Массив – бір атаумен біріктірілген, бір типтегі деректерден тұратын айнымалылардың жиынтығы. Әрбір алынған жеке айнымалы массив элементі
Массивтер
Массив – бір атаумен біріктірілген, бір типтегі деректерден тұратын айнымалылардың жиынтығы. Әрбір алынған жеке айнымалы массив элементі деп аталады. Массив элементтері индекстер арқылы белгіленеді, индекстер тік жақшаның ішінде жазылады және олар нөлден бастап нөмірленеді.
Бір өлшемді массив – бір атауға біріктірілген бірнеше бір типтес элементтерден тұратын жиын. Әрбір элементтің өзінің реттік нөмірі болады. Реттік нөмір – массив элементінің индексі. Массив элементтері бірінен соң бірі ретпен орналасады. Массивті жариялаған кезде массивтің атауын, массив элементтерінің типін көрсетеміз. Массивтің өлшемі көрсетілмейді, ол кез келген уақытта жаңа элементтерді қосу арқылы кеңейтілуі мүмкін. Массивті Python-да пайдалану үшін array стандартты модулін импорттау қажет.
Python тілінде арнайы «массив» деген тип жоқ, элементтер жиынымен жұмыс жасау үшін тізімдер қолданылады. Мысалы b=[2,15,45,7,85,12,32,56]
Print(b) – баспаға шығару.
n=int(input()) # тізімдегі элементтер саны b=[] #бос тізім құрып аламыз
for i= in range(1, n+1): # i цикл параметрі, элементтер саны 1-ден n+1-ге дейін
a=int(input()) # тізімге элементтерді енгіземіз b.append(a) # append функциясы тізімге элемент қосады print(b) # экранға шығару
Есептерде деректерді кесте түрінде сақтау жиі кездеседі. Мұндай деректер матрица немесе екі өлшемді массив деп аталады. Python программалау тілінде көпөлшемді массивтер жоқ. Алайда кез келген кесте тізімдер тізімімен ұсынылуы мүмкін. Яғни тізімнің әрбір элементі тізім болып табылады.
Бұл кесте 2х3 өлшемдегі екіөлшемді массив түрінде ұсынылуы мүмкін.
Мұндай массивте 6 элемент болады.
Массив элементтеріне сәйкес келетін индекстерді қарастырайық. Жолдар мен бағандардың индекстері 0-ден басталып, тік жақшаға жазылады.
a [0][0]
|
a [0][1]
|
a [0][2]
|
a
[1][0]
|
a
[1][1]
|
a
[1][2]
|
Python-да екіөлшемді массивтермен жұмыс істеу үшін кіріктірілген тізімдерді пайдалануға болады. Мысалы, кестедегі массивтің программасын a = [ [45, 69, 52], [12, 64, 78] ] түрінде жазуға болады.
а тізімі әрқайсысы үш саннан тұратын және белгілі бір массив мерзіміне сәйкес келетін екі кіріктірілген тізімнен тұрады. Екіөлшемді массивтің барлық жолымен жұмыс істегенде кіріктірілген тізімнің индексін көрсету керек.
Екіөлшемді массивтің барлық элементін кіріктірілген циклдер арқылы көрсетуге болады. Сыртқы цикл жол индекстерінің, ішкі цикл баған индекстерінің мәнін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |