын толтыратын металдық жақтауша:


А) үлгі В) қорамжәшік С) тұрқы D) сырық өзекті жәшік Е) құюжолды жүйелер

11.Құю қалыбының кеңістігіне сұйық металды жеткізуге арналған:


А) жоғарғы жартылай модель В) астыңғы жартылай модель С) құю жүйесі D) жеребейка
Е) суытқыштар

12.Қалыптаушы қоспалардың байланыстырушы материалы болып саналады:


А) өңделген қоспа В) сазды құм С) су D) кварц құмы Е) динас кірпішінің ұнтағы

13.Құйманы қалыптастырғанда көлемнің және сызықтық өлшемінің азаюы:


А) сұйық аққыштық В) шөгу С) жарықшаққа тұрақтылық D) ликвация Е) газқанықтыру

14.Металды штамптау тәсілінің түрлері:


А) инжекциялық В) мүштікті С) изостатикалық D) көлемдік Е) орталық

15.Ұнтақты металдан шыбықтарды, құбырларды және әр түрлі пішінді тетікті дайындайды:


А) баспалаумен В) илемдеумен С) қалыптаумен D) сығымдаумен Е) соғумен

16.Баспалаумен немесе илемдеумен алынған, дайындамалардың күйежентектелу процесіне ұшыратады: Е


А) меншікті беттерді азайту үшін В) тығыздықты өзгерту үшін С) кеуектілікті ұлғайту үшін
D) кеуектілікті азайту үшін Е) беріктікті арттыру үшін

17.Еркін соғудың негізгі операциялары:


А) жіктеу; В) отырғызу; С) енгізу; D) торкреттеу; Е) нығайту

18.Металдарды қысыммен өңдеу тәсілдері: Д


А) қорамалау В) пісіру С) жону D) илемдеу Е) термиялық өңдеу

19.Дайындаманы тесік арқылы матрицада тартажону аталады:


А) илемдеу; В) баспалау С) сымдау D) соғу Е) қалыптау

20.Сымның жіңішке сорттарын алады: С


А) илемдеумен В) баспалаумен С) сымдаумен D) соғумен Е) қалыптаумен

21.Сығымдаумен алуға болады:


А) қайта балқытылған шойынды В) құю шойынын С) сымды
D) ферроқорытпаларды Е) құрылымды материалдарды

22.Баспалаудың түрлері:


А) жанама В) қиғаш С) ішкі D) кері Е) домалақ

23.Соғумен өңдейтін материалдар:


А) пластикалық қасиеттері бар құйма металдары
В) ұнтақ материалдары
С) пластмасса
D) шыбық
Е) ситталдар

24. Штамптаудан кейін кенерікті ажыратудың операциясы:


А) шөктіру В) кесу С) баспалау D) илектеу Е) ию

25.Қаңылтырды суық күйде қалыптау кезінде бұйым пішінін өзгерту операциялары:


А) шауып түсіру В) тесу С) ию D) шөгу Е) қобылау

26. Металдық таспаның пішінін бойлай өзгерту үшін қолданылады:


А) шөктіру В) кесу С) ию D) бөлігін шөгу Е) сығымдау

27.Илемдеудің негізгі өнімдері:


А) тыныш болат
В) арматуралы болат
С) болат
D) соғылма
Е) сортты болат

28.Соғу және қалыптаумен жасалатын металл бұйымы:


А) құйма
В) кенерік
С) соғылма бұйымдары
D) шыбық
Е) илек

29.Суық табақша штамптауда дайындаманың қалыңдығы тең болады (мм):


А) 0,1-0,5
В) 0,8-1,0
С) 1,0-2,0
D) 5,0-6,0
Е) 9,0-10,0

30.Гидравликалық баспақта массасы (кг) болатын соғылманы қалыптайды:


А) 200
В) 400
С) 550
D) 450
Е) 600

31.Пресс-форма қуысына пресс-материалдың нақты мөлшерін алу үшін қолданылады:


А) тура престеу
В) кері престеу
С) сымдау
D) көлемдік дозалау
Е) барлығы дұрыс

32.Сорттық прокаттаумен дайындалатын прокат түрлері:


А) рельсті
В) құйманы
С) тұғырды
D) алдыңғы тұғырды
Е) берілістер қорабын

33.Созу процесі пайдаланылады:


А) тісті дөңгелектер
В) фасонды қималы шыбықтарды калибрлеуге
С) шатундар
D) рельстерді
Е) балкаларды

34.Сығымдау процесімен алынады:


А) берілістер қорабын
В) құбырлар
С) тепловоз доңғалағы
D) табақша
Е) құймалар

35.Еркін соғумен алынады:


А) берілістер қорабы
В) күрделі пішінді біліктер
С) тепловоз доңғалағы
D) құйма
Е) өте жіңішке сымдар

36.Доғалық пісірудің негізгі түрлері: А


А) газбен дәнекерлеу
В) кесумен өңдеу
С) желіммен біріктіру
D) балқымайтын көмірлі электродпен пісіру
Е) қысыммен өңдеу

37.Айнымалы токпен пісіру кезінде көбінесе пайдаланады: С


А) генераторды
В) түзеткішті
С) трансформаторды
D) шілтерді
Е) кескіштерді

38.Ток көздерінің сыртқы сипаттамаларының график түрлері:


А) ток мөлшері жоғарылайтын кисық
В) жартылай өсетін
С) қатал
D) өсетін
Е) көретін

39.Пісіру үшін метал сым электродтарды диаметрі, мм: С


А) 0, 01-0, 5
В) 0, 4-1, 0
С) 0, 2-12
D) 14-20
Е) 20-28

40.Қолмен доғалы пісіру режимінің негізгі параметрлері: ВС


А) электрод диаметрі, электрод ұзындығы
В) электрод диаметрі
С) доғадағы кернеу, пісіру тогының күші
D) электрод диаметрі, доғадағы кернеу
Е) пісіру тогының күші және электрод материалы

41.Кесуші құралдың түрлері:


А) бекіткіш
В) балта
С) центрлейтін қадалық
D) тескіш
Е) бұрғылар

42. Жону кезінде кесу жылдамдығы формула бойынша анықталады (м/мин): В


А) V = Dn  1000
В) V =  Dn /1000
С) V =  Dn  100
D) V =  Dn /100
Е) V =  Dn +100

43.Сыртқы цилиндрлік беттерді жону үшін кескіштер пайдаланылады:


А) кеңейжону
В) өтпелі
С) бүйіршіктейтін
D) кесетін
Е) қиғаш түрдегі

44.Жону білдегінде бүйірлік бұрыш беттерді жону кескіштерімен іске асады:


А) кеңейжонғы
В) өтпелі
С) бүйіршіктейтін
D) кесетін
Е) қиғаш

45.Дайындаманың тұтас металында тесікті қалыптастырады:


А) үңгілермен
В) үңгіштермен
С) кескіштермен
D) бұрғылармен
Е) жонғыштармен

46.Бұрғылау станоктарда тесікті кеңейтіп өңдеу жасалады:


А) кескіштермен
В) жоңғыштармен
С) ұңғылағышпен
D) тартажонғыштармен
Е) бұранда кескіштермен

47.Спираль бұрғыда кесетін жүздер саны тең: А


А) 2
В) 3
С) 4
D) 5
Е) 6

48.Тесіктерде бұранда салу үшін қолданады: А


А) бұранда кескіштер
В) бұранда кескішті кескіштер
С) алғашқы бұрандаойғыштар
D) үңгілерді
Е) жаймаларды

49.Кескіштегі жоңқа түсетін беттің аталуы:


А) бас артқы бет
В) ортасындағы бет
С) бас кесуші бет
D) алдыңғы бет
Е) қосымша кесуші бет

50.Сүргілеу кезінде беру қозғалысы негізгі қозғалысқа қатынасы бойынша бағытталған:


А) параллель
В) 900 бұрышта
С) 450 бұрышта
D) 300 бұрышта
Е) 550 бұрышта

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет