2. Сипау, сығымдау, ысқылау, илеп-жұмсарту, ұрып-соғу, дірілдету тәсілдеріне сипаттама



бет1/10
Дата29.10.2022
өлшемі70,67 Kb.
#46172
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.Сипау, сығымдау, ысқылау, илеп-жұмсарту, ұрып-соғу, дірілдету тәсілдеріне сипаттама.
Енді массаждың орындалу әдісіне келсек ол бірнеше түрлі болады. Мәселен қолмен, аппартпен, топтасқан массаждық әдістер.
Қолмен жасайтын массаж – ең негізгі массаж өйткені оның тәсілдері өте көп және ол қол арқылы адам дененің сүзе отырып қай жерге қандай күшпен әсер ету керектігін анықтайды. Қолмен жасайтын массаждың артылықшылығы, оны барлық жерде (үйде,стадионда,алаңда,моншада) орындай беруге болады. Массаж тек ауру ғана емес сау адамға да үлкен әсер ететін емдік профилактикалық әдіс. Қол арқылы денесін тітіркендіріп әртүрлі әсер етеді. А.С.Пушкин өзіне жасалған массаждың әсерін былай деп суреттейді: «мені Ғасан қызған тас еденнің үстіне жатқызып қойды, одан соң әр мүшеңді біртіндеп сындыра бастады, буындарымды созып жұдырықпен арқамнан соққылады, бірақ мен ешбір жағымсыздық сезбедім еш жерім ауырған жоқ, керісінше рахат дүниеге бөлендім» міне, қолмен жасалған массаждың құдыреті осындай.
Аппараттық әдіс. Массаж жасау үшін кейінгі кезде арнайы аппараттар қолданып жүр. Біздің өнеркәсіп массаж жасайтын жерге лайықтап дірілдету (вибрациялық аппартын) көптеп шығара бастады. Ол аппарат алып жүруге де ыңғайлы және массаж жасайтын жерге арналған бірнеше қондырма вибраторлар болады. Мәселен, бетке, қолға, еттің шығатын нүктесіне бірнеше вибраторлар бар. Ол тоқ арқылы дәлірек айтсақ , электр энергиясы арқылы жұмыс істейді. Сондықтан қолдың күші
келмейтін жерге ақпараттық массаж қолдану әлде қайда ыңғайлы. Аппарат тікелей теріге әсер етеді немесе су, ауа арқылы да өз әсерін тигізеді.
Аппараттық массажға тағы гидромассаж, пневмомассаж, синкардиальды массаж жатады. Сол сияқты бұлардың қатарын толтыратын кейінгі кезде баромассаж, электростимуляторлық, ултрадыбыстық массаждар пайда болды
Массаждың топтасқан (комбинированный) деп қол мен аппараттық массажды бірдей қолдануды атайды.
Енді осы аппараттық массаждарға тоқталып өтейік.
Вибрациялық (дірілдету) массаж. Мұның негізгі массаж жасалған жерден әр түрлі ырғақпен, жылдамдықпен дірілдеген қозғалыстың денеге тарауы. Вибрацияның әсері тек сыртқы, ішкі нерв ұштарын тітіркендіру емес, сол сияқты организмдегі физико- химиялық, биохимиялық процестерді өзгерту.
Күнделікті қысқа уақыт қабылдаған вибромассаж бұлшық еттің күшін өсіріп, жұмысқа деген қабылеттілікті арттырады. Сондай-ақ әлсіреген денені қалпына келтіреді.
Адамның вибромассаждан кейін көңіл – күй көтеріліп, жұмысқа қабылеті артады. Оның себебі мұндай массаж тікелей орталық нерв жүйесіне әсер етеді, қан айналымын жақсартып, денедегі тотығу

  • қайта құру процестеріне үлкен ықпал жасайды.

Осы аппараттың іс жүзінде бірнеше түрі бар. Олар «Тонус», «Спорт», ЭМА-2М. Ал денеге берілетін діріл сан алуан қондырма арқылы іске асады немесе жалпақ белбеу қолданылады.
Массаж әдетте арқадан басталады. Оның алыс – жақын жағын дірілдетіп болған соң (3-5 минут кейін), екі қапталда ұстап тұрған қолдарға түседі. Онда тоқпақ жігіттің алдыңғы жағынан бастап шынтаққа дейін (10 сек), содан төмен білек сүйегінен саусақтарымен қосып (10 сек ) бір жүргізіп шығады. Қолдарды бүгіп алға ұстап тұрған кезде, оның сыртына массаж жасайды. Тоқпақ жіліктің сыртын 25 секунд, білек сүйектің сыртын 15 минут массаждайды. Ал жамбас пен белге 1,5 минут, сан мен тізеге 45 секунд, жіліншік пен аяқтың ұшына 15 секунд уақыт беріледі.
Барлық вибромассажға берілетін уақыттың мөлшері 15-25 минут. Сондықтан әр бөлшекке уақыт бөлу массажистің өз еркі тек бір бұлшық етке берілетін уақыт 3-минуттан жоғары болмауы керек.
Адам организміне ең тиімдісі – массаждың топтасқан түрі. Осы сөз етіп отырған вибромассажды қолмен массажға қоса денеге тигізер әсері таңғажайып. Тек қолмен жасайтын түріне – уақыттың 60-75 % беріледі.
Вибромассаж кейде Гидромассаж ретінде беріледі «дірілдетудің сумен қосылуы».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет