Бу машинасын ойлап тапқандар Бу машинасы



Дата31.12.2021
өлшемі1,01 Mb.
#22532
Байланысты:
Бу машинасы ойлап тапқандар


Бу машинасын ойлап тапқандар

Бу машинасы — сығылған су буының потенциалдық энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіретін алғашқы поршеньдік қозғалтқыш. Алғашқы әмбебап Бу машинасын 1784 жылы ағылшын өнертапқышы Дж. Уатт ойлап шығарып, оған патент алды.



Уатт Джеймс (19.1.1736, Гринок, Шотландия – 19.8.1819, Хитфилд, Англия) – ағылшын өнертапқышы, бу машинасын алғаш жасаушы

19 ғасырдың аяғына дейін Бу машинасы өнеркәсіп пен көлікте қолданылатын жалғыз қозғалтқыш болып келді. Бу машинасының дамуы фабрикалар мен зауыттар, электр станциялары, бу арбалар (паровоздар), кемелер мен локомобильдер,ауыл шаруашылығы мен жергілікті өнеркәсіп мұқтаждықтары үшін қажетті жетілдірілген орнықты (стационар) Бу машинасыларын жасау бағытында жүрді.





Орыс армиясының бу машинасы



«Титаник» кемесінің бу машина поршендері



Бу машинасы (автокөлігі)



Паровоз- қозғалқыш ретінде бу машинасы пайданылған локомотивтің бір түрі.



Пароход- - қозғалқыш ретінде бу машинасы пайданылған кеменің бір түрі.

Бу машинасының тарту сипаттамалары жоғары, үлкен жүктемелерге шыдас береді және реверстеледі (кері айналады), жұмыс жасауы сенімді, құрылымы қарапайым. 20 ғасырдың басына қарай Бу машинасының қуаты 15 МВт, жылдылдық 1000 айн./мин және пайдалы әсер коэффициенті 20 — 25%-ке жетті. Дегенмен, Бу машинасыларының тиімділігінің төмендігі (пайдалы әсер коэффициенті 20 — 25%) және бірлік қуатының шектеулілігі (15 МВт-қа дейін) олардың кеңінен қолданылуына мүмкіндік бермеді. Қазіргі кезде олар толығымен бу турбиналарымен ығыстырылған. Бу машинасы дүниежүзілік өнеркәсіп пен көлік құралдарының қазіргі деңгейге жету прогресінде ерекше рөл атқарды.



Бу қозғалтқыштың өндіретін қуатын ат күші арқылы бағалауды 1789 жылдың төңірегінде Джеймс Уатт ұсынған. Кейіннен оның есімімен өзі енгізген ат күші ұғымын ығыстырған қуат бірлігі Ватт аталды. Өз ұсынысын жасамас бұрын Джеймс Уатт инноватор ретінде, жылуды механикалық қозғалысқа айналдыратын бу машинасының жұмысын жетілдіріп танылды. Уатт жылу қозғалқыштарында қолданатын көптеген техникалық шешімдердің түпнұсқасын ойластырып жасады. Қазір мұнай өнімдерін отын ретінде пайдаланатын автомобиль қозғалтқыштарында кең тараған негізгі механизм -иінді білік және бұлғақ жұбы Уаттың оригинальді техникалық шешімі себепші болған десек қателеспейміз. Өлшеуіш құрал шеберінің қол-көмекшісі бағындарған шың! 1975 жылы Джеймс Уатт және Мэтью Болтон (Баултон) кәсіпкерлік серіктестік құрады. Бу қозғалтқышын құрастырып жинайтын өнеркәсіп ашады. Екеуі серіктес болған жиырма бес жылда көптеген бу қозғалтқыштарын жасап шығарады. Энциклопедиядағы деректерге сүйенсек Джеймс Уатт бір ат күшін келесідей анықтағаны белгілі. Сегіз сағаттық жұмыс аусымында немесе күнінде бір ат шахтадан жүкпен толтырылған бөшкені тік тартып шығарғанға жұмсаған күшін анықтап көрген. Шахтадан көмірді, суды, жұмысшыларды жер бетіне шығару үшін сыйымдылығы 1 баррель, яғни сыйымдылық көлемі 140.9 -190.9 литр бөшкелерді қолданылған. Әдеткі бөшке салмағы 400 фунт, яғни салмағы 163.8 кг есептелінетін. Бір аттың күші жүкке толы бөшкені тартып шығаруға шамасы жоқ, сондықтан екі аттың күші қолданатын. Уатт бір аттың күші ½ баррельді сегіз сағат бойы 28.8 км-ге 3.6 км/сағ жылдамдықпен тартуға шамасы жетеді деп есептеп шығарды. Яғни, 3.6 км/сағ дегеніміз 1 м/сек, яғни 1 сек. ішінде ат 73.71 кг күш өндіреді. Уатт өмір сүрген Викторияндық заманда қолданылған ағылшын өлшем бірлігіне көшсек, яғни метр-фут, кг-фунтқа. Бір секундта 1 футқа жылжып, 550 фунт жүкті тартады. Бір минут бойы 550 фунтты алпыс футқа тартып ат 33 000 фут-фунттың жұмысын істейді деп Уатт шешкен.

Тапсырма

  1. Бу машинасын кім ойлап тапты?

  2. Бу машинасы қай жылы ашылды?

  3. Бу машинасының көмегімен істейтін заттарды жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет